Күнің берекелі өтсін десеңіз...
Уақыт — адамзаттың алтыннан да қымбат байлығы. Бірақ сол байлықты тиімді пайдаланбау бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін әлеуметтік желідегі уақытша күлкі сыйлайтын қысқа бейнеге тәуелді болып барады. Осы мәселенің шешімін төменде қарастырайық.
Уақытты құр өткізу — өмірді мақсатсыз және мәнсіз сүру. Әлемдік статистикаға сүйенсек, халықтың жартысынан көбі күнінің 12–15 сағатын әлеуметтік желіге арнайды. Содан соң өзгемен өзін салыстыра бастайды. Бұл психологиялық тұрғыдан әлсірей бастауға әкеледі. Қарапайым өзімнің қатарластарымның көбінен байқағаным: TikTok пен Instagram қолданбасындағы қысқа видеоға үйренгені соншалық, ҰБТ-ға дайындық курстарының 10 минуттық сабағын толық қарауға төзімдері жетпейді.
Ал дәл қазіргі жастық шақтағы қайратыңды саналы дамуға жұмсайтын сәт. Өзгелерге еліктеп емес, өзіміздің жарқын болашағымызға қадам жоспардан басталмақ. Ендеше, күніңізді берекелі өткізу үшін әрі жақсы әдет қалыптастыру жолында мына 3 әрекетті байқап көріңіз:
Біріншіден, әдет қалыптастыру челенджін жариялап көріңіз. 14 күннен 90 күнге дейін ұйымдастыруға болады. Нақты күн тәртібіне дұрыс тамақтану, спорт және жаңа тіл үйрену секілді пайдалы дағдыларды енгізсеңіз, нұр үстіне нұр болады. Себебі өмірді тұрақтылықта ұстау — денсаулыққа және білімге байланысты.
Екіншіден, күнделік жүргізіп бастаңыз. Жазу терапиясы — өміріңіздегі барлық мәселені шешудің тиімді жолы. Қағаз бетіне ренішіңізді, артықшылығыңыз бен кемшілігіңізді жазу — санаңыз бен жан дүниеңіздегі қоқысты лақтырғанмен тең. Себебі ішкі дүниеміздегі мұңды шығармасақ, ол өзіміздің ғана емес, өзгелердің де көңіл күйіне әсер етеді.
Үшіншіден, жаңа нәрсе үйренуге бейімделіңіз. Жаңа кітап оқу, тіл үйрену немесе аспапта ойнау, қолөнер бұйымын жасау — күнді дұрыс өткізіп, рухани азық жинауға көмектесетін істер. Өзіңізге күйбең тіршіліктен демалыс жариялау — телефон қарау немесе жылы төсекке тығылып ұйықтау емес. Оның орнына сүйікті іспен айналысу немесе табиғат аясында серуендеу әлдеқайда пайдалы.
Әрбір арайлап атқан таңымыз — біз үшін берілген жаңа мүмкіндік. Күніңнің бос нәрсемен өтуі — көштен қалып қойған керуендей. «Өзгелер қалай дамуда?» деп емес, «өзімнің келешегім үшін не істей аламын?» деп өмір сүр. Бақыт пен байлық — дұрыс басқарылған уақыт пен кемелдікке ұмтылған тұлға болып қалыптасуда.
Осы даму жолында белгілі қоғам белсендісі, коуч, филолог Азамат Скаковтың кітабын оқып көріңіз. Сондай-ақ подкастын қарауды да ұсынамын. Қолда барда алтынның қадірін біліп, барынша жастық шақты дамуға арнайық. 15 жаста жасалған игі бастама — 45 жасында рахаттанып өмір сүруге қадам екенін ұмытпайық!
Сағадатова Айым Әбілқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі