Өлең, жыр, ақындар

Қиын жылдағы қымбат білім

Қиын жылдағы қымбат білім

   Білім алу - қай заманда да адамзатқа қажетті үрдіс. Білім - адамды кемел, әрі табысты етеді.Сауатсыздық қараңғы түнекпен тең болса,білім,керісінше, жарық нұрмен пара - пар.1945 жылдан кейінгі кезең, яғни сұм соғыс бітіп, қазақтың басына төнген нәубеті азая бастаған шақ.Қазақтың қарадомалақтарының ас былай тұрсын,білімге де аш сәті еді.Осы қиын жылда ауыл балалары қалай білім алды ?

   Әжемнің бала кезімде білімге құштарлығымды арттыру үшін айтқан сөздерінен-ақ қиын жылдағы білімнің алтыннан қымбат болғанына көзім жетті.Адамзатқа ауа қалай керек болса,білім де солай қажет.1947 жылға көшкен уақыт.Еңбек деген киелі мекенде 4 жылдық мектеп ашылған.Мұнда әкесі соғысқа кеткеннен бір көрмеген жан дүниесінде білімге деген жалыны бар,бауырлары мен анасын қуантуға асық мөлдіреген көздер мен балалық арманы асқақ балдырғандар оқыды.Ұстаз аз,оқулық жоқтың қасы,дәптер мен қалам деген мүлдем жоқ.Ең құрығанда отырарға парта да,оқуға ғимарат та жоқ.Бірақ мақсаты айқын,білім алуға ақ пейілімен кіріскен төзімді оқушы бар.Олардың бар мақсаты әріп танып,сауатты болуда,олар үшін мектептің ғимараты да,қолдағы оқу-құралдың бар жоғыда алаңдайтын дүние емес.Жә,сол балалар қалай білім алды?

    Мектеп ғимараты орнына тар бөлмені паналап,парта орнына орып әкелген шөпті төгіп,дәптер орнына шәй қаптамаларын жинап,оны бізбен тігіп,қаламсап орнына тарының күйігіне қаз қауырсынын батырып амалдаған.Бірақ,сол заманның куәгерлерінің баяндауынша білімге деген ынта соншалық үйге қайтпастан оқығысы келген.Боран демей,жауын,дауыл деместен Қызылбұлақ дейтін өзен жағасындағы орманды ауылдан Еңбекке дейін 1,5 сағат жаяу қатынап оқыған.Сол кездегі білімнің құдіреті ме, әлде қазақы тәрбиенің көрінісі ме ,ұстазға деген құрмет ерекше болған екен.Қиын жылда

қымбат білім алғанын ауылдағы әжелер дәлелдеді.Жастары 90-ды алқымдап қалса да бүгінгі жастар білмейтін өлеңді біліп, есептеуді,әрі көбейту кестесін мүдірмей айтады.Тіпті,олар қазіргі жастардың оқуға ынтасыз екенін байқап,налыпта алады.

    "Бәрі қолжетімді, керемет, бейбіт, тоқшылық заманда күн кешудесіңдер",білімді алатын шақта уақытты зая кетірмеңдер" деп ақылдарын айтады.Олардың айтуы дұрыс қиын жылда оқыды,ал біз керемет жылда сапалы білім алуымыз керек."Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ" деп халық даналығында айтылғандай оқуға бар күшімізді жұмсап, еліміздің ертеңіне нық қадам басайық.

                           Сағадатова Айым Әбілқызы 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз