Қазіргі жаһандану дәуірінде қоғамның дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейімен де өлшенеді. Әсіресе, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат, ал оның заңға деген көзқарасы мен жауапкершілігі елдің болашағына тікелей әсер етеді.
Құқықтық мәдениет дегеніміз – азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заңды құрметтеуі және оны күнделікті өмірде сақтай білуі. Өкінішке қарай, қазіргі таңда жастар арасында құқықтық сауатсыздықтың салдарынан түрлі құқықбұзушылықтар, интернеттегі кибербуллинг, алаяқтыққа алданып қалу, еңбек құқығының тапталуы сияқты мәселелер жиі кездеседі. Мұның бәрі құқықтық мәдениеттің жеткілікті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді.
Жастардың құқықтық санасын арттыру ең алдымен отбасынан басталады. Отбасында заңды сыйлау, әділдікке ұмтылу, жауапкершілік секілді құндылықтар бойға сіңсе, жасөспірім де қоғамда өзін дұрыс ұстауға бейім болады. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің рөлі ерекше. Мектеп пен жоғары оқу орындарында құқық негіздері пәнін тек теория жүзінде ғана емес, өмірмен байланыстыра оқыту қажет. Нақты жағдайларға негізделген мысалдар, пікірталастар, тренингтер мен ашық сабақтар жастардың құқыққа деген қызығушылығын арттырады.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер де құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды құралға айналып отыр. Қазіргі жастар ақпаратты көбіне интернет арқылы алады. Сондықтан заңды қарапайым тілмен түсіндіретін бейнероликтер, подкасттар, мақалалар мен әлеуметтік жобалар көптеп ұсынылуы тиіс. Бұл – құқықты қорқынышты немесе күрделі ұғым емес, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі ретінде қабылдауға көмектеседі.
Мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформалар мен бағдарламалардың да жастарға әсері зор. Алайда заңды білу ғана жеткіліксіз, оны орындау мәдениетін қалыптастыру аса маңызды. Жастар өз құқықтарын талап ете отырып, өзгенің құқығын да құрметтеуді үйренуі керек. Бұл – нағыз құқықтық қоғамның басты белгісі.
Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – бір күннің немесе бір мекеменің ғана жұмысы емес. Бұл – отбасы, білім беру жүйесі, мемлекет және бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен әрекетінің нәтижесі. Құқықтық сауатты, жауапкершілігі жоғары жас ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана біз әділетті, қауіпсіз әрі дамыған қоғам құра аламыз.
Материалды дайындаган:Бауыржан Медина
Әл-Фараби атындагы ҚазҰу- дың 3-курс студентті
Жетекшісі: фил ғ.к.,доцент Р.С.Жақсылықбаева
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Төлепбек Жантай
- Конфуций
- Имам Раббани
- Имам Раббани
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі