Өлең, жыр, ақындар

Рамазан айы 2026 – ораза кестесі және ауызашар дұғалары

Оразада ауызды немен ашу керек?

Жауап: Сүннет бойынша ауызды құрма, су немесе сүтпен ашу керек. Егер олар болмаса, жеміс‑жидекпен немесе көкөніспен ашуға болады. Отта піскен нәрсемен, мысалы нанмен, шаймен немесе сорпамен ашпау керек.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Оразаларыңды құрмамен ашыңдар, өйткені ол береке. Егер құрма табылмаса, онда сумен ауыз ашыңдар, өйткені ол тазалаушы.» (Ибн Мажәж)

Тағы үш хадис шәриф:

  1. «Пайғамбарымыз жас (жаңа піскен) құрмамен аузын ашатын. Жас құрма болмағанда, кепкен құрмамен, ол да жоқ болса сумен ауыз ашатын.» (Тирмизи)

  2. «Пайғамбарымыз аузын сүтпен де ашатын.» (Дара Қутни)

  3. «Пайғамбарымыз үш құрмамен немесе от тимеген бір нәрсемен ауыз ашатын.» (Әбу Яла)


Ауызашар кезіндегі дұға

Сұрақ: Ауыз ашудан бұрын дұға етуге бола ма?

Жауап: Өте жақсы болады. Ауызашардан бұрын айтылған дұға қабыл болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ораза ұстаған адамның ауызашар уақытында кері қайтарылмайтын (қабыл етілетін) бір дұғасы бар.» (Ибн Мажәж)
«Ораза ұстаған адамның дұғасы қайтарылмайды.» (Тирмизи)

Мысалы дұға:
Әузу мен Бисмилләһ айтып, былай дұға ету өте жақсы:

«Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ, иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб»
Мағынасы: «Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел, бүкіл мұсылмандарды ғафу ет.»

Бір-екі жұтым нәрсе жеген соң келесі дұғаны айту ұсынылады:

«Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл әжр иншааллаһу та’ала»
Мағынасы: «Аштық бітті. Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты жетті. Иншааллаһ сауап жазылды.»

Осыдан кейін тамақ ішуге болады. Бұл дұғалар ауызашар кезінде (ифтар) оқылатын дәстүрлі дұғалар болып саналады.

2026 жылдың ораза кестелері:

  Алматы
  Астана
  Атырау
  Ақтау
  Ақтөбе
  Жезқазған
  Көкшетау
  Қарағанды
  Қостанай
  Қызылорда
  Орал
  Өскемен
  Павлодар
  Петропавл
  Семей
  Талдықорған
  Тараз
  Теміртау
  Түркістан
  Шымкент

Назар аудар:

Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер

Opaзa ұстaғaндa aдaм aғзaсындa қaндaй өзгepістep бoлaды?

Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар

Оқуға кеңес береміз:

Сан түрлі дерттің шипасы — құрма

Ораза өмірді ұзартады

Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз

Жапон ғалымы Оразаның пайдасын дәлелдегені үшін Нобель сыйлығын алды


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз