Тоқыма кәсібі – адамзат тарихындағы ең көне кәсіптердің бірі. Оның бастауын неолит дәуірінен іздеуге болады. Алғашқы кезде адамдар табиғи талшықтар мен мал жүнін пайдаланып, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған. Уақыт өте келе бұл іс қарапайым қажеттіліктен шығып, үлкен шеберлік пен өнерге айналды. Тоқыма ісі алғашында көбіне әйелдердің еңбегімен дамыды. Олар жүн иіріп, киім-кешек, төсеніш және тұрмысқа қажетті бұйымдар тоқыған. Осылайша тоқымашылық алғашқы қауым адамдарының тұрмыс-тіршілігімен, еңбегімен және қолөнерімен тығыз байланыста қалыптасты.
Қазақстан жерінде тоқыма кәсібі VI–XII ғасырларда кеңінен дамыды. Әсіресе бұл өнер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріндегі қалаларда жақсы өркендеген. Сол кезеңде тоқылған маталар боз, шыт, торқа сияқты атаулармен белгілі болған. Мал жүнінен тоқылған маталар көбіне сырт киім мен тұрмыстық бұйымдар жасауға пайдаланылды. Жібек маталар Қазақстан жеріне Қытайдан, Ферғана аңғарынан және Самарқаннан тараған. Бұл – Ұлы Жібек жолының тек сауда ғана емес, мәдениет пен қолөнердің де дамуына ықпал еткенін көрсетеді. Археологиялық қазбалар барысында табылған жіп иіру құралдары, өрмек қалдықтары және тоқыма бұйымдары сол дәуірде бұл кәсіптің кең таралғанын дәлелдейді.
Тоқыма кәсібінің ежелгі түрлеріне өрмек тоқу, ши тоқу, өру, сондай-ақ шыбықтан ыдыс пен құрал-жабдық жасаужатады. Бұл бұйымдар күнделікті тұрмыста кең қолданылып, халықтың шеберлігі мен тұрмыс мәдениетін танытты. Бүгінде тоқыма кәсібі дәстүрлі қолөнер шеңберінен шығып, ірі тоқыма өнеркәсібіне айналды. Соған қарамастан, оның ұлттық қолөнер ретіндегі маңызы әлі де жоғары. Себебі тоқымашылық – халқымыздың тұрмысын, тарихын және эстетикалық талғамын көрсететін құнды мәдени мұра.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жансейт Аружан
- Айсұлтан Сейітов
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі