Би — тілсіз өнер. Ол адамның ішкі сезімін, ұлттың тарихы мен мінезін қимыл арқылы жеткізеді. Әр халықтың өзіне тән қолтаңбасы, ғасырлар бойы қалыптасқан ерекше би мәдениеті бар. Бүгін біз әлемдік деңгейде танылған 5 ұлттық биге тоқталамыз.
1.Қаражорға:Қазақ даласының дүбірі.
Бұл би — көшпенділер мәдениетінің тірі бейнесі. Аттың жүрісін, салт аттының қимылын және дене мүшелерінің икемділігін көрсететін бұл би ерте кезден мерекелер мен тойлардың ажырамас бөлігі болған.2013 жылы «Қаражорға» биі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді.
2. Фламенко: Испанияның отты тынысы.
Испания десе, көз алдымызға бірден етегі кең қызыл көйлек киген биші мен гитараның сүйемелдеуі келеді. Фламенко — бұл жай ғана би емес, бұл — құмарлық, махаббат пен мұңның қосындысы. Бишінің аяқпен соғатын ырғағы мен саусақтарының әсем қимылы көрерменді сиқырлап алады. Фламенконың негізгі ерекшелігі — импровизация, яғни биші сол сәттегі ішкі тебіренісін би арқылы сыртқа шығарады.Фламенконың негізгі үш құраушысы бар: cante (ән), baile (би) және toque (гитарада ойнау).
3. Аргентина тангосы: Сезім драмасы. Буэнос-Айрестің көшелерінде пайда болған танго - әлемдегі ең сезімтал жұптық би. Ол өзінің кенеттен тоқтай қалатын қимылдарымен, серіктестердің бір-біріне деген терең көзқарасымен және драмалық сипатымен ерекшеленеді. Танго — екі адамның арасындағы үнсіз диалог іспетті. Бұл би 2009 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген.
4. Лезгинка:Кавказ халқының биі.
Тау халықтарының еркіндігі мен мәрттігінің символы.Ер адамдар бүркіттей қанат жайып, жылдам әрі ширақ қимылдаса, қыздар аққудай нәзік жүзіп жүргендей әсер қалдырады.
5.Хака:Жаңа Зеландия-Маори халқы. Бұл - маори тайпасының жауынгерлік биі.
Қазіргі уақытта Жаңа Зеландияның регбиден ұлттық құрамасы «All Blacks» әр ойын алдында қарсыластарын сескендіру үшін осы биді орындайды.Бишілер көздерін алартып, тілдерін шығарып, денелерін ұрғылап, қатты айқайлайды. Бұл жауды қорқыту мен ішкі рухты оятуды білдіреді.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Жақсылық Аруна
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі