Джигитовка жайлы естуіңіз бар ма?

    Джигитовка — ат үстінде орындалатын күрделі акробатикалық және әскери-қолданбалы қимылдар жүйесі. Бұл өнердің атауы түркі тіліндегі «жігіт» сөзінен шыққан, яғни батыл, епті, шебер салт атты деген мағынаны білдіреді.   Қазіргі таңда джигитовка — ұлттық ат спортының түрі және цирк өнерінің бір жанры ретінде танымал. Ғылыми тұрғыдан джигитовка — тек ойын немесе өнер емес, ол көшпенді халықтардың әскери дайындығы мен өмір салтының маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.

                                                                       

 

• Шығу тарихы және қалыптасуы:

Джигитовка Орталық Азия мен Кавказ халықтарында табиғи түрде қалыптасқан. Ол алғашында: 

-жауынгерді соғысқа дайындау

-ат пен адам арасындағы үйлесімділікті арттыру

мақсатында пайда болған.  

•Джигитовканың негізгі сипаттамалары:

Трюктер: Шауып бара жатып ат астына түсу, басын төмен қаратып шабу, екі аттың үстінде тұру.

Мақсаты: Жауынгерлік дайындық, батылдықты шыңдау және атты басқару шеберлігін көрсету.

•Әскери маңызы:

 Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде ат құлағында ойнаған, ержүрек батырлардың сипаты ретінде бағаланады. 

Ғылыми зерттеулер джигитовканың әскери рөлін ерекше атап өтеді. Оның негізгі элементтері:

-ат үстінде қару қолдану     

-шауып келе жатып нысанаға ату

-жаралы сарбазды алып шығу

-аттан секіріп түсіп, қайта міну

Бүгінгі таңда джигитовка:

•Қазақстан

•Қырғызстан

•Ресей

•Грузия  елдерінде сақталып, ұлттық мұра ретінде зерттелуде.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Жақсылық Аруна​


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз