БIРIНШI БӨЛIМ
I
«Аманкелді» колхозындағы жиналыс ұзаққа созылды. Екі ұдай болып айтысып жатыр. Бір жағы Жақыпты, екінші жағы Жомартты қостайды. Мұндайда аузын бағатын күзетші Мәмет қарт та сөйледі. Сөйлеуік Бейсен екі дүркін сөйлеп үлгерді.
Қызу жиын. Керіс сөздер...
Жомарт. Жақаң кем өлшеп қанағат қылады. Қанағаты кейін тартады. Өскелең тілек кен, өлшеп, алға тартады. Алға, жолдастар, алға!!.
Жақып. Арындама. Алдың жар...
Бейсен. Әуелі Жақып асқан белдерден асып ал...
Талас пікірдің беті алдақашан ашылса да, жиналысты басқарушы Жақып отағасы мәселені дауысқа сала қойған жоқ.
— Сөйлеп қалыңдар! — дейді. Онысы әлдекімді кекеткені, не ұнатқаны екені белгісіз. Ашаң, сіріңке қара жүзі Қызылкүрең тартқан. Күні бойы суықта жүріп келгендік пе, болмаса сөзге қызды ма, өңіндегі өзгеріс те белгісіз. Әдетінше төмен қарап, тұйық отыр. Өзін жақтаушыларға Да, жармасушыларға да көрсеткені бір кескін.
— Тоқтамын Жақаң айтсын, — деген дауыстар естілді.
Жақып ұзын бойын онша созбай, созалаңдап орнынан
тұрды да, бөліп-бөліп екі-ақ ауыз сөз айтты:
— Тоқтамы — көптің қаулысы болады. Жоспарды басқарма бекіткен күйінде қабылдайтының қол көтер!
Көпшілік қол көтерді. Басқарманың қаулысы бекіді. Бірақ азшылықтың да қарамы елерлік еді. Жақып жиылысты таратып, оңаша қалған соң түнере бір күрсінді. Қостап кеткен көпшілік, ауыр салмақ та тастап кеткен секілді. Сол салмақ басып отырғанда, Жомарт қайтадан еніп:
— Көңіліңізге келмесін. Мен ауданға барам. Бұл қау. лы бекімейді, — деді.
Жақып нұсқап, оқ жағынан орын көрсетті.
— Отыршы азырақ.
Жомарт келіп қарама-қарсы отырды. Ұзақ айтыстың қызуы әлі басылмаса керек. Жүзінде қан ойнайды. Тез тыңдап, тез кеткісі келсе де Жақып саспады. Жуан саусақтарын сыртылдатып, толғанып отыр. Екеуінен өзге жан жоқ. Тып-тыныш. Кәресін шамның жарығы бәсеңдеп барады. Далада шәуілдеген сақ иттердің де дымы өшті.
— Мен елу екідемін, — деді бір кезде Жақып тұнжыраған қалпын бұзбастан. Көзін қысыңқырай отырып, бөгеле сөйлеп, сөзін нық тастады. — Соның он бес жылы осы колхозды басқарумен өтті. Қазірде әуелгі отыз үй — жүз елуге, отыз мал — он мыңға, отыз гектар — екі мыңға жетті. Осы рас па?
— Рас, — деді Жомарт бөгелместен.
— Онда менің кем өлшеп, кейін тартқаным қайсы?
— Өткенмен ғана өлшемеңіз. Келешекпен де өлшеңіз.
Пышақ кескендей сөз шорт үзілді.
— Келісе алмайды екенбіз. Бара бер, — деді де Жақып үйден шықты.
Айсыз ашық аспан. Жұлдыздар сайрап түр. Үркер төбеден ауып кетті. Тымырсық аяздағы тымық әуені сіміре, Жақып күндегі әдетімен колхоз аулын аралап келеді. Шықырлаған өз аяғынан өзге тырп еткен дыбыс жоқ. Аппақ кен, далада ауыл көсіле ұйықтап жатыр. Ақ бесікте құндақтаулы бала сияқты. Жақып байыппен қарап келеді. Түн ұйқысын төрт бөліп, бесік маңында күйбеңдеген ана сияқты. Қай үйдің жанынан өтсе, сол үйдің тарихы есіне түседі. Қай ағашқа көзі түссе, сол ағаштың шыбық кезі елестейді...
— Бірі бар ма еді осының! Өсіп-өрбіп барады, — дейді ішінен. Бәрі өз көзінше жасалып, өз басшылығымен өнген дүниенің түймедейі — түйедей көнесі — жаңадай көрінді оған.
Шынында да оның колхозы мінсіз сияқты еді. Дәл осы сағатқа дейін үкіметтен, не көпшіліктен алғыстан өзгені алған емес. Омырауындағы екі орден соның айғағы. Әлі де беделі — бедел. Бірақ, бүгінгі жиналыста бой көрсеткен азшылықтан, әсіресе орынбасары, жақын жолдасы Жомарттан тіксініп қалды. Жақып сан өлшеп, бір-ақ кесетін, неғайбілге бармайтын, тәжірибелі, берік адам. Жылдар бойы жиналған тәжірибесі, мәпелеп өсірген колхозы адам аспас асқардай, одан аспақшы асқақ ой айға шапқан арыстандай көрінеді. Егер сол ойға ерік берсе, арындап барып бір жарға соғады дейді Жақып.
Осы оймен келе жатқанда сүрініп кетті. Аяғына оралған сымның ұшы екен. Қар астында қалған құлаштай сымды суырып алып:
— Бір керекке жарар, — деді де, ұста дүкенінің алдына әкеп тастады. Машина-саймандарға көз жіберіп тұр. Ремонтталғаны бір бөлек, ремонт күткені бір бөлек, қарамына қарап біліп тұр.
— Болып қалған екен, — деді өзіне-өзі. Құлағына ыңырсыған үн, анда-санда солғын қаққан тоқылдақ дауысы естіледі. Солай қарай аяғын еппен басып келді де, қалғып кетіп отырған Мәмет құрбысын бассалды.
— Аттан, аттан! — деді Мәмет шыңғырып қалып.
— Ту шайтан! Есектен де жаман бақырады екен ғой, — деді де ұшып тұрды үстінен.
— Құтырып кеттің бе, осынша шошытып?!
— Е, не қара басты сені?
— Қалғып кетіппін.
— Ұйқы үйде. Алжыған шіркін.
— Сендей түнде жортатын кәрі-бозбала емеспін.
— Жарайды Ұйықтама, — деді де Жақып астық сарайының есігіндегі құлыпты ұстап көріп, сарайды бір айналды. Мәмет қалмастан ере жүріп әңгімелесіп келеді.
— Немен тарқады жиылыс? Мен кетіп қалғам. Кешіктіңдер ғой.
— Немен тарқасын. Бекіді жоспар.
— Қайдан білейін, Жомарттың қисая тартуы жаман еді.
— Солай ма? Қисая тартты ма?
— Саған кем өлшейсің, кейін тартасың деген жоқ па? Сонда осы колхозды осы дәрежеге жеткізген кім? О, тоба!
— Жастықтың арыны да.
— Ақмет те жас па? Соларыңның сыңайы жаман. Жақып жауап қайырмастан кете берді. Жолында Мәмет
атаған Ақмет ұстаның үйі бар. Терезесінен шам сәулесі көрінеді. Ақметтің жиылысқа келмегені есіне түсіп, ауру бар ма деген оймен, кіре кеткісі келді. Тақала келе есік алдында байлаулы атқа көзі түсті. Ақметтің ала биесі. Тер Қатқан. үсті аппақ қырау, суып тұр. Қорада абалаған овчаркенің даусымен Ақмет өзі шықты далаға.
— Бұл кім? Жақыппысың? Мал-жан аман ба?
— Амандық. Ат неге сабылған бай-еке?
— Ой бүйткен байлығы бар болсын! — деді Ақмет. лақыпты ертіп үйге кірді. Дастарқан жаюлы, ақ самауыр быжылдап тұр екен. Злиқа шай жемін еселей түсіп, шай құя бастады.
— Бір-бір жұтым ащы бер. Тоңып, шаршап келдім, — деді Ақмет.
Злиқа орта бөтелке арақ, бір майлы жамбас әкеп қойды да:
— Екеуің де бүгін ашулы екенсің. Ашуларыңды бас, — деп күлімсіреді. Жақып:
— Бай-екең неге ашулы? — дегенде, Злиқадан бұрын Ақметтің өзі қайырды жауапты.
— Азаптың зоры маған байлық болды. Балалар оқуда. Жас. Мынау екеуміздің колхоз жұмысынан қолымыз тимейді. Баяғыдай сенделіп жүрген жалшы жоқ. ірілі-ұсақты осы үйде бірсыпыра мал бар. Кім бағады, бақпасаң мал кетеді, қарамасаң қатын кетеді. Желіндеп тұрған сиырдың бірі шығып кетіпті. Соны іздеймін деп, түстен былайғы жұмысым қалды Әйтпесе бүгін машина-сайманның ремонтын бітіретін күнім еді.
— Ия. Көрдім, бітіп қапты. Сиыр табылды ма?
— Жоқ. Құйын көтеріп кетті ме! Сайтан көтеріп кетті ме, білмеймін.
— Табылар. Жүрген шығар.
— Табылмаса мейлі! Енді оған бола жұмыс тастар жайым жоқ. Мұрның құрғыр пысылдаған, не іздеп кетті екен, ә?!
Жақып үлкен денесін селкілдетіп күліп-күліп жіберді де:
— Айуанға да өкпе жүре ме? — деді. Ақмет біраз ойланып отырып, өз реңін, сөз реңін өзгерте салмақпен сөйледі енді:
— Біле білсең, Жақып, саған айтылған өкпе бұл. Бүгін жарты күннің жұмысы қалды. Ол бірнеше сиырдан қымбат. Сиыр жоғалмағанда да мынау екеуміз де тыныштық аз. Тыныштықтың бәрін сол мал жеп жатыр.
Жақып тағы да денесін селкілдетіп күліп алды:
— Байыса бір әлек. Байымаса екі әлек. Қалай жағарсың жұртқа.
— Ей тоқта, түсінбей отырсың! — деді Ақмет, — рас, жақсы басқардың, колхоз алға басты. Бірақ, сол байлықтан жанға рақат жасадың ба?
— Жасамасаң өзіңнен көр!
— Сенен көрем.
— Жаным-ау, енді қайсыңның отыңды жағып, асыңды салып берем?
— Міне-міне! Білмегенің осы.
— Білсең, айта ғой.
Айтайын. Сақтық кассаға ақша саламыз, кезінде ала береміз. Бағу сұрамайды, өрт, жұт, ұры алмайды. Өсе берері Облигация сақтатамыз. Бұл да өлмейтін мүлік. Фермалар осыны неге істемейді. Бағып-қақсын, өсірсін, ақысын алсын. Малға малдай, сүтке сүттей, астыққа астықтай төлейік. Тек, кезінде беріп тұрсын. Міне, сонда жекеменшіктің, аққұла бейнетінен құтыламыз. Колхозға да, бізге де пайда.
— Ойбай-ау, не деп отыр өзі, — деп Злиқа өз бетін өзі шымшып алды. Жақып бір кекеп өтті:
— Жомарт екеуі коммунизмге бір-ақ секірмек.
— Қой әрі. Өз дүниемізді қашанғы біреуден сұрап отырамыз.
— Сен қатын, ештеме білмейсің, — деді Ақмет, — мен дүниенің өзін-өзіне жұмсап рақатын көрмекпін. Сен дүние жұмсап бейнетін көріп отырсың. Дүниені тапқанша бейнеттік дұрыс. Ал тапқан соң, не бейнет? Тапқаныңның тек қызығын көр. Әйтпесе, неме керек бұл шіркін.
Жақып та, Злиқа да тоқталып қалды. Ақмет екінші рюмкені толтыра бастағанда, төргі бөлмеден жылаған баланың даусы естілді. Злиқа баланы уатып келгенше, шай құюсыз, шыны аяқтар иіріліп қалды. Ақмет мұрнынан бір мырс етті де, үзілген сөзін жалғап әкетті:
— Сендер мені қалжыңдасаңдар да, колхоз байы дейсіңдер. Маған байлықтың үйреткені осы. Ал, Жомарт тағы бірдеме үйретіп жүр...
— Осының өзін Жомарт үйретпесін, — деп Жақып сөзді бөліп жібергенде, Ақмет оның тұнжырай қалған жүзіне көз тоқтата қарап қойды да, сөйлей берді:
— Сен бекер түнжырайсың. Жомарт емес, колхоз тұрмысы үйретті. Жаңағы баланың жылағанынан Жомарттың Да бір сөзі есіме түсті. Жомарт жақсы, сен жаман дей алмаймын. Бірақ, бала тәрбиесін ұқсата алғанымыз жоқ әлі. Балалар үйі дегенді тіпті ұжмақтай қылып жасауға бола¬ды. Электр дегеннің қадірін білмейміз. Темір пісіруге, ас пісіруге, сиыр саууға дейін сол шіркін істейді екен. Неге істетпейміз? Жомарттың осынысы миыма қонады.
— Болдың ба?! — деді Жақып. Сабырлы болса да азар Шыдап отырған сияқты. Даусынан «болды, сенсіз де білем» Деген өрлік байқалады. Злиқа сезе қойып:
— Қойсаңшы, — деп еді, Ақмет:
— Қойдым, — деді.
Жақып сөйлей жөнелді:
— Семіздікті қой көтереді деген еді. Көтермегенін көрдім. Дәулетті сен көтере ме деп едім. Көтермегеніңді көрдім. Не шатып жүрсіңдер осы! Коммунизмді бүгін орнат демекпісің? Әлде мені сабаққа жаңа түскен бала деймісің? Сендер білгенді мен алдақашан білгем. Сендер көргенді алдақашан көргем. Міндетті бойға шақтау керек. Он бес жылғы артыңа қара, сонда ғана қанша кеткеніңді көресің. Кім сонда сенің үйіңе ат басын бұрып еді? Ал, бүгін бұрған екен, осынша көкуің не? Жаның шығып бара ма? Желе-жорытып-ақ келеміз. Арындайсың келіп, арындайсың да жайыласың, одан да талай белдерден асқан бөкен желісті айт.
— Е-е, — деп Ақмет ыңылдай отырып, — бір жыл туып, бірге өссем де білмеген екем. Майысса да сынбайтын болат па десем, морт кетер шойын екен ғой, — деген кезде, Злиқаның көзі бажырая қалды. Даусы қаттырақ шықты:
— Бетім-ау, өмірі екеуі шай деспей келіп, бұнысы несі?! Ойындары ма, шындары ма?
— Қайсысы болса да ішіндегісі ғой, — деді де Жақып сағатына қарады. Злиқа қысыла түсті:
— Отыр-ей, Зілқара. Мұның не?
— Жоқ, сағат үш бопты. Сендей бір кемпір үйде де күтіп отырған шығар, — деп шығып кетті Жақып.
II
Бейсен мен Ырысжан жиналыстан бірге қайтқан. Жол бойы бітпеген әңгімені Ырысжандікіне келген соң Бейсен үдете түсті. Өйткені, ас үйде асулы тұрған жылқы етінің исі мұрынды жарып барады. Бірақ, Жақып келмей қазан түсіріле қоймады, Бейсен әңгімені соза берді.
— Түптеп келгенде Жомарттың көздегені басқа, — деді бір кезде. Бағанадан бері жай тыңдап битарап кісіше отырған Ырысжан бұл сөзді елеусіз жіберген жоқ. іле сұрақ қойды:
— Басқа болғанда не екен?
— Не болушы еді. Председатель болғысы келеді.
— Оны қайдан білдің?
— Колхоздың аяғына Жақып енді қақпан болды, — деп шықты Баймақан жаңа. Сондағы ойы Жомарт та. Баймақанға істеген жақсылықты Жақаң тірі пендеге істемеген болар. Соғыс кезіндегісі өз алдына, сол шіркінге әскерден келгенде бір бұзаулы сиыр, отыз пұт астық беріп еді. Адам деген қарны тойған соң көкіп кетеді өстіп.
Ырысжан бұдан әрі тыңдамады. Әжімі терең, ақсары жүзі кенет өзгеріп, қабағын бір шытынды да тұрып кетті. Кімге шытынғанын, неге шытынғанын Бейсен аңдаған жоқ. Тек дастарқан жайыла бастағанда ғана түйткілі тарқап, енді бұралқы әңгімелерге кешті. Кімнің сиыры бұзаулады, кім бүгін қаладан не әкелді, кімнің қандай жақыны келіп жатыр... бәрін айтты Бейсен. Ол бәрін біледі. Білгенінің бәрін жаңалық санап, жүрген жеріне жая жүреді. Жақалығы мылжыңдыққа айналғанын әлі сезбесе керек.
— Баймақанның келіншегі жерік екен, — деді тағы да. Жүре тыңдап, анда-санда бір қостап күйбеңдеген Ырысжан еріксіз күліп жіберді.
— Мылжыңдап барасың, антұрған.
— Құдай ақына рас. Біздің қатыннан құрт сұрап әкетті.
— Қой деймін. Лайық емес жасыңа.
— Боғауыз болмаса, өсек-аяң болмаса, қай жері лайықсыз, жаным-ау?!
Өз бөлмесінен Жанат шықты. Әңгіме тына қалды. Жанат осы үйдің ержеткен жалғыз баласы. Ұлы да, қызы да, қадірлі қонағы да бір өзі. Шаршап шыққанға ұқсайды. Тіл қатпастан қарақат көзін анасына бір, Бейсенге бір төңкере салмақпен қарады да, үлкен бөлмеде ерсілі-қарсылы жүре берді. Жарығы мол дөңгелек білтелі аспалы шам бар. Нұрын Жанатқа ғана құйып тұрған сияқты. Оның ақсұр жүзі шамға шағылысып, бұрынғысынан да шаңқан, оқ бетінің үстіндегі қара мен, бұрынғысынан да айқын көрінді. Қағазға көп қарап көзі талса керек, қарлығаш қанатындай жіңішке қасын, биіктеу біткен кен, маңдайын керіп-керіп қояды. Екі қолын артына ұстап, тілерсегіне түскен мақпал қара Қос бұрымды саусақтарымен ойнатып жүр. Жүріс-тұрысы, сабырлылығы әкесінен айнымапты. Дөңгелекке де, сопаққа да қосылмайтын әдемі бет кескіні, әсіресе тура жатқан қыр мұрыны шешесіне келсе де, ақтығы, көзінің мөлдір қаралығы, дене сымбаты мүлде өзгеше. Әр ұлттан бір көркемдікті таңдап алып, өзгеше бір сұлу жасаған тәрізді. Мінезі әке мен шешенің аралығынан шыққан. Бірде қатты, бірде Рақымшыл, бірде ауыр, бірде жеңіл, сезімді көбінесе ақылға жеңдіретін ойлы қыз екенін әріптес адам тез-ақ түсінетін. Жасы жиырмадан асты. Әлі он алты, он жеті жасар Уыз қалпы. Институтты мерзімінен бұрын бітіріп, биыл осы колхоздық орталау мектебіне завуч болды. Көрікті, сымбатты, білімді, өмір жайлауына жаңа шыққан Жанат сырт көзге толықсыған, төрт құбыласы сай, армансыз жан көрінсе де, өзіне-өзі тым мазасыз. Күндер түгіл, түндерді іссіз ойсыз еткізген емес. Міне, сағат үш боп қалды. Жұмыс столынан жаңа тұрып келсе де, арпалысқан ойдың әуенімен жүр. Қызын қабағынан танитын анасы оның ойын бөлген жоқ. Екеуінің ыңғайымен Бейсен де аузын бақты. Жанат бір кезде қол сағатына қарап қойып:
— Жәкем неге кешікті, — деді өзіне-өзі. Жақыпты жұрттың бәрі «Жақа» деп кеткен соң, Жанат та бертін келе «Жәкем» дейтін. Ырысжан өзіне арналмаған сұраққа арнау. сыз жауап қайырды.
— Оның жұмысы біте ме.
Томсарып, жабыңқы отырған анасына Жанат ойлы көзімен тағы бір қарады. Ырысжан сәкіде отыр. Үш бөлмелі үйдің орталық бөлмесі ас ішетін, ауыл адамдарын қабылдайтын кең бөлме. Бір жағында Жанаттың, бір жағында Жақыптың бөлмесіне баратын жол қалдырьіп, еденнен жарты метрдей жоғары жалпақ сәкі құрылған. Сәкінің үстінен әдемі сүйіндік текеметі, Алматы кілемшілері тоқыған үлкен масаты кілем жайылған. Ауыл адамдары аяқ киімдерімен төрге өрлемей-ақ, сәкінің ернеуіне отыра салуға тіпті ыңғайлы, тазалыққа жақсы. Ырысжан сәкінің төріне таман отыр еді, Жанат қасына келіп, көйлегінің етегін құрыспастай етіп, аяғын көсіле отырды. Кереге көз, сүр шерсть көйлегінің аласа жағасынан биік көтерілген жұп-жұмыр Аппақ, сұңғақ мойынын аққуша ие қарады анасына. Қарасында, мөлдіреген қара көздің құбылысында өзгеше бір махаббат бар. Баланың анаға емес, ананың үлбіреген нәрестеге елжірей қарағаны сияқты. Жанат шынында да ата-анасын нәресте көретін. Олардың арты даңғыл, алды соны, соныны бұзарлық ғылым қайраты жоқ деп мүсіркейді. Бар білгенін солардың да миына құйғысы келеді. «Жанатым бақыт, мақтан, көңіл санасы» дей отырып, Жақып пен Ырысжан да «біз көрген ой-шұқырды көрген жоқ. Қапыда әлденеге душар бола ма...» деп қамқорлығын әрдайым ұмытпайтын. Бүл үйдің адамдары тіс ашып сөйлеспей бірін-бірі қабағынан, ернінің емеурінінен танып әдеттенген. Жанат қазір анасына елжіреп қарағанда, әлденендей жайсыз күйді сезініп, анасын сол ойдан ажыратқысы келсе керек. Бала күнгі әдетімен Ырысжанды иегінен көтеріп, өзіне тура қаратып алды да, күле тұрып, еркелей сөйледі:
— Шаршадың ба, әпке?
— Жоқ, қарғам.
— Неге жабықтың?
— Жабыққам жоқ.
— Күй тартайын ба?
— Тартсаң тарт, естиін.
Жанат шапшаң тұрып өз бөлмесіне барды да, пианино
Ойната бастады...
— Кешікті ғой, — деп Ырысжан да орнынан тұрды. Ас үйге шығып кетіп, бір тәрелке піскен ет ала келгенде, жантайып жатқан Бейсен жалақтап басын көтерді. Қол жу демей қолын жуды. Етті екі кескенде, бір кескені аузына түсті. Сөйлеуге де үлгеріп жатыр...
— Жанатжанды құтты орнына қашан қондырамыз? — дегенде, екі ұрты екі жақтап тулап тұрды.
— Лайықтаған кісің бар шығар? — деп Ырысжан зілсіз ғана кекеп өтіп еді, Бейсекең сезген де жоқ. Ойындағысын ақтара салды... — Жомартты жек көрмейтін тәрізді. Жаман да жігіт емес қой. Мынау әңгіме де басыла қалар еді.
— Бетім-ау, қатын үстіне ме?!
— Алмамен тұра алмайды енді ол. Кәріп болды ғой қыршын жас.
— Жанаттың Алмадан шығарда жаны басқа. Мен ғана естиін бұныңды. Жанат естісе бұл үйге бас сұға алмайсың, — деп, санынан қаттырақ шымшыды Ырысжан. Осының өзін естіп қалмады ма дегендей, Бейсеннің көзі есік жаққа бір алақ етті.
Тамақ жеген соң Бейсен бөгелместен кете барды. Ол бұл үйге жиі келеді. Келген сайын дайын астың үстінен түседі. Жақып жұмыссыз жүрісті жаратпаса да, Бейсеннің адалдығын есіне алып, бетін қайырмайды. Кейде тіпті, қолы боста әдейі шақырып келтіріп, «жаңалықтарын» естігенде, күліп рақаттанып қалады. Жақыптың күндіз уақыты жоқ. Бейсен сонсоң түнде келеді. Жақып түнде колхоз шаруасын шолуға шықса, Бейсекең, құдай аманаты, қоса жүреді. Бүгін екеуі жиналыстан кейін кезіге алмады. Жақып жаңа қайтты.
Ырысжан Жанаттың бөлмесінде музыка тыңдап отыр еді. Шықыр-шықыр, нық басып, даладан Жақып енгенде, Ырысжаннан бұрын Жанат жетті әкесіне. Дереу шешіндіріп, киімдерін іле бастап.
— Жәй кешіктіңіз бе, Жәке? — деді.
— Жәй. Әлгі көкімәннің үйіне кіріп ем жолдан, отырып Қалдым, — деді Жақып. «Көкімәннің» Ақмет екенін түсінсе Де, әкесінің қалжыңы, шыны екенін түсіне алмады Жанат. Өйткені, қимылы, сөзі тым ауыр жатыр. Тамақ дайындай бастаған Ырысжанға: — ішпеймін, жастық әкелші, — деді де отыра кетті.
Жанат алдағы жиналыста жасайтын баяндамасын жазып бітіріп, әкесінен бірер мәліметтер алуға тосқан еді. Кейпін көрген соң мазасын алғысы келмеді. Ырысжан жастық әкеп беріп, бір тосын әңгіме күткендей боп тұр. Жақып жуан саусақтарын сыртылдатып. бетін алақанымен ыспалап алған соң жастыққа шынтақтай жатты да, Жанатқа көз тоқтата қарады.
— Жанатжан ұйқың келді ме?
— Жоқ.
— Кемпір, сен, қалайсың, мызғып па ең?
— Мызғи алмадым. Әлгі Бейсен бейшара мылжыңдап жаңа ғана шықты, — деді Ырысжан. Жақып мырс етті:
— Хабарға қарық қылған екен ғой. Бар, үйықта, сол тойғаныңмен. Жанатжан, сен бері келші.
Қасына келіп отырған Жанатты Жақып маңдайынан сүйіп, шашынан сипап, үнсіз бірсыпыра отырды. Баласына көңілі тойып, шүкірлік етіп отырған тәрізді. Шаршағанда, сырқаттанғанда, не бір ауыр ой кездескенде Жанатын қасына алып, осылай отыратын еді. Соны сезген сыр мінез Ырысжан көзіне ұйқы тығылса да, әңгіме тыңдағысы келіп кетпеді. Жақып ауыр ойын екеуінің алдына — жәй ғана тастай салды.
— Әркім аяқтан ала бастады. Жас болса келіп қалды. Тартысуға эл жете ме? Бассауғаға ар жете ме? Ақыл жастан. Балам, сен не айтасың? Көп көрген, көне кемпір, сен не айтасың? Кеңеселік.
Жуырда жауап қайтпады. Тым-тырыс үйдің қабырғасында тырс-тырс соққан үлкен қабырға сағаттың дыбысы анық естіліп тұр... Жақып өз ойын алдақашан қорытқанға ұқсайды. Төбеде, аспалы шамның тұсындағы әдемі орнаментке қарап, әлі шынтақтап жатыр.
— Аяқтан алушы кім? Не үшін алады? Жәке, мен осы арасына түсінбей отырмын, — деді Жанат бір кезде. Жақып үлгергенше, Ырысжан шыдай алмады:
— Жомарт пен Баймақан емес пе! Балам-ау, әлі түк түсінбеген екенсің?
— Кінәсі не сонда?
— Кінәсі жоқ. Қызығады. Бірі председатель, бірі орынбасар болғысы келсе керек.
— Көп сайласа бола берсін. Оған бола тартыстың. намыстың керегі не?
— Теріс беттеп барасыңдар, — деді Жақып көтеріңкі дауыспен. Басын жастықтан көтеріп алып, қабағын шытына, қынжыла сөйледі. — Менікі шен таласы емес. Егер, жұрттың көздегені председательдік болса, мен күзетші-ақ бола салам. Талас басқада. Көзімнің қарашығы, Жанатжан, сені қандай тілесем, осы колхозды дәл сондай тілеген едім. Тәрбиелеген едім. Міне, бүгін бұ да пісіп, толып тур. Зәуре де, сен теңіңді не дұрыс жолыңды таппай ренжітсең, аталық ақыны кешу маған өте қиын. Колхоз тізгінін сыналмаған сенімсіз ойға билету одан да қиын. іш осыған ашиды. Біткен іске сыншы коп, піскен асқа жеуші көп. Сыншының бәрі бірдей мінші ме? Жеудің бәрі бірдей енші ме? Қабылдай беруге болмайды. Қабылдамасаң тартысады. Тартысуға әл жете ме, бас сауғаға ар жете ме дегенім, мансап қамы емес. Жарғақ құлақ жастыққа тимей, жалындаған еңбекпен жасаған осынау жаңа дүние, жаңа ауылдың қамы, балам, — деген кезде, Жанат әкесінің сөзіне жымиып қана күлді. Күлгенде шығатын ұртының тұсындағы титтей ғана шұңқыры айқын көрініп тұрды. Жақып сезіп қалды.
— Адасып барам ба, әлде?
— Адасқан жоқсыз. Айта беріңіз. Бірақ, тіпті сақ, тіпті қызғаншақ боп кеткенсіз бе, қалай?
— Болса болар. Мен жасымның, ақылымның ең толған шағын осы колхозға жұмсадым. Бұдан артық толмасыма көзім жетеді. Колхозда өткізген он жеті жыл, соның ішінде бастық болған он бес жыл еңбегімнің ең жанған шағы. Сондықтан ол еңбекке еріксіз сақ, еріксіз қызғаншақпын.
— Колхозыңыз КОЛХОЗ. Еліңіз ел. Неге тарығасыз? Әлде бүгінгі жиналыста сын қатты болды ма? Мен ештеме естігім жоқ, бір жұмыспен отырып қалдым.
— Сынды жаңа көріп жүрміз бе, сынның сыны бар да.
— Не дейді жұрт?
— Жұрт дұрыс айтты. Дұрыс шешті. Жоспар бекіді. Бірақ, Жомарт пен Баймақан «кем өлшеп, кейін тартасың» Деді. Қолдарынан келсе, ауданға шағып, бұзбақ көптің қаулысын. ірітпек бірлікті.
— Дұрыс қаулы бұзылмас. Шын бірлік ірімес. Жәке.
— Жәкеңе ауыр ол емес. Бұзылмайтынын, іріте алмайтынын жақсы білем. «Кем өлшеп, кейін тартасың» дегені-ақ батады. Жаным-ау, әжептәуір есті жігіттер көрмей ме, әлде көргісі келмей ме? — деп Жақып қынжыла тоқтады.
Жанат жаңа ғана аңғарған сияқты. Әкесі талас пікірді талдап шешіп бермесе де, аржағын өз ойымен жорып келіп, бетін білдірді:
— Олар көрсін-көрмесін, көрнекті іс көмілмейді. ісіңізді көпшілік сан бағалаған. Сақ, қызғаншақ болғаныңыз жарасып тұр. Мен дүниені көбінесе кітаптан танып келем.
Сіз қолмен ұстап, көзбен көрдіңіз. Мүмкін, менікі жаң. сақ болар. Әйтсе де бір нәрседен сақтандырғым келеді, Жәке?
— Айта бер, қарағым.
— Ең жетілдім деген адам, тарих көшін бір ғана кезеңге жеткізіп жүр. Одан әрі жаңа адам, жаңа заманға тиеп алып сатылап барады. Сіз колхоздың бірінші дәуірінде, социализм дәуірінде тұрсыз. Екінші дәуірдің жаңалығын сезе алмасаңыз, «кем өлшеп, кейін тартуыңыз» сөзсіз. Міне, алдымен осыған сақ бола көріңіз.
— Сонда Жомарт пен Баймақандар ғана жасамақ Па коммунизмді, — деп Жақып мұртынан бір мырс етті.
— Олар асыра сілтеді ме, әлде толғауы жеткен жаңа¬лық па, маған әлі мәлім емес. Зерттеп келіп төрелік айтсам қайтеді сіздерге.
— Тым-ақ көңілдісің-ау, Жанатжан! — деп Жанатты арқаға қаға отырып жымиды Жақып. — Әкесімен айтысып, баласына жүгінген бар ма?
— Әділдіктің алмайтын қамалы бар ма? Одан да әділдігің жете ме, десеңізші, — деп Жанат сылқ-сылқ күліп жіберді.
— Тәңір қойса жетер. Ұтылдым. Тоқтадым, қарағым, төрелігіңе, — деді де Жақып орнынан тұрды.
III
Жиналыстың ертеңіне таңертең Жомарт ауданға жалғыз тартты. Жиырма бестен жаңа асқан жалынды жігіт ойға алғанын етпей қойман десе де, өмір әзірге оны екі сүріндірді. Қарапайым қарт Жақыпты жолындағы бір төмпешіктей, қиқаңдаса басынан бір-ақ аттап кететіндей көрші еді. Кешегі жиналыс олай емес, Жақыпты тамыры терең бәйтерек етіп көрсетті. Көрсетіп қана қойған жоқ, «байқа» деп маңдайынан тырс-тырс шертіп кетті.
Тәтті үміт, әдемі ой дәл осының алдында ғана мықтап тұрып бір отыртқан. Алма, Жанат екі қыз бір анадан туғандай, бір қалыптан шыққандай, бір ауылда ержетті. Екеуінің көркі, мінезі, оқуы тең, ойы, арманы тең, сырлас құрбылар ең ақыры киімдеріне дейін парлап киетін. Алманың шешесі Отан соғысының алдында, әкесі Отан соғысында майданда қайтты. Есіз қалған дүниені уақытша колхозға тапсырып, Алма төрт-бес жылдай Алматының консерваториясында оқыды да, өткен жаз скрипка класын бітіріп шықты. Сол жазда Жомарт та ауылшаруашылық институтын бітірді. Екеуі қоймастан тіленіп, осы ауданда істеуге келген. Аудан есікті кең ашты. Бірақ, алғашқы бетте-ақ Жомарт аудан басшыларының кейбіреуінің көңіліне ылғал салды. Өзінің мамандығына бармай, әкімшілік-басшылық қызметін таңдады. Ондағы ойы тіпті мансапқұмарлық емес. Өзгеріс жасаймын деген үлкен талабына еркіндік алу еді. Еркіндік, еркін тимесе де, көш-жөнекей алармын деп «Аманкелді» колхозына барды. Бұл Жомарттың әлеуметтік бірінші адымы болса, Алма оның көңіліндегі Алма бағы болатын. Ол бақытты көңіл аясында мәпелеп, махаббат нұрымен суарып, бес жыл күтті. Енді сол бақта сайраңдау өмірінің ең биік шыңы көрінетін. «Аманкелдіге» келісімен бұл арман шыңына шықты. Шығысымен алмасы қолынан түсіп кетті...
Алмамен қосылған тойы өткен соң-ақ Алма асығыс ауданға жүрген. Аудандық театрда істейтін. Театрдың бір асығыс жұмысымен Алматыға ұшпақ еді. Келсе самолет дайын екен. іле аспанға көтерілді. Көтеріле бере самолет құлдырап кетті де шаншыла құлады. Тірі қалған жалғыз Алма. Бетті шарпыған от көз жанарын жеп жіберген. Алма содан Алматыда төрт ай жатып, көзден айрылып, Жомарттың қолына келіп отыр. Жомарттың бір қолында бүгін күл алма, бір қолында гүл алма. Екеуін бірден ұстатып, «көнбеші кәне көрейін» дегендей қатал тағдыр қасқая қаpaп тұрған тәрізді. Осы ауыр халде, көңіл жұбатқан жақын-жарандардың ішінде, Жанаттың бір сөзі Жомарттың босаған белін байлап бергендей болды.
— Өмір егер ащы бермесе, тәттіні білер ме едік. Тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік. Біріне мастанып, біріне мойымаған адам өмірде жаман жеңіп шығады, — деген еді Жанат.
Албырт жастың алғашқы қадамында ойламаған жерден кездескен екі соққы тізені бір бүксе де отыра алмады. Жомарт қазір қайратына қайта мінгендей. Жар қабағының астында кішкене көзі жайнап, тек ой теңізіне ғана шомып келеді. Сыртқы дүниеде ісі жоқ. Күн қызыл шұнақ аяз. Айнала көз жеткісіз кең жазық. Қар қалың. Жер беті аппақ. Ақ теңіздің үстінде жалғыз қалқып келе жатқан сияқты. Жемге піскен будан көк жеңіл кошевкені шиыр Жолдың үстінде сынапша толқытып, ауыздығымен ойнатады. Кең дала, ат екпіні Жомарттың ойын кеңіте, лепірте түсті. Сеңсең тұлыбының жағасын қайырып қойып, бағанадан бері басқан ойды бір серпіп тастады.
— Бәрі болады! — деді өзіне-өзі.
Кенеттен шыққан дауысқа будан көк ала жөнелгенде, Жомарттың өзі де ұйқыдан оянып кеткендей болды. Жан-жағына көз жіберсе, біреу көлікте, біреу жаяу, біреу лыжада шаңқан даланы шимайлай қалқа құрып аққала соғып, қар тоқтатып жүр екен. Осы тұстың қары тым қалың. Ирек-ирек бел, бөртпе бұйрат болып алған. Арасындағы адамдар қырына шыққанда көрініп, ойына түскенде жоғалып кетеді. Біресе батып, біресе шығып, толқын арасындағы қайықтай қарлы белестерді лыжамен кезген егін бригадирі Баймақан келеді. Барынша ағызып келеді. Өтіп бара жатқан Жомартқа төтеден қосылып, тоқтатпай сөйлесті ол:
— Жол болсын!
— Айтқаның келсін.
— Мәселені қабырғасынан қою керек. Дәл майдандағыдай қою керек.
Жомарт Баймақанның бетіне көз қиығымен қарады да, жәй ғана езу тартты. Баймақан сезген жоқ. Күннің қызыл шұнақ аяз екенін де сезбесе керек, құлақшынының бауы байлаусыз, дөңгелек келген етті, сарғыш беті нарттай. Өткір, көкшіл көзі бұрынғысынан да шығыңқы, жанарында от ойнайды.
— Шылым тарталық, — деді Жомарт. Буданкөк те соны күткен екен, тоқтасымен барынша талтая қалды. Баймақан екпіндей сөйлеп тұр:
— Осы жұрт майданды қалай қамтамасыз еткеніне қайранмын! Әлде соғыстан кейін бажып бара ма?
— Тыңдамай ма, орындамай ма?
— Тыңдайды, орындайды. Дисциплина сылбыр. Кезінде сақ еткізуге әлі жаттықпаған. Уақытында орындау, дәл орындау шешеді істің тағдырын. Әскерде командир айтты, бітті. Ал, мұнда басқаша. Тәртіп жасайын десең Жақып деген пәле кес-кестеп жібермейді.
— Тағы араға түсті ме?
— Ия. Бейсен кеше нормасын орындамаған. Әйелі орындаса да аққаланың биіктігін жеткізбеген. Екеуін де күн жазбай қуып жіберсем, Жақып бүгін келіп, «қырамысың елді, тәрбиелеу керек» деп тұр. Мүлде аяққа қақпан болды бұл Жақып. Соғыс көрмеген шәу неме, ыбылжып отырғаны өстіп.
Жомарт мырс күліп жіберді.
— Онда мен де былжырдың бірі болдым ғой.
— Сені қойшы. Аз да болса мұрның сезді, білімің жетеді. Жастың жаны бір. Сенің пландарың менің миыма өзім жасағандай қона кетті. Тек сен соны өткізіп қайт.
Жақыптан құтылсақ, бұл колхозды бір жылда-ақ аспанға көтереміз.
— Көрерміз, — деді де Жомарт шылымын тартып болған соң, шанасына отырды. Көмейіне тығылған көп сөздің бірін де айтқан жоқ. Баймақан ең жақын жолдасы. Ойынан ісі шапшаң, мінезі тік, ұстарадай өткір жігіт. Оның, үстіне соғыста болған жылдары қатал тәртіпті бойына мінез етіп сіңіріпті. Егер өзіне дес тисе, соғыс тәртібін колхозға бір күнде орнатпақ. Онысы көпшілікке де, Жақыпқа да ұнаған жоқ. Майданнан келген адам болған соң, бір жағынан Жомарттың қолдауымен істеп жүр. Жомарттың іші Жақыпты ғана емес, Баймақанды да онша ұнатпайды. «Бірі тым ауыр, екіншісі тым шапшаң, ұрыншақ» дейді. Бірақ, Баймақанның шапшаңдығы дәл қазір Жомарттың талабын демеп тұрғандықтан, Жомарт өзіне тартып алды. Әзірге көнуге бекіген. Әйтпесе, осы кездескеннің өзінде айтарлығы бар еді, айтпастан кетті.
Баймақан айғай салды артынан:
— Әуелі Сағынбаевқа бар! Ермеков Жақыпты қолдайды.
Сағынбаев Сатан аудандық партия комитетінің секретары. Ермеков Есжан аудандық атқару комитетінің председателі. Әуелі Сатанға барғысы келсе де, Есжанды елемеген болмайды деп, Жомарт Есжанға баруға бой ұрды. Бұл ойы аудан орталығына кіре бере лобли бастады. Жаңада келген жаңа пікірлі адам тұрғын адамдардың күнде көрсе Де елемегенін елеп келеді. Аудан орталығы тұрған К,ара Нұраның үстіндегі көпірден өте бергенде, аты көпірге аяғын тығып алып еді.
— Неткен салақтық! — деп бір тыжырынды.
Өзен суатынан суарып, атшы он шақты атты айдап барады. Жомарттың көзі аттарға түсті. Атышулы күреңтөбел, қабырғасы ыржыңдап бүрсең-бүрсең етеді. Өзгелерінің бірі омырауын, бірі арқасын алдырған. Қайсыбірінің постромке саны түгіл, шатын да қажапты. Бәрі Есжанның қарамағындағы аттар.
— Иесін таппаған екен жануарлар, — деді өте бере Жомарт. Иесіздіктің ізі алдында сайрап жатқандай болды. — Колхоз сайгүліктері тұрғанда өз атын бағып не әуре. Колхозға қол жайып әдеттенген бұлар. Уставты сірә ұмытса керек... — деп басын шайқап-шайқап қойды.
Аудандық партия комитеті мен аудандық атқару комитет! бір үйде болатын. Сыртын ақпен сылап, төбесін черепицамен жапқан айдынды, әдемі үй анадайдан көрініп тұр.
Бірақ, маңайы тұлдырсыз көсенің иегі тәрізденіп тұр. Жомарт үйді ұнатса да, иелерін тағы мінеді.
— Егер, айналасына ағаш ексе, қандай көркейер еді... Дәл осыған ерекше ақша да, жұмысшы да, уақыт та керек емес-ау, — деп келе жатқанда, кезі үйдің шатырына түсті Таңдайлап жапқан әдемі қызыл-күрең черепицаның сынын бұзып, бір шөмеледей сабан үйіпті төбеге. Жомарттың тебе шашы тік тұрды.
— Бұл неткен масқара! — деді таңданып, Одағай істің есебін де тез тапты. Күзді күні Есжанның кабинетіне бір келгенде, майлы бояумен бояған зейнетті кабинеттің төбесінің бір жерін тамшы тесіп тұрған. Мына сабан дәл сол тұста тұр екен.
— Олақтығыңа да, салақтығыңа да болайын, — деп атының басын тіреді Жомарт, — бұйрықты ғана орындайды. Керімпаздық, іскерлік жетпейді. Можа боп қалған, қайрамаса өтпейді, — деген оймен үйге енді.
Бұл кезде Сатан мен Есжан Есжанның кабинетінде оңаша кеңесіп отырған. Кеңестері Жақып жайында. Жақыпты Ленин орденіне ұсынамыз ба деп отыр еді. Жомарт алдыңғы бөлмеге шешінді де машинистка қыз орнында болмаған соң, күтпестен кабинеттің есігін ашты.
— Кіріңіз, кіріңіз! — деді Сатан. Кірісімен амандықтан кейін, Алманың жайын сұрады. Жомарт айтып отырғанда, Сатанның өңінен үлкен аяныш байқалып тұрды. Кешегі жайнаған Алма, бүгінгі бейшара Алма көз алдынан қатар өтіп бара жатқан сияқты.
— Күте көріңдер. Ренжіте көрмеңдер. Басқа не қалды енді, — деді де Жомарттың сөзін бөліп жіберді. — Не жұмыспен келдің?
— Ақсақалға қарсылық айта келдім, — деді Жомарт. Сатан да, Есжан да ұнатпаған пішінмен жалт қарады. Бірақ, Жомарт іркілген жоқ. — Жоспарды кем алды, дауысты көп алды, — деген кезде, Есжан папкесінен суырып, үлкен табақ қағазды столға жайып тастады.
— Осы ғой алған жоспары?
— Ия, осы.
— Бұның қай жері кем? Мал басын он бес процент, егіс көлемін он бес процент арттырмақ. Егер осыны орындаса Жақыптан кім аспақ?
— Мүмкіндік одан асып жатыр. Жоспарда көбінесе сан жағы қаралған. Мен санның он бес процентіне қосып, сапаны жиырма-жиырма бес процент көтерер едім. Бір сиырдан бес-он литр сүт алғанша, жиырма-жиырма бес литр сүт алса, бір гектардан бес-он центнер астық алғанша, жиырма-жиырма бес центнер астық алса ішті жара ма? Жоспарда бұл жағы қамтылмаған. Тұрмыс мәдениетін көтеру, тұрмысты, өндірісті электрлендіру арқылы еңбекті жеңілдетіп, өнімді молайту жағы мүлде естен шыққан.
— Жолдас Нұрманов, бұныңыз бір жылдық планы емес, бесінші бесжылдықтың планы, — деп кекей күлді Есжан. — Планыңыз план-ақ. Сақтай тұрыңыз.
— Мен демагогикадан аулақпын, — деді Жомарт, — мүмкіндік зайыр көрініп тұр..„
Есжан тағы да сөзді бөлді...
— Мүмкіндіктің бәрі бірдей бола бермейді. Күшті, уақытты есептеу керек. Колхоз алдымен тамақ, шикі зат байлығын жасасын. Бес жыл бойы соғыстан бүлінген дүние осыны тілейді. Содан кейін сіз айтқан жаңа сатыға аяқ басамыз.
— Менің жоспарымда осы мақсат артығымен орындалады. Сонымен қабат колхозды жаңа сатыға көтереді. Көріңіз, — деп Жомарт та өз жоспарын столдың үстіне жайды. Жоспардың дұрыстығын дәлелдейтін қиын-қиын есеп, диаграммаларды қоса жайды. Есжан үңіліп отыр. Өңінде титтей де толғану нышаны байқалмайды. Бұдан бірнеше күн бұрын Сатан екеуі Жақыптың жоспарымен танысқан. Секретардың пікірін, жоғарыдан келген нұсқауды мықты ұстайтын әдеті қосылып кетті де:
— Мазмұнын қысқаша айтыңызшы, — деді келтесінен.
— Цифрдан қысқа сөз бола ма? — деп күмілжіді Жомарт. — Бұның өзі қысқа, шағын бір жылдық қана жоспар. Сауын сиырдың жүзден жиырма бесі асыл тұқымды болса, жүздің бергенін береді. Сонда 75 сиырдың беретіні қалпымен пайдаға қалады. Егістің жүзден елу гектарына агрономияны толық қолдансақ, бұ да жүздің бергенін береді. Елу гектардың өнімі пайдаға қалады. Толық есептерін бірінші, екінші таблицадан қараңыз. Осы екеуінің өзі-ақ миллиондаған сом кірістер енгізіп тұр. Колхозды электрлендірудің маңызы бұдан да күшті. Диірменді, ұста дүкенін, фермаларды, колхозшылардың үйін электрлендіру арқылы жылына ең кемі екі мың сағат жұмыс Уақытын үнемдеуге болады. Бүл неше жүмысшының неше жұмыс күніне тұратынын есептей беріңіз. Осынша ен байлықты көре тұра айтпауға бола ма, ол үшін айтыспауға бола ма! — деген кезде:
Бұның бәрі тек бастағы байлық, — деді Есжан. Жомарт шамданып қалды:
Бірақ, маңайы тұлдырсыз көсенің иегі тәрізденіп тұр. Жомарт үйді ұнатса да, иелерін тағы мінеді.
— Егер, айналасына ағаш ексе, қандай көркейер еді.., Дәл осыған ерекше ақша да, жұмысшы да, уақыт та керек емес-ау, — деп келе жатқанда, көзі үйдің шатырына тусті. Таңдайлап жапқан әдемі қызыл-күрең черепицаның сынын бұзып, бір шөмеледей сабан үйіпті төбеге. Жомарттың төбе шашы тік тұрды.
— Бұл неткен масқара! — деді таңданып. Одағай істің есебін де тез тапты. Күзді күні Есжанның кабинетіне бір келгенде, майлы бояумен бояған зейнетті кабинеттің төбесінің бір жерін тамшы тесіп тұрған. Мына сабан дәл сол тұста тұр екен.
— Олақтығыңа да, салақтығыңа да болайын, — деп атының басын тіреді Жомарт, — бұйрықты ғана орындайды Керімпаздық, іскерлік жетпейді. Можа боп қалған, қайрамаса өтпейді, — деген оймен үйге енді.
Бұл кезде Сатан мен Есжан Есжанның кабинетінде оңаша кеңесіп отырған. Кеңестері Жақып жайында. Жақыпты Ленин орденіне ұсынамыз ба деп отыр еді. Жомарт алдыңғы бөлмеге шешінді де машинистка қыз орнында болмаған соң, күтпестен кабинеттің есігін ашты.
— Кіріңіз, кіріңіз! — деді Сатан. Кірісімен амандықтан кейін, Алманың жайын сұрады. Жомарт айтып отырғанда, Сатанның өңінен үлкен аяныш байқалып тұрды. Кешегі жайнаған Алма, бүгінгі бейшара Алма көз алдынан қатар өтіп бара жатқан сияқты.
— Күте көріңдер. Ренжіте көрмеңдер. Басқа не қалды енді,- — деді де Жомарттың сөзін бөліп жіберді. — Не жұмыспен келдің?
— Ақсақалға қарсылық айта келдім, — деді Жомарт, Сатан да, Есжан да ұнатпаған пішінмен жалт қарады. Бірақ, Жомарт іркілген жоқ. — Жоспарды кем алды, дауысты көп алды, — деген кезде, Есжан папкесінен суырып, үлкен табақ қағазды столға жайып тастады.
— Осы ғой алған жоспары?
— Ия, осы.
— Бұның қай жері кем? Мал басын он бес процент, егіс көлемін он бес процент арттырмақ. Егер осыны орындаса Жақыптан кім аспақ?
— Мүмкіндік одан асып жатыр. Жоспарда көбінесе сан жағы қаралған. Мен санның он бес процентіне қосып, сапаны жиырма-жиырма бес процент көтерер едім. Бір сиырдан бес-он литр сүт алғанша, жиырма-жиырма бес литр
алса, бір гектардан бес-он центнер астық алғанша, жиырма-жиырма бес центнер астық алса ішті жара ма? Жоспарда бұл жағы қамтылмаған. Тұрмыс мәдениетін көтеру. тұрмысты, өндірісті электрлендіру арқылы еңбекті жеңілдетіп, өнімді молайту жағы мүлде естен шыққан.
— Жолдас Нұрманов, бұныңыз бір жылдың планы емес, бесінші бесжылдықтың планы, — деп кекей күлді Есжан. — Планыңыз план-ақ. Сақтай тұрыңыз.
— Мен демагогикадан аулақпын, — деді Жомарт, — мүмкіндік зайыр көрініп тұр..„
Есжан тағы да сөзді бөлді...
— Мүмкіндіктің бәрі бірдей бола бермейді. Күшті, уақытты есептеу керек. Колхоз алдымен тамақ, шикі зат байлығын жасасын. Бес жыл бойы соғыстан бүлінген дүние осыны тілейді. Содан кейін сіз айтқан жаңа сатыға аяқ басамыз.
— Менің жоспарымда осы мақсат артығымен орындалады. Сонымен қабат колхозды жаңа сатыға көтереді. Көріңіз, — деп Жомарт та өз жоспарын столдың үстіне жайды. Жоспардың дұрыстығын дәлелдейтін қиын-қиын есеп, диаграммаларды қоса жайды. Есжан үңіліп отыр. Өңінде титтей де толғану нышаны байқалмайды. Бұдан бірнеше күн бұрын Сатан екеуі Жақыптың жоспарымен танысқан. Секретардың пікірін, жоғарыдан келген нұсқауды мықты ұстайтын әдеті қосылып кетті де:
— Мазмұнын қысқаша айтыңызшы, — деді келтесінен.
— Цифрдан қысқа сөз бола ма? — деп күмілжіді Жомарт. — Бұның өзі қысқа, шағын бір жылдық қана жоспар. Сауын сиырдың жүзден жиырма бесі асыл тұқымды болса, жүздің бергенін береді. Сонда 75 сиырдың беретіні қалпымен пайдаға қалады. Егістің жүзден елу гектарына агрономияны толық қолдансақ, бұ да жүздің бергенін береді. Елу гектардың өнімі пайдаға қалады. Толық есептерін бірінші, екінші таблицадан қараңыз. Осы екеуінің өзі-ақ миллиондаған сом кірістер енгізіп тұр. Колхозды электрлендірудің маңызы бұдан да күшті. Диірменді, ұста дүкенін, фермаларды, колхозшылардың үйін электрлендіру арқылы жылына ең кемі екі мың сағат жұмыс уақытын үнемдеуге болады. Бұл неше жұмысшының неше жұмыс күніне тұратынын есептей беріңіз. Осынша ен байлықты көре тұра айтпауға бола ма, ол үшін айтыспауға болама! — деген кезде:
— Бұның бәрі тек бастағы байлық, — деді Есжан. Жомарт шамданып қалды:
— Нағыз байлық баста болады. Нағыз кедейлік те баста болады, — деп еді, бағанадан бері сабырмен тыңдап отырған Сатан сұрақ қойды:
— Осы ойыңызды биыл орындауға колхоздағы адам күші жете ме?
— Алғашқы кезде жетіңкіремейді. Машина күшін молайту керек. Мемлекеттен біраз машина сұрамақпыз.
— Ақша да сұрарсыз. Машиналар, асыл тұқымды малдар, жаңа құрылыс жабдықтары тегін келе ме?
— Ақшаға колхоз зәру емес, — деді Жомарт. Жаңа миллиондаған кірістерді айттым. Егер, жайлаудағы биелерді келтірсек, тек бие сүтінің өзімен күніне бес мың сом табуға болады. Бұл маңдағы қазақ колхоздарында овощь, бақша егісі тіпті мардымсыз. Біз қырық-елу гектар ексек, әлденеше миллион сом кіріс енгізеді. Осылардың өзі бәріне жетіп жатыр.
— Соғыс кезінде өнерлі кәсіптің кебі соғысқа лайықталды. Енді бейбітшілік өмірге лайықталып болғанша, сұраған машиналарыңызды ала алмасаңыз қайтесіз?
— Беретіндігіне, алатындығыма көзім жетеді. Тіпті болмаса, пленге түскен солдаттардың біразын бермей ме?
— Олар жеріне қайтуға тиісті.
— Қалайша?!
— Соғыс бітті.
Жомарт томсара қалды. Бетіне қан ойнап шықты.
— Бес жыл бөгеді. Бес жыл бүлдірді. Соның кесірінен бес жыл бұрын істейтін істі бүгін жоспарлап отырмыз. Сондай жауды тағы қайтарамыз. Бұл қай гуманизм?
— Советтік гуманизм, — деген Сатан. — Бұл мәселені үкімет өзі шеше жатар. Ал, сіз сенген көмегіңіз болмаса қайтесіз?
— Сонда да жоспардың ең кемі елу проценті орындалады. Сол елу Жақыптың жүзіне төтеп береді. Тек, қабылдаңыздаршы. Маған ең керегі осы.
Жауап та, сұрақ та тоқталды. Сатан сенің не ойың бар дегендей Есжанға қарады. Есжан алғашқыдай емес, қыры сынып қалыпты. Дел-сал. Жомарт есептеріне жақсы түсінбесе де, Жомарт сөзі бұлтартпады. Бірақ, «құп!» деуге батылы жетпей отыр. «Болса жақсы, болмасаға» тіреле береді. Үлкен іс, жаңа пікірді тек жоғарыдан күтіп әдеттенген Есжан, ол күткені төменнен шыға келген соң, шап берудің орнына жалт берді. Мелшиіп отырып-отырып:
— Жақыптың планы орындалатынына сенесіз бе? — деді бір кезде.
— Сенемін. Бірақ, қомсынамын, — деді Жомарт.
— Біз қомсынбаймыз. Установка осылай, — деп морт айтты Есжан.
Сатан ойланып қалды. Сырын алмаған Жомартты бір кезде «Қыңыр ма? Шен құмар ма?» десе, енді ол ойынан қайтып, үлкен үміт күтіп отыр. Ол Жомарттың пікірін қуаттай қоймағанымен көзіне колхоздың әдемі суреттері елестеп кетті. Ойын бөлген сол суретке беріліп отырып, Есжанның морт айтқан сөздерін жуып-шая бастады.
— Иә, установка солай. Әйтседе, сіздің пікіріңіз ойланарлық екен. Тағы да байқап көреміз. Игіліктің ерте-кеші жоқ, жоспарыңызды қалдырып кетіңіз.
Жомарт қайтып тіл қатпастан жоспарын жиып алып, сөмкесіне салды. «Тек, жоғарыдан күтесіздер. Жоғарыдан-ақ айтқызармын» деген оймен үйден шықты.
Оңаша қалған Сатан мен Есжан біразға дейін сөзден тыйылып тұйық отыр. Жомарт үлкен ой тастап, наразылық білдіріп кетті. Есжан басын шайқап, таңдайын қақты да:
— Байқадыңыз ба? Өзінен сөзі үлкен. Менмен жігіт, — деді бір кезде.
Сатан жауап қайырған жоқ. Үнсіз ерсілі-қарсылы жүре бастады. Ашаң, қара сұр жүзінен, ауыр мінезінен ішін байқау қиын болса да, кейде қабағын шытып қойғаны, ұнатпағанының белгісі еді. Есжан аңдамай:
— Жақыптан, установкадан аспақ! — деген кезде ғана сөйледі.
— Жақып жеткеннен, біз жеткеннен аспа деген установка жоқ. Алексей Стаханов, Шығанақ Берсиевтер ешбір установкасыз, қаулысыз-ақ жер жүзілік рекордтар жасады. Теңіздей терең халық ішінде алмастай асыл ойлар жатыр. Установка соны көре біл, ала біл деп тұр. Көруге — қырағылық, алуға — батылдық керек, жеткілікті ме осы бізде?
— Берсиев пен Стаханов болмақ па жаңағы! Белгілі демагогия емес пе!
— Менімше, жаңа пікір айтып кетті. Зерттеу керек. Биыл кірісу асығыс емес пе? Ендігі жыл кеш емес пе? Мені ойландыратын осы арасы. Сіз жаңа ойланбай айтып, жас адамның бетін қайырдыңыз, жарамайды.
— Оның беті оған шімірікпейді... — деді Есжан.
Сатан одан әрі сөйлеспей шығып кетті.
Іш құса болған Алма оңаша үйде бой жазып, өзіне-өзі іштей сөйлеп жүр.
— Қымбатым да, қызығым да сен жастық! Жастық деген не десе, жарқыраған нұр деуші едім. Нұр дегенің не десе, екі шырақ көз деуші ем. Көзсіз өмір не десе, тас қап-қараңғы көр деуші ем. Бүл не ғажап!.. Көзден көңіл жарық па? Көз барда жөнді көрмеген, көз барда жөнді елемегенім көңілде міне сайрап тұр... Бәрі қызық, бәрі сұлу, құштарлығым артып түр. Иектей жүзіп, бойламаппын. Енді ғана бойладым. Көре жүріп ойламаппын, енді ғана ойладым. Бүгін маған қымбатың не, қызығың не дегенге, жалғыз ғана тіршілік дер едім. Түпсіз терең, шексіз үлкен, теңсіз сұлу ей өмір! Сені тастап, жанын қиып кеткендерге ғажаппын... Мен өмір сүрем. Қызық көрем. Қалай қиям! Жайнап, қамалап жібермей тұр. Міне Жомарт... Әне Жанат. Туған ел, өсірген астана, байтақ отан, ұлы думан... бәрінің төбесінде қалықтап ұшып барам. Бәрі маған күлімдеп қол бұлғайды. Қайда барам? Жоқ, қайта оралам!..
Енді тіршіліктің сәні жоқ деп, торыққан көңіл қайта толғанып, қайта қанаттанды.
Даладан тық-тық басып енген аяқ тықыры естілді.
— Жанат! — деді Алма. Көзі кеткелі жұрттың көбін аяқ басысынан, тіпті есік жабысынан, адам көңілін сөз әуенінен танитын. Айтқанындай Жанат енді. Қолында ұстаған ораулы бір нәрсесі бар. Оны столға қоя салып, көптен көрмегендей құшақтасып, сүйісе амандасты.
— Көзілдірігің тамаша екен. Өзің бүгін бұрынғы Алма қалпыңа келіп қапсың... — деп қуана сөйлеп жатыр...
— Рас жараса ма, көзілдірігім?! — деді Алма. Өңінде ерте күнгі назды күлкі бір ойнақшып, батып кетті.
— Жарасқанда қандай. Көз мүлде көрінбейді. Өзі тіпті әдемі. Қайдан таптың?
— Валентина Ивановна жіберіпті.
— Ол кім?
— Алматыдағы көз институтының профессоры. Мені қараған сол кісі еді. Әдейі арнап істеттім, әдемі-ақ, киіп ал, — деп мақтапты.
— Мақтарлық екен. Тастама.
— Түсі қандай өзінің?
— Қою көк.
— Менің өңіме сәйкес, ә?
— Е, аққа көк келісіп тұр.
Азырақ бой жазып келсек қайтеді? Әбден үйден шықпай өңің сыныпты.
Сенің кигенің қандай киім?
— Каракуль бөркім мен пальтом.
— Мен де солай киінейін. Пар болсын.
Алма өте кербез еді, бұрынғы әдетінше пар киініп шықты. Артынан қарағанда екеуі егіз қозыдай, бойы да, дене сымбаты да тең. Қолтықтасып, бәсең сөйлесіп, жәй басып келе жатыр.
— Сырғабайға шығайық, — деді Алма.
Сырғабай колхоз ауылының ортасында, Нұра өзенінің жиегіндегі жалғыз төбешік. Нұра жағасындағы атақты Жауыр, Ботақара биік шоқыларынан қашып шығып, жазық далаға қарауыл болғалы келген сияқты Сырғабайға шыққанда.
— Күннің көзі ашық-ау, сірә, — деп қойды Алма.
— Ашық, — дегенде Жанаттың көзінен жас мөлт етті.
Күн бүгін ашық қана емес, тіпті көңілді, сәулетті, қараған көз көңіл тасытарлық еді. Бұндай күнді осы төбенің басынан Жанат пен Алма талай көрген, талай тасып, талай сырлар ақтарылған. Соның бәрі көздің күші екен ғой. Алочка сезе алмады-ау, бүгін, — деп босаған еді Жанат. Онысын сездірмеді. Алма өз ойымен болып тұрып: — Осы төбенің басы көңіл хошы емес пе еді, көрінгенді қаз қойшы, Жаночка, не болып жатыр? — деді.
— Жазушы емеспін, қаз қоя алам ба?
— Әдебиетшісің ғой.
Жанат Сырғабайдың басынан айналаға көз жіберіп, сүйсіне бір қарап шықты. Төбешік Сырғабай биік шыңдай, айнала ертегілерде кездесетін әдемі қиял дүниесіндей көрінді. Көз жеткен, көңіл жеткен сол көрініске тіл жетпей, қысыла сөйледі Жанат:
— Аспанда алақандай бұлт жоқ. Күн көк мөлдірді шеттеп, жантая жүзіп барады. Жер беті аппақ. Қарайған, қыбырлағанның бәрі сайрап тұр. Біз батысқа қарап тұрмыз. Сиырлар өзеннен қайтып, ыңырана басып, шұбап келеді. Алды ауылға жетіп, сіңіп жатыр. Арты өзеннен шығып жатыр. Ұзын тізбек әлі үзілген жоқ... Қап, үзіп жіберді-ау! Колхоз аттары өзеннен ойнап шықты. Кұйрықтарын шаншып, құлақтарын тігіп алған, сиырларды баса-көктеп, алысып, жарысып барады. Әне, бір торпақты Қарға жықты.
— Малды бос жібергені несі, — деді Алма осы кезде.
— Күн көрсін, бой жазсын деген шығар. Әне, «Маңырамаңыз» өзі шықты.
Алма сақ-сақ күліп жіберді. Жанаттың «Маңырамаңыз» деп тұрғаны — Жәнібек. Жасында өте тентек болатын. Алма мен Жанаттың қуыршағын алып қашып, талай жылатқан. Бұлар оқу бітіріп келгенде, өзі жылап көрісіп, жұртты күлдірген. Қазір ол мал бригадирі. Сөзінің мәтелі — «маңырамаңыз».
— Маңырамасы, маңырама, аяғындағы «ыңызы» не? — • деп күледі Алма.
— Жаңа жұрнақ. Тіл зерттеушілерге жаңа тақырып. Асау үйретуге шыққан екен. Ойпырай, ойпырай, — деп Жанат көргенін өрекпіп азар айтып тұр...
Жазықта, қалың қардың үстінде, көк дөненге Жәнібек ырғып мінді. Жайдақ. Жүген, құрық тимеген шу асау мойнын ішіне ала тулап жүр. Шыңғырады. Даусына барлық мал сескене қарады. Жәнібектің тақымы қозғалар емес. Тізгінді шоқтыққа қоса ұстап, қатып қалыпты. Асау енді артқы екі аяғына шаншыла аспанға атты, тастай алмады. Қалың қарда ышқына мөңкіп, тез барлықты. Жәнібек қамшымен борбайға осып-осып жіберіп, шаба жөнелді...
— Өжет! Нағыз физкультурник! — деді Жанат.
— Өзі есті тентек. Есіңде ме, әлгі бір бейбастақ жігіт бізге өшігіп бірдеме десе керек. Соны қамшының астына алып, қуып жіберді.
— Оған батылы жетеді. Еңбекке де солай ғой. Егер ғылымға шұғылданса алмай қоймас еді.
— Зоотехник болғалы жүр.
— Молодец.
— Біздің ауыл әсем-ау! — деп Жанат колхоз көрінісіне сүйсініп тұр. — Біркелкі, жұтынған ақ үйлер тып-тыныш, көк түтінді шүйкелеуін қарашы. Айнала еккен ағаш арасынан сығалаған терезелері күнмен шағылысады. Шеткері салынған заңғар мал қоралары, олардан әрі қатарлап тастаған қоян жон маялар үлкен заводтың корпустарын елестетеді. Мал осыған да сыймай, отарға кетті, ә?
— Не күйде екен?
— Күйлі деген хабар бар ғой.
— Радио арқылы күнбе-күн байланысып тұру керек қой. Неге айтпайсың Жәкеңе.
— Айтқам. Әне-мінемен жүр. Осы ауылдың ортасында екі үй өзгеше зейнетті, көзге оттай басылады, Алочка.
— Мектеп пен клуб қой, — деп Алма ауыр күрсінді. Екеуінің де есіне өткен бір шақ түсіп кетті. Көңілдеріне шырақ жаққан, мойындарына пионер галстугін таққан, көп алдында музыкамен қошеметтеп, бұлбұлша сайратқан осы үйлер еді. Өсе келе думанды қаланы қызықтаса да, сол бір балдыршақтың дәмі ауыздан әлі кетпейді. Алма күрсініп қана қойған жоқ....
— Көз шіркін бір жарық етіп жабылса, бар құмарым тарқағандай! Көргенім сондай аяулы ма, әлде көзсіздік көңілі аяулы ма? Пәлсапашыл едің, Жаночка, айтып жіберші, — деді.
Жанат бөгелмеді. Қолма-қол қайырды жауабын:
— Көз көреді, көңіл елестетеді. Болмағанды көруге, елестетуге бола ма.
— Бәсе, солай. Айта бер, тағы не көрінеді?
— Өзіміз бүлдірген теретін Шолақ өзектің тұсында толқын-толқын ақ белестер жатыр. Арасында ондаған адам, аққала соғып, қалқа құрып, сол даланы суша сапырып жүр.
— Сапырсын. Егінді де сапырар.
— Мына жақта лыжашылар жарысып келеді. Жоғарғы кластың балалары. Бәсекемен алысқа барып, қажып қайтса керек. Жүйткімейді, жортақтап келеді. Алды өзенге түсті. Өзен ішінде, жалтыр мұзда сынаптай ағып коньки тепкен жас балалар жүр. Бізге қарап, қол көтеріп шуылдайды. Таныды білем.
Бақытты балапандар, — деп Алма да қолын жоғары көтере бұлғады. Жүзінде, махаббат, шаттық нұры жанып тұр...
Жанат бетін солтүстікке аударды. Солтүстікте, өзеннің арғы жағасында қатарласқан Жауыр, Мырзашоқы, Тақтай, Қожыр көзді басынан асырмай, тек өз беткейлерін ғана көрсетеді. Қызыл сүйір Жауырдың дәл басында қолына бүркіт ұстап, сексеннен асқан атақты аңшы Қырбастың досы тұр. Досекең қар жұмсақта ізге түсіп, атпен, тазымен соғатын аңды. Қар қатқанда бүркітпен, мылтықпен алады. Әсіресе, құмары қасқыр. Жылына елу-алпыс қасқыр алмаса, ішкен асы бойына тарамайды. Ондағы жылдар бұл маңнан жоғалып кеткен түлкі кейінгі бес-алты жылда өрбіп кетіп, қарт аңшыны жас күнгі қайратына қайта мінгізген сияқты. Колхоздың аң жоспарын жүз елу, екі жүз проценттен кем орындамайды. Атқа әлі ырғып мінеді.
— Жауыр басында обадай боп Досекең көрінеді, — деді Жанат. Есіне өткен бір оқиға түсіп кетіп, күліп жіберді. — Досекең әлі ыза боп тұр-ау деймін.
— Кімге?
— Борсыққа.
— Борсыққа!?
— Ия. Өткен жаз Досекеңнің мойнында мылтық, ерткен тазылары бар, дала кезіп келе жатса, бір борсық алдынан тұра жөнеледі. Қасқыр алатын тазылар борсықты жіберсін бе, дереу созғылай бастапты. Досекең қызығына қарап атпайды, не ұрмайды. Борсықтың іні таяу екен, інге қарай тартады. Досекең інге бұрын жетіп, аттан түсе іннің аузын басып отыра қалады. Жан ұшырған борсық Досекеңнің астына еніп кетіпті.
— Тұра қашпаса неғылсын!
— Қашпапты. Ата алмай, не ұра алмай, кездігін суырып қалың сүбеден салады. Борсық Досекеңді борбайдан алады. Досекең сескеніп, қопаң еткенде, борсық сып етіп еніп кетеді інге.
— Қап! — деп тағы да күлді Алма. Жанаттың аянышты дауысы шықты.
— Құлайды-ау құлайды-ау!
— Ол не?
— Досекең биіктің бетінде құйғытып жүр. Тайып кетсе, етектегі өзенге дейін домалайды. Құсын жіберген екен. Әне, шүйілді. Жұлдыздай ағып барады. Түсті жерге. Қанаты жалпылдап. түлкімен алысып жатыр...
— Басты ма, басты ма?
— «Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл, ұқсайды қаса сұлу шомылғанға»... дегені осы-ay, Абайдың.
— Басты ма, деймін, жетті ме, Досекең?
— Басты. Досекең де жетті. Түлкіні көтеріп соғып жатыр.
— Дәуде болса «үйіріңмен үш тоғыз» деп жатыр, ә?
— Сен оны қайдан білесің, Алочка.
— Пәлі! Лыжа теуіп жүрген кезімде Доскеңнен түлкі де байланғам. Аңшылық әңгімесін талай естігем. Япырау, осы өмірдің бәрі қызық па!? Әлде біз тек қызығын ғана кердік пе? Әйтеуір қызықтар елестейді көзіме, — деді Алма.
Жанат жауап қайырған жоқ. «Өмірге құштарлығы арта түскен. Адам, зады, қызық шақты кезінде бағалай алмай, өткен соң ғана бағаласа керек...» деп тұр еді ішінен. Тымық күн, тұнық әуеде екеуінің құлағына үн келді. Алыстан келген қоңыр үн ыңырсыған ананың бесік күйіндей, байтақ даланы тербеп тұр. Жанат сағатына қарады. Бес. Белдер астында отыз-қырық километр жердегі Қарағанды гудогі екенін екеуі де білді. Гудок үні күшті толқынмен жоғары көтерілді. Бұл да белгілі. Теміртау заводтары аңырата бастады. Батыс жақта, көкжиекте түтіндері мұнартып көрінеді бұл заводтың. Завод пен колхоз арасында үлкен жолдың үсті, ерсілі-қарсылы ағылған машина, көлік, жүргіншілер.
Кен, даланы тербеген гудок үні, Жанат аузынан естілген айналадағы көріністер Алманы өзгеше бір күйге салды. Жұқалаң жүзі құбылып, Жанаттың қолтығынан қолын суырды. Жай басып, бір жүріп, бір тоқтап, ақырын ыңырсиды. Жібектей жұмсақ үнінен әдемі сарын лып етіп басылып, бастыға алмай келеді. Жанаттан бөлініп кетті. Арт жағынан Жанат ынтыға тыңдап, сүрініп кетсе, ұстай алуға дайын келеді.
— Уай, арман, сен ақша бұлт жүзген көкте! — деп, Ал¬ма бір кезде қолын сермей, шырқай жөнелгенде, төбе басындағы обаға барып қалған еді.
— Құлайсың, алдыңда оба! — деп ұстай алды Жанат. Екеуі төмен түсті. Алдарында колхоздың кең көшесі жатыр. Көшені бойлап келеді. Кездескен адамдар үйріле амандасып, жылы шырай көрсетіп барады. Әсіресе, Алманың бүгін саяхатқа шыққанын қызықтап барады. «Үйге кір. Сыбағаң бар еді, қарғам» демегені кемде-кем. Көз алдарында өскен, туғанын, әке-шешесін көрген, қылықты, білімді Алмаға көп үміт артқан ауыл, сол Алманың аянышты халіне де қатты күйзелген еді. Сұңғыла Алма бұны жақсы сезетін. Жүрек суып, көңіл түңіле бастағанда осы сезім от беріп, үміт беріп, «ең қызық — тіршілік дегенді айтқызған. Алма да езу жимай, бәрін күле қабылдап, шұрқырай амандасып барады. Оң жақтарында колхоздың астық сарайы, склады тұр. Сельпо да осы арада. Біреуі беріп, біреуі алып жатқан жұрт. Астық, май, жұмыртқа, кездеме, мотоцикл, велосипедтер көбірек түседі көзге. Бейбітшілік өмірді жыл құсындай қарсы алып, қарқылдаған кепке құлақ төсей Алма мен Жанат үйге жетті.
Бұл кезде Жомарт та жеткен. Есік алдында үсті қырауытқан будан көкті көріп:
— Жомарт келіпті, — деді Жанат. Алманың ойына айтармын деген бір сөзі жаңа түсті:
— Сен оның ауданға неге барғанын білемісің? Жәке екеуі келісе алмай жүр ғой...
— Мен соларды келістірем бе деймін.
— Келістір. Жомарттың жоспары дұрыс тәрізді.
Екеуі үйге енгенде Жомарт екі қолын төсіне қойып аяғын айқастырып, жұмсақ диванда дем алып жатыр еді. Ұшып тұрды. Әуелі Алманы, содан кейін Жанатты шешіндіріп, киімдерін ілген соң, диванға отырғызды да, өзі екеуінің арасынан отырды. Шықшытты, қалың ерінді, етектілеу ұзын мұрынды, кішкене көзді, бидай өңді жігіт еді. Суықта жүріп, тотыққан соң негрге бірсыпыра келіп қалған екен. Шашы да бұйра болатын.
— Сөйле, Мавр! — деді Жанат. Жомарттың уытты өңіндегі тұнжырау серпілгендей болып, езу тартты. Албырт жастықтан өтіп бара жатқан, алғыр тілді, байсалды жігіт, қажырлы қимылмен тұрып барып, пальтосының қалтасынан партсигарын алды да қайта отырды. Темекісін тұтатқанша жауап қайырған жоқ.
— Дездемона үшін Мавр бәріне дайын. Не тыңдағыларың келеді? — деді шылымды құшырлана бір сорғаннан кейін.
— Барған шаруаңды айт, — деді Алма.
— Қабылдамады.
— Неге?
— Ауызда «дуа», бетте әзір бедел жоқ. Бұл жоспарды Жақаң ұсынса, көпшілік бір ауыздан қабылдап, аудан мақтана бекітер еді. Екеуің құрлы осы колхозға салмағым болса да, көрер едім аржағын.
— Кісі беделді сұрап ала ма, Мавренок, — деп Жомартты балаша жұбата бір қолын мойнына артты да, екінші қолымен иекке қақты Алма.
— Білем. Ақтап алады, — деді Жомарт. — Кейде, ақтағанша сақал ағарады. Уақыт қымбат бәрінен. Әйтпесе, жиырма бесті іске беріп, жетпіс бесте жар сүймес пе еді мына Жанат.
Үшеуі бірден күліп жіберді. Жанат іле сұрақ қойды:
— «Беделің» онша мықты себеп емес, басқаң бар ма?
— Адамына қарай бүл мықты да, әлсіз де себеп: Төреші топас болса, жүгінуші қайрағанмен өте ме? Бір себеп осы болды.
— Кінә пышақта ма, қайрақта ма, әлде қайраушыда ма? Әкелші жоспарыңды көрейін.
Жомарт әкеп берді.
— Үйге апарып, жайланып қарауға ұлықсат ет, — деді де Жанат бағана әкелген ораулы нәрсесін шешті. Арасынан скрипка алып, орауышымен жоспарды орады. Скрипканы Алмаға ұсынды.
— Алочка, мынау өзіңе белгілі менің сүйген скрипкам. Сүйген досыма берем. Сені дәл осындай сайрасын деп берем. Кәне, тартып жіберші, — дегенде, Алма бөгелместен «Жас қазақты» тартты. Бұрын да жаман тартпаушы еді, енді осы әнге өзгеше бір өрнек қосып, тіпті жұтындырып жіберді. Тамылжыған нәзік үн шарықтап көкке, құлдилап құзға алуан нақыш ырғақпен тербегенде, Алма өзі қорғасындай балқып, біресе жалындай лаулап кетіп отыр. Бұрынғы Алма емес, ғажап бір шабытпен тартып отыр. ішті кернеген құмарлық тасып кеткендей, скрипка шегі сол тасқынның арнасындай, шектен шыққан тамылжыған үн, сол тасқынның үніндей сезіледі. Сезгір жүрек бұдан да көбірек сезген сияқты.
— Ішкі толқынның күші, ішкі сұлулықтың тұлғасы сыртқы толқыннан, сыртқы сұлулықтан әлдеқайда басым екен, — деп бар сезімді бір-ақ түйді де, әнді аяқтады Алма.
— Нағыз музыкант болып тұрсың, — деді Жомарт.
— Музыкант қана емес, композитор болып тұр-ау!.. — деді Жанат
— Аһ! Егер композитор болсам!.. — деп аржағын айта алмай тоқтатты Алма.
V
Ақмет айырға сүйеніп, өзінің мал қорасында тұр. Суық күнде тершіген маңдайынан будақтаған бу, істеп-істеп тыныстаған мезгілі екендігін айтып тұр. Малдары күйлі көрінеді... Асыл тұқым екі көк сиыр бір аранда, тегене құйрық он-он бес қазақы қой бір аранда. Тұтам емшек, дәу ала бие де жеке. Алдарында сұлы, концентрат. Бәрі жонынан жарылады. Ақметті ерте кезде «мұжық» дейтін жұрт. Бұл күнде жақын замандастары, құрбы-құрдастары «байеке» десе, өзге көпшілік стахановшы Ақмет дейді. Бірақ, Ақмет бұрын да, қазір де табыскерлігі болмаса. малға қырбай. Жасынан ұсталықпен кеткен адам. Айрықша бір қасиеті — ерте күнде орыс деревнялары мен Қарағанды, Спас заводтарынан, бұл күнде жаңа заманнан көрген үлгілерін өз тұрмысына өзгеден бұрын енгізді. Жас шағында «сайтан арба» жасаймын деп әуре де, күлкі де болған. Енді мотоцикл, велосипедті қосарлап мініп жүр. Басқаның малы шөп жегенде, бұның малы концентрат, сұлы жеп тұр. Басқаның сиыры бес-он литр сүт берсе, бұның сиыры 25 — 30 литр береді. Қойлары мен биесі де сондай құнарлы.
Бұл жаңалық табыстардың иесі Ақмет болғанмен, ұқсатушысы Злиқа. Злиқа кеше Қарағандыға кеткен, қайтпай жатыр. Ақмет таңсәріден тұрғалы әлі тізе бүккен жоқ. Малдарын суарды, шөп салды, астын тазартты. Есік алдының қарын да күреп, сыпырып тастады. Жұмыс сонда да бітпеді. Құстарды жемдеу, сепараторға сүт тарту, тамақ Дайындау, үй жинау керек. Осы жұмыстардың көбін түстен кейін тағы қайталайды. Ертең де сол. Ақмет осыны ойлап кейіп тұр. Соның бәрі аққұла бейнет тәрізді. Колхоздың ремонт жұмыстарын ерте бітірген, енді бір дем алайын деген кезі еді, үй шаруасы мініп алды мойнына. Злиқаға ішінен кіжініп:
— Азапқа жаны құмар! Арам қатсаң да өзіңе тастап жатайын ба! — деп қояды. Бірақ, жата алмады. К,аздар қаңқылдап, үйректер бақылдап маза бермеген соң, келді де жем шашты. Оны көріп шошқалар қорсылдай бастағанда:
— Мына соққандар бар екен ғой, — деді Ақмет. Өзі шошқа етін жемесе де, шошқаны малдан кем көрмей, «қып-қызыл ақша» деп бағатын. Олардың ботқасын беріп бола бергенде қояндар түсті есіне. Қояндарды да тамақтандырып болған кезде, жалғыз еркек баласы мектептен қайтты. Күндегі әдетінше:
— Не алып қайттың? — деді баласына. Бала күмілжи қайырды жауапты:
— Үш.
— Е, бүгін не болды саған?
— Апам кеше жұмыстан босатпады. Дайындала алмай қалдым.
— Апаң ба, апаң! — деді Ақмет. Даусынан саңғыраған қора жаңғырып кетті. — Маған да қыласысын қылды ол қақпыш. Келсін, төске салып шыңдармын оны. Ал, саған үшті беске айырбастағанша ойын жоқ, бар үйге!
Бала аузы бұлтиып үйге жөнелді. Биік қораның, екі ба¬сына жеткізе керген ұзын сымды бойлап, шынжырлаулы овчарка арсылдап тұр. Бұның әуресі тамақпен бітпеді. Біраз бос жіберіп, бой жаздыру керек. Босатса, ауылға мәлім қабаған ит, біреу-міреу ине тастар деп, Ақмет тұмылдырығын кигізді де, өзі ере шықты.
Үй айналасы көк шарбақ. Шарбақ іші өсіп қалған екпе ағаш. Алма, қарақат, жидек, қызыл қарақат сияқты бұрын бұл жақта болмайтын жеміс ағаштары да бар. Терезе тұстарына сирень гүлін орнатыпты. Жаздыкүні бұл қораның іші кірсе шыққысыз, жұпар исі аңқып, балбырап тұрғаны.
Шаруашылықта Ақметтің ең сүйгені бақша, айуанда — овчарка. Жұмыстан кейін айналдыратыны осы екеуі. Өзгенің бәрі Злиқаның мойнында болатын. Овчарка айнала жүгіріп жүр. Өзі өсірген алма ағаштарына насаттана қарап, бір түбін бір малға балап, бұтақтарына дейін түгендеп келеді. Түгендеп шыққанша ағаш басындағы қыраудай, тұжыра қырыққан қара сақалына аппақ қырау тұрды. Құлақшынның бауын әлі байлаған жоқ. Буы бұрқырап жатқан жер тыңайтқыш үйіндісіне таман келгенде, шарбақтың сыртында жота қардың үстінде тұрған Баймақанды көзі шалды. Екеуі көрші болса да көп кездеспейтін. Баймақан қардан жүгіре түсіп келіп:
— Сәлем, жолдас стахановшы Ақмет, — деді. Бір қолы шекесінде, өкшесі сарт етті. Ол бұны құрмет деп тұр. Жас түгіл, үлкеннің көбі атамайтын өз атын өзі естігенде, Ақметтің құлағына түрпідей тиді. Бірақ, сыр мінез жігітке кек қылған жоқ.
— Сәлем, сәлем жолдас, — деді де, қолын берді. Овчарка келіп Баймақанның үстіне міне түскенде күліп жіберді. — К,аба алмайды. Тұмылдырығы мықты.
Баймақан итті елеместен сөйлеп тұр:
— Жолдас Ақмет Борантаев, сіз әскерде болдыңыз ба?
— Жоқ.
— Мичуринді де оқыған жоқсыз?
— Оқымасам да хабарым бар.
— Ғажап! Әскерде болмаса да, әскери тәртіпті біледі. Мичуринді оқы.маса да бақша өсіре біледі. Ремонт жұмысын срогінен әлдеқайда бұрын бітірді. Жер тыңайтқыштары міне, әлден дайын... Вот, жұрттың бәрі сіздей істеу керек! Оған алдымен әскери тәртіп, дисциплина керек. Соғыс кезінде талай қала, талай заводтарды әп-сәтте көшіріп жүрдік. Көшіріп қана емес, бірнеше жұмада, бірнеше айда жаңа қала, жаңа заводтар жасап кетіп жүрдік. Соның бәрі тәртіптің күші. Тәртіпсіздіктің күші одан да басым, — Еңбектің жасағанын еңбексіз-ақ жойып жібереді. Бойға сіңбей, құлаққа сіңген тәртіп, тәртіп емес. Сіз кешеден бері, мен бүгін ғана боспын. Әдет бойынша сонда да тәңсәріден тұрдық. Колхозды, осы аймақты тегіс лыжамен аралап шықтым. Міне, енді сізге келіп үгіт сөйлеп тұрмын. Тіпті жата алмаймын. «Жақсы тәртіп әдетке айналса — ырыс. Жаман тәртіп әдетке айналса — қырсық», дейтін біздің командир. Әскери тәртіп жақсы ғой. Жұрттың көбі осыны әлі түсінбей жүр. Сіз түсінесіз. Неге күреспейсіз? Әскери шапшаңдық, тапқырлық, дәлдікті неге орнатпайсыз колхозға! Жолдас стахановшы Ақмет, сіз тәртіпшіл адамсыз...
Ақмет төмен қарап, сұлық тыңдап тұрып:
— Бұның бәрі болады. Болып та жатыр. Мен саған одан қиынды айтайын, — дей бере, басын жоғары көтерді. Баймақанның киімі жеңіл, шлемінің құлағы қайырулы, френчінің жеңінен жұдырығы шығып тұр еді. — Күн суық. Үйге кіріп әңгімелесейік, — деді сонсоң.
Екеуі үйге аяңдағанда, Жәнібек аттарын айдап, жанамалап етіп бара жатты көшемен. Баймақан оны да сыйап қалды:
— Аттары күйлі-ақ. Үстін қараңызшы. Тазартпаған, тарамаған. Құйрықтары, кекілі кесусіз, жалы ұйысып қапты. Бүл да тәртіпсіздікке, мәдениетсіздікке жатады.
— Маңырамаңыз, — деді Жәнібек жай ғана. — Егініңізді салып алыңыз.
Ақмет күліп жіберді. Жәнібектің «маңырамаңызы» осы жолы орынды айтылғандай болды. Сонда да Баймақанды жұбатып барады:
— Оның әдеті. Сенің сөзің «тәртіптен» басталса, онікі «маңырамаңыздан» басталады.
Екеуі қорадағы малдарды керіп, овчарканы орнына байлаған соң енді үйге. Ақметтің үйі Жақыптың үйі сияқты. Үш бөлме, орталық бөлме сәкілі еді. Сәкіні шығарған Ақмет болатын. Баймақан:
— Бұныңыз өзбектің үлгісі ме? — дегенде:
— Бейсен терді аяғымен былғауын қойғанда, сәкіні жинап алам, — деп қарқ-қарқ күлді Ақмет. — Ал шырақ, құрғақ әңгіме болмасын. Су қайнап тұрған шығар, шай ішелік. Кемпір жейтін етіңді пісіріп кеттім деген, оны желік. Аз-маз ащы да табылар .Бірақ, өзің көмектес, мен ас қамдауға орашолақпын. Баланы қозғамалық, сабағын істей берсін. Жүр ас үйге.
Асты екеулеп жүріп дайындады. Баймақан тіпті шебер екен, билеп-төстеп кетті. Ақмет әңгімесін дастарқанға отырған соң бастады:
— Сағат он екі. Мен оразамды жаңа ашқалы отырмын. Қолым тигені осы-ақ. Сен жаңа «тәртіпшіл адамсыз» дедің мені. Осы да тәртіп пе?
— Әрине, тамақты уақытында ішу керек. Уақытында дем алу керек.
— Онда мына қорадағы малды кім күтеді? Ас үйде бір шелек сүт түр, бір сиырымыз бұзаулаған, оны кім тартады ?
— Жұрт соның бәріне үлгеріп жүрген жоқ па?
— Үлгерем деп тұралап жүр. Не еңбек байлығын ұрлап жүр. Менің ұрлағым да, тұралағым да келмейді. Еңбек байлығын өршітіп, қызығын көре бергім келеді. Міне, нағыз тәртіптің керегі осы жерде.
Баймақан аңқиып отырып қалды. Екі көзі Ақметті ішіп-жеп барады.
— Сіз философия соғып барасыз ба?
— Оныңды мен білмеймін, ішіме сыймаған соң айтам. Жақыпқа осы жөнде қатты өкпелімін. Тіпті ұқпайды. Әрі-берден соң сөгеді өзіңді. Жаным-ау, малды — колхоздың малына, құсты — құсына, шошқаны — шошқасына қосып қойып, өзің жұмыстан кейін алаңсыз демалып, көңілді күйлеп жүрсең, не жетеді бұған.
— Е-е, сіздің ойыңыз сол ма? Жекеменшік малды колхоз бағып бере алмас бірақ. Уставта жоқ.
— Шырағым, сен де мұнда жүр екенсің. Жақып мені «коммунизмге» өзінен бұрын жетіп қояды деп қорқады. Оңбаған қоян жүрек. Ал, сен уставқа түсінбепсің.
— Түсінем, жолдас стахановшы Ақмет. Әскер уставынан қиын емес бұл.
— Түсінсең, уставтың тоқ етері — колхозды байыту. Оның аты еңбекті орнына жұмсап, өнімді арттыру керек. Егер, жеке меншікке бөлінген уақыт, еңбек ортақ меншікке қосылса, бұл колхоз ендігі анау Жауыр таудың басында тұрар еді. Сен де «тәртіп, тәртіп» деп бақырмас ең.
— Жеке меншікті жоймақсыз ба, сонда?
Ақмет орнынан қопаң етіп, қырындай отырды да, тыжырынып қалды. Ұнатпағанда осылай отырып, сөз қатпастан шығып кететін. Бұл жолы ол әдетін істеген жоқ. К,айта оралды әңгімеге.
— Сен мені бұрмалама, бала. Оқымаған, партияда жоқ шалды қағып қалып құлата қоймақпысың? Сиырсыз колхозшы қалмасын! — деген партия сөзін мен жақсы білем. Гәп, жеке меншікті жоюда емес. Жеке меншік жұтып жатқан ысырап еңбекті жоюда. Осы колхоздағы ең сорлы Бейсенде бір сиыр, екі торпақ бар. Анау отардағы Дүйсембай, Жетпісбайлардың мал тұяғы жүзге жақындады, жыл сайын қырық-елу тұяқ мал бәйге алады. Колхоздың мыңын ондаған адам баққанда, колхозшылардың жүзін жүздеген адам неге бағады? Осы ысырап еңбекті неге көрмейміз?
— А, көргенде не қыл дейсіз?
— Әлі түсінген жоқ! Малды фермаға берсек, ферма толымды ақысын алып, малдың бергенін бізге беріп тұрса, біз бар еңбегімізді алаңсыз колхоз қорына құйып тұрсақ деймін. Сонда бара-бара, сол малдың сырт иесі біз болғанмен, шын иесі ферма болып қалмай ма? Колхоз байыса жеке байлық неге керек?
— Бұған жұрт көне ме?
— Көнбесе, мен көндім. Неге қабылдамайды Жақып. Қалай басып отырады, кімді басынады! Баяғыда мен сайтан арба жасаймын дегенде күлген бәрі. Енді мен күліп жүрмін. Әдейі таңсәріде бір, түнде шешініп жата бергенде бір, Жақыптың терезесінің тұсынан етем. Үлкендердің бірі екен деп ұшып тұрады. Көрерсің Ақмет бұл дегеніне де жетпей тынбайды...
Баймақан тұйыққа тығылғандай болды. «Дұрыс» деуге әзір ондай тәртіпті көрген де, естіген де жоқ. «Теріс» деуге миға әбден қонып тұр. Жаңа тәртіпшіл өзім ғана деп жүргенде, Ақмет алдын орап барады.
— Жомартқа айттыңыз ба? — деді өзі шеше алмай.
— Айтқам, — деді Ақмет. — Оның қолында не тұр. О да мен секілді жүйрік көңілге жете алмай жүргеннің бірі. Құр қостайды.
— Ендеше, ауданға барыңыз. Жақыпқа сенсеңіз арам өлесіз.
Баймақанның бар кеңесі осы болды. Дастарқанды жиған соң ол үйіне қайтты. Ақмет ас үйге келіп, таңертең көршілерінің біріне сауғызып алған шелек толы сүтті сепараторға құйды да бұрай бастады. Тегеш толы қаймақ алды. Қаймақты орнына қойып, машинаны тазартпақ енді. Подвалдың қақпағын ашты. Подвал терең, басқышпен түсіп шығатын. Басқышта тұрып, созыла жетіп, ернеудегі қаймақты ала бергенде, жазатайым қаймақ басына құйылып кетті.
— Ай, қақпыш, осы ғана қалып еді! — деді Злиқаға сырттан кіжініп. К,ара сақалы, омырауы аппақ. — - Бұны да істеп тынды.
Ақмет былығып жатқанда дәл үстіне келді Злиқа. Есіктен кіре қарқылдап күліп жіберді.
— Бишара-ау, не болды, саған?
— Әнәні! Осы тегешпен жұлындай түсірейін бе! Дайын майды алып қана тек отырсаң нең кетеді, сенің!..
— Айналайын, бере берші, фермаң алса. Құлағымның етін жедің ғой әбден.
Ақмет жуасыды. Злиқа киімін шешіндіріп, бетін жуындырып, алып кетті. Үйге келген соң екі жасар қызын көтеріп жадырай бастады.
— Бейсен қайда? — деді бір кезде.
— Кейін келеді. Мен бір машинаға мініп кеттім.
— Айта бер, не жаңалығың, не базарлығың бар?
— Тісімді салдырып келдім, — деп Злиқа ернін ашты. Астыңғы екі күрек тіс жоқ болатын. Қос алтын тіс айқын көрініп түр.
— Аузың жөнге келіп қалған екен, басқаң болмаса, — деді Ақмет қалжыңдап. — Тағы нең бар?
— Пианино алдым он екі мыңға.
— Бұның да дұрыс. Балалар бар ғой.
Злиқа чемоданын ашып, мынау Жәмкенге, мынау Болатжанға деп, балаларына алған нәрселерін көрсетіп жатты да, міне біреуі өзіме деп, әйелдің жазғы бас киімін ұстата берді Ақметке. Ақмет шүйіле қарады. Бүрмесі, қатпары, әлекей-шүлекейі толып жатыр. Алды-арты қайсы екені де белгісіз, үстіне қара сетке жапқан бас киімге қайран боп отыр Ақмет...
Злиқа жас кезінде сегіз білезік атанған сәнқой әйел болатын. Қазір төрт-ақ білезік салады. Бірақ, сәнқойлықтың орнын бәсекешілдік басты. Жұрттан, әсіресе Жақыптың үйінен не көрсе, соны сатып алмай қойған емес. Осы үйдегі патефон, радиоприемник, тер алдындағы кілемдер Жақыптікінен айнымайды. Өзі үстіне әлі бір сұқпаса да, Жанаттан көріп, көк каракуль пальто, алтын сағат алды. Бір кемі пианино еді, оны бүгін әкеп отыр. Бәсекеде әзір кем қалған жері жоқ. Әттең, қай нәрсенің кімге лайық екенін біле бермейді. Жанат сияқты оқыған, кербез қызға каракуль пальто, алтын сағат жарасса да, жасы толған, шаруа баққан Злиқаға жараса ма? Оны ойламайды. Мына әкелген бас киімі ауыл көзіне тіпті сорақылау еді. Ақмет:
— Киіп көрсетші. Түсінбедім осыңа, — деді. Злиқа шәлісін тастап киіп алғанда:
— Тәйт! — деп жұлып алды да, босағаға бір-ақ соқты.
Ақмет жаңа үлгіге жаны құмар болса да, алдымен қажеттігіне, беріктігіне, ұнамдылығына қарайтын да, Злиқа тек бағасына, сыртқы өңіне қарайтын.
— Еліктеудің де жөні бар ғой, — деді Ақмет содан кейін. — Көрінгеннің бәріне еліктеу ақымақтық емес пе.
Злиқа жұмған аузын ашқан жоқ. Бұндайда үндемей жеңетін әдеті. Осы кезде шықыр-шықыр басып Бейсен де жетті. Есіктен кіре бере-ақ бағанадан бері Злиқаның айта алмай отырған бір базарлығын айтып салды:
— Қайырлы болсын, Ақа. Мына көк құнажын анау екі үлкен көкті басып озатын. Базарда мал көп екен, соның ішінде...
— Ей, сен не деп келесің? — деп Ақмет адырая қарады Бейсенге.
— Көк құнажынды айтам.
— Құнажының не?
— Айтқан жоқ па Злиқа. Әнеугі жоғалған сиырдың орнын бассын деп, балпандай құнажын сатып әкелдік. Құдай біледі, мен мал танысам, малдың төресі... жүрмін. Әдейі таңсәріде бір, түнде шешініп жата бергенде бір, Жақыптың, терезесінің тұсынан өтем. Үлкендердің бірі екен деп ұшып тұрады. Көрерсің Ақмет бұл дегеніне де жетпей тынбайды...
Баймақан тұйыққа тығылғандай болды. «Дұрыс» деуге әзір ондай тәртіпті көрген де, естіген де жоқ. «Теріс» деуге миға әбден қонып тұр. Жаңа тәртіпшіл өзім ғана деп жүргенде, Ақмет алдын орап барады.
— Жомартқа айттыңыз ба? — деді өзі шеше алмай.
— Айтқам, — деді Ақмет. — Оның қолында не тұр. О да мен секілді жүйрік көңілге жете алмай жүргеннің бірі. Құр қостайды.
— Ендеше, ауданға барыңыз. Жақыпқа сенсеңіз арам өлесіз.
Баймақанның бар кеңесі осы болды. Дастарқанды жиған соң ол үйіне қайтты. Ақмет ас үйге келіп, таңертең көршілерінің біріне сауғызып алған шелек толы сүтті сепараторға құйды да бұрай бастады. Тегеш толы қаймақ алды. Қаймақты орнына қойып, машинаны тазартпақ енді. Подвалдың қақпағын ашты. Подвал терең, басқышпен түсіп шығатын. Басқышта тұрып, созыла жетіп, ернеудегі қаймақты ала бергенде, жазатайым қаймақ басына құйылып кетті.
— Ай, қақпыш, осы ғана қалып еді! — деді Злиқаға сырттан кіжініп. Қара сақалы, омырауы аппақ. — Бұны да істеп тынды.
Ақмет былығып жатқанда дәл үстіне келді Злиқа. Есіктен кіре қарқылдап күліп жіберді.
— Бишара-ау, не болды, саған?
— Әнәні! Осы тегешпен жұлындай түсірейін бе! Дайын майды алып қана тек отырсаң нең кетеді, сенің!..
— Айналайын, бере берші, фермаң алса. Құлағымның етін жедің ғой әбден.
Ақмет жуасыды. Злиқа киімін шешіндіріп, бетін жуындырып, алып кетті, Үйге келген соң екі жасар қызын көтеріп жадырай бастады.
— Бейсен қайда? — деді бір кезде.
— Кейін келеді. Мен бір машинаға мініп кеттім.
— Айта бер, не жаңалығың, не базарлығың бар?
— Тісімді салдырып келдім, — деп Злиқа ернін ашты. Астыңғы екі күрек тіс жоқ болатын. Қос алтын тіс айқын көрініп тұр.
— Аузың жөнге келіп қалған екен, басқаң болмаса, — деді Ақмет қалжыңдап. — Тағы нең бар?
— Пианино алдым он екі мыңға.
— Бұның да дұрыс. Балалар бар ғой.
Злиқа чемоданын ашып, мынау Жәмкенге, мынау Болатжанға деп, балаларына алған нәрселерін көрсетіп жатты да, міне біреуі өзіме деп, әйелдің жазғы бас киімін ұстата берді Ақметке. Ақмет шүйіле қарады. Бүрмесі, қатпары, әлекей-шүлекейі толып жатыр. Алды-арты қайсы екені де белгісіз, үстіне қара сетке жапқан бас киімге қайран боп отыр Ақмет...
Злиқа жас кезінде сегіз білезік атанған сәнқой әйел болатын. Қазір төрт-ақ білезік салады. Бірақ, сәнқойлықтың орнын бәсекешілдік басты. Жұрттан, әсіресе Жақыптың үйінен не көрсе, соны сатып алмай қойған емес. Осы үйдегі патефон, радиоприемник, төр алдындағы кілемдер Жақыптікінен айнымайды. Өзі үстіне әлі бір сұқпаса да, Жанаттан көріп, көк каракуль пальто, алтын сағат алды. Бір кемі пианино еді, оны бүгін әкеп отыр. Бәсекеде әзір кем қалған жері жоқ. Әттең, қай нәрсенің кімге лайық екенін біле бермейді. Жанат сияқты оқыған, кербез қызға каракуль пальто, алтын сағат жарасса да, жасы толған, шаруа баққан Злиқаға жараса ма? Оны ойламайды. Мына әкелген бас киімі ауыл көзіне тіпті сорақылау еді. Ақмет:
— Киіп көрсетші. Түсінбедім осыңа, — деді. Злиқа шәлісін тастап киіп алғанда:
— Тәйт! — деп жұлып алды да, босағаға бір-ақ соқты.
Ақмет жаңа үлгіге жаны құмар болса да, алдымен қажеттігіне, беріктігіне, ұнамдылығына қарайтын да, Злиқа тек бағасына, сыртқы өңіне қарайтын.
— Еліктеудің де жөні бар ғой, — деді Ақмет содан кейін. — Көрінгеннің бәріне еліктеу ақмақтық емес пе.
Злиқа жұмған аузын ашқан жоқ. Бұндайда үндемей жеңетін әдеті. Осы кезде шықыр-шықыр басып Бейсен де жетті. Есіктен кіре бере-ақ бағанадан бері Злиқаның айта алмай отырған бір базарлығын айтып салды:
— Қайырлы болсын, Ақа. Мына көк құнажын анау екі үлкен көкті басып озатын. Базарда мал көп екен, соның ішінде...
— Ей, сен не деп келесің? — деп Ақмет адырая қарады Бейсенге.
— Көк құнажынды айтам.
— Құнажының не?
— Айтқан жоқ па Злиқа. Әнеугі жоғалған сиырдың орнын бассын деп, балпандай құнажын сатып әкелдік. Құдай біледі, мен мал танысам, малдың төресі...
— Е-е, — деп Ақмет ұзақ ыңылдап отырған соң, — сендер мені, баяғы Итберген қылғалы жүр екенсіңдер, — деді де, орнынан тұрды. Үн-түн жоқ киініп жатыр. Ауыл арасы емес, басқа бір жаққа баратын секілді. Тәуір киімдерін киіп жатыр.
— Қайда барасың? — деді Злиқа. Шошып қалды, көзі бажырайып кетті.
— Ауданға барам. Құтылам малдан! — деп Ақмет жүре бергенде, Злиқа шыдай алмай алдын орады:
— Бөгелші азырақ, колхозды жалғыз сен байытамысың? Соғыс кезінде жүз мыңнан ақша бердік. Алдыңа шыққам жоқ. Жыл сайын, артық деп, бір-екі қара беріп қоясың колхозға, алдыңа шықтым ба? Облигация анау бір сандық боп жатқаны...
— Тоқта, тоқта! Сенің біріңе колхоздың мыңды бергенін неге айтпайсың?!
— Берсе, жұрттың бәріне берді. Отыр ғой жұрт аласұрмай-ақ. Елден ала-бөтен не көрінді, саған?
— Жұртта нең бар, көк соққан! Айтшы, нең жетпейді?
— Құдайға шүкір бәрі жетеді. Бірақ. мына қора бос қалса, қарным бос сияқты. Жұдырықтайымнан малмен бірге өстім. Малсыз күнім жоқ сияқты. Қорамды қаңыратып, қолымды алдыма сыйғызбайын деп пе ең?
Ақмет қарқ-қарқ күліп жіберді:
— «Көн кепсе қалпына барады» деген осы. Ендеше, малмен қоса кет фермаға.
— Бетім-ау, фермаға берген соң, ферманың малы емес пе ол?
— Ақа-Ақа! Ақылын таптым! — деп Бейсен қосылды төтеден. — Бағуын қиынсынсаңыз, мен бағып берейін, қозғамаңыз малды.
Ақмет өңін қайта суытып, Бейсенге көзін алайта сөйледі:
— Ол көмегіңді колхозға бер. Маған батрак керек емес; Жақып асыра сілтеуден қорқып, кем сілтейді. Мына қатын жанын аямай, малын аяйды. Сен осылардың арасынан оңай олжа таппақсың. Үшеуіңнің де ақылыңа табанымды сүрттім, — деп қолын сермей шыға бергенде, Злиқа етегінен тартты:
— Айтып кетші, сонда қалай бермексің?
— Келісеміз. Колхозбен менің келіспейтінім жоқ, — деді де шыға жөнелді Ақмет...
Жомарттың жоспарын Жанат сегіз күн ұстады. Бір романды бір сөткеден асырмайтын Жанат бір жұма ұстағанда әрбір нүктесіне дейін сынай қараған еді. Көзіне тамаша суреттер елестеді. Қысқа сөзді, көп цифрлы жоспардың келешегі көңілді сақтан-саққа жүгіртіп әкетті. Академик Вильямстің ауыспалы егісі, жабайы малдың асыл тұқымды малға айналуы, колхоздың, электрленуі — болады емес, болған күйінде көрінді. Жанат бұған тек завучтің көзімен ғана қараған жоқ. Ол, қоғамның даму заңын жақсы біледі. Осы колхоздағы бірнеше үйірмелерді басқарып жүр. Өзі партия тарихынан, Жомарт агрономиядан сабақ береді. Жұмасына бір рет тәжірибелі қарттардың кеңесін өткізіп отырады. Халықаралық жағдай жайында баяндаманы өзі жасайды. Жанат бұл күнде балалар тәрбиешісі ғана емес, көпшілік жұмысы арқылы үлкендерге де ұстаз сияқты боп кеткен. Өз білгенін жұртқа аямай бере отырып, жұрттан да ала білетін өмір құмар жас, Жомарттың жоспарынан бір құмары тарағандай.
— Ақылды адам. Қандай ақылды адам! — деп көзінен нұр жайнады. Ұшып тұрып дереу әкесіне барып, қуанышын айтқысы да келді. Бірақ, сап еткен бір ой етектен тартып қайта отырғызды. «Барма! Әкең бұныңды басқаша жориды» деп тұр.
Көп аузынан құйындай ұйтқып қауесет те еседі. Көп аузынан көркем шындық та еседі. Алма көзінен айрылғаннан бері, Бейсен сияқтылардың жорамалы әр жерден бір бұрық етіп қояды. Бұны Алма да, Жомарт та, Жанат та сезген. Сезсе де, сезбегендей, әрқайсысы өз жүрегінің түкпірінде сақтап келеді. Талай сырды ақтарса да дәл осыған келгенде айтуға тіл күрмеліп, бет шыдамай, үш дос ішінен ғана тынатын.
Жанаттың қазір етегінен тартқан осы ой. Әкесі Жомартты жоспарымен қоса ұнатпай қалған. Ырысжаннан Бейсен сияқтылардың жорамалын да естіген әкесі. Аузы ауыр адам. Үндемей ішіне түйген. Әнеугі бір әңгімесінде «зәуеде сен теңіңді, не дұрыс жолыңды таппай ренжітсең, аталық ақыны кешу маған өте қиын» деп салды. Соны Жомарт жайында айтты ма деп те күдіктенеді Жанат. Қанша батыл болса да қазақы әдептілік, ата-анасымен арасындағы сүйіспендік шырмай беретін Жанатты. Саналы, алғыр тілді еркін қыз, кіршіксіз арына титтей кір жуытпауға, ардақты ата-анасының үлбіреген көңілін жыртпауға көп ойланды.
Алғыр-алғыр сөздер де тапты. Соның бірі қуанышты көңілін айтуға жарамады. Әдетінше екі қолын артына ұстап, тілерсегіне түскен мақпал қара қос бұрымды саусақтарымен ойнатып жүрді де.
— Партия жиылысында қарау керек екен, — деді өзіне-өзі. Дереу столын, жиыстырып, жоспарды ала Жомарттікіне тартты. Алмамен бір жұмадан бері кездеспеген халін біліп, көңілін жұбатпақ. Жомартқа жоспар жайындағы пікірін айтпақ. Қысқа адымдап, шапшаң басып, тіпті көңілді келеді.
Алма бұл кезде көңілсіз отырған. Жомарт қызметте. Үлкен шешесі, әрі күтушісі Дәмет бар қасында. Дәмет жас кезінде аузы жеңіл, адуындау әйел болатын. Әлі де сол мінезін тастай қойған жоқ. Кейде көпіріп-көпіріп алады. Бірақ, Алманың көзінше байсалды болуға тырысатын. Бүгін де имене сөйлеп, тұспалдай келіп, әр жерден шаң көрсеткен соң:
— Шөп басы жел болмаса қимылдамайды, шырағым, — деп қойды.
Ауырған жерінен оқыс ұстағандай, Алма қатты қынжылып:
— Әже-ай, осындай сөздің керегі не сізге, — дегенде,
— Аңқаусың, балам, — деді де, «сайқал әйел» ертегісін айтты бәйбіше. Ертекті Алма қызыға тыңдады. Қызықты ертек тәтті у ішкендей қылды Алманы. Ойға қалып, ауыр күрсініп:
— Жанатты сайқал дегеніңіз-ау, бұл. Менің одан шығарда жаным ғана басқа. Өсек өрт боп жанса да шыдадым, — деп дауысын күңіренте шығарды. Бәйбіше қайтып тіл қатқан жоқ. Екеуі үнсіз отырғанда даладан сөйлесе еніп келе жатқан Жомарт пен Жанаттың дауысы естілді. Бәйбіше тыржың ете түсті.
— Осы әңгіменің түбінен қорқам.
Жомарт пен Жанат әзілдесе кірді үйге.
— Партиялық іскерлігің жетпейді.
— Секретарь болғаныма бір-ақ ай ғой.
— Секретарьлық шарт па. Мен болғам да жоқ.
— Болмағаның тіпті жақсы. Егер, секретарь болсаң терімізді тірідей сылырсың, — деп сылқ-сылқ күлді Жомарт.
Үнсіз отырған Алмаға екеуі бірден үйірілді. Ортаға алып, екі жақтай құшақтап, шүйіркелесе бастағанда, Алма да оларды құшақтай отырып ішінен күрсініп қойды. Манадан бері басқан ойды осымен бір серпіп тастағандай еді. Жанат сезіп қалып:
— Неге күрсіндің, Алочка? — деді.
— Осы қабысқан құшақтардың өмір бойы айрылмауын ойладым, — деп Алма жайраңдаса да, жүрек түкпіріне тығылған жұрт жорамалы Жомарт пен Жанаттың бетіне қызараңдап шыға келді. Көздері өздігінен түйісіп қалып, төмен қарап кетті. «Өсек Алманы да шарпыған екен» деген ой екеуіне бірден келді. Сол өсекті басатын шындықты ашып айтуға жүздері шыдаған жоқ.
Шындық деген әр қилы ғой. Түпсіз терең жүректе жарқыраған шындық бар. Айтуға тіл күрмеледі. Ұят та тағы әр қилы. Уылжыған жастықта, үлбіреген ұят бар. Жыртуға қол именеді. Үш жастың ішін ақтармай-ақ, әңгімесіне құлақ сала берейік.
— Бізді айыратын себепті таппадым, — деді Жанат ойланып отырып. Алманың уһлеу себебін де таппадым. Таппағаныма қуанам.
— Ажал ғана айырар, Алочка, соны ойлаған болар, — деді Жомарт. Алма екеуін құшырлана қысып ауыздарынан сүйіп-сүйіп алды. Сөзінен көңілі босағаны байқалады:
— Үндерің қандай аянышты еді. Елжіреп кетті бауырым. Құрысын. Басқа әңгіме айтыңдаршы: жаңағы әзілдерің не, жай ма? — дегенде Жомарт пен Жанат жадырап кетті. Екеуі Алмаға сынатты әзілдерін.
— Жоспар Жанатқа ұнапты. Партбюрода қарайық деп отыр. Мен енді қараудың есебін таппай отырмын.
— Әуелде таппағаның тәжірибесіздігің болсын. Ендігің не? Партия ұйымы әр уақытта өз пікірін айтуға ерікті. Оның бер жағында аудан жиналыстың қаулысын әлі бекіткен жоқ.
— Бекітпесе де белгілі ғой.
— Жанаттікі дұрыс, — деді Алма, Жомарттың сөзін бөліп. — Секретарьдың шорқақтығына бола осындай игі істе пікір айтпай қалу ұйымның бойына мін емес пе. Ол мінді тез мінеу керек.
Жомарт таласқан жоқ. Бүгін кешкі сағат сегізде жоспарды партбюрода қарамақ болды. Баяндамашы өзі. Қаулының проектін Жанат пен Алма жасап әкелмек. Басқа әңгімені қойып әрқайсысы дайындыққа кірісе бастады.
Кешкі сағат сегізде, секретарьдың бөлмесінде, бюро мүшелері: Жомарт, Баймақан, Жанат, Жақып, стахановшы звеноның бастығы Жантас бас қосты. Бюро мүшесі болмаса да, Алма, Жәнібек, Баймағамбет қарт та келіп отырды.
Кезексіз шақырылған, қайсыбір жолдастарды жолынан тоқтатқан бүгінгі мәселені естімегендер естігенше асық еді. Зырлатып келіп, терезе тұсына мотоцикл тоқтады. Үсті-басы қырау, асыға басып Ақмет енді есіктен.
— Міне, ауданның қағазы! Енді не айтар екенсіңдер? — деді Жақыпқа бір конвертті ұстата беріп. Жақып конвертті ашып, ішінен оқып шықты да Жомартқа берді. Жомарт оқып болған соң:
— Жарайды, біздің пікірімізді сұрапты ғой, айтармыз. Үйге барып тынығыңыз, Ақа, — дегенде:
— Тынықпаймын! Қолма-қол қайырыңдар жауабын. Ендігі талқауайтқа көнбеймін, — деді Ақмет. Бел алып келген тәрізді. Отырмастан қойқаңдап жүр. Жақыпқа шүйіле қарайды. Жомарт тағы өтінді:
— Барып тынығыңыз, Ақа.
— Тынықпаймын.
— Партия жиналысын ашқалы отырмыз.
— А, солай ма, — деді де Ақмет тұра жөнелді. Қалғандары мырс етіп күліп жіберді.
Ақмет партияда жоқ адам. Бірақ партия айтты десе морт құлайды. Қазір партия жиналысы болмаса, ол оңайлықпен кетпейтін еді. Кейде осындай қасарысқан кездерде, партия атымен көндіре беретін Жақып. Тек, таяуда ғана Жомарт тыйым салды бұл әдетке.
— Көкіманның үдей соғатын түрі бар. Ескі тәсілді қолданбаса болмас, — деп қалжыңдап қойды Жақып.
Жомарт күн тәртібін жариялады. Кештеу қалса да қаралудың қажеттігін айтты. Жақып салған жерден қарсы шықты:
— Бір жоспар партия жиналысында қаралған, жалпы жиналыста бекіген. Аудан да бекіткелі отыр. Секретарь ауысқан сайын біткен істі қайталай береміз бе? — дегенде, басқалар түгіл Жомарттың өзі де бөгеліп қалды. Жомарт жоспары біткенше Жақып істерін істеп қойған. Ешқайсысы жақ аша алмай отырғанда Жанат қана:
— Қарау керек, Жәке, — деді, — бұл бұрын қаралмаған даулы мәселе. Сіз ұсынған жоспарды қарағанда бұны қарамай тастау қиянат емес пе. Жарамаса бюродан қалсын. Қараудың партия дәстүріне қайшылығы жоқ.
Айтқанынан қайтпайтын Жақып ұсынысын қайтып алды. Бірақ, бұл қайтқан емес, толғанып қалып, бірнеше тәсіл тапқаны. Біріншіден, қызының сөзін жыққысы келмеді. Екіншіден, — бюро мүшелері Жанат, Жантас өзіндік Баймақан мен Жомартты қайтсе де бүктейді. Үшіншіден — ауданға сенеді. Тіпті қаралғаны жақсы, енді қайтып бас көтермеске, деп отыр Жақып.
Жомарт бұрын жоғарыға сенсе, енді бюроның қолдайтындығына сенімді. Суырыла сөйледі. Сөзі баяндамаға ұқсамайды, қызықты әңгіме сияқты. Оқтын-оқтын өлі цифрларды тірілтіп, сурет, диаграммамен көрсеткенде, төмен қарап отырған Жақып та басын көтеріп қояды. Бір диаграммада семинтал, қырдың қызылы, қазақы сиырлардың суреттері тұр. Анау екеуінің қасында қазақы сиыр бұзаудай-ақ боп көрінеді. Ол үшеуінің сүтін бөшкемен көрсеткенде, қазақ сиырынікі тобатаймен көрсеткен екен Жәнібек сұрақ қойды:
— Қазақ «сиыр, миыр» дейді. Сонда сиыры не, миыры не?
Жомарт жауап таба алмай аңырып қалды. Жәнібек өз сұрағына өзі қайырды жауапты.
— Сиыры — анау үшеуі екен де, миыры — біздің қолдағы қазақы сиырлар екен. Жаңа білдім, — дегенде, ду күлді бәрі. Жақып күлместен Жәнібекті бір кекеді:
— Тойғанға тоқты еті де топырақ. Асқанға аспан да аласа.
Жомарт енді колхоз жерінің картасын алды қолына. Бұл да өзінің жаңа жоспарына жан бітірген жаңа карта. Байтақ дала, алуан түрлі егіспен құбылып көрінеді. Ауыспалы егіс заңына бағынған жер біресе астық, біресе шөп, біресе овощь жеміс беріп кәні қылып тұр...
— Бәрінің бабы бар, — деді Жомарт, академик Вильяме, Лысенко, Мичурин әдістерін талдай келіп. — Бабын таппаған еңбек құмға құйған су сияқты. Бабын тапсаң ана сияқты. Ие береді, ие береді. «Қалауын тапса қар жанады» деген мақал — үлкен философия. Дүние кірпіші бір қалыптан шыққан жоқ. Оның құюын табу — адам алдында әрдайым соны міндет. Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу,жоқты іздемеу — ой мешеулігі. Дене мешеулігі айып емес. Ой мешеулігіне шамданбасқа сабыр жетпейді. Дәл осы мешеуліктен бұл жоспар қабылданбай келді, — деген кезде, Жақып тағы бір кекеп қойды:
— Ой бақпайды, шаруа бағады колхозшылар. Бағылған ойдан бармақтай нан артық.
— Ойсыз адамның айуаннан айырмасы не онда? Дәл Қазір басқа түгіл өзіңізді-өзіңіз түсінбей қалдыңыз, — деді де, Жомарт жоспардың үшінші саласына көшті...
Үлкен табақ қағаздың бетінде колхоз аулының түнгі бейнесі көрінеді. Қалың ағаш арасынан үйлер сығалап тұрған тәрізді. Ауылды жарып шыққан тас жол көрші колхоздармен шекараға дейін қасқайып барады да, аржағы жай жол болып кетеді. Бір тұстан жоғары вольтты электр линиясы келіп енген. Ағашты көшеде, жапырақты бұталар арасынан Ильич шамдары жарқырайды. Бір шетте ұста дүкенінің, бір шетте мал қораларының ішкі бейнесі көрінеді. Көрік өзі қызып, балға өзі соғылып, жалғыз ұста қызыл ұшқынды бұрқыратып тур. Мал қораларында да су өзі келіп, сиыр өзі сауылып, бақылап, басқарған бірен-саран адамдар ғана жүр...
— Бұның, бәрі қиял емес, — дейді Жомарт, — жақын арада жасаймыз осыны. Ең ақыры тамақ пісіруге дейін электр атқарады. Бүкіл Қарағандыны, Теміртауды кәні қылған Нұра бассейні, бізге бір тамса да жетіп жатыр. Байлық пен мәдениеттің жоғарғы сатысына, еңбек пен тұрмыстың электрлі сатысына, көтерілетін күн жетті колхозға! — деп баяндамасын аяқтады.
Баймақан сарт-сұрт соғып жіберді алақанын.
— Даешь коммунизм! — дейді бар дауысымен.
Баймағамбет қарт барбиған саусақтарын жоғары көтеріп, сөз алғанда айтқаны:
— Шошқаны ұмытпаңдар, шошқаны. Шошқа қорасына да электр керек.
— Болады, Бәке, болады.
— Онда жоспарыңа болайын. Жоспар-ақ!
Бюро мүшелері баяндамаға ұйып қалған. Көкейге құя, көзге көрсете айтылған сөзді көп цифрлы, ғылым дәлдігімен жасалған үлкен есепті бұза алмады ешкім. Бірақ, тауды бұзудан Жақыптың бекіген ойын бұзу қиынырақ екен.
— Менің ұстағаным әлі де сол көп қабылдаған, аудан қабылдаған жоспар. Күшіңе сенгенің қарсы бара бер, — деді де мелшиіп отырып қалды. Өз беделіне, күшіне әрдайым сенімді. Сөзін колхозда, ауылда әлі ешкім жыққан емес. Қазір жығылам деген тіпті ойында жоқ. Мәселе дауыспен шешілуге келгенде:
— Міне, менің қолым, — деп қолын жоғары көтерді. Кім қалар екен дегендей қарап өтті бәріне. Жалғыз ғана Жантас ерді соңынан. Жақып қып-қызыл болып кетті. Екінші көтерісте Жомарт пен Баймақанның соңынан төмен қарап отырып, қолын көтерген Жанатқа түсті көзі. Тайып шалқасынан түскендей болса да, естен танған жоқ.
— Іздену кезегі енді менікі, — деді де, етегін қағып орнынан тұрды Жақып.
Сол күнгі ұзақ түнде көз шырымын алмай шықты ол. Үй ішіне тіл де қатпады. Бертін келе ыстық-суықтан жөтел пайда болған, түкіргішін қасына қойып, анда-санда жөтеліп, қақырынып аунақшыды да жатты. Жанындай көретін Жанатына қатты өкпелі. «Еркек бала болса өстер ме еді. Жат үшін жаралған қыз бала...» деп, алдақашан көмілген ескіліктерді де қопарып-қопарып тастады. Бірақ, қанша қарайса да, қызының жақсы қылықтары елестей береді. «Сеніңіз маған. Сіз түсінбеген сыр бар...» деп мойнына асылып тұрған сияқты Жанат. Сол сырды тан, атқанша іздеді, таппады. «Әсіре қызыл» Жомарт жоспары толықсыған колхозды төккелі тұрғандай, жанған еңбекті басып-жаншып, басынан аттап бара жатқандай көрінді. Қалыпталған ой, қалыпталған шаруашылыққа мен-мендік қосылып, Жақып ширап тұрды төсектен. Бетін шала-шарпы жуынды да,оразасын ашпастан, таңсәріде атқа қонды. Бұл жақта фаэтон арба, жеңіл кошевка, пар ат салтқа айналса да, тізесін кемірген қос күреңді Жақып жеккен емес. Сый қонақтар көреді қызығын. Өзінің мінетіні жазы-қысы бір ат. Оқтаудай боп, сұлымен жараған текше қарагер табаны жарылған жорға. Соның үстіне таралғысын шерттіре, тіп-тік отырып тайпалтып келеді. Аудан отыз-қырық километр жер. Суыт жүріп, бір жарым сағатта Есжандікіне келіп, атының басын бір-ақ тіреді.
Бұл үй таңертеңгі шайға жаңа отырған. Есжан ұшып тұрып, Жақыпты өзі шешіндірді. Жеде-қабыл амандасып, шай үстінде колхоз жайын сұрап жатыр.
— Ремонт бітті ғой?
— Бітті.
— Тұқым ше?
— Тұқымды да тазартып, сайлап қойдық.
— Жұмыс көліктерінің күйі қалай?
— Күйлі. Күтіп тұрмыз.
— Жарайсың, Жақа, — деді Есжан көңілдегісін сұрап болған соң, — енді бір бой жазуға шыққан екенсіз. Бүгін осында әнші Жүсіпбек келеді, концерт береді. Көріп қайтыңыз.
— Өз концертім өзімде, — деп Жақып шыны аяғын төңкере салды. Оның тұңғиық түрінен ештеме байқалмаған еді. Есжан жаңа ғана күдіктене қарады қонағына.
— Оныңыз не концерт?
— Тағы Жомарт. Тағы топ. Жоспар дауы бас алғызбады. Үкіметтің, көптің дегенін қолдайсың, менің дегенімді қолда дейді. Қасарысып едім, жас неме, басымнан аттап кетті. Мертігіп келдім. Тән мертігі емес, жан мертігі. Бір менікі емес, бәріңдікі...
Жақып сөзінен кейін Есжан бір қуарып, бір қызарып орнында тұра алмады. Мінезі шапшаң жігіт сөз пердесін ашқанша асығып:
— Сонымен Жомарт жоспары өтті ме? — деді булығып.
— Кеше түнде партия бюросы қабылдады. Өткен емей немене.
— Ондай бюроны тарату керек! — деп дереу киіне бастады Есжан. Киініп жүріп, сөйлеп жүр. — Қой дедік, установканы айттық. Антипартийный, антисоветский қылық бұл. Бір бұл емес, Ақметті құтыртып, жеке меншікке шабуыл жасап жүрген де сол. Қандай колхоз еді! Осылар келгелі кетті маза. Жүріңіз, Оның аузын қарымаса болмайды.
Жақыпты ертіп шығып, Есжан салған бойымен райком секретарының кабинетіне келіп еді. Сатанның алдында таңертеңгі почта, бір қағазға құныға қарап бас көтермей оқып отырған. Есжан сөйлей кірді есіктен:
— «Аманкелдіден» «бунт» шығып жатыр. Міне, Жақаң келді. Жомарт деген жұмыс істететін емес.
Сатан қағаздан басын көтеріп, солғын амандасты да, біраз толғанып барып кірісті сөзге:
— Қандай «бунт»?
— Қоймай жүріп, сол жоспарды бюродан өткізіпті. Бұл не сұмдық! Аудан басшылығына, партия жиналысына, колхозшылар жиналысына қарсы келіп отыр. Менімше бүл бюроны тарату керек те, Жомартты орнынан алып, ол жерден тайдыру керек.
— Менімше, Жомартқа да, бюроға да рақмет айту керек, — деп Сатан оқып шыққан қағазын Есжанға ұстата берді. Есжан оқып, басын шайқап, таңдайын қағып, сұлқ отырып қалды.
— Басыңды шайқама, изе, — деді Сатан. — Жақаң мен біз ұға алмағанды, партия ұққан. «Жомарт жоспары жаңа толқын» депті. Жаңа күшті байқай алмағанбыз. Енді соған жол беру керек.
Жақып пен Есжан жақ ашқан жоқ. Темен қарап түнеріп кетті. Секретарь екеуін ойлы көзімен шолып өтті де, сөзін түйді:
— Рас, біз жеңілдік. Жаңа пікір жеңді. Енді ол орындалмаса, Жомарт емес, осы үшеуіміз айыпты. Бір сүріндік. Екі сүрінудің керегі не? Мен, «қалай жеңілдімнің» орнына «қалай орындаймыз» деп отырмын. Ертең сол «бунтарлардың» қаулысын колхоздағы партия ұйымының жалпы жиналысына, бүрсігүні колхозшылардың жиналысына салайық. Есжан, сен бүгін президиумнің мәжілісіне шақыр. Жақа, сіз тез қайтып, дайындай беріңіз.
Жақып үндеместен үйден шықты. Суыт келіп, суыт қайтып барады. Күн құлақтанып, шаңытып түр. Тайғақ жолда тайпалған жорға артын боратып, алдын желдетіп, сынапша ағып келеді. Көз сорасы мұз болып, беттік түгі қырау боп, түлкі тымақты баса киген Жақып, кен, далада ақбас бураша бір күркілдеді:
— Тоба! Оның жоспары орындалмаса да мен айыпты.
Әлі мойындар емес. Жоғарыдан келген жарлыққа амалы жоқ. «Колхоз жайын білмейді бәрі. Жоғарыда Жомарттың жолдастары бар. Мыналар содан аса алмай қалды» деген ойдан өзі де аса алмады. Көну де, көнбеу де қиын Қайсысына бекінерін білмей, дел-сал күйде үйіне жетті Жақып...
Жанат мектептен жаңа қайтып, өз бөлмесінде отыр еді. Әкесі аттан түскен бетінде, бұрынғы әдетінше өз бөлмесіне бармай, осы бөлмеге келіп еді. Жанат орнынан таңырқана тұрып, шешіндіре бастады.
— Күн суық. Тоңған шығарсыз, Жәке! Жылы киім әкелейін бе?
— Тоңғам жоқ, қарғам, — деді Жақып. — Түні бойы сені қатты кінәлап, қарайып шығып ем. Енді ағарып келіп, айыбымды мойынға алғалы тұрмын. Сен білген екенсің,. Алыстан көріпсің, ақ тұйғыным, — деп қызын маңдайынан сүйіп, бауырына қысты. Әкелі-балалы екеуі оңаша шүйіркелесіп ойларын ақтарғалы тұрғанда, бұрқан-тарқан болып Бейсен енді есіктен...
— Мен осы колхозға мүше ме, шеттен келген кірме ме! Неге қоқаңдай береді Баймақан! Жалғыз үйлі Мұрат мықты болса қуып жіберсін қырық үй Сармантайды. Әйтпесе, түспеймін табанына.
— Сап-сап. Сармантай, Мұраттың құлағын санағанша, еңбеккүніңді санасаңшы.
— Әне! Қит етсе бетке басатындары осы. Тіпті өлмеймін. Еңбек істемесем де өлмеймін. Ел аман болсын. Бейсен әлмисақтан ел үстінде.
— Доғар сөзді! — деді Жақып. — Елге сіңірген еңбегің де белгілі. Жанжалдарыңды айт.
Бейсен жуасып қалды. Жапақтап Жанатқа қарай береді. Жанат оның именіп отырғанын сезіп, шығып кетті.
— Сенген құдайың Жақып болса, жалғыз қызына ие болсын. Арам тамақ, бой күйез неме, осыңды қоймасаң, арам бездей сылып тастармын деп дік-дік етеді. Сонсоң мен де тілді салып-салып алдым, — деді Бейсен. — Жанатжан ақылды еді, қалай қара басты екен: Колхоз іші дүңкілдеп тұр.
Бейсен Баймақанның сөзін өзінше жорып. Жомартты Жанатқа таңып отыр. Баймақанның «жалғыз қызына ие болсын» дегені — бюрода Жанат Жомартты жақтады дегені еді. Жағынам деп жағымсыз әңгімені қозғап алғанын Бейсен сезбеді.
— Мыжымай, шатақ неден шықты, соны айт? — деді Жақып.
— Сен бөгеген жердің қары неге жұқа? — деп нықыртады мені. Құтырып кетсе керек. Жерді жаратқан, қарды боратқан мен деп жүр ме!
— Бір шалалық бар ғой ісіңде.
— Түк те жоқ. Жақыппен әмпейсің деп өшігеді. «Зіл-қара, қақпан қара» дейді сізді. Күйермісің, күймеспісің.
— Жә! — деді Жақып шыдай алмай, — шаршап келдім. Ертең сөйлесерміз, бара бер!
Бейсен кетіп бара жатып та, өзіне-өзі сөйлеп бара жатты:
— Бәрін құтыртатын Жомарт. Сөйтіп те күйеу болмақ па!..
Оңаша қалған Жақып кейіп қалды. Баймақан араз да болса, бетпе-бет мұндай өрескел сөйлеп көрген емес. Бейсен тату-тәтті бола тұра мықтап кетті. Мықтағанын өзі сезген жоқ. Есту түгіл, ойлауға именетін сөздерді жалаңаштап көрсеткенде, Жақып тыжырынып амалсыз отырды. Жанат қайтып енгенде де сол кейпі еді:
— Жаңағы не деп кетті? — деді Жанат.
— «Ақмақ достан, ақылды дұшпан артық», — деді де, Жақып үзіліп қалған әңгімесіне қайта кірісті, — Жомарттың жоспарын жоғарғы жақ ұнатқанға ұқсайды. Ауданның беті өзгеріп қалыпты. Осыған көну де, көнбеу де қиын боп тұр. Не істеу керек?
Жанат көп ойланып барып қайырды жауапты.
— Көнсеңіз де, көнбесеңіз де абырой алмассыз. Жомарт жоспары шытырманы көп, оқусыз адамды шатастыратын жоспар. Көнсеңіз, шатасасыз. Көнбесеңіз айып арқалап жалғыз қаласыз. Менімше осы абыройлы күнде басқа жұмысқа ауысқан жөн болар.
Жақып тербелмелі креслода тербеле тыңдап, қалғып кеткендей көзін жұмды. Ұйқы қашып, ат соғып қажыған дене, шын тыныстады ма, әлде ойға батты ма Жанат айыра алмады. Ажым айғыздаған әкесінің ескі бетін анықтап көріп, сол ажымның әр сызығын бір ұзақ жолға балады. «Кім үшін, не үшін кешті осы ауыр жолдарды? Жаны шағылмаған жас ұрпақ бағалауымыз керек...» деп өзі де бір терең ойға түсіп кетті. Тамылжыған бөлме тым-тырыс. Аяз қысып, анда-санда терезе сырт-сырт етеді. Теңбіл шұбар бала мысық құйрығымен ойнап жүр. Алдыңғы бөлмеде жұмыстан қайтқан Ырысжанның аяғының тықыры естіледі. Жақып әлден уақытта орнынан қозғалмастан, көзін баяу ашыңқырап:
— Темір де тозады. Тозған шығармыз, — деді. — Жарылқаса жаңаны да көрерміз. Арыз жаз! Босанам. дем алам. Дем алмағалы он бес жыл.
Жанат жаза бастады...
ЕКІНШІ БӨЛІМ
I
Қызыл шұнақ аяз, бұрқылдаған борандар сиреп, марттың ұзақ күні Сарыарқаны сауырынан сипап тұрған кез. Адам да, мал да, күншуақты сағынып, күн жақтағы ықтасында тыраңдап жүр. Үй ернеулеріне сүңгі тұра бастаған. Жауыр таудың күңгей беті тесіліп, ақ қардағы кішкене қарасын ақ денедегі қара қалдай көрінеді. Күлімдеген жаз күнін санап күткен жұрт барымен қарсы алуға дайындалып жатыр...
Аз күнде көп жорытқан жаңа председатель Жомарт көзім қарықпасын деп көк көзілдірік киіпті. Қарағанды, Теміртауда болып, жаңа қайтып келеді. Кең далада шырқаған жалғыз дауыс, жылтыр жолда жал-құйрығы жайқала желген будан көк көтеріңкі көңілге ере алмай келеді. Жомарттың жолы болды. Облыс әзірге екі жүк машина, асыл тұқымды екі айғыр, үш бұқа, жиырма бес сиыр бермек. Eгiс кезінде комбайн, тракторлардың санын арттырмақ. Теміртаудағы электр станциясынан колхозға жоғары вольтты электр линиясын тартуға да ұлықсат алды. Осының бәріне жарты миллиондай ақша керек. Ол ақша дәл қазір колхоз кассасында жоқ. Ескі жыл өтіп, жаңа жылдың табысы әлі өнбеген. Ақшаға қарап уақытты жібергісі келмеді Жомарттың. Есептеп-есептеп он бес шошқа, ақаулы малдардан он бес қара бордақылауға, оны қара өзек шақта Қарағандыға апарып, сойып сатуға бекінді. Сонда колхоз малының саны түгел, сапасы артып шығады. Оның үстіне қыруар жұмыс бітеді.
Жомарт адам күшін де есептеп, егіс, электр жұмыстарын кезекке қоймай қатар жүргізуге болатындығын шешті. Ол үшін осы бір шола шақта мықтап дайындалып, орақ науқанына соқпай, көктем егістің алды-артында электр шаруашылығын жасап алмақ. Ойын қорытып, алдағы жазда колхоз ауылын жаңа жайлауға қондырғандай болып шырқаған әні алысқа кетті...
Торқасқа атқа жайдақ шана жегіп, қарсы келе жатқан Кәнібек естіп келеді. Қасында шошқашы Баймағамбет пен Бейсен бар. Торының тұяғы ғана қыбырлайды. Жәнібекті жүрісінен танып, Жомарт атамның басын тежеді. Қатты жүрісті, көлік қинауды ұнатпайтын Жәнібек, кездескен жерде-ақ:
— Туһ! — деді. Бүйірін соққан буданкөкті мойынға қағып үстіне түсіп барады. — Ақырын жүрсе іші жарыла ма, түге. Осы төгілген тердің не екенін білмейді бірі. Су емес, май ол.
Жомарт шылымын тартып сылқ-сылқ күліп тұр. Жәнібектің сөзі жанына жағып қалжыңдайды:
— Тершең атты бізге бересің де, терлемейтінін өзің мінесің. Торқасқаны қарашы, қылшығы да сынбапты.
Көктің терін шығарғанда, Торының жанын шығарарсың. «Бай болғанда бақырып бола ма» деп, председатель болғанда ат сабылтып бола ма. Осы малға кім жауапты? Ойлаңдаршы.
— Сен жауапты. Соны айтарыңды біліп, екі машина алдым, — деді Жомарт. Қуана ма деп Жәнібекке жалт қарап еді:
— Әлгі мама сиырлар қайда? — деп алақанын жайды ол.
— Оның жиырма бесін алдым. Үш бұқасы тағы бар... Жәнібек жымиып күліп жіберді. Жомарт бітірген шаруасын қысқаша айтты да, үшеуінің бас қосып шыға қалуын сұрастырды:
— Қайда барасыңдар топталып?
— Мына «Октябрь» колхозына. Бодаубек екеумізді сертіміз бар еді ғой. Көліктерінің күйін көрем.
— Бәкең шықпайтын еді үйден?
— Ия, қарағым, — деді Баймағамбет. — Сонда шошқаның бөлек бір тұқымы бар деседі. Өз көзіммен көргелі барам.
— Көріңіз. Шошқаға салмақ салғалы тұрмыз.
— Сала бер. Бабын тапсаң көтере береді. Тек, бабын ойлаңдар. Менен басқасы ойламайды. Мына Бейсендер арам деп тыжырынады. Ақшасы арам ба? Арамнан безсе арақты неге ішеді жұрт. «Постакой» сөз.
Бейсеннің шаруасы не екені белгісіз. Жақып орнынан түскелі жайраңдамайды. Жомартқа қырын қарап, мұрнын шүйіріп тұр.
— Бейсеке, сіз ше? — деді Жомарт.
— Біздің қайындар бар сонда. Ағайындар бар. Амандығын біліп, аунап-қунап қайтқалы барам.
— Ту-у, маңырап кеттіңіз, Бейсеке. Шаруам бар дегеніңіз қайда, осындай шаруа бола ма! — деп Жәнібек шанасына отырды. Жомарт та күліп барып ез шанасына мінді де, Бейсенді шақырды:
— Сіз мұнда отырыңыз. Асығыс жұмыстар бар.
Бейсен Жомартпен кейін қайтты. Оқ бойы озған кезде, Баймағамбеттің даусы естілді арттарынан:
— Әлгі шошқаның әлектрін естен шығарма!
Баймағамбеттің сөзіне Бейсен сықылықтап мәз боп қалды. Шошқа бағуды, шошқа қорасына электр орнатуды тіпті әуес көреді екен.
— Оңбайтын адам майға бөлесе де оңбайды. Осы Баймағамбет бұрын поселкенің шошқасын бағатын. Әлі бағады, әлі ақмақ, — дегенде, Жомарт оның сөзін бөлді:
— «Ақмақ» деген ұғым да өзгерді, Бейсеке. Адал істеп өзіне, еліне пайда келтірген адам ақылды. Пайдасыз адам ақмақ. Ақымақтық пен ақылдылықтың да мөлшері бар. Ол, сол келтірген пайда, зиянына қарай есептеледі. Баймағамбетке осы көзбен бір қараңызшы.
— Мақтамен бауыздадың, күйеу бала, — деп күрсінді Бейсен, — дұрыс, дұрыс. Баймағамбет ақылды, біз ақмақ. Сен ақылды, біз ақылсыз.
— «Күйеу», «біз» дегеніңізге түсіне алмадым?
Бейсен үндеген жоқ. Ерні дірілдеп, көзі шатынап тырсия қалды. Жомарт бетіне қарады да, басын шайқады. Біраз томсарыстан кейін қайта алды қолға:
— Айтылмайтын сөз болса несіне ауызға алдыңыз. Әлде байқаусызда шығып кетті ме?
— Иә.
— Бәсе, тіпті қотыр сөз.
— Жетті енді! — деді Бейсен шыдай алмай. — Кеше ғана чемоданыңды арқалап келген бала едің, Жақыптың арқасында алдыңа мал, баурыңа әйел салып, басыңа үй тіктің. Сол шалды аунатып тастап, орнында отыруға ұялсаңшы. Онымен қоймай қызын алмақсың. Бұндай күйеуді жасым ішінде көрген емеспін. Тілім кесіліп қалмаса. Алма, Жанат жады болып қалмаса көрерміз әлі де!..
Жомарт Бейсеннің сөзіне көп мән бермейтін. Мына сөзден бойы шымыр-шымыр етті. Ерлі-зайыптың, жақын жолдастың арасына от тастамақ. Алма, Жанат үшеуінің ортасында бұрыннан бықсыған бір шала осы екен, өшірмесе өртке айналады деп қысылды. Қалай өшірерін білмей бір қызарып, бір сұрланып отырып:
— Бейпіл ауыз сорлы десем, бұғып жүрген пәле ме едің! Түлен түртсе салып көр пәлеңді, — деді Жомарт. Ауылға жақындап жол өзенді жиектей шеттегі Бейсеннің үйіне келіп қалған екен. — Оған дейін сексен шана мұз ойып, колхоз погребін толтыр. Бар. Арашалаған Жақыпты да көрермін, — деп тұра қалды.
Бейсен шұбатылып шанадан түскенше, еті қызған ат жүріп кетті. Шана қаққан Бейсен, қатты қардың үстінде ойға қарай домалап барады. Жомарт ашумен байқаған жоқ, атының басын үйіне барып бір-ақ тіреді.
Скрипка даусы естіледі үйден. Қаз тұрып жалп еткен бала сияқты. Не қанаты қатпаған балапан сияқты, күшті сарын көтеріле түсіп басылып бір жазылып, бір түйіліп жаңа ырғақ жаттықпай тұр. Жомарттың бұрын естімеген сарыны. Ашуы бәсеңдеп, көңілі жадырай бастады. Аяғын еппен басып, есікті тықырсыз ашты да, үнсіз келіп оңаша үйде өзімен-өзі болған Алмаға телміре қарап тұрды...
Алма ақырын ғана ыңылдап отыр. Жұқалаң жүзі жел үрген жалтыр судай қозғалып кетеді. Сол кезде үні де толқып, скрипкада ойнаған сүйріктей саусақтары майыса түседі. Нәзік сезімнің шыңырау түбіне үңілген Алма бір ғажайып көргендей.
— Сезім көркінен көркем жоқ. Көрмегенді сезген жоқ. Көргенім бәрінен көркемсің, — деп маңдайын скрипкаға сәл сүйеді де, көркем шыңырауға үңіле тыныстап кетті...
— Алма! — деді Жомарт.
— Жомарт! — деді Алма. Осыған ғана келді тіл. Сүйісіп амандасып, бірін-бірі қатты қысты. Көріспегелі бес күн. Бес жылдың сағынышынан күштірек. Қабысқан құшақтар Қызыл шоқтан қызулырақ. Екі дене қорғасын боп құйылып, сом бір дене боп қалған сияқты. Булыққан үндер әлден уақытта ғана естілді.
— Немен қайттың?
— Көңілдегімді алып қайттым.
Алма ыстық құшақтан ойнап шығып, билей жөнелді. Орыс деревняларының көшесінде кездесетін халық биі, Қалай кездескенін өзі сезбеген секілді. Көңіл хошын қимылмен көрсететін осы бір мінезі көптен көрінбей кеткен Жомарттың жоғалтқанын беріп, мәз қылды да.
— «Күншуақ» күйін аяқтап келем, — деді. — Жаңа күй. Қайғы, ыза, мұң, зар, талас-тартыс, алдау-арбау бұл күй
— Бейсеке, сіз ше? — деді Жомарт.
— Біздің қайындар бар сонда. Ағайындар бар. Амандығын біліп, аунап-қунап қайтқалы барам.
— Ту-у, маңырап кеттіңіз, Бейсеке. Шаруам бар дегеніңіз қайда, осындай шаруа бола ма! — деп Жәнібек шанасына отырды. Жомарт та күліп барып өз шанасына мінді де, Бейсенді шақырды:
— Сіз мұнда отырыңыз. Асығыс жұмыстар бар.
Бейсен Жомартпен кейін қайтты. Оқ бойы озған кезде, Баймағамбеттің даусы естілді арттарынан:
— Әлгі шошқаның әлектрін естен шығарма!
Баймағамбеттің сөзіне Бейсен сықылықтап мәз боп қалды. Шошқа бағуды, шошқа қорасына электр орнатуды тіпті әуес көреді екен.
— Оңбайтын адам майға бөлесе де оңбайды. Осы Баймағамбет бұрын поселкенің шошқасын бағатын. Әлі бағады, әлі ақмақ, — дегенде, Жомарт оның сөзін бөлді:
— «Ақмақ» деген ұғым да өзгерді, Бейсеке. Адал істеп өзіне, еліне пайда келтірген адам ақылды. Пайдасыз адам ақмақ. Ақымақтық пен ақылдылықтың да мөлшері бар. Ол, сол келтірген пайда, зиянына қарай есептеледі. Баймағамбетке осы көзбен бір қараңызшы.
— Мақтамен бауыздадың, күйеу бала, — деп күрсінді Бейсен, — дұрыс, дұрыс. Баймағамбет ақылды, біз ақмақ. Сен ақылды, біз ақылсыз.
«Күйеу», «біз» дегеніңізге түсіне алмадым?
Бейсен үндеген жоқ. Ерні дірілдеп, көзі шатынап тырсия қалды. Жомарт бетіне қарады да, басын шайқады. Біраз томсарыстан кейін қайта алды қолға:
— Айтылмайтын сөз болса несіне ауызға алдыңыз. Әлде байқаусызда шығып кетті ме?
— Иә.
— Бәсе, тіпті қотыр сөз.
— Жетті енді! — деді Бейсен шыдай алмай. — Кеше ғана чемоданыңды арқалап келген бала едің, Жақыптың арқасында алдыңа мал, баурыңа әйел салып, басыңа үй тіктің. Сол шалды аунатып тастап, орнында отыруға ұялсаңшы. Онымен қоймай қызын алмақсың. Бұндай күйеуді жасым ішінде көрген емеспін. Тілім кесіліп қалмаса. Алма, Жанат жады болып қалмаса көрерміз әлі де!..
Жомарт Бейсеннің сөзіне көп мән бермейтін. Мына сөзден бойы шымыр-шымыр етті. Ерлі-зайыптың, жақын жолдастың арасына от тастамақ. Алма, Жанат үшеуінің ортасында бұрыннан бықсыған бір шала осы екен, өшірмесе өртке айналады деп қысылды. Қалай өшірерін білмей бір қызарып, бір сұрланып отырып:
— Бейпіл ауыз сорлы десем, бұғып жүрген пәле ме едің! Түлен түртсе салып көр пәлеңді, — деді Жомарт. Ауылға жақындап жол өзенді жиектей шеттегі Бейсеннің үйіне келіп қалған екен. — Оған дейін сексен шана мұз ойып, колхоз погребін толтыр. Бар. Арашалаған Жақыпты да көрермін, — деп тұра қалды.
Бейсен шұбатылып шанадан түскенше, еті қызған ат жүріп кетті. Шана қаққан Бейсен, қатты қардың үстінде ойға қарай домалап барады. Жомарт ашумен байқаған жоқ, атының басын үйіне барып бір-ақ тіреді.
Скрипка даусы естіледі үйден. Қаз тұрып жалп еткен бала сияқты. Не қанаты қатпаған балапан сияқты, күшті сарын көтеріле түсіп басылып бір жазылып, бір түйіліп жаңа ырғақ жаттықпай тұр. Жомарттың бұрын естімеген сарыны. Ашуы бәсеңдеп, көңілі жадырай бастады. Аяғын еппен басып, есікті тықырсыз ашты да, үнсіз келіп оңаша үйде өзімен-өзі болған Алмаға телміре қарап тұрды...
Алма ақырын ғана ыңылдап отыр. Жұқалаң жүзі жел үрген жалтыр судай қозғалып кетеді. Сол кезде үні де толқып, скрипкада ойнаған сүйріктей саусақтары майыса түседі. Нәзік сезімнің шыңырау түбіне үңілген Алма бір ғажайып көргендей.
— Сезім көркінен көркем жоқ. Көрмегенді сезген жоқ. Көргенім бәрінен көркемсің, — деп маңдайын скрипкаға сәл сүйеді де, көркем шыңырауға үңіле тыныстап кетті...
— Алма! — деді Жомарт.
— Жомарт! — деді Алма. Осыған ғана келді тіл. Сүйісіп амандасып, бірін-бірі қатты қысты. Көріспегелі бес күн. Бес жылдың сағынышынан күштірек. Қабысқан құшақтар қызыл шоқтан қызулырақ. Екі дене қорғасын боп құйылып, сом бір дене боп қалған сияқты. Булыққан үндер әлден уақытта ғана естілді.
— Немен қайттың?
— Көңілдегімді алып қайттым.
Алма ыстық құшақтан ойнап шығып, билей жөнелді. Орыс деревняларының көшесінде кездесетін халық биі, қалай кездескенін өзі сезбеген секілді. Көңіл хошын қимылмен көрсететін осы бір мінезі көптен көрінбей кеткен Жомарттың жоғалтқанын беріп, мәз қылды да.
— «Күншуақ» күйін аяқтап келем, — деді. — Жаңа күй. Қайғы, ыза, мұң, зар, талас-тартыс, алдау-арбау бұл күйде жоқ. Тек күншуақ өмірдің үні келеді. Тегі, мен үлкен композиторлардың алдын бір көрсем қайтеді?
— Көруге болады, — деді Жомарт кідірместен.
— Медицина көз бере алмады. Искусство көңіл бере алады. Көз сәулесінен көңіл сәулесі күштірек.
Алма айтарын айтса да, ойланып қалды. Ақылға салып сан рет «мүмкін емес» дегенін ет жүрек «ғажап емес...» деп тағы салды есіне. Жомарттың ә дегеннен қостай кетуі, Дәмет бәйбішенің «Бейсен айтты» деп жаңа бірдемені қоңырсытуы болмашы күдікті балапандай етіп алдына әкелді. Қызғанышты елес көрмен десе де кес-кестей берді. Алма енді мұңая отырып сөйледі.
— Әзір қоя тұрайықшы. Жақып үйінде жатса да, жаңа бастық мүлт кетсе, «айтып ем» деуге дайын тұр. Маған алаңдамай жұмысыңды жолға қойып ал. Содан кейін өзіңе не Жанатқа еріп барармын. Жалғыз жүріп жол табам ба?
Жомарт Алманың күдігін сезген жоқ. Оны тек мұратына жеткізгісі келіп:
— Аяма мені, Алочка, — деді. Жақып жау емес қой. Жау келіп жағаға қол салса да, сені қорғап қалмаса жолдастықтың несі сән. Жөнелтем. Жұмыс жайын ойлама. Мен істемеймін, көп істейді. Жөндіккен көпке кез келдім. Сені ертіп апаратын бір кісі керек жалғыз-ақ.
— Кісі де, қаражат та керек. Жаңа үй болдық, ауыр соғар.
— Колхоз көтереді.
— Оның дұрыс бола ма?
— Несі теріс. Колхоз искусство кадрын да дайындайды. Келген соң колхоз клубын қолыңа берем, — деп Жомарт орнынан тұрып кетті.
Ас үйде, плитада шәйнек қайнап тұр. Дәмет қыдырып кеткен. Қыдырмағанда да қолы бос кезінде Жомарт үй жұмысына өзі көмектесетін. Шайды жасап, Алманы шақырды.
— Шіркін, студенттік өмірді ұмытып, барина боп барам, — деді Алма, столды сипалай келіп отырып жатып. — Дастарқаныңда не бар?
— Ақ нан, сары май, варенье, қант, конфет, печенье бар. Закускесімен бір бөтелке портвейн де тұр.
— Закускесі не?
— Бәкеңнің малының шұжықтары.
— Винегрет ше?
— Ғафу етіңіз. О да болады.
Жомарт тұрып барып, винегрет әкеп қойды. Әр тамақтан алдына алып беріп, жас балаша күтіп отыр.
— Сен мені көріп отырсың-ау, Жомарт, сені мен бір көрсем! — деді Алма.
Алма оның жүзін көруге құмартса, Жомарт оның күлімдеген көзін көруге құмартты. Қандай ақылды, сүйкімді, алғыр көз еді ол. Қарап қалғанда, денені шымырлатып, электрдей тез жайылатын қуаты. Сол көзді қалпына келтіруге Жомарт та, дәрігерлер де барын салды. Ештеме шықпады. Талай кереметтер жасаған ғылымның титтей қос қарашықты жасай алмағанына налып отыр Жомарт. Көзсіз Алманың соны сезуі ғажап:
— Тілің күрмелді білем, — деп күліп жіберді. — Жасыма бекер, көріп отырмын сені. Бүкіл совет әлемін көріп отырмын. Толқын жояр жартасты, жойылмас көңілден бұл кескін. Ырзамын тағдырға, көрсетіп алды көзімді. Ырза емеспін өзіме, «Күншуақ» әлі бітпеді.
Дәмет бәйбіше жаңа келді. Әлдене естіп келгенін кім білсін, қабағын шытына береді. Жомартпен баяу ғана, қысқа амандасып, үлкен аузын шайға отыра бере бір сылп еткізді.
— Жанат осында кірген тәрізді еді.
— Келген жоқ, — деді Алма.
— Әкесінің намысын жыртып жүр ғой. Келуін сиретті.
— Сағынсаң шақырайын, әже. Мен де сағындым.
— Ой, ақ көйлек қарғам! — деп бәйбіше дауысын соза түсті. Дауысында үлкен мән жатыр. Алма, Жомарт іштей сезіп «өзім ғана түсіндім» деп отыр әрқайсысы. Бірінен-бірі жасырса да, бәріне түсінікті. Айтуға ауыз, көруге көз бармастай одан әрі үшеуі жым болды. Жанат та осыдан қашып, келуін сиреткен. Тіпті Жомартпен бұрынғыдай әзілдесуді, оңаша кездесуді қойды. Бейсен мен бәйбішенің қыжылы сонда да тарқар емес. Бірі іштен, бірі сырттан бықсыта жүреді.
Жомарт әжесінің сиқын көрген соң көп отырған жоқ. Конторға барам деді де шығып кетті. Ой басып, салбырап келіп кабинетіне енгенде, столының бұрынғы орнынан Қиыстау тұрғанын байқады. Түзеп қоя сала, қайтадан қиыстау қалпына келтірді. Қисайтқан адамның өзіне істеткісі келіп тұр. Жақып бұндай болмашы нәрселерді елемейтін. Ұқып, тәртіп, тазалық, дәлдік дегендер Жомарттың бойына сіңген өзгеше қасиет. Оны өзі қате қылмай орындап, басқадан да соны талап етеді. Оның талабы бақырып-шақырған өткінші талап емес. Сараң сөзді, шымыр салмақты, қатал талап. Осы талап кеп жылдар бойы Жақып тәртібі сіңген кеңсені Жомарт тәртібіне келтіріп тастаған сияқты. Мекеме іші жинақы. Тып-тыныш. Бұрынғыдай сапырылысқан жүріс, шаң-шұң дауыстар сезілмейді. «Үй артында кісі бар» дегендей, көрші бөлмедегілер шүңкілдеп қана сөйлеседі. Әлі ешкім басып енген жоқ. Жомартты. Қоңыраумен өзі шақырды секретарын.
Кезі жаудыраған, бауырсақ мұрын қара торы қыз енді — Аманбысың, Балжан! Стол неге орнына қойылмаған?
Балжан қызарып кетті. — Жамал ғой, жуғанда... деп столды қозғай бастағанда:
— Қозғама, — деді Жомарт. — Жамалды жібер. Өзін, бұл салақтығыңды енді қайтып көрсетпе. Кеңсе ішіне сен жауапты.
Тымпыңдап Балжан кетті. Кешікпей Жамал енді. Көзі бақырайып, аузы аңқиып қарай береді Жамал.
— Саламатсыз ба. Мынаны орнына қойыңыз. Әр нәрсе өз орнында болсын.
Столды қалпына келтіріп, Жамал үндеместен жөнеле берді. Жомарт орнына отыра сала тағы шақырып алды Балжанды.
— Сейсенбі күні кешкі жетіде басқарманың мәжілісі болады. Қаралатын мәселе екеу. Бірі — менің баяндамам. Екіншісі — өндіріс күштерін қайта реттеу. Екі мәселеге екі-ақ сағат уақыт беріледі. Хабарла, — деді Жомарт. Бұрын бір мәселенің өзі түн ортасына, кейде таң атқанша созылатын. Жомарт сөзге де істей мән берді. Әркім ойланып келіп, жинақы сөйлесін, жұмыс, тыныс уақыты сөзбен кетпесін деп отыр. Бұл мінезін де танытып келеді. Тағы не айтады, — деп күтіп тұрған Балжанға: — Бухгалтерді жібер. Еңбек есептерін ала келсін, — деді де тұрып кетті. Қозғалысқа үйренген дене, күн ұзын шанада отырып, ұйып қалған тәрізді. Ерсілі-қарсылы жүріп жүр...
Балжан барған соң жуан папкені қолтықтап ілмиген Айдар асыға енді есіктен. Өңі кәрі, жүрісі жас. Сырты салқам, іші жинақы, қутыңдаған қалпы. Бурыл сақалына мұрнынан тамғанды байқамаса керек. Жомарт:
— Сақалыңызда... — дегенде, шығып кетіп, сақалын сүртіп қайта енді. Жалбақтап амандасып жатыр:
— Ат-көлік аман ба? Өңің сынық қой, денің сау ма?..
Жомарт солғын амандасты. Айдар қанша ішіне енем десе де, енгізер емес, қымтынып алып, оның ішіне өзі енгісі келіп отыр.
— Сіз қашаннан бері істейсіз осында? — деді Айдардың сөзін бөліп.
— Сақал-шашты осында ағарттық қой. Биыл он үш жыл.
— Бухгалтерлік біліміңіз бар ма еді?
— Жоқ! Жүре үйрендім. Бұрын болыстарда писарь болып, өйтіп-бүйтіп күн көрдік. Енді ғана көздің ашылғаны.
— Гимназияда оқығаныңыз рас па?
— Онда мән бар, шырағым, — деп күле сөйледі Айдар. — Бір кезде қазақтан міндетті түрде орыс мектебіне бала алған, байлардың баласы қандай ардақты. Аяусыз кедей балаларын жіберді. Соның бірі боп жылай-жылай кете барғанмын. Енді міне, сақ-сақ күліп отырмын.
Жомарттың көздегені бұл емес. Осы Айдардың білімін сынау. Жақып тұсында «Айдар айтты, болдыға» айналды. Тышқанға мысықтан үлкен аң жоқ. Жақыпқа Айдардан білімді бухгалтер жоқ. Айдар «заңға қайшы» десе, Жақыптың тек тұрғаны. Қанша сұңғыла адам болса да, қағазға келгенде дәрменсіз еді. Председательге бухгалтердің қожа болғанын көріп, азуын басқан Жомарт, дес өзіне тиісімен құрдай жорғалатты. Көпті көрген жырынды Айдар жаңа бастықтың суы қатты екенін алдақашан сезген. Қолынан келгенше Жақыптан айрылмауға тырысып бақты. Болмады. Енді тек кәрі бөріше жалтақтай қашып, көз жаздырғалы отыр.
— Колхоз еңбекшілерінің қазынасы — еңбеккүн ғой. Еңбектерін көрейінші, — деп бухгалтерден папкені Жомарт өз қолына алды. Ойында есеп тәртіптерін көрмек еді. Көзілдірік астындағы Айдардың көзі орнында тұра алмады. Біресе қағазға, біресе Жомартқа қарап ойнақшып тұр.
— Есеп тәртібі жаман емес, — деді бір кезде Жомарт. Айдар жымың ете түсті. Қуанышы ұзаққа бармады. Жомарт қызыл қарындашпен бір жолдың астын сызып, тұсына Үлкен сұрақ қойды. Айдар үңіліп барып көрді де, құп-қу боп кетті. Сұрақ Бейсеннің фамилиясының тұсында тұрса Да, өз басына төнген шоқпар сияқты.
— Мынау еңбек рас па? — деп көзін аларта қарады Жомарт.
— Рас болу керек. Рас.
— Негізгі документтерді әкеліңізші.
Айдар әкелуге үйден шықты. Қандай документ әкелсе Де Бейсеннің бойына сияр еңбек емес, колхозшылардың Жуан ортасынан орын алыпты. Жаңа жылдың үш айында толық бір ай істемегені мәлім. Ханнан қазық, биден тоқпақ қойса да Жомарттың нанар түрі жоқ. Ойламаған жерде үстінен түсіп, «бір ұрлықты бір ұрлық тапты» деп отыр. Бейпіл ауыз Бейсенді оттатқан Айдар екен. Бәйбішені тыржыңдатқан Бейсен екен... — Сорлы Жақыпты талай отыртты-ау! — деген ойға көзі жеткендей бекіді.
Қуарған Айдар енді қызара тершіп, документтерін әкелді. Өңкей өшіріп, түзеткен, ұйпалақталған қағаздар. Кім өшіріп, кім түзеткенін білу қиын.
— Бригадир, учетчиктердің берген мәліметі. Осы былықты арши-арши шаш ағарды, — деді Айдар.
Жомарт жымиып қана күлді.
— Былықтарға тығылып, былғанған екенсіз.
— Былғанғам жоқ, шырағым. Он үш жылда отчетымда бір мін болған жоқ. Жақып біледі, менің жайымды.
— Мен де білдім енді, — деді Жомарт. Есеп, документтерді жиыстырды да, құлыпқа салды. — Босаттым сізді, бара беріңіз.
— Босаттым дейсің бе, шырағым?! Қалай, сонда?
— Біржола.
Одан әрі Айдар сұрамады. Жомарт айтпады. «Босатудың» артында не жатқанын екеуі іштей білісіп, үйден үнсіз шықты.
II
Астында төрт қабат көрпе, шынтағында қос жастық, Жақып өз бөлмесінде жантайып газет оқып жатыр. Аз күнде-ақ күреңітіп, оңалып қапты. Көзі әлі кетпеген, газетті көзілдіріксіз оқып жатыр. Алдындағы дөңгелек столдың үстінде, үлкен кеседе қолдан ашытқан балсыра. Сол сырадан анда-санда бір жұтып қояды. Терезеден түскен күн нұры, ақ болыскей кроваттың ақ төсегіне құйылып, үй іші бұрынғысынан да жарығырақ, көңілдірек.
Жақып көзін уқалап, газетті былай қойды да:
— Ырысжан! — деді дауыстап.
Орталық бөлмеде жүрген Ырысжан үн қатпай қасына келді.
— Бүгін неге кісі жоқ? Қырылып қалған ба, бәрі?
— Келер. Ең болмаса Бейсен келер, — деп күлді Ырысжан. Сонша болмады, есік ашылды. — Әне, келді.
Келген Бейсен болмай, күзетші Мәмет қарт болып шықты. Пимасын, тонын тастап, пенжекшең төргі бөлмеге енді. Сақалы тым сұйық, өңсіз, қара ағаштай қатыңқы кісі еді. Тыртиып кіріп келгенде, Жақып қуанғаннан күліп жіберді.
— Ей сені біреу тонап жіберген бе?
— Киімшең енсем көргенсіз, тонсыз енсем тонады дейсің. Өз жатысыңа жол болсын. Сойыл тиген жараң бар ма? Тауып жатқан балаң бар ма? Бұл қай жатыс?
— Жатсам-тұрсам өз еркім. Ел жайлауға қонғанды. Түнде тоқылдатып, күндіз тақылдасаң да Жақып сенен аяғын жимайды.
— Паң болсаң, паң Нұрмағамбеттей-ақ шығарсың. Қыздырма, аузымды. Тоқылдағым — колхоз айбары. Желім түгіл, ығымнан жүре алмайды дұшпан. Тақылдасам — тілім найза, түйреп тастап отырам. Ал, Жақып мығым болса, жұдырықтай Жомарттан қалай жығылған? Жақып егер, мығым болса, мына тұрған мес күрең қалай қысыр қалған? — деп Ырысжанды ішке бір түртті Мәмет.
— Табалап отырмысың ей, бес сақал? — деді Ырысжан.
— Ия. Табалап отырмын! — дегенде Мәметтің көңілі бұзылғандай болып үні өшті.
Оның көңілі шын бұзылды. Жасынан Жақыппен бірге өскен жақын жолдасы, әрі құрдасы. Талай қиын шақтарды бастан бірге өткізген. Әйелдеріне айтпаған сырды айтысатын, ер құнындай іске ләм деспей сенісетін. Соның бәрі жетпегендей, кейде ұзақ түнде, колхоз сарайының алдында отырып алып, «біз тұстастан аз қалды-ау» деп, қалған өмірді тек достықпен өткізуге серттескендей болатын. Жақып колхоз қазынасының күзетін ең сенімді деп Мәметке берді. Жақып атқа мінгенде Мәмет өзі мінгендей болды. Көңіл қалыспаған қарт достар нарша тістеп сүйісетін бірін бірі. Әйтседе, осы қалжыңым батып кетті ме деп қалды Мәмет. Оның ойынша, Жақып қазір қам көңіл, жазықсыз орнынан түсті. Достың достығы, қастың-қастығы осындайда, — деп досына жаны ашып отыр.
Жақып Мәмет пен Ырысжанның үнсіз қалпынан да іштерін айқын көрді. Өзі ішін ашқан жоқ. Ештеме сезбегендей:
— Кел, сөз айдағанша, мал айда, сорлы, — деп дойбы тақтасын жая бастады да, Ырысжанға қарады. — Мынаның Құлқынына бірдеме дайында.
Екеуі ескі дойбышы. Бірақ көптен ойнамай тосаңсыған екен, қапелімде мүлт кете берді. Бірер ойыннан кейін ғана бірін-бірі ала алмай тіресіп отыр.
— Жүр, жүр, — дейді Жақып, Мәмет қысылған тәрізді. Селдір сақалын дамылсыз ширатып, қадалып қалыпты дойбыға.
— Сен ойланғанша мен ұйықтап алайын?
— Кесірленбе. Кесір — бас жарады, не тас жарады.
— Саған деген кесірім майдай жағады.
— Ал, ендеше, — деп Мәмет қос үйдің басын қозғап қалды. Жақыптың, күткені осы екен. Беріп-беріп жіберіп, езі жей бастады.
— Бір. Екі. Үш. Төрт. Бес!
— Е, бар болғыр, кергімей-ақ, тақылдатпай-ақ жесеңші! — деді де дойбыны жия салды Мәмет.
Үйді басына көтеріп Бейсен келеді. Ашуланғанда тұтығып қалатын, аузынан түкірігі шашырап, қақала енді есіктен.
— Сабап кетті! Шанаға сүйретіп сабады. Қарға домалатып сабады. Қолында өлемін!..
Барқыраған дауысқа Ырысжан мен Жанат та жетті ұшып.
— Кім, Бейсеке, кім?! — деп Жанат Бейсеннің үстіне түсіп барады.
— Жаңа бастық! Жалғыз бастық! Сұм бастық! Қолында өлемін ойбай, қолында өлемін!..
— Е, құрғыр, өлсең қайда қалдың. Сабыр ет, — деді Жақып зекіп. — Сонша сабағанда бір дақ түспегені ме?
— Әне-әне, нанбайды, нанбайды! Арашалаған Жақыпты да көрермін деді ғой. Олда, білдә осының растығына.
— Қалай кездесіп, қалай сабалып жүрсін? Түсіндірші.
— Жәнібек, Баймағамбет үшеуіміз «Октябрьге» бара жатыр ек. Сайтандай кездесе кетті. Мені олардан алып қалып, дәл өзенге жете бергенде, шанаға сүйретіп-сүйретіп,ойдан төмен домалатып жібергенде бір сағат есім ауып жаттым. Онымен қоймай сексен шана мұз оясың дегені-ақ батады-ау!..
— Е-е, мұздан шықты ма жанжал.
— Жоқ, ойбай! Жақыпты жақтайсың, пәле аңдисың, деп қылды ғой қылықты.
Ұмыт болған қол жұмсау бәрін таңдандырды. Нанарын, нанбасын білмей:
— Бұл рас болса, Бейсенге емес, Жақыпқа істегені, — - деді Мәмет. — Бірақ, анықтау керек. Ұшқыннан өрт шығып кетіп жүрмесін.
Жақып пен Жанат төмен қарап, сабыр тұтып отыр. Ырысжан ақырын ғана күрсініп, күбірлейді:
— Тиыш жатқызбады-ау бұл жұрт.
Бейсенді көп тыңдап, аз сөйледі бұлар. Жомартты жайқаған бейпіл тілі Жақыпқа да тиіп кетіп жатқанын сезген жоқ. Бейсекең:
— Соны құтыртқан сен, Жанатжан! — дей бергенде.
— Жә! — деді Жақып. — Жетті Заңсызға заң, жүгенсізге жүген бар. Жанатта нең бар. Тиыштық бер.
Үй іші сәл тыныштанған кезде есік қақты біреу. Есік қағып ену қазақ колхоздарына әлі енбеген тәртіп. Сонда да кім екенін кірместен білді үйдегілер. Сыпайысып тұрған Айдар екен. Аяғын сылбыр баса түйіле келіп, орындыққа отырды. К,ысқа, солғын амандасып, тұнжырауынан мұның да бойында бір дерт бар екені сезіліп тұрады.
— Жомарт келді ме? — деді Жақып. Айтқысы келмегендей.
— Келді, — деп былық еткізді Айдар.
— Не бітіріп келіпті?
— Он бес ірі қара, он бес шошқа сатқалы келіпті, — деп естідім.
Жақып шошып кеткендей, қысыңқырап отырған көзін бажыраң етіп ашып алды. Шыдамды адам болса да, мал басын азайтуға келгенде, етінен ет кескендей болатын. Соны білген Айдар өз мұңын қоя тұрып, Жақыпты жанды жерінен ұстады.
— Тырнақтап жиналған мал, топтап кететін болды ма? — деп, Жақып түнере тоқтағанда, Айдар шақпағын тағы да жарқ еткізді:
— Адам қалса неғылсын. Мал құдайы.
— Тұмандатпай, ашып айт. Тағы не боп қалды?
— Мені бүгін қызметтен қуды. Ертең Бейсен екеумізді соттатады. Столым қисық қойылыпты деп Балжан мен Жамалды да қара сорпа ғып шығарды.
— Сендерді неге соттайды?
— Ұрысыңдар, — дейді. Өңкей ұры ұстап отырыпсыз, Жақа. Сақалымның ағында естімегенімді есітіп келдім. Адал көңілім қарайып, талайым тапталып келдім. Күшігінен асыраған итті де осылай қуа ма? Сен бәйтерек болғанда, бұтағың едік біз. Қырқып жатыр мынау! Тамырыңды қопармай, тоқтар түрі жоқ. Лақ құрлы бақырма, өле бер десең оныңды айт. Әйтпесе тебіренетін кез жетті...
— Мына бейшара жынданған ба!.. — деді Жанат. Жібек мінезді, шыңырау ойлы Жомарты әлдекімге ұсап барады. Осының бәрі өтірік деуге төндіріп тұр. Рас деуге қисыны Жанат сытылып, үндемей үйден шықты. Қапелімде Жомарттікіне беттеді де, конторға бұрылды. Жомарт председательдікке ауысқан соң, уақытша партбюроның секретары Жанат болған. Шақырып алып тергеуге кетті ойы.
Жақып Жанаттың сұрланып шыққан өңінен ішін де сезіп қалды. Бірақ өзін кімдер қоршап отырғанын сезе алмады. Ескі сенім, ескі достар, жаңа сенім, жаңа достыққа үн қоса алды ма, әлде баяғы «ария-айдай» мен жүр ме? Бұл ойына еніп те шыққан жоқ. Үдей соққан суық көз қанша үндемейін десе де сабырлы Жақыпты шарт сындырды.
— Қайнай-қайнай қаным суалды. Шыдай-шыдай сүлдерім қалды. Енді қақпақ бола алман! — деді Жақып дауысын көтеріп. — Жолың ашық, қолың бос, ағайын. Маған келген сөз болса, ақиқатты айтармын. Бар, беттеріңнен жарылқасын.
Бұл сезге шала түсініп, Бейсен аңыра алақтаса да, Айдар әбден түсінген тәрізді. Иегін бір көтеріп, Бейсенді ертіп әкетті. Мәмет әлі дел-сал. Татулықты сүйген жүрегі тілім-тілім болғандай, қынжылып отырып, оңашада бір ауыз сөз айтты:
— Қатты кеткен жоқпысың, Жақып?
— Малыңа құрық, басыңа сырық ойнатса, шыдамдылық ездік-тағы. Сүттей ұйыған колхоз, мыңғырған дәулет еді. лезде ойран-ботқасын шығарды. Енді немді қорғап жасқанам?! Аузың жаман деме. Осының сарыны зиянкестікке бара жатыр. Анау жылдар қойды қолдан көбейтем деп қырып тастағанды ұмыттың ба?
Екі достың дойбысы, әзілі қалып қойды. Көңілді Бейсен мен Айдардың лаңы басты. Мәмет қарт сөзден тоқталып, дәм жеген соң суыт қайтты үйіне.
Жақып киініп тысқа шықты. Ауыл ортасындағы Сырғабай төбесіне қарай жай басып, өрт сөндіргендей түтігіп келеді. Күн ұясына қона бергенде, Сырғабайдың басына жетті. Кешкі тымықта колхоз ауылының қыбыр еткенін көріп, тықыр еткенін естіп тұр... Бір үшеу көшені басына көшіріп келеді. Ортада балташы Пахрейдің баласы баян тартып, тракторист Төкен қосылады. Комбайнер Коля билеп келеді. Клубқа жеткенде, клуб алдындағы жастар ду көтеріп әкетті...
Бұл, іштегі ақылы концерт емес, сырттағы тегін концерт. іште ақы беріп көргенін, сыртқа тегін таратып жүретін атақты үшеу осы. Үшеуінің де әкесі ескі колхозшы. Жақыптың жақсы көретін адамдары еді.
— Жұдырықтай баладан соқталдай міне жігіт жасадық. Тезектей шашылған қорадан зәулім міне колхоз жасадық.
Енді не керек бұл Жомартқа?! — деді Жақып. Оның көзіне колхоз ауылы кең жазықтағы қамысты көлдей көрініп, клуб алдындағы думан сол көлде сыңқылдаған аққу дауысындай естіліп тұрды. Өзі аңқұмар адам, табиғаттың осы бір кескінін өзгеше ұнататын. Сондықтан, колхозын соған теңеді. Одан артық сұлу жоқтай, колхозға бұдан артық толу жоқтай көрініп тұр. Көңілі толған қарт көңіл аумағы әр қилы екенін аңдамады. Көлдей де, көлшіктей де көңіл бар, көлді көлшікке құйса не болады? Көлшікті көлге құйса не болады? Алдын ойлаған Жомарт, барын ойлаған Жақып көл мен көлшікті еске салады.
Жақып бұны да сезген жоқ. Төбе басында көз жеткен жердің бәрін шолып келіп, көшедегі Теңбілкөкке көзі түсті.
Теңбілкөк жылқының биігі, сұлуы. Салқын қорада баптап, тұқым үшін ғана ұстап отырған айғыр. Жомарт жегетін буданкөк қазақы биеден туған осы айғырдың баласы. Жақыпқа сонда да жақпайды. «Шіркін, мініске берік, суыққа шыдамды, қазақы жылқыны айт» деп өзінің кер жорғасын мақтай береді. Теңбілкөкті Жанаттың қалауымен алған. Анда-санда қасына Алманы алып, Жанат қана жеңіл шанаға жегіп шығатын. Өзге жан жалына қол апарған емес.
Жаңашыл Ақметтің бір мұқары осы асыл тұқымды әсем айғырдың үстіне бір шығу еді. Шыққан екен. Жақып соны көріп тұр.
— Шаруаға пайдасыз мал, — дейді ішінен.
Көшеде келе жатқан Ақметке Бейсен төтелеп жаяу ұмтылды. Әдет бойынша сәлем беріп, қолын ұстамақ. Қолтығына қысқан терісі бар. Айғыр үріксе де ұмтыла береді.
— Қоя-ақ қой? — деп безер болды Ақмет. Бейсен қоймастан жабысып қалғанда, айғыр атып кетіп, тастап кетті Ақметті. Бірақ мертіктен аман. Кешкі тымықта Ақаң бұрқырата бастады...
— Ей, жаным-ау! Қожа емеспін, молда емеспін, әкеңнің құны бар ма, менің қолымда!..
Жақып естіп бар денесімен күліп тұр. Артынан келген Жанатты байқаған жоқ. Жанат та көріп келеді екен:
— Жәке, аналарға күліп тұрсыз ба? — деді.
— Ия. Көкіманның айғырда несі бар. Ананың оның қолында несі бар. Екеуіне де сол керек.
Жанат контордан шығып үйіне барып, әкесінің ашумен кеткенін біліп келген еді. Ендігі өңінен сабасына түскені байқалған соң, шу көтерген әңгімені қозғады:
— Жомартпен сөйлестім жаңа. Мынау антұрғандар босқа дүрліктіріп жүрген көрінеді. Екеуінің де ұрлығы ашылды, — деген кезде, Жақып қолын қатты бір сермеп, бөліп жіберді сөзді:
— Тыңдамаймын! Олар ұрлық қылса, қолы баяғыдан босты. Көрімпазын шіркіннің! Жақып егер кейін тартса, өзі, не колхозы бұл күнге жетпес еді. Білгішін, шіркіннің! Бұдан әрі айтпа маған. «Әкең үйін жау шапса, жабығына қолды бірге сал!» деген екен. Жолың болсын, — деді де жүріп кетті. Қызының күткені басқа еді. Бойына дарытар емес, қатуланып алған, қарыштай басып барады аяғын.
Жанат жалғыз қала алмай ере берді. Жомарттың ақтығын дәлелдеуге тілі жететін. Беттегі шіркеу беттетпей келеді. Әкесінде бұрынғыдай еркелігін көтеретін тур жоқ. «Жомартқа берілгеніңді жаңа білдім. Аулақ менен» дегендей ауыр шықты сөзі. Осы жайында ақтығын айтып, ашып сөйлесуге оқталса да, ашылмаған ұят, үй ішіндегі салт «әдепсіздік» дей берді. Біресе әкенің, біресе өзінің арын қорғап қысылған Жанат үйіне келісімен шешесін өз бөлмесіне шақырды.
Күйеуі мен баласының өңін көрген Ырысжанда өң жоқ. Жүрегі алып ұшып, дірілдей келіп отырды Жанаттың қасына.
— Жәй ма, қарғам, жәй ма?
— Жәй, апа. Ештеме жоқ. Неге сасып отырсың?
— Қайдан білейін...
Ырысжанның жүрегі орныққан кезде Жанат жәй ғана сөзін бастады:
— Осы мен бойжеттім бе, апа?
— Е, қарғам, құдай қойса...
— Бойжеткеннің белгісі не болушы еді?
— Өзім бойжеткенде әкеңе берді. Одан құдай сені берді. Сонан кейінгі сиқым осы.
Жанат шешесіне мейірлене қарап жымия бір күліп қойды.
— Бұл белгілер әр бойжеткеннен табылады. Мен, жынысым әйел болса да, ісім еркек болсын деп жүрмін. Сол белгі менде жоқ па. әлде көрмейсіздер ме?
— Неге көрмейік, қарғам. Тек тірі бол. Алтын айдарым емеспісің.
— Алтын айдарға балшық жақса не болады?
— Кім жағыпты! Айтшы кім болса да.
— Ендеше, Бейсен мен Айдарды жуытпа маңыңа. Күйеге жуысаң жұқпай қала ма? Жәкемнен жаңа естімеген сөзімді есіттім. Көрсетпеген қабағын көрсетті. Бұдан ауырды көргем жоқ әлі! — деп Жанат мұңайғанда, Ырысжанның жаны шығып кете жаздады. Жаңа түсінді. Бейсеннің пыш-пыштары есіне келіп:
— Алда ашық ауыз ит-ай! — деді бетін шымшып. — Алда кергенсіз ит-ай! Нәрестедей жаныма аузы қалай барды екен. Тұра тұр бәлем, итаяқтан сары су ішкізермін. I ау қозғалса қозғалмайтын Зілқараға не болды!? Ауған екен мынау. Ауған екен. Ойпыр-ай, Айдар да сондай ма еді?
— Бар пәле сонда! — деді Жанат. — Бірақ аптықпа, апа. Сабырлы едің ғой, сабыр ет. Жәкемді олардан айырып алайық.
— Айрылмайды ол, айрылмайды.
— Амалын тапсаң айрылады. Жәкеме, өз сөзің қылып, менің сөзім қылып айт: көп істеп қажыды, қолдағыға көз үйреніп, көзден тасаға тосаңсып барады! Дүние жалғыз бұл емес. Басқаны да көрсін. Бойын жазып, ойын сергітсін. Алматыда көптен көрмеген ескі достары бар. Олармен де дидарласып, кеңесіп қайтсын. Содан кейін өз мінін өзі көруіне мен кепіл.
Ана мен баланың қатал Жақыпты жібітуге, жайсыз жақындарынан айыруға тапқан ақылы осы болды. Шам әлі жағылмаған. Алакөлеңке үйде кенеттен бір дауыс естіледі:
— Жәкем қайда?
Жанат пен Ырысжан елең ете түсті. Дауыс тағы қайталады:
— Жәкем қайда? Кім бар?
— Алма! Алма! — деп екеуі бірден ұшты.
Алма екен келген. Көзі кеткелі көп жүрмейтін. Бұл үйге тіпті сирек келетін болған.
— Жәкеме апар! — деді.
— Әуелі мұнда кел, — деп Жанат өз бөлмесіне енгізді. Шам жағылды. Алма көзілдірігін көтеріп, көз жасын құрғатып алды.
— Саған бой бермеді ме?
— Мінезі қатты кісі ғой. Әзір қайтқан жоқ.
— Жақын екі адамың жұлқысса, жұдырығы өзіңе тигендей болады екен. Үйге отыра алмадым. Жомарт та барғанымды жөн көрді.
— Жалғыз келдің бе?
— Әжем әкеп тастады.
Жаңа ғана шешесімен қосқан ақылдарын сыбырлап айтып шықты да:
— Қолқа салма, ақыл сал. Біз қостайық, — деді Жанат.
Ана жақта Ырысжан да Жақыпты қолға алған екен.
Келе жатқан Жақыптың үні естіледі:
— Алмажан келсе, өзім барып амандасайын. Маңдайынан бір иіскейін.
Жақып Алманы маңдайынан иіскеп, жауырынға қағып, көңілі алыстағы елеске кеткендей, көзін сығырайта, жұмсақ үнмен сөйлеп тұрды:
— ...Екеуін екі қолыммен көтеріп, бір конфетті бөліп жегізетін едім. Сондай тәтті болсын деген тілек қой ол... Ажал жетіп біріміз бұрын кетерміз. Қалғанымыз қос бүлдіршінді, қос көздің қарашығындай күтерміз деген едік. Біз жеттік сертке. Сендер әлі сында. Қайсың серттен тайсаң, марқұмның аруағы да, мен де күңіренермін.
Жанат туралы өсекті құлағы шалған Жақып, Жомартқа қарсылығынан ғана емес, көбінесе Алманы аяғандығынан ауырлайтын. Осы халінде Алмаға қиянат істеу қара ниет адамның ісі дейтін. Түсін ашпай, тұспалдап өтсе де, әкесінің мына сөзі Жанаттың жанына бата тусті. Сен сөйле дегендей Алманы түртіп қалды.
— Жәке, сіз сыннан өттім десеңіз де сынағалы келдім, — деді Алма. — Жанат пен мен қос көздің қарашығы болғанда, осы колхоз денеңіз емес пе еді. Дене бұзылса, дәрменсіз қарашықтың бары не, жоғы не?
— Алмажан, тауып айттың. Бірақ соған мен кінәлімін бе?
— Оны келешек көрсетсін. Әзірге айқыны: көз кетіп мен қапа, ой басып сіз қапа. Сапар шегіп, сергіп қайтсақ, сергіген көңілді тыңдасақ қайтеді?
Жақып үндеген жоқ. Ырысжан қостай жөнелді:
— Өзі бұрынғыдай емес. Алмажан. Ашуланшақ боп барады. Әлгі жұлыны ма еді, неменесі еді, сонысын да қарату керек.
— Алма, сен жақсы салдың еске! — деді Жанат, есіне жаңа түскендей. — Жәкем етек басты боп осы маңнан ұзай алмады. Дүние кең. Кең дүниеде талай тамашалар болып жатыр. Көру қандай қызық! Көрудің өзі ақыл салады. Егер Алматыға барса, астананы, ескі достарын көріп бір жасар еді...
Жақып ойлана тыңдап отырып, сазарып, сұрланып кетті, таңдайын қағып, басын шайқады:
— Ауыл ойран болып жатқанда, сауық менің не теңім? Мен жиған мал базарда. Мен жиған адам қуғында. Қолдан жасаған дүнием еді. Көзден таса қыла алман. Елік бастардың әлегіне бұдан әрі төзе алман!
Әкесінің мына сөзін естігенде, Жанат бір қуарып, бір қызарып, тұрып кетті орнынан. Сіңірген еңбегі көп, беделді қарт қарсы болып ауылда отырса, жаңа жоспар оңайлықпен орындала ма? Кедергі жасай берсе, қарттың өзінде не қасиет қалады? Соны ойлаған Жомарт пен Жанат бүгін ақылдаса келіп, қартты уақытша бір жаққа жылжытып жібермек еді. Көнбейтінін көрген соң, Жанат енді ашына сөйледі:
— Ақылды Жәкем, адасып барасыз. Алдың шыңырау, жібермеймін! Жаңа жоспарды түсіну керек еді, не түсінгенше шыдау керек еді. Енді күреске шықпақсыз. Кіммен күресесіз? Кім қалды қасыңызда? Оны да ойлаңыз. Өзіңді тәрбиелеген партиядан, өзің тәрбиелеген баладан жақының кім, айтшы?! Мен сол екеуінің атынан сөйлеп тұрмын.
Жанат әкесінің мойнына асыла отырып, көзінен жасын төге айтса да, қатал әке жібіген жоқ. Ырысжан шыдай алмады:
— Тас болған ба, мына сорлы. Жылатпа Жанатжанды! Келіп-келіп тоқтаған жерің осы болса, қала бер. Жастар өз қызығын өзі жасайды. Жұлма көктей, салма сіңір шеңгеліңді. Бәріміз де талпына еңбектеп ержеткеміз. Ата жолын бұзғанды тыйсаң, әуелі өзіңді тый. Қай атаң салып кетіп еді, колхоз жолын?!
— Жәке, ашу биледі сізді, тастаңыз! — деп Алма да келіп, Жақыптың мойнына асылды. — Жанат екеумізді екі көзімнің қарашығы дейтініңіз қайда? Ауыр сізге! Бірақ осыларға да бір ерік беріп байқаңызшы!..
Жақып әлден уақытта өзіне-өзі күңірене сөйледі:
— Япырай, шын адастым ба? Көп ауыз біріксе, бір ауыз жоқ. Ашу тұрған жерде ақыл тұрмайтын еді. Ерліктің алды — өз ашуын, өз қорқынышын жеңген болар, — - деді де, басын көтерді, — жарайды, тағы да шыдап көрейін. Алматыға барып келейін.
Алма, Жанат шұрқырай, аймалай түсті. Жақыптың ойында: «Алматыға барсам, мені қолдаушы табылар» де¬ген сенім тұрды.
III
Жақып жүріп кетті. «Жанатымнан кем көрмен» дейтін Алманы ала кетті. Жол азықтары жетерлік. «Біз келгенше не болар?..» — деген күдік, «барған соң іс оңалар...» деген үміт терең ішті толтырған.
Күн бүгін сейсенбі. Уақыт кешкі жеті. Колхоз басқарушылары мен белсенділер колхоз конторында, председательдің кабинетінде мәжілісте отыр. Жомарт баяндамасын жиырма-ақ минутте бітірген. Бұрын талас Жақыптан шықса, енді Баймақаннан шықты
— ...Сылбырлық пен көңілшектіктен арылмаған баяндама — дейді Баймақан Жомартты мінеп. — Ауыспалы егісті, электрдің үлкен жоспарын биыл толық орындаймыз
Ермек емес, іс керек. Айдар мен Бейсенді бас қылып бес адамды соттаймыз
Жалқауға, ұрыға рақым жоқ. Алымды Жомартжан, соның әлгі электрін істеп бер. Тағы бірер жаңа адал еңбек, темірдей тәртіп керек. Адам бүтін, екі жарылса өледі. Аржағын өзім білем. еледі. Мақсат біреу, екіге бөлу ымырашылдық. Ашып айтайын, Жомарт жолдас либералдық көрсетіп тұр Жантас пен Жәнібек екеуі екі жақтан дауыстады:
— Тым асыра сілтеме!
— Есептемей бөсіп тұр!
Өзі қызу Баймақанды киме сөздер жел көріктей қыздырды. Бір орында тұра алмай жүріп кетіп, қолын дамыл-дамыл сермеп қойып, сөйледі енді:
— Естеріңізде болсын, совет өкіметіне жақында отыз жас! Отыз сендерге аз көрінсе де, тарихты жүз жыл алға жіберді. Біз қазір коммунизм дәуіріне аяқ бастық! Дәуір темпіне ере алмағандар қашан да сіздерше сөйлеген. «Мүмкіндік», «реальность» дегенді мен де білем. Жер жүзі соғысының дауылы жаңа ғана басылды. Ұмыттыңдар ма, осы Жәнібек. Баймақанға салсаң, қара тасқа да егін егеді адам, осы техника, не керемет жасамады сонда! Ал, бүгін оған не бопты!? «Мүмкіндік» деген менімше, біздің желдей ескен еркіміз. Ол ерікті сылбыр темпі, шұбалаң тәртіп ұстап тұра алмайды. Соғыс бұлты көкжиектен тағы қылтыңдай бастады. Соғыс темпі, соғыс тәртібі керек, еңбекке!
— Соғыспен қорқытпа! Жөніңе көш, екі-ақ минутың қалды, — деді Жомарт.
Баймақан қосымша уақыт сұрап еді, председатель үндемеді. Жәнібек тағы бір іліп тастады.
— Жарыс сөзден жарымассың. Ерекше баяндамаңды тыңдармыз.
Қыспақ! Қыспақ бұларың, — деді де Баймақан отыра кетті. Одан кейінгілердің көбі қысқа сөзді, салқын қанды келді.
Жантас. Ауыспалы егіске қауырт көшуге болмайды. Ол оңай емес. Жомарт айтқандай біртіндеп көшеміз. Ал енді, стахановшы бригадаға келсек, бригада алған міндетін өлмесе орындайды.
Жәнібек. Баймақан бөсе береді. Қызыл тілдің арбасы сына ма...
Баймақан. Білем, бұқпа ақылға бәрің мығымсың.
Жәнібек. Онда адуындама, етпетіңнен түсерсің. Менің Жомартқа қосарым жоқ. Жаңағы айтылған асыл тұқымды малдарды жатпай-тұрмай алу керек. Ертеңнен бастап сатылатын малдарды бордақыға байлаймын.
Баймағамбет. О, тоба! Шошқаны біреуі ауызға алмауын. Е, оның да әр түрлі тұқымы, бабы бар емес пе. Жомартжан, соның әлгі электрін істеп бер. Тағы бірер жаңа тұқымын алып бер. Аржағын өзім білем.
Жанат жарыс сөзге кейін шықты. Секретарьдың пікірін бәрінің де білгісі келіп отыр. Ұзаққа созбай, аз сөзбен ашық айтты пікірін:
— Мен алдымен Баймақан Адамбеков жолдастың пәлсапасына тоқталам. «Мүмкіндік» деген біздің желдей ескен еркіміз дейді ол. Рас, біз желдей еріктіміз. Бірақ желді де, ерікті де билеуші бар. Еркіме жіберсе, мен айдың үстін де колхозға толтырар едім. Әзір оған мүмкіндік жоқ. Олай болса, еріктің өзі мүмкіндікке бағынышты. Уақыт, есеп, алғыр еңбек шешеді. Адамбеков бұның алғашқы екеуін тастап, еңбекке баса береді. Біздікі дүлей еңбек емес, саналы еңбек екенін ұмытқан. Жомарт үшеуін де қамтыды. Көпшілік сондықтан қолдап отыр.
Жәнібек. Баймақанға салсаң, қара тасқа да егін егеді.
Баймақан. Тәртіп қайда, тәртіп!
Жанат. Адамбеков жолдастың бес адамды бірдей соттаймыз дегеніне де қосылуға болмайды. Меніңше, бұл жөнде де председатель дұрыс айтты. Айдарды аямау керек. Ол он үш жыл бойы ұрлап келген. Ешкім шағым бермеген. Сезбеген. Өйткені, колхозшылардың еңбеккүні түгел.
Баймағамбет. Жаным-ау, сонда ұрлық бола ма?
Жанат. Бес килоның орнына төрт кило алсаңыз, бір кило Бейсен сияқтылардың қапшығына түсіп, Айдармен ортақ болса, не болады?
Баймағамбет. Апыр-ай, батшағардың бәлесін-ай. Күнді емес, ортақ табысты сорып жүр екен ғой.
Жанат. Ия, гәп сол сүлікте. Басқаларының бетіне басып, түзелуіне мүмкіндік беруіміз керек. Менің ұсынысым – баяндама қабылдансын.
Жомарт қорытынды сөзден бас тартты. Баяндама бойынша қаулы алынды.
Екінші мәселе – «өндіріс күштерін қайта реттеу» жоспары күнбұрын қабырғаға ілінді. Қазір тек түскен ұсыныстарды қосып, бекіте қойды. Мәжіліс тарай бастағанда Баймақанға:
— Сен бөгел! — деді Жомарт
286 287
Қызу жиналыстан кейін тиыштық орнаған кабинетте үш-ақ адам қалды. Не айтары белгісіз, төмен қарап қаулыны үстінен түзеп, сырын сыртқа шығармай Жомарт отыр. Томағадай түйініп, журналға үңілген Жанат отыр. Екі қолы қалтада, қаны бетте, қоршаудағы тағыдай көзі жайнап Баймақан жүр...
— Сен неге тулай бересің? — деп бір кезде қағаздан басын көтерді Жомарт.
— Сендер неге тартына бересіңдер? Қиындықтан қорқып, электрдің үлкен жоспарын кішірейтпексің. Шамға керосин де жарайды. Электр алдымен колхоз өндірісіне керек. Ұрыны, жалқауды аяйсың. Жау олар. Жауды аяған — жаралы қалады. Колхоз уставын бұзып, өз тәртібіңді жүргізіп барасың. Басқарманы, көпшілікті елемейсің кейде...
— Болдың ба?
— Болдым.
— Іш пыстырған сылбырлыққа шыдап, болмаса шамадан тысқары шапшаңдыққа да шыдап болмайды, — деді Жомарт, — «желдей ерік», «темір тәртіп», «соғыс» деп өзеурейсің келіп. «Темір тәртіп» ылғи соттау ма? «Соғыс» ылғи штурм ба? «Желдей ерікті» желдіктеп мінген жұртшылық бар. Бойың түгіл, ойын, жетпес биік бар. Дәл есептеп, дұрыс орында. Енді қайтып шаужайдан алатын болсаң, жұлқысуға шыдап ал!
— Қорқытпа! Болат танкі, тонна-тонна бомбыны да көргем!
— Қойыңдар! — деді Жанат. — Ол күшті іске жұмсау керек. Баймақан, саған айту жетті. Өзіңе ендігі керегі партия талқысы ма?!
Қасарысқан Баймақан қайысып сала берді. Үні де, өңі де өзгерді. Қатты қайың қызғанда, шыпшып-шыпшып май шығады. Қатал дене қысылса, шыпшып-шыпшып тер шығады. Терлеп кетті. Ақтарыла сөйледі:
— Тағдыр менің қанатымды қатырмай соқты. Жетім едім. Ел қыдырып, өзен сүздім. Есім енгелі әскер қатарындамын. Айыптамаңдар мені, көргенім тек әскер өмірі. Желбегей түгіл, белбеуім босаса жүре алмаймын. Сол аяқты оң аяқтан кейін баса алмаймын. Бейпіл дүниенің маған бәрі сөлекет. Тастай түйініп, қарыштай баспай, отты-суды кешіп өтпей, көргенім жоқ жеткенді. Көп сөз, құлаш қаулы емес, аз сөз, қатал үн еді сонда күш берген. Қайда, қайда сол алып күш! Қайда сол жан шынықтырған темір тәртіп! Бос белбеу, бой күйездікке душар қылған, әттең сен мүгедектік! Әйтпесе, келер ме едім, партиялық арыма қол салғызар ма едім!
Аларсыңдар партбилетті! Алалмассыңдар партиялық жүректі!
Баймақан булығып шыға жөнелді. Жомарт ойланып отырып:
— Ылғи алып қашады. Бүлдіреді, ауыстырам, — деді.
— Әлі де шыдау керек, — деді Жанат, — шіркіннің жаны таза, ойы ұшқыр екен!
Жақып сылбыр, Баймақан ұшқыр. Бірін теже, бірін сүйре деген Жанатқа Жомарт кейіп қалды.
— Тартыншақ пен ұрыншақтың әуресінде күн өте ме? — деп еді. Жанат сөзін ауырлата түсті:
— Мінін көріп безгенше, мінін алып түзе. Басшылықтың басты міндеті осы болар. Тым өрсің, Жомарт. «Өзім білемін,» көбірек. Азайту керек.
Жомарт басын шайқап, жымиып қана күлді:
— Мінезің маған түсініксіз, Жанат. Біресе қостайсың. Біресе қарсыласасың. Көңіл шіркінді жат түгіл, жақынның да көбі көре бермейді. Жаңағының бәрі жақын адамдар. Жан-жаққа тартпады ма? Екеуміз ала болсақ, не береке қалады ?
— Көңіл бірлігі келісіммен болмайды, Жомарт, — деп Жанат та күліп қойды.
Сөз осыған тіреліп, екеуі үнсіз отырғанда, есікті ептеп ашып Айдар енді. Қасында кішкене қыз баласы, қолынан ұстап жетектеп алған. Бұрынғы Айдар емес, қайыршы Ай¬дар сияқты. Отыруға да именіп, мөлтеңдеп тұр. Алдамаған, алданбаған адамды емен де болса бір иерлік.
— Қарақтарым, — дегенде көзінен жас парлап кетті. Қасындағы жас бала әкесін көріп еңіреді. — Сөзімді тыңда. жасымды көр, қарақтарым. Бұл жаспен бетімді түгіл ішімді жуып келіп тұрмын. Жаздым, жаңылдым. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Кәрі қойдың жасындай жас қалды, тентіретпе мені. Шырылдатпа мына балапанды, ендігі қалған өмірде адал істеп, күнәмді ақтап ала алсам, арман жоқ. Сен, қарақтарым, бастарың жас, сақалымның ағымен, көзімнің жасымен, осы нәрестенің зарымен ант етем. Сен, қарақтарым, сеніңдер.
Жанат бұдан әрі шыдай алмады. , — Сабыр, отағасы, сабыр. Жыламашы, балақай... — деп екеуінің үстіне түсті. Жомарт бетін басып, төмен қарап кетті. Жанат уаталмай әлек. — Жомарт, неғып отырсың, естимісің зарды! Көремісің жасты? Елжіретіп барады. Десеңші бірдеңе.
Жомартта әлі үн жоқ. Жанат үстіне түскен сайын, Айдардың даусы үдей түсті:
— Е, тәңірі, бар болсаң кер міне, салдым мойныма бұршақ!.. — деп белбеуін мойнына аса күңіренді. Жанат барып Жомарттың қолын бетінен жұлып тастады.
— Таспысың, адам ғой мыналар!
Түңілген көңілді, төгілген жас жеңді. Жомарт та қайысып отыр екен.
— Қалсын орнында, ақтасын. Шыдайық біраз, — дегенде, Айдардан бұрын Жанат ұстады қолын. Айдар екеуінің қолын кезек-кезек сүйіп жатыр...
IV
Көктем. Жер әлі кепкен жоқ. Біресе қатқақ, біресе былқылдақ. Су жүріп кеткен. Сағасынан буған қара Нұра, буынып кейін серпігенде, бір көш жерді көл ғып жіберді. Күшті серпін биыл «Аманкелдіні» де шарпыпты. Нұраның осы тұсындағы терең арна шүпілдеп, бір лықсыса ауылды алып кеткелі тұр. Бірақ оған шамасы келмес. Көз ұшында, К°- жыр тауының түбінде, тар сағада күрсіл естіледі. Сең мен дәрі — дүлей күш пен өнер күші алысып жатыр. Күрсіл үдеп, су төмендеп барады.
Қыстай жиын отырған «Аманкелді» осы кезде бірнеше жасаққа бөлінген. Баймақан бастаған топ, Теміртаудан электр линиясын тартуға шықты. Жәнібек бастаған кіші топ, сатуға мал айдап, Қарағандыдан асыл тұқымды мал, машина алуға кетті. Ауылда қалғандарды тік көтере, Ақмет жол жұмысына әкеп салды.
Өндіріс күштерін қайта реттегенде, Жомарт осылай үш салаға бөлген-ді. Үшеуін бірден жүргізіп, керегінде күшті бірінен-біріне ауыстырып отырмақ. Eгiс кезінде бұлардың ішінен іріктеп алатын адамдары да күні бұрын белгілі. Қыстай дайындалып шыққан ұқыпты, күйлі колхоз береген жаздың бермесін де қоятын емес. Күшті шабуылға кірісті.
Күн бүгін сылбыр. Жол жаман. Жомарт буданкөкті салт мініп, электр линиясында жүр. Қазір жұмыстың ауыры да, асығысы да осы. Әлсіздер бұраңдап, сабырсыздар шатынай бастаған. Жоспар бойынша электр шаруашылығы көктем егісімен жедел бітпек. Сондықтан Баймақанды әдейі басына қойып, әр адамның міндетін Жомарт бөліп берген. Алыстан қарағанда Теміртау мен колхоз арасындағы кең алқапта құмырсқа жолындай тынымсыз қыбыр көрінеді. Сол қыбырды бір кезде сағым көтеріп, таңғажайып сәулет береді. Жомарттың алысқа кеткен ойы бұдан сәулетті, әрі сенімді еді. Баймақан торы бестімен жүгіртіп келіп, жәйсіз хабар естіртті:
— Қазу, орнату жұмыстары төрт күнде бітер емес. Есеп теріс пе, істеушілер теріс пе? Өзің шеш.
— Неге бітпейді?
— Қалай бітеді! Қырық километрге төрт жүз шұңқыр керек. Жиырма адамның жетеуі үшеуден ғана қазып жатыр. Норма бесеу.
— Асыра орындаушылар қайда?
— Олар төртеу-ақ. Жетеудің кемтігін жаба ала ма?
Жомарт ойланып қалды. Екеуі орындамаушыларға қарай келе жатыр.
Елуден асқан шошқашы Баймағамбет үлкен денесімен қорбаңдап, шұңқырға түсе бере артына қарады.
— Хал қалай, Бәке? — деді анадайдан Жомарт.
— Норма көп пе, жасым көп пе, білмеймін. Әйтеуір екі шұқыр мойында, — деп қарқ-қарқ күлді қарт.
— Норма да, жасыңыз да көбірек шығар.
— Соны мына шіркін есептемейді. Кем қазсаң күн жазбаймын деп нықыртып кетті жаңа. О, тоба! Мені аянады дей ме екен. Шошқаны тастап, сұранып келдім ғой. Бір төрт күнге өлмес, бәрі соның қамы.
— Онда шапшаңырақ қимылдау керек! — деді Баймақан. Баймағамбет аңырып тұр:
— іріккенің бар дегені ме?
— Әскерде біз мұндай шұңқырды он-ақ минутте қазатынбыз.
— О, тоба! Бес жылғы сүргін соғыста алмап еді, осы мені солдат қылғысы келеді-ау!
Жомарт күліп жіберді де жүріп кетті. Кетіп бара жатып:
— Бәкең барын аямайды, — дегеннен басқа ештеме айтпады.
Баймақан терісіне сыймай келеді. Жомартқа қатты айтуға аузы бір күйген. Ақырын айтса да шымши айтты бұл жолы:
— Барын аямаса, уақытты ұзарт. Үлгерер бір.
— Уақытты көбейту үшін, әуелі азайту керек. Біз биыл электрдің арқасында мыңдаған сағат жұмыс уақытын үнемдеп, мыңдаған жұмыс күнін пайда қыламыз. Бұл пайда колхозды миллионер етеді. Сондықтан қазіргі уақыттың бір секунды, үлкен үйдің бір кірпішіне бағаланады.
— Онда неге қостадың Баймағамбетті?
— Ол берілген адам. Барын берсе нең, бар.
— Кемін кім береді.
— Ия, мен манадан соны ойлап келем, — деді Жомарт. — . Шешкен тәріздімін. Столбашылардан кісі аламыз.
— Шешкен-ақ екенсің! — деп Баймақан бұрқ етті. — Алты арба алты жерде сазға батып қалып, азар шығардық. Ол он бес, енді он бес кісі сұрап отыр...
— Бос сөз. ішінен мықты үшеуін таңдап алып, шұңқырға сал! Әлсіздеу біреуін үш көлікпен ауылға жіберем, — деді де, сөзін морт кесіп, Жомарт шоқыта жөнелді.
Бұл есепке түсінсе де Баймақан әлі кейіп келеді. Үш көлік, алты адамнан, бір трактор, екі адам әлдеқайда артық істейтіні анық. Бірақ трактор МТС-тікі. Жол жұмысына көмектесіп, аз күнге екі трактор берген, егіс басталысымен қайта алады.
— Енді жолды бөгейді барып. Жол дегеннің стратегиялық значениесі бар... — деп қояды. Баймақан. Одан әрі ойын столба көтерушілердің қиқуы бөліп, жортып кетті...
Жомарт желе шоқырақпен жолшыларға жеткенде, жетпіс-сексен адам жарыса істеп жатыр еді. Әуелі тас басындағы трактористерге келді. Тас болғанда қазып алатын тас емес, күреп алатын тас. Нұраның осы тұсындағы ескі арна, жаңа арнадан алыстап, тас аралас жалпақ ірі құм боп жататын. Екі жігіт, екі әйел екі тракторға тіркеген арбаларды бәсекемен тиеп жүр. Ақжарқын Төкен қабағы салыңқы жәй тұр.
— Не ойың бар, Төкен? — деді Жомарт, амандықтан кейін атынан түсіп. Төкен көңілсіздеу қайырды жауапты:
— Керосин азайып қапты. Нормадан асқан жоқ едім, осы екі қатынның бірінен келді ме деймін.
Екі әйелдің бірі Бейсеннің бүйрек бет, түрік ерін тоқалы Ұрқия болатын.
— Тәйт әрі! — деп сумаң етті. — Электр келе жатқанда майыңды қайтем.
Қолы босамаса да, аузы бос екі жігіт көлденең сөзді құр өткізбеді. Тоқалды қақбақылдап тұр:
— Жымысқы жоқтықтан ғана бола ма?
— Төкенді әуес қылғаны ма, онда?
— Әнші жігітке әйел түгіл қыз да әуес.
— Кемітпе. Бұл жеңгей қыздан сірә кем емес.
— Сары майдан дәметкен дәмең құрсын. Адырам қал! — деді Ұрқия, саусағының арасынан бармағын сорайтып. Бұртиып тұрған Төкен мырс етті. Жомарт алақанын соғып күліп жіберді. Екінші әйел ұяттан өліп түр. Бетін шымшып күбірлейді:
— Ұяттағы, қалжыңға сонша бүлінгенің
— Қалжың болса қайтейін!
— Ақырын. Жомарттан ұялсаңшы.
— Ұялмай о да екі қатын алғалы жүр ғой.
— Қой әрі.
— Е, Жақып пен Алманы жөнелтіп, оңаша қалған жоқ па екеуі.
Әйелдердің күбірін Жомарттың да құлағы шалды. Естісе де естімеген боп Тәкенмен сөйлесе бастады.
— Тракторының маркасы қалай?
— ЧТЗ. Дизель С-65.
— Күші қанша?
— Тұрып тартқанда 65, жүріп тартқанда 50 аттың күші бар.
— Сазда, құмда күшейем де. Неше цилиндр?
— Төрт.
Жомарт тракторды өз көзімен тексеріп шықты. Ол тракторды ғана емес, ауыл шаруашылығындағы машиналардың қайсысын да болса, жүргізе біледі. Кейін бітіріп Келген агрономдардың бұрынғы агрономдардан бір өзгешелігі осы еді. Бакты ашып көріп:
— Керосинге жол болсын! Солярь қайда? — деді. Төкен төбесін қасыды.
— Керосинмен де жақсы жүреді.
— Жүре береді. Бірақ керосиннен 18 литр кеткенде солярьдан 12-ақ литр кетеді. Солярь тағы арзан.
— Бізде қазір солярь жоқ.
— Жоқтық емес, салақтық.
Жомарт полевой сөмкесінен блокнотын алып, записка жазды да, Төкеннің қолына ұстатты.
— Тракторыңмен тез Баймақанның қарамағына жет. Мына запискамен біздің складтан солярь ал дағы, керосинді бізге қалдыр. Директорыңа сәлем айт, керосині көп екен. Өзің де ойлан. Тапқан астығыңды май жұтып қоймасын.
Төкен қазбауырмен қайқаңдап құмнан былай шыға бергенде, Ақмет көре салып атты борбайға бір көмді. Ағызып та, ақырып та келеді.
— Қайда барасың? Бүлк етпе!
Жомарт жолдан қосылып тоқтатып алды.
— Мен жібердім, Ақа.
— Қайда, қайда!
— Электр жолына.
— Мынау жол емес пе екен?
— Сабыр етіңіз кішкене.
— Пай-пай, бала-ай сабырың-ақ соңнан қалмады-ау.
Жомарт түсіндіре бастап еді, — Ақмет лезде басыла қалды.
— Мен осы арада отыз бес минут отырдым, Ақа! Төрт кісі екі тракторды тиеп болып, трактор келгенше қарап отырды. Келген соң, тиегенше трактор қарап тұрды. Енді тұрыс жоқ. Конвеерный системаға көшті. Екі трактордың қызметін бір-ақ трактор атқарады.
— Дұрыс! — деді Ақмет. — Бұл дүние — есеп. Есепсіз — есек. Осы жолдық жамандығынан шыққан шығын шаштан көп. Тіпті менің мотоциклімнен ат озып кететін болды...
Жомарт блокнотын ашты. Жыл бойы осы жолда артық төгілген көліктері, жанар май, сынған арба, бүлінген машиналар мыңдаған сомдарды жұтып жатқанын айта келді де:
Бәрінен де уақытты айт! — деп тағы бір тоқталды уақытқа. Бұл жігіттің уақыттан қымбаты жоқ. Математиканы жақсы білсе де, уақытты дұрыс пайдалану есебіне әлі жетпеген тәрізді. — Секундтап берілген өмірді, ысырапсыз жұмсап, жеткізсем, — дейді.
«Орыс мінез» Ақмет басты шұлғып тұрып: — Тоқта, бала, — деді бір кезде. Ұмытып барады екем, қашан келеді станок?
Жомарт жымың ете түсті. Ақмет станокке, Баймағамбет «шошқаның электріне», Жәнібек мама сиырға құмар. Күніне неше кездессе де. бұлар бір айтып қалады. Ақмет бүгін таңертең ғана тапсырып кеткен, тағы сұрап тұр.
— Мана айтқаным қайда. Келеді, — деді Жомарт.
— Тез келтір. Күні бұрын орнатып қоям, — деп құлшынып қойды Ақмет. Қол балғаны электр балғасымен өзгерту, оның дүкен үйінде өмірі болмаған үлкен жаңалық еді. Сондықтан өңінде түгіл түсінде де электрлі станок есінен кетпей, тамаша түстер көріп шығады. Түсін Злиқаға жорытады. «Өмір ұзақ, көңіл шат, талап жоғары, дұшпан табанда болады екен» деп жарылқайды Злиқа. «Малды фермаға бақтырам» деген ойын осы кезде станок, жол қуаныштары басып, көп құнттамай жүр. Ертең сол әнге қайта басқанда не айтам деп Жомарт әлден қылпылдап тұрғанда.
— Ауданның қағазы не болды? — деді Ақмет.
Жомарт жауаптан қашып, тебіне жөнелді. Созбұйдаға салып барады:
— Кешігіп қалдым. Қараймыз ғой. Қол тиіп жатыр ма...
Ақкөңіл Ақаң «баланың» сырғытбасын сезген жоқ.
— Жұмыс басты екені рас! — деді де жөніне кетті.
Былай шыға Жомарт атының басын тартып, аяңмен келеді. Ерні тобарсыған, жүзі тотыққан, шаршаған да болу керек, ерге бір жамбастап келеді. Беті Нұраның қолтығындағы құйқалы түбек. Қалың егін жайды қақ жарып өтіп, түбекке жеткенде аттан түсті. Қара топырақты қолымен сығымдап қарады. Топырақ былжыр. Қолына жабысты, тастап жіберді.
Түбек басқа жерден кеш кебетін былқылдақ, шалғыны ат бойынан асатын мәйек. Жақып шөбіне қызығып, соқа салмай келген. Жомарт шөпті егіп те алам, биыл осы былқылдаққа бақша салам деп тұр. Бақша егісін бұл маңдағы қазақ колхоздары әзір онша бағалаған жоқ. Жомарттың есебінше биыл бақшаның өзінен жүздеген мың сом пайда өнгізбек. Келесі жылы суарып салып, пайданы екі есе арттырмақ.
Жомарт қазір «суаруды ендігі жылға қалдырмаса» деген ойға үйірілді. Су'тартатын машина, біраз труба керек. Қарағанды, Теміртау оны шопақ құрлы көрмейді. Жер қазу жұмыстары онша көп емес... дей келді де, «әттең уақыт болсаға» тіреліп қалды. Әрі кетсе бір жұмада егіс басталмақ. Оған дейінгі жұмыс жетіп жатыр. Оның үсті¬не қалай сықтаса да су шаруашылығы сыяр емес. «Әлде егістен кейін, бақша егісімен қатар қолға алса қайтер еді?..» деп тұрғанда ойы бөлініп кетті.
Бір атты ауылдан зырлатып шығып, тасшыларға келді. Тасшылардан жолшыларға қарай ағызып барады. Жомарт биноклінен қарап әйел екенін айырды. «Балжан болғаны ма, бұл қалай» деп тұр. Атты жолшыларды сүзіп өтіп, Жомарттың өзіне қарай салғанда, Жомарт та атына мініп қарсы шапты.
Айтқандай Балжан екен. Демігіп сөйлей алмайды.
— Жәй ма?!
— Жанат тез жетсін деді!
— Не боп қалды?
— Айдарды өлтіріп кетсе керек!
Бұдан әрі сөзге келген жоқ. Аттың шабысы білді. Тайлы-таяғымен жұмысқа кеткен колхоздың жым-жырт көшесін дүрсілдете конторға жеткенде бір-ақ тоқтады.
Жанат партком бөлмесінде. Телефон трубкесін жаңа ғана ілген. Стол үстінде жаюлы мектеп қағаздарына қарай алмай, толқып тұр. Бетінде қан ойнап, көзі есікте еді. Жомарт алқына кірді.
— Шын хабар ма?
— Шын хабар. Жәнібек айтты телефонмен.
— Қалай өлтіріпті, кім өлтіріпті?
— Өлі-тірісі әзір мәлім емес. Жиырма мың сом ақшамен кешеден бері жоғалыпты.
— Қатын-баласы естіді ме?
— Қайтпапты. Есігі берік екен, — деді Жанат. — Солардың бәрі бірдей кетуінен маған бір күмәнді ой келіп тұр. Баласы қалай ауыра қалды? Астығын, сиырын ала кетіпті ғой, осы жолы. Неге сатады?
— Қашқаны ма?
— Кім біледі. Қашты ма, ақшаға қызығып өлтірді ме біреу.
— Ақша кімдікі екен?
— Колхоздікі.
Жомарт ойланып отырып өкінді:
— Сол итке жібімей-ақ қояйын деп едім, болмадың...
— Жібімеген еркіңе қойды ма? Өкініштен пайда жоқ. Қазір біріміз жүру керек. Ондағы алатын дүниеге енді ақша жетпей қалды деп Жәнібек бақырып жатыр.
— Менде уақыт жоқ.
— Менде бар ма?! Мұнда жалғыз қалдым. Оқу жылының аяғы. Әне мектеп қағаздарын ала келіп, партия жұмысының ара-арасында істеп отырмын. Сен барасың. Тіпті өзін, иек сүйеп алғансың ба, маған.
— Кеттім, — деді Жомарт. — Мұндағыларды басқара бер.
Күн ұзын дамыл таппаған Жомарттың, үйіне соғып, суық тамақпен қаузануға ғана мұршасы келді. Буданкөк те сұлыға ауызды құныға салған еді. Мініп алып жүріп кетті.
Қарағанды қырық километр саналады. Бірақ жиырма, сексен километр деуге де болады. Жаңа шахталардың, жұмысшы поселкелерінің бір шеті Қара Нұраға дейін созылып, екінші шеті Шерубай Нұрасына барған. Екі Нұраның арасына екі рулы ел сыйған ертеде. Сол белесті байтақ даланың бәрі қазір Қарағанды аталады. Жәнібек оның қай жерінде жүргенін Жомарт білмейді. Үлкен базардың маңынан табылар деп, «Көмірлі Қарағандыға» тура тартты. Телеграф жолымен Керіала ат қырқасына шыға келсе, күн шашырап батып барады. Арты теңіз, алды мұнар тау. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан — Қарағанды, Ұзын Нұраның бойында көк теңіздей көлкіген — Каргрес, Теміртау. Екі алыпқа кезек-кезек қарап бара жатып:
— Біздің колхоз бұлардың бір тамшысы-ау, — деді Жомарт.
Көз байлана қалаға енді. «Капай городте» Мәжиттікі бар. Қорасы кең, Жәнібектің келгенде түсіп жүретін жақын ағайыны. Жомарт салған күйі осында келді.
Жәнібек қорада жүр екен. Қора іші қатарлап байлаған асыл тұқымды сиырлар. Арбалар толы электр жабдықтары, көмір, темір, колхоз керектері... Бір арбаға тұқым ағаштары тиелген. Су жаңа екі жүк машина тұр...
— Жәкең жинап тастапты ғой! — деді Жомарт, амандықтан бұрын.
— Жәкең бүгін жол үстінде болмақ еді. Мына қырсық. — деп, Айдардың жайын баяндай бастады Жәнібек...
Бұлар бес-алты кісі келген. Үш жерден ларек ашып, әкелген малдарын сойып сатып бітіріпті. Түскен ақшаны Жәнібек Айдарды ертіп барып, күнбе-күн банк арқылы аласысы бар мекемелерге жіберіп тұрыпты. Кейін сатылған бір жарым шошқаның еті жиырма мың сом шығарған екен, Жәнібектің қолы босамай, ақшаны Айдар жалғыз әкетіпті.
— Аз ақша болған соң, өзге шаруа қалмасын деп асықтым, — дейді Жәнібек. Азда болса кейіп тұр, — Енді сол ақшаға бола айғырларды бермей тұрғаны. Өзгесін төлегенбіз.
Жомарт ақшаға ренжіген жоқ, Жәнібекке қатты ырза болды. Бес күн еді берілген срок. Үш күнде жарты миллион оборот жасап, әр мекемеден, әр жерден осынша дүниені жинап алу шынында Жәнібек сияқтының ғана қолынан келетін іс.
— Шіркін, адамның бәрі сендей ұқыпты, сендей адал болса! — деді Жомарт. — Ренжіме. Ақшаны біз табамыз, ақша бізді таппайды. Қазір барып айғырларды ал да, түн қатып жөнел!
— Бермейді. Ең азы бір сом кем болса да беретін емес.
— Мен бергізем.
— Онда әуелі Бейсенді табу керек.
— Ол қайда?
— Айдардың қатын-баласын білем деп кетіп еді, жоқ.
Жомарттың күдікті ойы қоюлана түсті.
— 1 ез, өзің барып қайтшы, — деді де үнге енді.
Жәнібек буданкөкке міне сала, 1-шахтыга жөнелді.
Айдардың әйелі «Загороднийде» жатқанын естіген. Жол 18-шахтаны басып жүреді. Айналма. Жәнібек төтелей салды. Темір жолдардан секіртіп өтіп, беткейге шыққанда, айқайлайды біреу.
— Шығарыңдар, түсіп кеттім! Шығарыңдар өліп барам!..
— Өлмей тұра тұр, ей, мен барам! — деп Жәнібек бұрылды. Мас біреу ғой деп қалды. Астының көмірін алған жердің үсті, кейде ойпат, өзек, үлкен жарық боп жататын. Адам жүрмейтін жарықтардың арасынан шығады дауыс. Келсе, өзінің Бейсені екен. Қолы ернеуге жетпей, жарықшаққа сынаша тығылып қапты.
— Бейсеке-ау, өзің тығылдың ба, біреу тығып кетті ме?
— Өзім, Төтелеп жүрем деп, қараңғыда түсіп кеттім.
— Жақсы болды, тез табылдыңыз, — деп Жәнібек, әлі күліп жүр. Шығарып алып, алдына мінгізді. — Ақырын жүріңіз, ат жазым болады. Иә, бардыңыз ба?
— Бардым. Қайтып кетіпті.
— Айдардан дерек бар ма?
— Естілмейді.
— Япырай мұны поезд басты ма, біреу өлтіріп кетті ме?! Әлде бір жерде мас болып қалды ма?
Бейсен үндеген жоқ. Үйге келген соң отырмастан Жомартқа иек қағып, оңаша бөлмеге алып кетті.
— Қарағым, мен антұрған мойындап жүрмін. Ырзамын адамшылығыңа. Осы ит қашып кетті, — деді де қалтасынан газет суырды. — Оқышы, осынан қорқып қашты.
Жомарт оқып шықты. «Аманкелдіге ашық хат» деген кішкене хабар екен. «Оқушылар» деп қол қойған. Өткен жылы егін жинау кезінде Алматыдан бір топ оқушы «Аманкелді» колхозына көмекке барады. Сабақ басталып қалатын болған соң, еңбектерін алуға қарамай, асығыс жүріп кетеді. Мұнда келіп неше рет хат жазса да, ақы түгіл жауап қайтпапты.
— Бұған қанша кінәлі Айдар? — деді Жомарт.
— Сол ақшаның бәрін Айдар алды, — деп сыбырлады Бейсен.
— Қалай алады?!
— Подлог жасап алды, подлог. Енді сонысы ашылатын болған соқ зытқан ғой. Қатын-баласы да кетіп қалыпты.
Біреу өлтіріп кеткеннен көрі, қашып кеткені Жомартқа жеңілдеу тиді. Бірақ өзін де, Жанатты да қатты кінәлады ішінен. Қайнатулы шайға қарамай киініп жатыр.
— Жаңа қалаға барам. Жаңағы төбетті іздетем. Жәнібек, жүр, айғырларыңды ал, — деп шығып кетті Жомарт.
V
Бұдан бірнеше күн бұрын, Жанат пен Жомарттың алдында зарланғаннан кейін, Айдар Қарағандыға бір келген. Сол келісінде «Социалистік Қарағанды» редакциясына құлақтандыру бере кетуге кірді. Редакцияда бар танысы Мәлкен болатын. Алдымен Мәлкенге келсе, бір қағаз оқып отыр. Қағаздың басында «Аманкелдіге ашық хат», ақырында «Оқушылар» депті. Аржағын Айдар оқымай білді. Содан былай дайындала бастаған.
Жомарт іздетуге шыққанда, Айдар Алматы облысында, «Калинин» колхозындағы жиенінің үйінде отыр еді. Жиені де колхоздың бас бухгалтері. Көптен көрмеген нағашысын төбесіне көтере күтті. Ет, арақ дегендер былай тұрсын, былтырғы апорттар стол үстін қып-қызыл қып жайнатып жіберді.
— Председательді шақыр. Нағашыммен таныстырам, — деді көңілденген жиен. Сөз әлпеті көтеріңкі жатыр. Сірә бастықпен жаман болмау керек. Айдар жүрерде ғана сыпыртып тастағанын ұмытып, сақал, мұртының орнын әдет бойынша бір сипап қалды. Сол кезде арты да қылп еткен тәрізді.
— Әзір қоя тұр, Амантай, — деді жұлып алғандай. — Әуелі оңашада шұрқырасып алайық. Етке келер.
Аузына бірер рюмке тиген жиен ырық бермеді.
— Келе берсін! Шұрқырасу қашпас. Әзір қайтармаймын, — деп иек көтерді келіншегіне. Келіншек ытып кетті. Келіншек те болса, маңдай терісі құрыса бастапты. Айдар қипақтап «кемпіріне» қарады. «Кемпір» де болса, беті шиқандай, көзі қарақаттай, ақырын ғана ерні бүлкіл дейді:
— Амантайдан жасырасың ба, сездіріп қой. Үшеуі оңаша отыр. Айдар сонда да сыбырлап сездірді.
— Кісі көзінше Балтабек Төкенов дегейсің мені.
— Ол кім?
— Ол әйтеуір біреу-дағы.
— Жоқ! Қулықты қоя тұрыңыз, нағашы, Әуелі председательмен жақсылап тұрып таныстырам. Мына кісі менің ардақты нағашым, Айдар Сабатаев. Орысшаны орыстың өзінен жақсы біледі. Он үш жыл бухгалтерлік стажы бар. Қарағанды облысынан, «Аманкелді» колхозынан қонаққа келді деймін. Содан кейін пожалыста, қалжыңдай беріңіз.
— Менікі қалжың емес.
— Фамилияңызды өзгерттіңіз бе?
— Иә , — дей салды Айдар, жиенінің жел өкпе екенін көрген соң.
— Неге?
— Мәні бар. Кейін айтам.
— Мәні бар? Ә, қандай мәні бар? — деп отырып, жиен үшінші рюмкені көтерді. Рюмке болғанда кәдімгі колхоз рюмкесі. Айдар «ішпе!» дегенше, шұбар кесенің ернеуі жиеннің маңдайына тақ етті.
— Нағашым келгенде ішпеген арақ, су боп кетсе болмай ма.
Председательді ертіп, жиен келін кірді. Амантай ұшып тұрып таныстыра бастады:
— Мына кісі менің ардақты нағашым, Сабата... нет. Шорт возьми... Төкенов, ия Төкенов. Орысшаңызды орыстың өзінен әдемі жазады. 13 жылдан бері бухгалтер. Қарағанды... — дей бергенде.
— Қайтесің, бажайлап. Мына кісіні таныстыр, — деді Айдар.
— Бұл кісі осы колхоздың председателі Балабеков Мергенбай жолдас. Көңіл айтуыңызға болады, арамыздан қыл өтпейді. Келіншегі қайтыс болған. Үш айдан бері бойдақ. Кәне, таныстыққа бір-бір алып жіберейік..
Алып жіберісті. Ет келгенше-ақ Амантайдың көзі дөңгеленіп болды. Бойын баққан Айдар отағасының да кепкен беті албырап келеді. Мергенбай тың. Көзі тым мерген. Әйел қонаққа көзін қадап-қадап қояды. Қонақ қылымсып, біресе ширатылып, күлімдей береді. Қасындағы қыз бала үш-төрт жастан артық емес. Осы бала болмаса қонақтың түрі қыз дерлік. Айдар сонда да «кемпірім, кемпірім» деп қоймайды.
— Мәні бар? Қандай мәні бар екен?!! — деп маңдайын ұстаған Амантай бір қож етті. Айдардың жүрегі дір ете түсті.
— Жиен қарағым, жатқызшы апарып.
Жиен келін келіп сүйрелей бастағанда, Амантай қолы¬мен сермеп тастады.
— Кет! Нағашымның әңгімесіне қана алмай отырсам, нағашы, ә, нағашы...
— Көп сөйлеме, Амантай.
— Сөйлемейін, айтшы, қазір айтшы. Жүрегімді түйнеп тұр. Мергенбай өзіміздің кісі.
— Кішкене тынығып тұршы, кішкене, — деп Айдардың өзі келе сала қолтығынан көтерді. Жиен келін де демеп жүр. Екеулеп бөлек бөлмеге әкетті. Амантайдың дауысы ӘЛІ семген жоқ. Айдарды құшақтап жібермей сөйлеп жатыр. Бәрі естіліп тұр:
— Ардақты нағашым, сағындым. Айтшы, неге жасырасың? Құрысын Төкенов. Даешь Сабатаев. Өзгертпе, өзгертпе. Тірідей өлемісің. Корықпа баяғыдан, 13 жылғы еңбек бәрін жеңген...
Бір құқайдың барын Мергенбай ішіне түйіп алды. Әйтседе біреудің жасырын сырына ортақтасуға ұялып, көңілін бөлді:
— Жеңгей, есіміңіз кім? Сізді ешкім таныстырмады, өзіміз танысайық.
— Атын білген қанша таныстық. Жәмилә атым.
— Бірте-бірте затыңызға да барармыз, сабыр етіңіз.
— «Сабыр түбі сары алтын» бола берсе неғылсын.
— Асыққанда жеткеніңіз «кемпірлік» қой.
— Сүйгенін «шұнағым» демей ме?
— «Етімді шал сипаған құрт жесін деп, жартастан қыз құлапты терең суға». Бекер құлаған екен онда...
— Құтқарса жігіт қайда қалған сонда...
Терлеп-тепшіп Айдар келді. Бұл жақтан да бір сұмдықты сезе келді. Суыған шайды ауызға ала бергенде, қайта елірді Амантай. Оған барса кемпірі қалады, бармаса ол бүлдіреді. Екі оттың ортасыңа түскен Айдардың ішкен-жегені мұрнынан шықты.
— Сен баршы, кемпір, сен бар, — десе де.
— Ие бермейді маған, — деп нығырақ отырды «кемпір». Амалсыз өзі кетті. Қалжың қайта басталды:
— Тілазар ма едіңіз, үлкен кісінің сағы сынды ғой.
— Үлкенді сыйласаңыз, өзіңіз барыңыз. Ауыл сіздікі, адам сіздікі.
— Сізді тастап кете алам ба?
— Мен де тастап кете алмадым. Әзіліңіз аттық екен.
— Кетерсіз тастап, қалармын көзден жас парлап. Сол жасты сүртетін, көңілге күзу ететін, сұраймын орамал қолқа сап.
— Үйсін жігіттері өлеңшіл екен. Өлеңмен салған қолқаға, орамалым жараса алыңыз, — деп, тастай берді Жәмилә.
Жарқ еткен ақ орамалды ашық есіктен Айдардың да көзі шалды. Көзіне сенбей еніп келсе де кеш қалды. Қағып алған Мергенбай қалтаға тығып жіберген. «Неғып қойдыңдар» дегендей, Айдар аңыра отырды орнына. Екі бүйіріне екі шоқ басылып тұр. Күйдім деуге дәрмен жоқ.
— Келін! Ол тиыш жатқанда дәміңді қамда, — деп дауыстады да, — терлеп кеттім: орамалыңды берші, кемпір, — деді. Кемпір сасыңқырап чемоданына ұмтылғанда, — қоя-ақ қой, — деді.
Үй іші енді тып-тыныш. Бәрі басылды. Ауыз жақта ас қамдаған жиен келіннің тықыры ғана естіледі. Бірақ, төрдегі үшеудің іші ойран. Қасқа маңдай, қара мұртты бағлан жігіт, қырандай құйылып төнген сияқты. Не түсе алмай, не кете алмай, құр қызыққан құладын сияқты Айдар. Екеуінің ортасында қызыл түлкідей бұлаңдаған Жәмилә орамалға жүрегін де түйіп берген секілді...
Сырты бүтін қонақтар томсара отырып ет жеді де, тарады.
Қысқа таң бел артынан қылаңдап келеді. Айдар мен Жәмиләнің көзі әлі ілінген жоқ. Беті ашық, салқын сарайда жатып, кезек-кезек уһлейді. Бұдан бес жыл бұрын Айдар 49 да, Жәмилә 19 да еді. Соғыс кезі болса да Жәмиләға бір жұма той жасады. Бес жыл өткен сол тойға енді өкініп жатыр екеуі. Бірақ оны біріне-бірі сездірмеген болады.
— Жақсы екен жиен, бұрынғы өзіміздей тұрады екен. Осында орналасайық, — дейді Жәмилә. «Ойлағаның анау ғой...» дегендей, Айдар қыңыр тартады:
— Әңгүдік неме ұстап беруден тайынбас. Председатель де бір қу көрінеді. Аңқау жерге, қаладан аулақ жерге кетерміз...
— Сонша шырқап не керек.
— Амандық керек. Жайлы тұрмыс керек, — деп Айдар күрсінді.
— Енді ол күн қайда! — деп Жәмилә күрсінді.
Адам әп-сәтте өзгереді екен. Бұрынғы именшек Жәмилә бүгін батыл, Айдар қорқақ. Қорыққаннан Жәмиләні бауырына қысты. Жүз мың сомдай ақша бар. Ол Жәмиләнің бойында. Талай-талай былық бар, ол Жәмиләнің ойында. Сондықтан:
— Кемпірім, кемпірім, — деп арқаға қағады Айдар. Күрсіне түсіп аймалап жатқанда, күн де шықты. «Нағашылап» Амантай да жетті.
Біреу «әңгүдік», біреу «есер» десе де, Амантай қалтқысы жоқ, ақкөңіл жігіт. Әзір алданып та, алдап та көрген емес. Адал еңбегімен председателіне жағып, араларынан қыл өтпейтіні рас Түнде мас та болса ойындағысын айтты. Қазір де айта келді:
— Нағашы, асығыс жұмыспен ауданға барам. Бүгін қайтам. Асықпай жатып тынығықыз. Өзіңіз қалай шұғыл келдіңіз, хабар жоқ, түк жоқ?
— Реті кеп қалды.
— Жарайды, кейін сөйлесерміз. Фамилияны өзгерткеніңізге тіпті ырза емеспін.
Амантай соны айтып тұрып бара жатты да, Айдардың, тұқыл иегін жаңа көргендей тұра қалды.
— Сақал-мұртты да өзгерткенсіз бе?! Бұрынғы нағашым емес, құдды романдарда кездесетін аферистерше құбылған, — деп қарқ-қарқ күле шықты.
— Тұр, — деді Айдар Жәмиләға ол кетісімен. — Мына шіркін, пана болып жарытпас. Былықтырмай тұрғанда жөн табайық.
Тұрып шай ішкен соң, Алматыға барамыз деп қоштаспастан жүріп кетті бұлар. Бетін Алматыға емес, аулаққа бұрды. Тас жолдың үстінде, қалың бақша, алуан түрлі жеміс ағаштарының арасымен зымырап келеді машина. Оң жақта аспанмен тілдескен Алатау, сол жақта көз жетпейтін кең дала. Орғи аққан көк бұлақ таяқ тастам жерден кездеседі. Күркірей аққан күшті өзен әр саладан кездеседі. Солтүстік жаңа жібігенде, бұл жақ гүлденіп тұр.
— Жер жаннаты мұнда екен! — деді Жәмилә. Машинада адам көп, ығыр қылып сұрап келеді...
Есікке жеткенде Жәмиләні алып түсіп қалды Айдар. Дәл түскен жерінде, машина күткен қара домалақ бала жігіт жабыса кетті.
— Ассалаумаликөм, Айдаке! — Қайдан жүрсіз, ел аман ба?
— Амандық. К,ай баласың, шырағым?
— Ойбай-ау, танымай тұрсыз ба! Ұста Бәлкеннің баласы емеспін бе?
— Е-е-е!
— Осында жер бөлімінде істеуші едім. Дем алыс алып елге жүріп барам. Біздікіне барыңыздар... — деп жігіт записка жаза бастады.
Айдар записканы алып былай шыққан соң, кездескен бір машинаға отыра сала Кегенге тартты.
Кегенге бірсыпыра бейнетпен келді. Тау ішінде машиналары тоқтап, далаға қонып, баласы ауырды. Қазір мектеп күзетшісінің тар үйінде жатыр.
Күзетші Белгібай қарт, Айжан бәйбіше мейірбан адамдар екен. Өздері қораға шығып, қонақтарға үйді босатып берді. Ауырған баланың үстіне түсіп, сиырының сүт-қаймағын аузына тосты.
Аулақ жерді, аңқау жерді Айдар жаңа тапқандай болып отыр еді, Белгібай қарттың қысыр әңгімесі жүрегін тас төбесіне шығарды:
— Жаңа директор кішіпейіл, ақ жарқын жігіт екен. Жайымды сұрап көп әңгімелесті... Өзі арғын екен, — дегенде:
— Арғынның қайсысы екен? — деді Айдар.
— Қуандық.
— Қуандықтың қайсысы?
— Қарағанды маңындағы Алтай көрінеді.
— Фамилиясы қалай??
— Ұмыттым. аты әйтеуір Бақтыбай.
— Жасы қай құралпы?
— Отыздың жуан ішінде.
— Көзінің ағы, бетінің қорасан дағы бар ма екен?
— Е-е-е, дәл үстінен түстің, қарағым! — деді Белгібай. Айдардың іші мұздап кетті. Айтып отырғаны, кәдімгі белсенді Тайманов Бақтыбай. Елден кеткелі көп болған, қайда екенін білмейтін. Елде жүргенде газетке жазып, әурелегені бар. Енді көзіне түссем өлдім деп отыр Айдар. Білдірмей, тез кетуге бекінді. Қайда кетеді? Бұдан әрі шекара. Кейін қайтып Шелек ауданындағы ұйғыр ішіне сіңгісі келді.
— Бұл жер ұнамады маған. Кейін қайтар едік, көлік жалдайтын кісі білесіз бе? — деді бір кезде.
Жәмилә қуанып кетті. Белгібай қостамады:
— Бұл, жаман жер емес. Үйренбегендік шығар. Бала тәуір болғанша, байқасаңдар болмай ма? Біздің директор ұнатып отыр осы жерді.
— Әуе райы жақпады. Бала ауырып қалды. Көлік болса ескеріңізші.
— Ескеретіні жоқ. Бір қос адам Алматының базарына мал айдап жүргелі жатыр. Тоссаңдар машина да болып қалады.
Бақтыбайдан ажалдай қорыққан Айдар бір минут тосқысы келмеді. Баласын ойлаған Жәмилә да тәуекелге бел байлап, «Калинин» колхозына жеткісі келді. Қонақтарын базаршыларға қосып, Белгібай қарт үйіне қайтты.
Тау іші. Қос артқан жалпақ арбада Айдардың ғана үй іші отыр. Өзгелері салт мал айдап келеді. Жол жыландай бүктеліп, біресе жазылып, талай белестерден асты. Алдағы биіктің, асуы бәрінен қиын. Дәл түбінде, көз ұшында өкіре тулап өзен жатыр. Дәл төбеде бураша төніп, биіктің шонжар тасы тұр. Екеуінің аралығымен сумаңдаған тілдей жол қиялай айналып, шыңға барады. Шыңнан құзға құлайды. Не жоғары, не төмен қарай алмай Жәмилә бетін басты. Мал айдаған тау адамдары қарқ-қарқ күлді. Науқас бала екі иінінен демін алып, су сұрайды. Жәмилә қорыққанын ұмытып, су тосады. Бір жағынан Айдар мазаны алып келеді:
— Кемпір, кемпір, анау адамды байқаймысың?
— Қайсысы?
— Қойшы, қайда барса қорқыттың көрі.
« — Ала аттыны айтам. Көзін менен алмайды.
Ала атты жақындап келеді. Айдар қырындай отырды.
— Бала қалай, жеңгей?
— Ауырлау.
— Шыпа болсын, арба соққан шығар. Күн бата ұйғыр колхоздарына жетерміз.
— Қондыра ма, олар?
— Меймандос халық. Қазақтан әрі... Мына кісі әкеңіз бе, атаңыз ба?
— Екеуі де емес, — деді Жәмилә, шаншу ұстағандай қынжылып. Атты аңырып қалды.
— Онда кіміңіз болғаны?
— Қайтесіз. Әйтеуір бір жақыным.
Атты қала берді. Айдар күңк етті.
— Жақсы айттың, сыр тартқалы келіп еді. Көзі әлі ішіп-жеп барады мені. Дәл баса алмай тұр.
Күн еңкейе ұйғыр колхоздарының қарасы көрінді. Айдардың ойы осында қалмақ. Жәмиләнің ойы «Калининге» бармақ. Кейін қайтуға сөзсіз келіскен екеуі, екі ойдың айрылысар жеріне де жетті.
Момын ел. Осыдан жайлы жер табылмас, кемпip... — дей бергенде. Айдардың сөзін бөліп жіберді Жәмилә:
— Бетім-ау, Амантайларға бармаушы ма едік?
— Бардық. Көрдік. Енді желкемнің шұңқыры көрсін.
— Ендеше Алматының өзінде тұрайық. Жұрт сиған қалаға біз де сиярмыз.
— Өшіккен оқушылардың ортасына өзім барсам оңармын.
— Оңғаның мынау болса құрысын! — деді Жәмилә. — Жалғыз бала әл үстінде. Көргеннің бәрі құбыжық. Бетімнің арын бес төгіп, етегіңнен ұстап едім, елге-жұртқа сыйғызбай қайда апарасың?! Тамтығым барда бетіңді аш?
Айдардың үні өшті. Жонын беріп, төмен қарап, анда-санда құла қасқаның божысын бір қозғайды. Үндеместен, күн бата колхозға жеткенде:
— Жарайды, «Калининге»-ақ барайық, — деді де, шеттегі жесір әйелдің үйіне бұрылды.
Баланың кеудесіне сырыл ене бастапты. Ұйқысы қашқан Жәмиләнің қызыл беті ағара бастапты. Меймандос жесір әйел бәйек болып төрін берді. Тұзды шайы мен лағманын қоса берді.
— Сен ұйықта, кемпір. Мен күзетейін, — деп Айдар келді баланың қасына.
Жәмилә лезде ұйықтап кетті. Жас бала көзі жаудырап, әкесіне қарап жатыр. Әкесінің бір қолы Жәмиләнің бас жағында, бір қолы балада. Көзінен жасын төгіп, баланы маңдайынан бір иіскеді де:
— Қош! — деп шығып кетті Айдар...
Бір кезде ыңырсыған бала даусымен Жәмилә оянды. Әдет бойынша жастық астын сипап қалып:
— Аһ! — деді. — Бұрын қимылдады-ау! Бір алдап еді, екі алдады-ау, құлыным-құлыным! — деп, баланы құшты.
VI
Баймақан сырт киімін шешкен, терлеген, үсті балшық, терісіне сыймай ыза боп тұр. Қасындағы төрт жігіт «енді қайтеміз?» дегендей оған қарайды. Столба орнату онша қиын болмаса да, тосын кездескен жұмыстың тәсілін тапқанша біраз қиналды бұла р.
— Түйедей боп анау нормасын орындай алмай жатыр, — деді Баймақан. Сонау жердегі Баймағамбетті кекетіп өтті. — Біз пілдей икемсіз, не ергежейлідей әлсіз бол¬дық па?! Келіңдер!
Қанша көтерсе де қол күшімен столбаны тік қоя алмады. Бір кезде столба сырғып кетіп, Баймақанның өзін басып қала жаздады. Дәл осының үстіне Сатан мен Жантас келді. Екеуі де салт. К,атты жүріп, көп жер аралағанға ұқсайды. Аттары терлеген.
— Осылай соғыстың ба, Баймақан? — деді келе-ақ Сатан.
— Онда жау жеңілмес еді ғой.
— Жұмыс жаудан қиын ба?
— Бәрінен де білу қиын екен.
— Дұрыс айттың! — деді де Сатан аттан түсті.
— Көктей бастаған жазық далаға күн нұрын құйып тұрған. Анда-санда салқын леп желпіп қояды. Сатан сырт киімін шешіп, омырауын ашты лепке. Бусанған денесі тамаша жай тауып, жан-жаққа көз жіберіп еді, «Аманкелдінің» үш тұсындағы: «Чапаев», «Октябрь», «Киров» колхоздарынан осылай беттеген іркіс-тіркіс үш топ көрінді. Мына жақта электр станциясын бойлап бір газик келеді. Бұлар қайда барады, неге барады? Бәрі Сатанға мәлім. Баймақан түсіне алмай аң-таң.
— Қаптаған жұрт қайда барады?! — Қайдам, — дей салды Сатан.
Жомарт, Баймақандар үлкен істі қолға алғанда тек өз колхозының күшіне сенген. Өзінде жоқты екі заводтан ақшаға аламыз деп есептеген. Ақшаға табылмайтын жоқтар да бар екен. Сатан соны тауып келіп отыр. Социалистік көмек ұйымдастырды: көршілес үш колхоздан шыққан үш топ, электр линиясын бойлап келе жатқан газик, бәрі «Аманкелдіге» көмекке келеді. Сатан бұларды «Аманкелдіге» білдірмей ұйымдастырды. Білсе сырт көмекке сеніп, өз күшін салғырт жинауы мүмкін. Оның бержағында, бүгін «Аманкелді» бастаған үлкен істі, ертең барлық колхоз қостамақ. Сонда оларға да «Аманкелдінің» көмегі керек. Сондықтан, «бәрін мен ұйымдастырдым» деуден гөрі, «өздері ұйымдастырды» деу колхоздардың өзара социалистік дәстүрін күшейте түседі деген ой еді Сатандікі.
— Япыр-ау, мына жұрт қайда барады?! — деп Баймағамбет келе жатыр. Жуан даусы алыстан естілді. Үлкен денесі өрескел қозғалып, Сатанға амандасуға келеді. Баймақан ұнатпай тұр:
— Менің үстімнен арыз айтқалы келеді.
Сатан Баймағамбетке қарсы барып амандасты.
— Шырағым, мынау қайда бара жатқан көп?
— Қайдам, көрші колхоздар сіздерге бір күндік жәрдем береді деген еді, солар болмаса.
— А-а! — дегенде Баймағамбеттің, аузы аңқиып қалды. — Елдік іс екен бұлары.
— Электршілерге қосылып кеткенсіз бе, Бәке?
— Иә, шырағым, Ақмет жол жұмысына шақырса да қайрылмай кеттім. Олармен жарысып жатырмыз ғой.
— Жарыста қалай келесіздер?
— Бұл кісі артын бермей келеді, — деді Баймақан. Баймағамбет оған ала көзімен бір қарап, Сатанға өз жауабын қайырды:
— Мұнда мен шошқаның электріне бола келдім, шырағым. Бағана Жомартқа, енді саған шағыстырды мына жігіт. Солдатша істемесең, күн жазбаймын дейді. О, тоба!
— Жай айтатын шығар. Сіз солдат бола аласыз ба енді.
— Е, бәсе! Жаным-ау, өз жұмысынан аяна ма кісі. Өзім тіленіп келдім ғой. Бәрінен бұрын Ақметтен қысылып барам. Жарыста оза қалса, ол бір мазасыз адам, қияметке дейін желкеңнен түспейді.
— Ендеше, ашына істеу керек! — деді тағы да Баймақан. Баймағамбет тағы да бір алара қарады:
— Әне, айтатыны ылғи осы! Кілкін кескен бес жігіт бағанадан бері күшеніп, бір столбаны қоя алмадың. Ашынғаны сол ма?
Ду күлді бәрі. Көрінген газик те келіп жетті. ішінде екі адам. Бірі — Қарағанды қалалық партия комитетінің секретары Әукен, екіншісі — Теміртаудың электрші инженері — Гладков.
— Іске сәт! — деп Әукен машинадан сөйлей түсті. Шашы бурыл тартқан, жасы елу шамасында, орта бойлы, ақкөңіл күйгелектеу кісі еді. Әрқайсысының атын атап амандасып амандық үстінде күлдіргі бірдемелер айтып жатыр. Өзінің туған-өскен жері осы аудан болатын. Мән-жайдың бәріне қанық.
— Бұралқы сөзге беріліп кеттік пе, — деді бір кезде Сатанға бұрылып. — Сіздің хатыңызды шахтерлерге есіттірдім. Қуанышпен қарсы алды. Әзірге алпыс монтер, өзі тіленіп, бір-бір демалыс күндерін беруге жазылды. Ол жетпесе, көбейтуге болады. Сұраған электр жабдықтарыңыз дайын...
Сатан рақмет айтып, Әукеннің қолын ұстағанда, инженер Гладков жымиып басын шайқады. Әзілқой жігіттің бірдеме айтқалы тұрғаны өңінен-ақ белгілі еді.
— Бұл қалай? Электрді Теміртау береді. Рақметті Қарағанды алады, — дегенде, қарқ-қарқ күлді Әукен.
— Ішінің тарын қарашы!
— Жоқ, рақметті сіз біреудің еңбегіне алып тұрсыз. Әлі талай колхозға электр береміз. Қарағандының өзі бұл жөнде бізге бағынышты. Рақметті бізге айту керек.
— Теміртау, көмірсіз тырп етіп көрші!!.
Қалжыңға араласпай сұлық тыңдап тұрған Сатан сөйледі:
— Колхоз жұртшылығында жаңадан бір орасан зор қозғалыс, өрлеу басталды. Біздің ауданда мұны бастаған «Аманкелді» болса, қараңыздар қостаушы қанша?! — деп кең, даланы қолымен орай жан-жақтан ағылған адамдарға нұсқады. — Бәрі электрге құмар. Келесі жылы бүкіл ауданды электрлендірсек деген ой бар. Гладков жолдас Теміртаудың, біздің Жомарт өз колхозының күшіне сенеді. Өз күшіне сену қандай жақсы. Егер оған сырттан күш қосылса, тіпті жақсы. Міне, халық күш қосты Гладков жолдас, енді Жомарттың үлкен жоспарын келесі жылға қалдырмаймыз. «Аманкелдінің» бірсыпыра өндірістерін биыл-ақ электрлендіруге болады.
— Жасасу жағына біз көмектесерміз-ау. Сол жасалған дүниеге ие болу жағын қайтерсіздер? — деді Гладков. Электр кадрлары жоқ қой колхозда.
— Жомарт мұны дайындап жатыр, оқытып жатыр. Басқа колхоздар дайындыққа енді кіріседі.
— Қорықпау керек! — деп қолын сермеп тастады Әукен. Сөзді бөліп әкетті. — Бүгін столба орната алмай тұрған мына жігіттер, ертең электрик. Қазір Теміртау, Қарағанды өндірістерінде жемісті еңбек етіп жүрген қазақтар әуелде осылар сияқты олақ болатын. Енді талай өнерпаздар, стахановшылар шықты. Жұмыстың ең қиыны бастау, кәне, мыналардың столбасын орнатысып жіберейік...
Гладков столба шұңқырына келгенде, басын шайқады. Тар, дөңгелек, тік қазылған. Көлбеу, ұзынша болса, қазуға да, столба орнатуға да оңтайлы, жеңіл болар еді.
— Бұлай қазбау керек, — деді де инженер блокнотын алып сызып көрсетті! — Сонда еңбек аз жұмсалады.
Баймақан кейіп қалды.
— Онда бәрін қайта қазатын болдық қой?
— Неге? Біткен істі тастағанша, пайдаланған артық, — деді Гладков. Арба маңынан үш сырғауыл алдырып, басын будырды. Үлкен мосы болды. Мосыны аласартып қойып, столбаның бір басын соған артты да, көтере берді. Столбаның екінші басы шұңқырға оп-оңай түсіп кетті. Содан кейін арқанмен саумалап, тікейтіп алған сод отвес арқылы түзулігін тексеруді үйретті...
Бағанадан бері инженер кеңесін, басын изей тыңдаған Баймағамбет, шұңқырын жаңа әдіспен қазуға асыға жөнелді, Кетіп бара жатып өзінен-өзі сөйлеп барады:
— Баймақанның өзі екен ғой түбіме жеткен... «Бітер істің басына, жақсы келер қасына».
Алғашқы столбаны орнатысып, басшылар екіге бөлінді. Гладков, Баймақан екеуі колхозға кетті. Үлкен жоспар бойынша электр аппараттарын орнататын орындарды белгілемек. Әукен мен Сатан Жантасты ертіп, жолшыларға беттеді...
Жолшыларды Ақмет басқарады. Адам тізбегі он километр бойына созылған. Көрші колхоздардан келген көмек те жол бойында. Он адамнан бір звено. Әр звеноға жер өлшеп берілген. Жолшылар электршілермен ғана емес, өзара да жарысуда. Күн, міне тал түс. Бірінен-бірі озуға ұмтылып, демалуды әлі ешқайсысы ойлаған жоқ. Әзіл, күлкі, кейде анадайдан дауыстап сөйлескен үндері тұтасып, жолдың ұзын бойында, тынымсыз күшті гуіл естіліп тұр. Әрқилы адамдар көрінеді. Әйел, еркек, кәрі, жас, ең ақыры тоқсандағы Бақырей де келген. істемесе де, қауымнан қала алмапты.
— Жарайсың, Ақмет! — деді Әукен, қызу жиынға риза болып. — Тіпті Бақырейді де жатқызбаған.
— Ақаң деген алтын ғой. Ренжітіп алмасақ жарар еді, — деп күліп қояды Сатан.
— Айтпақшы, оның малый фермаға алдыңдар ма?
— Жоқ әлі.
— Неге?
— Ол әуелі тегін ал деген. Алмақтың да салмағы бар ғой. Тегін алуға тайсалдық.
— Неден?
— Жұрттың бәрі тегін берсе, оларды тегін асырау керек емес пе. Оған өзі түсінді. Енді фермаға бақтыр... деп жүр. Мұнысы қатты ойлантады. Әйтеуір малдан құтылмай тынатын емес...
Әңгімемен Ақметке жақындады екеуі. Ақмет екі жақ-қа бірдей, жолдың тең аралығында, тасы төселіп, тапталып болған жолдың бір үзігінде тұр. Көйлекшең, жеңдері сыбанулы, кепкасын қиыстау киіп, екі бүйірін таяна тұр. Қабағы жабыңқы, ойлы. Анда-санда дауыстап, жолшылар бірдеме айтып жатыр Ақметке. Ақметтің бұл өзі шығарған сымсыз телеграмы. Бірден-бірге дауыстап жеткізіп, жолдың ұзын бойымен лезде байланысады. Тас тасушылардың бірі өгізін шұғыл бұрып қалып, арбасының жетегін сындырып алды.
— Әлі күнге өгіз бұруды үйренбеген неғылған немесің? — деді Ақмет ақырып.
— Байқаусызда... жазатайым...
— Осыны өз мойныңа жазса, байқар едің! Колхоздың мойны жуан, Ақметтің мойны жуан. Нең кетіп барады.
Арбашы үндемей құтылды. Ыржыңдап күле берді. Ақмет мінезі бәріне мәлім, қатты айтса, артынша тәтті айтуы да тез. Дереу арбашыны көрігіне ертіп келіп, дайын жетек берді. Жұмыс үстінде керек боп қалатын ұсақ жабдықтардың бәрін де әзірлеп қойған. Оған қоса қол көрігін, бірсыпыра ұсталық саймандарын ала келіпті. Көрік жанында қызыл жалау тігулі. Жалауды Ақмет жұртқа көрсете үш рет еңкейтті де, жығып қойды. Бұл «демалыңдар» дегені еді.
«Демалыс» деген сөзді жолшылар бірден-бірге дауыспен ұтылап, жолдың екі басына жеткізді.
Ақмет дем алмастан, бүлінген саймандарды қолға ала бастады. Әукен мен Сатан келгенде де жұмысын тоқтатпастан әңгімелесті.
— Дем алсаңшы! — деді Әукен.
— Аналар жұмысқа шыққанда, мен бұларды істеп жатсам, жұмыс бөгелмей ме?
— Өзің кейіп тұрсың ғой, бірдемеге?
— Иә, — деді Ақмет. — Әлгі Айдар деген иттің баласы колхоздың жиырма мың сомын алып қашып кетіпті. Жомарт соның әуресімен Қарағанды кетті. Жұмыс бастан асып жатыр: электр, жол, егіс, Қарағандыдан әкелетін мал, қыруар жабдық... Бәріне ақша, адам, уақыт керек. Дәл кезенген кезде кездесуін көрдің бе!
Жомарттың жоғын Әукен мен Сатан жаңа білді. Айдар жайында әңгімелесе келіп, жұбатса да, Ақметтің қабағы ашылмады. Жұмысын бітіріп, маңдайының терін алақанымен сыпырды да, екеуін жолға әкелді.
— Осы жөнде менің зияным Айдардан кем соқпас! — деп жолды көрсетіп тұр...
«Аманкелді» колхозы бұл қауырт жұмысқа қыстай дайындалған. Дайындық үстінде жол таптайтын машина сөз болғанда, Ақмет егін соғатын катоктерді жаратамын деп, өз міндетіне алған. Соларды жол таптауға лайықтап көп еңбек сіңірді. Бүгін жолға әкеп салып, байқап еді, жеңіл екен. Ауыр машина, жүкті темір табан арбалар жүргенде жолды бүлдіріп кететін түрі бар. Осынша еңбек да¬лаға кете ме? Таптағыш машина тапқанша уақыт күте ме? Ақметтің жанына қаттырақ батқан осы еді.
— Қысылма, қайғырма, Ақа! — деп Әукен жаурынға қақты. — Біздің құрылысшылар жәрдем етеді. Бүгіннен қалдырмай екі машина жібертем...
Ақметпен бірге ренжіп қалған Сатанның да жүзі жайнап кетті. Ақмет енді қалпына келіп, жарқылдай, қалжыңдай сөйледі:
— Жұрт қу боп алған. Біз тіпті көмек сұрағанымыз жоқ. Мына колхоздар көмекке келіпті. К,уын қарашы.
— Оның несі қулық?
— Ертең осы күн оларға да туады. Сонда біз қарап қаламыз ба? Артығымен қайырамыз...
Әңгімені бөліп жіберді. Белгілі үшеу шықты ду етіп (Коля, Төлеу, Пахрейдің баласы). Баян тартып, өлеңдетіп, билеп келеді. Біреуді мадақтауға, не мінеуге келгенде, Төлеу дайын өлеңнің ақырын өзгерте салады. Бұларға біртіндеп қосыла-қосыла көбейіп, дала үлкен бір би алаңына айналады...
Ақмет қосының жанындағы звенода тағы бір қызық болып жатыр. Жетегін сындырған жаңағы арбашыны «Күзен» жібермей сүйрелейді, ол тыртысып болмайды. «Күзен» дегеніміз кішкентай ғана келіншек, шын аты Шолпан. Шақар болған соң «Күзен» атанып кетті.
— Әкеңе мола соқсаң да жетеді сендердікі. Бізге төк, — дейді «Күзен», жеріміз ойпат, тасымыз азайып барады.
Арбашының звеносы бұлармен жарыста болатын. Өз звеносына төге бергісі келеді. Екеуі өгізді екі жаққа тартып тұрғанда, «Баймағамбеттің қарындасы» денесімен бұрыла қарады. Бөлке нанды майға былғап, үзіп асап отырған. Аузы томпаңдап, жанжалшыларға қарай жүрді. Шынында бұл Баймағамбеттің қарындасы емес, Баймағамбеттей дәу болған соң атанған. Келіншек кезінде бай Тілепбектің биелерін сауатын. Асау құлын, биелерді құлағынан басып, тырп еткізбейтін, еркектен. әлді әйел. Үн-түн жоқ барды да, арбаның астына кіріп кетіп, бір-ақ төңкерді...
— Алыбым, күшің әлі қайтқан жоқ екен! — деп Әу¬кен келді сүйсіне. — Ал, «Күзен» шырағым, алар тасты алдың ғой. Зорлық-ау, бірақ.
— Біз судья сұрағамыз жоқ, — деді «Күзен». Екі үлкен күрек әкеліп Сатан мен Әукенге ұсынды. — Ұстаңыздар, балаларыңыздың белі бүкір болмайды.
Ду күлді бәрі. Күлкі үстінде күреп жатыр екі басшы... Ақмет қызыл туды қайта көтерді.
— Жұмысқа, жұмысқа шығыңдар!... — деген дауыс кен даланы хабарлап, бірден-бірге кетіп барады...
VII
— Кім бар ауылда!
— Бәрі далада. Еркектен мен ғана бар.
— Әйелден кім бар?
— Жанат бар.
— Мектебінде ме? Парткомда ма?
— Екеуінде де.
— Екеу ме еді Жанат?
— Біреу де болса жетеді.
Есжан жүріп кетті. Мәмет күндіз екенін ұмытып, тоқылдағын бір тоқ еткізді де қала берді.
Жанат Жомартты жөнелткен соң, мектебіне кеткелі тұрған. Миында қат-қабат жұмыс. Жаз шығып қалды; экзамен дайындығы, волейбол, теннис, качель... алаңдарын тәртіптеу; қыстай жүрген партия тарихы, агрономия сабақтарын қорыту. Оның үстіне күнделік партия жұмысына үлгеру жеңіл тиген жоқ. Бірақ ауырлаған да жоқ. Ойы алып ұшып «жүр-жүрлеп» тұр еді.
— Сәлем секретарьға! — деп Есжан кірді. Шүйіліп жан-жағына бір қарап қойды. Есжанның қалжыңы мен шыны аралас, көбінесе іле сөйлейтін, зілсіз шапшаң жігіт. Келген жерін әуелі бидайықтай бір қуырып алады. Жомартпен жоспар таласынан бері шәлкестеу. «Гоноры бар» деп кекей жүретін.
— Жақаң мен Алманы жөнелттіңдер ме? Председатель қайда? — деді. Алманы атауында бір ілгешек бар. Жанат оны сезбеген болды.
— Председатель жаңа ғана кетіп қалды.
— Қайда?
— Қарағандыға.
— Дереу қайтару керек! Eгiс міне басталды. Қарағанды мен Теміртауды қыстай кезгені жетер. Жол, электр жақсы. Астық одан да жақсы.
— Асығыс кетті, жеткізбес. Штабта мен қалып отырмын, айта беріңіз.
— Секретарь, завуч, председатель бір өзіңіз. Басқалар не істейді?
— Жетеді. Жүгіңіз жеңіл болса, көтергенше сіз де ала кетіңіз...
— Сөз тапқанға қолқа жоқ! — деп басын шайқай күлді Есжан. Арыны осымен басылған тәрізді. Енді үйіріле сөйлесті:
— Бұл колхозға биыл өкіл жібермейміз. Бірақ, мына жолдарың, электрлерің егіске бөгет жасамай ма? Қалай бара жатыр, не керек?
«Не керек» деген сөзді Жанат ұстай алып, әзілге айналдырды:
— Бұныңыз әшейін берместің мезретісі ғой.
— Неге мезреті?
— Ендеше адам керек. Уақыт керек.
— Бос адам Америкада. Бос уақыт парламентте, — деді Есжан. Екеуі бірден күлді.
Жантасты ертіп Сатан енді. Өңі тотыққан. Салт жүрсе де етегіне саз жабысыпты. Әдетінше ақырын ғана, қысқа амандасып, киімін ілді. Асықпай маңдай терін сүртіп, шашын тараған соң, далаға шығып, етігінің сазын да сүртіп келді. Жанат орнын ұсынып еді, отырған жоқ. Столдың бер жағында қарама-қарсы отырды. Өзгелер оған қараса да, ол ешкімге қарамады. Ойлы, салмақты, қимылының бәрі жинақы, жылы жүзді қалпында отыр. Қасындағылар лебізін естуге асық еді, сөзді Есжаннан бастады:
— Қалай екен ол жақ?
— Бірер күнде біртіндеп бастауға келіп қалар. Бастаңдар деп кеттім.
— Қай колхоз бастайды?
— «Чапаев».
Сатан блокнотына жазып алды. Жанат Жантасқа сыбыр ете түсті.
— Бізді де жазыңыз, — деді Жантас. — Менің бригадам ертеңнен бастайды.
Сатан жазып жатып жымия күлді
— Бірге келгенде неге айтпадың?
— «Бай болғанда бақырып бола ма».
— Дұрыс. Айқай емес, іс керек. Есжан, ол жақта ауыспалы егіске дайындық қалай?
— Тұқымдары әзір. Жерлері белгіленген. Бірақ, биыл тек бастауға ғана шамасы келетін, бұрынғы дайындық соғыстың астында қалды ғой.
Жанат Жантасқа тағы бір сыбырлады.
— Біздікі ауыспалы егіс, — деді Жантас. Сатан тағы бір жымиды.
— Бірге келгенде неге айтпадың?
— Мақтанның керегі не.
— Дұрыс. Ел мақтаса да есірмеу керек.
Жанат түрткілеп сөйлетіп отырған Жантас стахановшы
бригаданың бастығы. Өте тұйық адам. Түрткілемесе сөйлемейді. Ілу-шалуда келетін ашуы бар. Сонда ғана бopaп кетеді. Қолын байлап қоймаса бос отырмайды. Өз жұмысынан өзгеде ісі жоқ. Жаз түгіл қыс күні егіс даласында көресің. Қашан көрсең де үн-түн жоқ, тынымсыз бір күйбең. Елдің, бәрі жол, электр жұмысына кеткенде ол жалғыз далаға кетті. Сатанға далада кездесті. Жақып оны «диқан баба» дейтін. Жомарт «герой» деп жүр. Биыл шын герой болатын түрі бар. 100 гектар жерден 30 центнерден астық алам деп уәде берді.
— Уәде орнында ма? — деп еді Сатан.
— Өлмесем орнында, — деді Жантас.
Түрткілеп, сұрап отырып сөйлеткенде бар айтқаны осы-ақ. Қамшысын қолына алып, кетуге лайықтанғанда Сатан қайтадан отырғызды.
— Кетпе, керегің бар.
Не керегі барына Жантас түсінбеді. Түсінбедім деудің орнына иығын қозғады да қоя салды. Сатан тағы бір сұрақ берді Есжанға.
— Указға байланысты жаңа толқындар қалай ол жақта?
— Толқын үдей түсіпті. әр колхоздың геройлықтан дәмесі бар. Геройлар ауданы атанбасақ неғылсын, — деп қарқылдады Есжан.
Сатан сұрап-сұрап келді де, өз пікірін айтты:
— Мен алты колхозда болдым. Әрине, жеке кемшіліктері бар. Бірақ, отыз жылдық мереке, указ, партияға бер¬ген уәде ел талабын көтере түскен. Осы колхоздың жариялаған «екпінді бес күндігін» көрдім. Айлар бойында бітетін іс, бес күнде біткелі тұр. Әлі біткен жоқ. Егісті бір күн бөгесе де, қисапсыз қымбатқа түседі бұл іс.
— Бөгемейді, Сатан аға, — деді Жанат, — күш, уақыт, жұмыс дұрыс есептелген.
— Соған ынта, алғырлық, дұрыс басшылықты қосыңыз, — деп Сатан сөзін бітірді де. Жанатқа «ұсыныстар» жәшігін алдырды. Неге керек екенін Жантас жаңа біліп, жымыңдап қойды.
«Ұсыныстар жәшігі» аталғанмен, бұл бір қызық жәшік. ішінен ұсыныс қана емес, шағым да, сұрақ та, сын да, тіпті әзіл де шыға береді. Жәшіктің аузы құлыптаулы, төбесінде тар тесік. Күнде ашылмайды, оқта-текте бір-ақ ашылады. Ашатын комиссия осы отырғандар. Есжан ашып, түскен хаттарды шетінен оқи бастады:
Баймақан. Солар атом-атом деп күдірейеді. Бізде атом жоқ па? Темір тәртіп болмай жұмыс оңбайды.
Жәнібек. Баймақанды ауыздықтамаса алып қашады. Сиырды электрмен қалай сауады? Сауыншылар сұрап мазамды алып жүр.
Жантас. Егінді айналдыра жыртпайық, таптап тастайды. Екі шетінен қыса, не ортасынан жара жыртқан жақсы.
«Б а қ ы л а у ш ы». Трумэн Рузвельттің жолындамын деп ант ішкені қайда? Енді қайда бара жатыр?
Физкультурник. Нұра жағасынан суға секіретін саты орнатылса, волейбол, теннис, физкультура алаңдары тез реттелсе, жаз шығып қалды.
Біреу. Жақып пен Алманың Алматыға кетісі саяхат па, сергелдең бе? Жомарт пен Жанаттың ойыны ма, шыны ма?
Бәрі ду күліп жіберді. Жанат қызарып кетті.
— Жұрттың адамның жеке басында несі бар екен? — дегенде:
— Жекені де, көпті де бастайтын бір бас қой, — деді Сатан. Жанат үндеген жоқ. Есжан оқи берді.
Бейсен. Мен антұрғандығымды мойындадым. Айдарды енді желкемнің шұңқыры көрсін. Көпті қалай сендірем осыған?
Ақмет. Жеке байлықтан көрдім бейнетті. Малды фермаға бақтырып беріңдер.
Баймағамбет. Шошқаның электрін ұмытпаңдар, шырақтарым. Әлгі, кинодағыдай болса болғаны.
Ж а н а й. Біздің бала аэроплан оқуына барам дейді. Мен комбайн жақсы деймін. Қайсысы дұрыс?
Колхоз баласы. Адам қайтсе қартаймайды, кәрі қайтсе жасарады? Әйелге неге сақал шықпайды? Көсе неден болады? Жақсылық пен жамандық егіз болса, бірінсіз-бірі өмір сүре ала ма? Жас үлкейгісі келеді. Үлкен неге кішірейгісі келеді? Ақша күшті ме, ақыл күшті ме? Апам мені сұлу дейді, әкем жақсы дейді. Сұлу мен жақсының арасы қанша? Цезарь неге ерекше зирек, Ленин неге ерекше көсем? Өлімді ешкім сүймейді, өлтіруге неге тоймайды? Адамға бәрі керек, адам неге керек? Капитализмнің өлуіне қанша қалды, коммунизмнің аржағында не бар? Күн өмір береді, ай не бітіреді?
«Колхоз баласы» осындай елу шамалы сұрақ қойған. Кебіне жауап таба алмай комиссия желкесін қасыды. Тәртіп бойынша бір сұрақ жауапсыз, бір ұсыныс аяқсыз қалмау керек.
— Не істейміз? — деді Есжан. Сұрақтар оны састырып тұр. Сатан:
— Жауап бересің де, — дегенде.
— Бұл жауап берудің жұлынын үзер. Менен аулақ! — деп тұрып кетті орнынан. Сатан ойланып отырып қорытынды жасады:
— Сұрақтар қайтсе де жауап алуға тиіс. Халықаралық жағдай жайында Жанат, агрономиядан Жомарт, жалпы жиналыста баяндама жасасын. Электр жөнінде электриктермен бірнеше әңгіме өткізу керек. Ғылымға, философияға байланысты сұрақтарға облыстан лектор сұрауды мен міндетіме алайын... Ұсыныстар көптің талқысына берілсін.
іші тазарып, жәшік орнына қайта ілінді. Сұрақтар жауапшыларға бөлініп берілді. Комиссия тарап, Сатан Жанатты оңаша алып қалды. Жанаттың жүрегі лүпілдеп тұр. Сатанның өңінен ызбар байқалады. Кісі бетіне көп қарамайтын әдетін бұзып, бір кезде Жанатқа тура қарады да:
— Алма деген алтын адам. Қабағына қараңдар, — деп бір бөгелді. Осының өзі Жанаттың етінен өтіп сүйегіне жеткендей болды. Одан әрі басқа адамдарға бір-бір сөзбен тоқталып өтті. — Баймақанды «өлтірмеу» керек, тым еркін де жібермеу керек. Жомарттың «өзім білемі» көбірек, «көп біледісі» азырақ. Соның көбін азайтып, азын көбейтуге тырыс. Ақметтің қойып жүргені дәл қазір қиын мәселе. Кейінірек кеңесіп шешерміз. Жақсы Жақып адасып барады, адаса берсе жаман Жақып болады. Шыдайық, сүйрейік әлі де. Айдар жөнінде сен ысылмағаныңды көрсеттің, жетеді сол. Жұмыстарыңды араладым, көрдім, — деді ең ақырында Сатан. — Біз әлі де көпшіліктің қарқынынан кем өлшеген екенбіз. Жомарттың «үлкен жоспарын» биыл орын¬дау керек. Мына қарқын соны қатты ескертіп тұр, тіпті ғажап қарқын!
Жанат шошып кеткендей алақтай қарады Сатанға. Есті адам есіріктің сөзін айтқан сияқты. Жомарттың «үлкен жоспары» бойынша келесі жылы колхоз шаруашылығының негізгі салаларының бәріне электр қуаты жайылмақ. Биылғы «кіші жоспар» бойынша кейбір салаларын ғана электрлендіріп, алдағы жылдың көп қолды қара жұмыстарын бітіріп қоймақ.
— Маман қолды жұмыстар, кейбір электр жабдықтары оған мүмкіндік бермейді, — деді Жанат. Сатан тойтарып тастады:
— Мен жаңа ғана Жомарттың «өзім білемін» азайт дедім сізге. Сіз оған өзіңіз қосылып, көбейтесіз. Жомарт жоспарында өзара социалистік көмек деген, үлкен күш есептелмеген. Колхоздың өз күшіне ғана сенген. Мен Қарағанды, Теміртаудың горкомдарымен келістім. Олар сіз қорыққан маман қолды жұмыстарды, электр жабдықтарын бізге сене бер деп отыр. Бұған не айтасыз?
Жанат қуанғаннан жайнап кетті:
— Алғыс айтамыз, алғыс!
— Құр алғыс азық болмайды. Олардың жұмысшыларына азықты екі есе артық береміз деп келдім. Бұған қалай қарайсыздар?
— Сараңдық істегенсіз. Үш есе артық берсе де көп емес. Тек айтқандарын биыл орындасын.
— Сіздер бүгін дайын болсаңыздар, олар ертең келуге дайын, — деді де Сатан киіне бастады. Жанат жақын келіп өз басының бір мұңын айтты:
— Аспирантурада сырттан оқып жүрмін ғой. — Тіпті уақыт жетпейді. Секретарьлықтан босатсаңыздар қайтеді? Мен мектеп қызметкері емес пе?
— Сіз алдымен партия қызметкерісіз.
— Уақытша дегендеріңіз қайда?
— Eгiс бітсін.
— Ұзап кетті ғой.
— Егісті ұзатпақсыздар ма? — деп Сатан тағы бір тура қарағанда, Жанат:
— Жоқ, — деп төмен қарады. Одан әрі екеуі де үнсіз шығып кетті.
VIII
Жанаттың қабағы жабыңқы қайтты. «Ұсыныстар жәшігіндегі» «біреудің» сөзі, Сатанның «Алманың қабағына қараңдар» дегені, Жақыптың жүрер алдында, ашу үстінде тұспалдап айтқаны — бәрі Бейсеннің жорамалын расқа шығарған сияқты. Дауыл күші жуан теректі де құлатады. Көп ауқымы болат ойды да босатады. Жанат қанша елемен десе де, уылжыған ұятқа қол сұғуын қоймады жұрт. «Ақпын» деп бажылдаса, «қарамын» деп мойындаса, ол ұяттан не қалады. Жанатты осы ой үйге жеткенше-ақ жеп тастады. Бүгін түскі тамаққа қайтуға да қол тимеген. Бұрынғы жайдары, сергек қалпы жоқ. Жабыңқы, божыраңқы күйде келді үйіне. Келгенде алдымен қабағына қарайтын Ырысжан жол жұмысында. Көпшілікке үйренген үйдің, адамсыз қаңғырап тұрғаны да көңілін жүдете түсті. Суық тамақ жеп жата кетпекші еді, апам шаршап қайтар деп қазандыққа от жақты. Содан кейін жуынып, тамақтанып, тыныстауға жатса да, тиыштық ала алмады. Әлгі ой қайта басты. Кайта тұрды орнынан. Күнделік дәптерін алды қолына.
— Ел көздегіні ғана емес, көңілдегіні де біледі, — деп бастады сөзді. Күн батып, Ырысжан жұмыстан қайтқанша, сырын дәптерге төге берді. Біреу қарап тұрғандай жазғанын қолымен қалқалап, қапас әуе қысқандай өзінен-өзі қысылып отыр. Анда-санда күрсінеді. Аузынан шыққан ыстық леп, іштегі жалынның бір шалқып кеткені тәрізді. Жазып болғасын, өз жазғанын өзі қызара отырып оқыды:
«Ел көздегіні ғана емес, көңілдегіні де біледі. Басқа түгіл өзімнен жасырған бір сырым бар. Жүрек түбіне тықсам да сол сырды жұрт қоймады, дәптерім сен сақтай бер. Тәнім таза, жаным қара бір жанмын. Не болдым сонда!? Адамшылық ар асқар таудай алдымда тұр. Кеу-кеулеген бір күш атта! — дейді содан. Аттамасам өртеп барады. Аттауға адымым жетпейді. Тылсым-сынды өмірдің бұл қай қысымы?! Тәнім таза болғанша, жаным таза болсайшы. Жанымдай жақын Алманы қарайтқанша, қара күйедей қарайсамшы! Бұл не ғажап?! Жанышта дейді, сол жаралы жанды. Қалай барар батылым. Өйтіп татқан ләззаттан, ішіп өлген у артық, у тек өлтіреді, ал мынау, мынау!..
Бәріне, Жомарт, сен айыпты. Неге тудың, неге келдің, неге көрдім! Сенің терең көзіңнен, терең теңіз тайыздау. Сенің асқақ ойыңнан, асқар тау да аласа. Егер, тылсым бар болса, сол тылсым дәл сен дер ем. Аңдатпай алдың еркімді. Сала бер отқа, шыжысам да қабақ шытпан. Бірақ, ақ бөпедей Алманы шырылдатып кете алман. Кете алман! Алтын сабыр мыс болмай, болат жігер бор болмай, берілме Жанат, берілме!..»
— Қарағым, қарашығым, от жағып қойған ба? Қаталап келіп едім, — деп сөйлей кірген Ырысжанға:
— Апа-ай, бұзып жібердің-ау! — деді де дәптерді жаба салды Жанат.
— Ал, ал, кетейін, кетейін, — деп тұра жөнелді Ырысжан.
— Тұра тұр енді, не бітіріп қайттың?
— Апаң стақан болды, қарағым.
Жанат күліп жіберді.
— Қалай болдың, апа?
— Ақметтің бөліп берген жерін бітіріп кеттім.
— Онда шын «стакан» екенсің, — деп шешесінің стахановшы деуге келмеген тілін біраз қызықтап отырды да, киіне бастады.
— Кешігемісің? Тамақ ішіп кетсеңші. Бүгін бабың болмаған шығар. Сен үшін қайттым, қарағым.
— Кешігем, апа, тоғыз боп қалды.
Жанат далаға шыққанда ымырт жабылған. Алыста, көз ұшында, күндіз көрінбейтін Теміртаудың электр шамдары түнде ұзын жал болып, сағымша қозғала көрінді. Онан бері кең даладағы көп жарқыл электр линиясын тартқан осы колхоз жұмысшыларының оттары. Жерді от, аспанды жұлдыз безеп, әлем бүгін өзгеше сәнді. Толған ай танадай боп, жер мен көктің қабысқан жерінде тұр. Батыстағы қызыл шапақ бозғыл тартып, шығысқа қарай жылыстап барады. Ауыл жанындағы өзен, аржағында Жауыртау тұңғиық сыр басқандай, түнере түскен. Колхоз үйлері тып-тыныш, көшесінде қыбыр еткен жан жоқ. Ырысжаннан өзгесі қайтпапты. Мүлгіген тиыштықта дамыл-дамыл тоқылдағын қағып Мәмет отыр. Жанат жай басып, колхоз кешін байыпты көзінен өткізіп келеді. Бағанағы ауыр ой серпілген. Тұнық әуені сіміре жұтып, енді ойын әдемі сезімдерге билетіп келеді...
Мектепке жетті. Оқушылар бөлмесінде, оқытушылар күтіп отырған. Әңгімелері есік сыртынан естілді. Мұндағы әңгіме де жоспар орындау жайында. Бірақ, шаруашылық жоспары емес, одан әлдеқайда қиын, адамшылық жоспары. Жас ұрпақтың кішкене көкейіне үлкен дүниені қондыру — ғылыммен қоса өзгеше шеберлік, сезгірлік сарқылмайтын сабыр тілейді екен. Мұғалімдердің өңінен, сөз, мінезінен осы байқалады. Жанат жалықпастан әр кластың балаларын бас-басына жеке тексерді. Әр баланың бойына алуан түрлі қасиет ұрықтары егілген. Бұл ұрықтар жылдар бойы ұқыпты мұғалімнің мәпелеуімен өседі, ұқыпсыздықтан өшеді. Сондықтан, әр мұғалім өзі баққан баласының қылықтарын қылға тізе айтып отыр. Тәрбие еңбегі көңіл тоярлықтай өнім беріпті. Екінші жылға қалатын бала жоқ. Көпшілігі «жақсы», «өте жақсы», азшылығы «орташа» деген бағамен келген. Бірақ, жуас Жантастан туған Төлеубек сотқар шығып, мұғалімдерді бір тұйыққа тыққандай боп тұр.
— Терезеден секірді, — дейді мұғалімнің біреуі.
— Сия шашты.
— Ақырғы сабақта болмады.
— Бір баланың көйлегін жыртты.
— «Екісі бар еді, «бірді» қосты, — деп өзгелері қостайды.
Кішкене Телеубек ырық бермей бара жатқан соң, мұғалімдер әкесін де шақырған. «Бақылаусыз бала үйдегісін мектепте де істейді» дегенде, Жантас кірерге жер таппаған. Содан былай мықтап-ақ ұстап еді, бала бұрынғысынан бұзыла түсті. Қазір әке де, мұғалім де дағдарған сияқты. Жанат қана үміт үзген жоқ.
— Біз білмейтін сыр бар. Табу керек, — дейді.
Осы сырды іздеп Жанат мектептен шыққан соң жолындағы Жантастікіне соқты. Жантас әлі жатпаған, төмен қарап тұнжырап отыр екен. Әйелі дала жұмысында. Төлеубек көрінбейді. Жанат: — Төлеубек қайда? — деп еді, Жантас:
— Қашып жүр, — деді де күрсінді.
— Неге қашады?
— Ұрдым.
— Неге ұрасыз?
— Ұрмағанда қайтейін! Алақаныма салып өсірдім. ішпегенін ішті, кимегенін киді. Кенже болған соң тіпті бетінен қаққам жоқ. Әйтеуір жақсы оқы шырағым дедім. Жақсы оқығаны сол, сүйекке таңба салды...
В — Осы тәрбиеңіздің бірі дұрыс емес, — деді Жанат. — Ол әлден каракуль киеді. Өскенде не киеді? Әлден ақша ұстайды? Өскенде не ұстайды? «Алақанға сап асырапсыз», өмір алақанына сала бере ме? Балаға оның бәрінен де күшті эсер еткен ата-ананың мінезі ме деймін. Екеуіңіз де өз жұмысыңыздан өзгені елемейтін, тұйық адамсыздар. Баланы тек арқаға қағып, сүйесіздер.
— Құдайдың берген мінезі ғой, шырағым, — деп Жантас қынжылғанда, Жанат қоса қынжылды:
— Кім берсе де өзгертіңіз сол мінезді. Алдымен ұруды қою керек. Әкелік достықтан, жолдастық достық күшті болсын. Жас адамның жаны сергек, гүл іздеген көбелектей шарқ ұрады. Сонда серік болған әкенің баласы, әрдайым өзінікі.
— Мына балам неге өйтпейді, — деді Жантас, ұйықтап қалған үлкен баласын нұсқап.
— Бір анадан туған бала, бір қалыптан шыққан кірпіш емес. Түрлі-түрлі бола береді.
— Апыр-ау, жұмысты қойып, соны бағамыз ба, енді?
— Жұмысты да тастамаңыз. Бала керек болса, уақыт та табыңыз.
— Уақытым жоқ! — деп ызалы Жантас бір қозғалды орнынан. — Ол енді ұрлыққа, өтірікке айналысты. Кетсін кәпір!
— Сондайы да бар ма?
— Мұғалімдер айтқан соң биыл қолға мықтап алып едім, соны шығарды. Мүлде ауып кетті. Ауған көңілге дүние салмақ па? Бездім, шіріген жұмыртқа бір.
Төлеубектен Жантас қиын соқты. Баласына барын берген морт адам, көңілі суып, бекініп алыпты. Жанаттың үйдегі тәрбие мен мектеп тәрбиесін байланыстырам деген үміті болар емес. Томпиған Төлеубек көз алдында су түбіне кетіп бара жатқан сияқтанды.
— Рас бездіңіз бе? — деді Жантасқа.
— Рас бездім! — деді Жантас қатуланып.
— Әлі де байқасаңыз қайтеді?
— Байқап болдым, көрсетпе көзіме.
— Онда біз де бездік. Мектептен қуамыз.
— Қуыңдар.
— Мектептен, үйден қуылған соң, колхоздан да Қуылады. Бұзады басқаларды.
— Қуылсын.
— Өзін біржола құлақ естімеске, көз көрмеске жіберейік.
— Жіберіңдер!
— Киім, ол-пұлын жинап беріңіз.
Жантас орнынан тұрды. Әуелі жаңа киімдерін әперді. Оған аяқ киімдерін қосты. Үн жоқ. Біртіндеп жиыстырып жүр. Төлеубектің столына таман барды. Көнетөз коверкот костюм, испанкесі мен орындықтың арқасында ілулі, сол костюмді киіп түскен былтырғы су рет стол үстінде, көзі жаудырап Жантасқа қадала қалыпты. «Шыныңмен қиясың ба?» дегендей жас баланың жаудыраған көзі Жантастың суыған жүрегін жылытып жіберді. Көтерген қолы костюмге де, суретке де жете алмай, сылқ түсіп кетті.
— Қылықты еді, шіркін! Жүйемді босатты-ау, Жанатжан. Айла бар ма? — деп еңкілдеді Жантас.
Жанаттың күткені осы екен. Бірақ, өзінің де көзінен жас атып кетті.
— Айла бар. Тек айтқанды істеңіз, — деді.
— Ал істейін.
— Ендеше, алдымен балаға сіздің жолдастық, достығыңыз керек. Содан кейін мұғалімдермен ақыл қоссаңыз, баланың да керегі табылады.
— Тіпті шығарда жаным басқа содан. Көндім. Көндім неғылса да.
— Мұныңыз да дұрыс емес, — деді Жанат. — «Мен жеңілдім, сен жеңдің» дегелі тұрсыз. Бала онда бұрынғыдан әрі басынып алады.
— Енді қайттім, құдая, баладан қиын жоқ екен ғой!?
— Міне, дұрыс айттыңыз. Баладан қиын жоқ. Құлап та кетпеу керек, қатып та қалмау керек. Жолдастық достықпен сынай отырып, сырын түйсеңіз, содан кейінгісі оңай. Үй мен мектеп тәрбиесі қосылса, бала қолда.
Жанат Жантаспен ұзақ әңгімелесіп кеш қайтты үйіне. Томырық Жантасты тал шыбықтай игеніне қатты қуанып келеді. Ендігі ойы — Төлеубекті тез тауып, тәрбие қоршауына тез алмақ. Көзден таса әр минут, оны әрі сүйреп, алыстатып бара жатқандай, асығыс келе жатыр еді. Қараңғы түнде, арық ішінде дәл жанынан бүлк етті бір нәрсе. Жанат сескеніп атып кетті де, бір ағаштың тасасына барып тұра қалды. Көрінген қара жер бауырлап жылжып барады. Арық ішіндегі шалшық пен сазды кешіп, тықырын тіпті сездірмей барады. Алдындағы биік ағаштың деңгейіне жеткенде от жарқ етті, мылтық даусы шықты. Ағаштан бір адам құлап түсті.
— Аһ! — деп қаша жөнелді Жанат. Сонша болмады қарқылдаған күлкі естілді артынан. Байқаса жаңағы екеу. Өлген жан жоқ, мәз боп тұр екеуі де...
— Төлеубекпісің-ей?! Әй, Төлеубек! — деді Жанат даусынан танып. Қасындағы бала қашып кетті. Төлеубек тұрып қалды. Жанат келіп үйіріле түсті. — Не ойнап жүрсіңдер?
Соғыс ойыны.
— Қандай?
— Разведка.
— Мылтықты қайдан алдың?
— Пугач.
— Шын пугач екен. Жаман шошыттың! — дегенде, Төлеубек масаттанып бір мырс етті.
— Мен оған дәрі қосқам.
— Дәрі қосқам! — деп таңданған болды Жанат. Төлеубек қалай қосқанын айтып, әңгімемен Жанаттікіне келгенін сезбей қалды. Жанатта баланы өзіне тартып алатын тамаша бір қасиет бар. Онысы алдымен баланы шын пейілімен жақсы көретіндігі. Ұрыспайды, зекімейді. ішіне кіре сөйлеп, сырын түйеді де, үлкен ақылды жіңішкелеп жеткізеді миға. Сөзден, дәлелден ұтылған бала, тіл күрмелгендей тоқталып қалады. Кейде ұялғанынан қызарып кетеді. Теріс қылығы үшін басқа мұғалімдерден қорыққан бала, Жанаттан тек ұялады. Басқадан жасырған сырды Жанатқа іркілмей айтады. Соның бірі Төлеубек. Төлеубекті мұғалімдердің көбі жек көрсе, Жанат тіпті жақсы көреді. Бойын, а бір от бар сияқты. Ойы алғыр, ісі еркін. Тентектіктің өзі тиыш таптырмаған талап тәрізді. Бүгін «ұсыныстар жәшігін» ақтарғанда «колхоз баласы» атынан кездескен қызық сұрақтар, Төлеубектікі екенін Жанат қолынан танып, езі ғана біліп қойған. Енді сол Төлеубекті шаршап келсе де жібергісі келмеді.
— Апа, қонақ ертіп әкелдім, тамағыңды дайында. Қонақ, сен шешін, жуын, — деді Төлеубекке. «Қонақ» дегенде Төлеубек әжептәуір қоразданып қалды. Білгенінше қонақ кәдесін сақтап, сыпайсиды. Үсті былғаныш. Жуынғаннан кейін, киімін тастатып, Жанат өз шапанын әкеп жапты. Үлкен шапанның ішіне кішкене қонақтың қампиған көңілі сыймай отыр. Ойынға алданып қарны да ашса керек. Өл үйіндей сұғынуға қонақтығыма нұқсан келе ме деп, именіп отырғанын Жанат сезе қойды.
— Төлеубек, сен әлсіз бе едің?
— Жоқ.
— Әлсіз адам тамақты аз ішеді.
— Мен аз ішпеймін, — деп, тілеп тұрған құлқынға Төлеубек түйдегімен жөнелте бастады. Қонағының ішіне ел қонған кезде, Жанат шым-шымдап сыр тартуға кірісті:
— Жаңағы бала кім қасыңдағы?
— Асылбек қой, мен оны алдап кеттім. Ол неміс болып. ағаш басында қарауылда тұрды. Мен біздің солдат болып торыдым. Тамаша көрімпаз екен. Қалай маскировка жасасам да алдырмады. Сонсоң арыққа түстім. Ол ойлаған, арықтың іші су, саз, жүре алмайды деп. Чудак өзі! Өзеннің, қардың астымен де бармай ма, кісі. Арық жақсы болды. Арт жағынан келіп періп қалғанымда ұшып түсті... ,
— Жарайды. Мұның ептілік, жүректілік. Ал оқу одан да қызық емес пе?
— іш пыстырады. Үйде әкем қысады. Соғыс мектебіне кетем. Өкпелемейсіз бе?
— Өкпелемеймін, құттықтаймын. Бірақ, жақсы оқуыңа күмәнім бар азырақ.
— Күмәнданбаңыз, тәте, тек түссем болғаны.
— Түсетіндігіңе мен сендірсем, жақсы оқитындығыңа сен сендіремісің?
— Сендірем! — дегенде Төлеубек жайнап кетті. Жанаттың аузынан сөз шыққанша сабыры қалмай барады. — Қалай сенесіз, тәте, айтыңызшы, тәте?
— Оқу бітуге бір-ақ ай қалды, — деді Жанат. — Осы бір айда «екі» мен «бірді» жойсаң, соғыс мектебіне өзім түсірем. Жоя алмасаң түсе алмайсың. Жеті класты бітірмегенді алмайды.
— Осы ма!? Жоям, жарты-ақ айда жоям! — деп Төлеубек, қазірден дайындалуға орнынан тұрды да, үйіне бара алмайтыны есіне түсіп тұрып қалды.
— Қайтамысың?
— Ие. Бірақ, әкем қатты. Тағы ұрады, ұрысады.
— Ұрмайды, ұрыспайды. Жұмсатам. Мен ертіп апарам.
Жанат ертіп кетті.
— Тиыштық алмады-ау, қарағым, — деді манадан бері маққия тыңдап отырған Ырысжан. — Өзі жүдеп бара ма қалай?..
IX
Шаңқай түс. Күн нұрын құйып тұр. Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады. Қылтанақтаған көк жер бетін әлі жаба алған жоқ. Бусанған жер мұнартыңқырап жатыр. Тасыған сағым көз ұшындағының бәріне сәулет беріп, құбылта түседі. Сол сағымның ішінде, ұзын жолда, ұзын керуен келеді. Керуен басы Жәнібек. Астында буданкөк. Барынша әнге шырқап келеді. Алдыңғы арбада қалғып отырған Бейсен теңселе түсіп, құлай кетті. Жұмсақ жерді басымен бір сүзіп, қабыл-құбыл тұрып жатқанда Жәнібек Дауыстады:
— Байла, Бейсеке, байла!
Бейсен үндеместен арбаға қайта мінді. Жәнібек жақын келіп:
— Арбадан түсіңіз. Жарығыңыз жоқ шығар, — дегенде, қыңқ етпей түсе қалды. Жәнібек ойын-шынын араластырып әлі де қажап келеді:
— Бейсеке, өрге қарсы ауыр екенін білетін шығарсыз?
— Білем.
— Көлік тері су емес, май екенін де білерсіз?
— Білем.
— Күйдің күш екенін ше?
— Білем.
— Kөп ұйықтағанша, көп істеген пайдалы екенін білесіз бе?
— Е, білмей.
— Бәрін білдіңіз. Анау желкеңізде жортқан не?
Бейсен ыршып кетті. Желкесін жеңімен қағып тулап жүр.
— Түсті ме? Түсті ме?
— 1 үскен жоқ. Қолыңмен ұста, жеңіңе болар емес.
— Шағып алар. Алып тасташы. Алып тасташы қамшыңмен.
Жәнібек қамшысын екі бүктеп желкеге бір кемді де:
— Әне, кетті! — деді. Бейсен алақтап жерге қарағанда, ол көкке нұсқады.
— Әне кетіп барады.
— Кәне, кәне! Ол не өзі?
— Қырсық. Желкеңнен тартып түр екен, мен қамшымен тартып жібергенде шыбын-шіркей боп ұша жөнелді.
Керуеншілер мәз-мейрам боп күліп жатыр. Бейсеннің өзі де ыржың-ыржың етеді. Бұрынғы Бейсен емес, ій болып қалған. Кімге топырақ шашсын. Жиналыста тірідей іресе, осындайда бәрі бір ауыз болып, сақтансаққа секіртеді. Ойындары шынға бергісіз. Айналып келгенде соғатындары бір қырсық. Қырсықты кісі қылып. Бейсенмен сөйлестіретін қулар да бар. Соның қара басы Жәнібек болатын. «Бейсекең мен қырсықтың кейінгі кездесуі» деген бір әңгімені тағы бастады.
— Ассалаумаликөм, Бейсеке! — деп кіріп келіпті қырсық. Бұдан бірер жұма бұрын өкпелесіп айрылған досына Бейсекең, ажырая қарайды.
— Сен пәле тағы келдің бе?
— Келмегенде қайтейін, — депті қырсық. — Бүкіл совет елін араладым, қайда барсам еңбек деген дұшпаным алдымнан шықты, шетелге кетуге пропускем жоқ. Арыдым, шаршадым. Сонсоң өлсем де ескі достың босағасында өлгелі келдім.
— Босағам да бос емес! Еңбектің кіріп шығар жолы, — деп Бейсекең қолын сермегенде, досы еңіреп жіберіпті:
— Жылдар бойы мінген жуан желке, қайран желке көзден бір-бір ұшты! Тым құрыса қолтығыңның астын бер, қолаңсаңды-ақ иіскеп жатайын!
— Аулақ! Қолтықтайтын қолдардың орны ол.
Бейсекеңнің тұлабойынан паналар жер таппаған қырсық, жеңгейге жармасады...
— Е-е, досымның досы. Сенен қайыр болмаса, құрыдым, — дегенде, жеңгей ернін шығара қойыпты. Қысылып тұрған қырсық:
— Маған осы да болады, — деп қайқы ерінге қайықша мініп алыпты.
Бұдан әрі Жәнібекке ырық бермеді жігіттер. Кеукеулеген күлкімен әңгімені өңдеп барады...
— Онда, жаңағы қырсық қайдан жүр?
— Жеңгейдің ерні Бейсеннің мойнына бір маңайласқанда мініп қалды да.
Бейсенде әлі үн жоқ. Еріксіз мойындау. ішінен түрік ерін тоқалдың, да сазасын беріп келеді. Оның сумаңдаған ерні мен жылтыңдаған бармағы алдынан шыққаны бір бұл емес. «Кесер ме еді!» дейді ішінен. іште бірақ, одан да үлкен шемен жатыр. Қазір жалғызсыраған сияқты. Ең ақыры өз үйіндей болған Жақыптікіне кіруден қалды. «Ел үстіндемін» деп жүруші еді. Елдің астына түсті. Бұрынғы ел мен бүгінгі елдің мінезін де түйген тәрізді. Жалқаулығының үстіне, «өсекші», «ұры» деген ат байлағалы тұр бұл ел. Осы үш пәледен құтылсам дегенде, көкірегі қарс айрылады Бейсеннің.
— Жанат келеді! — деді жігіттердің бірі. Кен, дала тарыла түсті Бейсенге. «Бейсеке немді көріп едіңіз?» десе Жанат, Бейсен не айтады? Тура қарауға бет жоқ. Тымақты маңдайына түсіре киіп, күйеу жігітше басты иіп жіберді. Жанат келді. Қасында күзетші Мәмет бар. Теңбілкөкке жеңіл фаэтон жеккен, қалашыларды алыстан көріп, қарсы алуға шығыпты. Күлімдеп көкілі тойып тұр керуенге. Жәнібек олжаларын атап-атап таныстырды:
— Мына сүлікқара — Орлов, анау алшақкер — текежауміт.
— Құлыны тайдай, тайы аттай болар жануардың! — деп айғырлардың тісін аша бастады Мәмет. — Мынау жеті, сегізде. Пай-пай, азуы таяқтай екен. Мойнын қарашы, сала құлаш. Сағағы үзіліп тұр. Кұшақ кеуде, қоян жон, құйрық түбі де әлді жатыр. Әттең тірсегі тіктеу ме, қалай. Әйтпесе, деген қамыс құлақ, майда жал, ұсынса қол жетпестің өзі ғой жарықтық. Осы қалпында жүзіктің көзінен өтіп кеткелі тұр. Құлын мүшесі бұзылмапты. «Алып анадан, ат биеден», бала. Биені таңдап сал. Маған сүлікқарадан текежаумітің көбірек ұнады-ау.
— Өзіңіз айта беретін Көрұғлының қайраты бар емес пе, соның нәсілі ғой бұл, — деп еді Жәнібек, Мәмет нанып қалды.
— Қойшы!
— Құдай ақына, Мәке. «Бөкен желіс, жүйткіген шабыс» деп қоймайсыз. Бұның бірі желісті, бірі жүйрік. Оған қазақы жылқының беріктігін қосқанда нағыз тұлпар болып шығады. Тек өлмей тұра тұрыңыз, бәрін көрсетем.
— Е-е, ажал қойса, өліп нем бар.
— Ажалға да айла бар, Мәке. Махаббаттан жеңіліп қалыпты. Бір сұлуды құшсаңыз қайтеді?
— Жақыпқа бер сол сұлуыңды.
— Жақаң сұлуды жаратпайды. Сіз мақтаған текежауміттен күйкі торыны жақсы кереді.
— Жо-о-қ! Жаратпайды емес, танымайды. Мескүреңді Ақжүнісім деген Жақыптан не сұрайсың, — деп қарқ-қарқ күлді Мәмет.
Екеуінің әңгімесін Жанат балаша қызықтап, жайнай күліп тұр. Күлгенде шығатын бетінің кішкене шұңқыры тереңдей түскен. Осы колхозда алуан мінезді адамдар бар. Әрқайсысынан Жанат өзіне керегін табады. Оның қызықтайтыны, — солардың ой түлегі. Біреу ерте, біреу кеш түлепті. Қарт Мәметтің жайдары әзілінен, жас Жәнібектің өткір қалжыңынан, адуын Ақметтің екпінінен, тіпті бейпіл ауыз Бейсеннің бос сөздігінен... бәрінен жаңа өмір, жаңа ойдың самал лебі келеді Жанатқа. Өзін қоршаған қалашылардан бөлек келуге беті шыдамай арба маңында күйбеңдеген Бейсен, жаңа ойдың өрмегін құрып жүрген сияқты оған. Адам әрекетінен күшті, адам сырынан әсемді білмейді Жанат. Сол күш, сол әсемдікті осы адамдардан көріп қызықса, қасындағы Мәмет қарт «алданбаған, алдамаған, нәресте жан, осы қалпынан бұзылмаса!» деп тұр оны.
Әңгімемен сиыр малдарына қарай жүрді. Жанат Бейсен жаққа қабағымен нұсқап, Жәнібекке күбірлей сөйледі:
— Жиналыстан кейін қалай істеп жүр?
— Жак, ашпайды.
— Қасарысқаны ма, көнгені ме?
— Көнбеске күші қайсы. Әбден ій қылып алдым.
— Иықтай бермей, қолтықтау да керек.
— Маған мүлде беріңдерші, тілін білем өзім.
— Бердік. Мүмкін, Баймақан бабын таппаған болар.
Ұзындығы есік пен төрдей, биіктігі жылқыдай, тұтам емшек, алшаң бұт жиырма бес жусап тұрған. Арыстан кеуде үш бұқа арбаға байлаулы. Айбатпен күж-күж етеді.
— Паһ-паһ! — деді Мәмет сүйсінгеннен. — Арыстан деуге жалы жоқ, шортан деуге қанаты жоқ, жайын сынды мол дене, қара малда да бар екен ғой. Мыналар жиырма бес емес, елу литр де беріп салар, — деп алдымен сиырлардың желінін ұстады. — Бәрі желінін толтырып тастапты. Мынау көк бүгін-ақ бұзаулар. Үрпін шаншып, құйымшағы түсіп тұр екен.
Жанат аттарын сұрап еді Жәнібектен, Мәмет тағы таңданды:
— Сұбханалла, адам сияқты ат қойған ба?
— Паспорттан оқи бер, — деді де Жәнібек паспорттарды ұсынды. Мәмет әлі таңданып тұр:
— Пашпарттап тастаған тіпті! — деп қояды. Мал маңынан кетер емес. Әрқайсысын бір ұстап, бір өзгешелігін тауып жүр. Жанат пен Жәнібек жеке кетіп, арбаларға тиелген электр жабдықтарын қарап шыққанша, Мәмет малдарды қарап шыға алмады...
— Жарайсың, Жәнібек! — деп Жанат, бәрін аралап бол¬тан соң, — Тындырып келіпсің. Партия ұйымының атынан алғыс айтам. Ал, Жомарт қайда, буданкөкке қалай мініп жүрсің!
— Мені Бекежан деп тұрмысың. Ол әлгі Айдардың шатағымен қалды. Шофер тауып екі машинаны ала келмек.
— Рас болды ма қашқаны?
— Қашырған өздерің емес пе?
— Баса бер бетке. Одан да ыстық басылып жүр, — деді де Жанат барып арбасына отырды. Бекер айттым-ау дегендей басын шайқады Жәнібек.
Жәнібек салт. Божы ұстаған Мәметтің аяғы тепеңдеп қолы шошаңдай берген соң, Жанат ез қолына алды божыны. Теңбілкөк шұлғи түсіп, көсіле желді. Желдеткен арбада, көңілді отырған Мәмет:
— Жанатжан божы ұстауға да бізден епті, — деп дауысын көтере сөйледі. — «Әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деген мақал бар. Шаштың ақылды болғанын көрмедім. «Әйел бала намаздығын білсе болады» дейтін. Көп оқудың әйелге зиянын көрмедім. «Әйел үйдікі, еркек түздікі» дейтін. Осы күнгі жастар мұны да бекерге шығарды. Ойлап тұрсам ескіден тек біз сияқты қаусаған шалдар қалыпты. Өзгенің бәрі жаңа...
— Шалдар да жаңа, — деді Жанат. — Жаңалықты танудың өзі жаңарғанның белгісі.
— Ай-ай, жаңалық қайда бізге! Маңдай терісі құрысып, мұрын ауызға төніп тұр. Жұдырықтай баламен сөйлессең, алды-артыңды орап тұр. Зымырап барады заман. Зымырап барады жастар!..
Жанат жалт қарады. Мәметке. Ойлы қарт бес тал сақалың сипап ойға кетіпті. Өңінде «әттен,» деген жазу бардай, іштегі өкінішті айқын көрсетіп тұр.
— Неге екіндіңіз, Мәке? — деді Жанат бір кезде. Мәмет өзіне-өзі айтқандай, көмейімен ғана қайырды жауапты:
— Күнім жетпей туыппын, күнім жете өліппін. Сендерде не арман бар.
— Бұдан да жарық күндер бар. Сол күнге тез жетсем деп, аласұрған арман бар, — деді де, Жанат теңбілкөктің божысын қағып қойды. Арба үсті желдете түсті. Мына жақта шоқыта желіп, Баймақан келеді.
— Кеттім, — деді Жәнібек көре сала. — Баймақан келді шыдатпас. Онымен керіскенше малға орын дайындай берейін.
Баймақан екеуі ойын-шыны аралас амандықтан бастап ілінісетін. Артына қарамай шауып барады. Баймақан естіп қалды сөзін.
— Ананың әкесі өлгеннен аман ба, ақсақал?
— Аман-аман.
— Атқа шапқанын көргенім осы. Аттан түсе жылайды ол.
— Неге?
— Май төгіп бара жатыр.
Жәнібектің көлік тері су емес, май дейтіні еске түсіп, осы арада бір күлісіп алды. Теңбілкөктін, қатты желісіне торбесті шауып келе жатқанда Баймақан рапорт беріп келе жатты:
— Жолдас секретарь, задание орындалды. Сроктан жиырма сегіз сағат, столбадан елу столба үнемдедік. Ендігі жұмыс электриктердікі.
— Столбаны қалай үнемдедің? — деп Жанат атынын, басын тежеді.
— Тура тартып бес километр ұттым.
— Инженер емессің, кім оған рұқсат етті?
— Өзім. Әр жұмысшы инженерше, әр солдат командирше ойлауға ерікті.
— Барып көрермін. Бір сағатта дайын бол, — деді де, Жанат конторға бұрылды. Партком бөлмесінде телефон манадан шырылдап тұрған. Келе телефон трубкасын алды қолға...
Сыртта, есік алдына қос машинамен Жомарт та тоқтады. Машина рулін өзі ұстады. Қабағы қатыңқы, ұйқынікі секілді. Күреңітіп, бусанып тұр. Шаршаған тәрізді. Мәметке сәлем беріп, Баймақанға:
— Маған келдің бе? Кіре бер, — деді.
Баймақан Жомарттың кабинетіне кірді. Белуарға шейін майлы, жасыл бояумен, жоғарғы жағын жай бояумен өрнектеп майлаған үлкен бөлменің босағасынан төріне жеткізе кілем жаюлы. Кек шұға жапқан ұзын стол, оған көлденен, кішірек қызыл стол тұр. Терезеге ұстаған кестелі перделерге, бұрыштағы радиоприемникке, стол үстіндегі қол қоңырау, шылым күлін салғышқа дейін көзі түсті де:
— Шайтан, генералша тұрады, — деді Баймақан. — Құмарын қарашы. Бәрін түзеп апты.
Председатель столының алдындағы жұмсақ екі орындыққа да, бүйірдегі жұмсақ диванға да отырмастан, Баймақан жай орындық алып отырды. Екі көз қабырғадағы политбюро мүшелерінің шынылы суреттерінде...
Жомарт далада жуынып, алғашқысынан сергек енді үйге.
— Сөйле, Баймақан.
— Задание орындалды, жолдас председатель!
— Жігітсін!
— Сроктан жиырма сегіз сағат, столбалардан елу столба үнемдедік.
— Столбаны қалай үнемдедін?
— Төтесімен тарттым.
Жомарттың қабағы түйіліп, кішкене көзі ойнақшып кетті.
— Бүлдірдім де. Мұндай үнем үшін, орныңнан алам. Барлық шығынын мойныңа жазам. Соттау керек еді, әттең, Баймақансың.
— Себеп?
— Кім саған лұқсат берді?! Столба таяқ емес, кез келген жерге шанша беретін. Біз де көргенбіз ол тәтені. Ойдан, судан қашып, бес километр бұрыс, әдейі қыратпен тартқанбыз.
— Жолдас председатель! Жаумен бетпе-бет келгенде, солдаттың уставы жүрек қана, — деді Баймақан. Әскери тәртіппен керіле жаздап барып тоқтады. — Жұмыспен бетпе-бет келгенде де, сол жүрек билейді. «Калинин» майданын көрмеген шығарсық. Бұдан да жаман жерлерге столба орнатылған. Көп болса алты айда бір жаңартарсың столбаны. Электрдің тез жетуі одан қымбатырақ.
— Дискуссияға уақытым жоқ. Жиырма сегіз сағаттың ішінде бүлдіргеніңді түзетпесең, айтқаным айтқан! — деп Жомарт қоңырау шылдыратты. Балжан енді.
Баймақан шығып кетті. Ашу қысып, екі беті нарттай Шатынаған көзінен ұшқын шаша, партком бөлмесіне кір. генде, Жанат телефон трубкасын жаңа ғана ілген.
— Біткен жұмысты бұзуға қосты, Алғыс орнына қарғыс берді председатель. Парткомның бетін білгім келеді деді, — отырмастан тік тұрып.
— Бір айналып сок.
— Қазір кет деп жатыр.
— Кетпе. Бір сағатта кел.
Баймақан шыққан соң, Жанат тұсындағы сымның ұшын екі жұлқыды, өздері жасаған электрсіз қоңырау. Кешікпей Жомарт енді. Секретарьдың неге шақырғанын сезген тәрізді. Солғындау амандасып, суықтау отырды. Жанат көз қырымен шолып өтіп, жайуат бастады сөзді:
— Қабағың түсіп кетіпті ғой, жәй ма?
— Бірі іштен, бірі сырттан іліп тұрса қабақты көтере ме? Екеуіне де ырық берген секретарь.
— Секретарь ұйымның, партияның ойын орындайды.
— Айдардың ұрлығы, Баймақанның бас бұзарлығы партия ойы ма? Секретарьдан өзге ештеңе біле ме, сірә.
Жанат бөгеліп қалды. Айдар жөнінде үш тосылды осымен. Беттегі шіркеу тілді күрмеп тұр. Оған Жомарттың «өзім білемі» қосылып, иықтап барады. Сатан сол «өзім білемді» азайт, Баймақанды сақтаңдар деп кетті. Қалай азайтып, қалай сақтамақ? Қатты айтса көңіл қалады. Ақырын айтып еді, өзін айыптады. Айыпталуға көнсе де, көңіл қалдыруға көне алар ма? Оны ойласа, іші еріп сала береді Жанаттың. Райком тапсырындысы мен махаббат тапсырындысы осы арада түйісіп, жұдырықтай жүрекке жартастай салмақ тастады.
— Басқада құлақ екеу болса, секретарьда төртеу. Басқада көз екеу болса, секретарьда төртеу. Сондықтан, ол басқадан артық біледі, — деді Жанат. Жомарт сөзін бөліп жіберді:
— Артық білгенде айтарың Баймақанды арашалау ма?
— Ия.
— Кең көңілге екі тілек сыймайды. Мұның несі кең, — деп терең ойға шым батып кеткендей болды Жомарт. Екі тілегі не екен деп басынан кешкен Жанат сұрақ қойды:
— Сыйыспаған тілектердің түрін көруге бола ма?
— Болады, — деді әлден уақытта Жомарт. — Қадам сайын қақпан құрылса да бұл колхозды шыңға шығармай қойман деуші ем. Қаттылық тас болса да сенің сағыңды сындырман деуші ем. Енді осы екеуі бір көңілге сыймай тұр. Бірін тастап, бірін алсам, бір мүшемді кескіндеймін.
— Дүние сыйған көңілге осыны сыйғыза алмаған олақ екенсің, — деді де күлді Жанат. — Одан үлкен кездессе қайтер едің? — деді де мұңайды. Мұңның да, күлкісінің де түбі мөлдір көзден көрініп тұр еді. Көріп қалмасын дегендей, темен қарап отырып сөйледі енді. — Бекер бүлінесің. Бүлінген ештеме жоқ. Мен жаңа телефон арқылы инженер Гладкоппен сөйлестім. Біткен істі бұзбаудың ақылы табылды.
— Қалай?
— Сол ойпаттағы столбаларды екі жанынан рельске ұстата қойса болғаны екен...
Жомарттың өңі жылып сала берді.
— Қисыны бар. Үш-төрт жұмысшы қалдырып, өзгесін қайтару керек, — деп орнынан тұра бергенде, Жанат қайтадан отырғызды.
— Отыр. Онан да үлкен қуаныш бар. Сенің «үлкен жоспарың» биыл орындалатын болды. Теміртау мен Қарағанды көмекке келмек.
Жомарт қолын сермеді.
— Өз жұмыстары өздеріне жетеді олардың.
— Тағы да «өзім білем». Социалистік көмек деген үлкен күшті қашан елейсің сен. Сатан ағай барып ұйымдастырып қайтыпты. Екі қалада ең кемі мың электрик болсын. Соның жүзі бір күн демалысын қиса да жетіп жатыр бізге...
— Сатанға жаңа риза болдым! — деп күліп жіберді Жомарт. Үлкен ерні барынша созылып, кіршіксіз қой тістері қызыл етіне дейін ашылды. — Япырай, танымай жүр екем, үлкен адам үлкен істе көрінеді екен ғой. Келсін жұмысшылар. Көмек қарымжысын қайтарамыз, электр барда бәрі бар. Енді қыстыгүні егіс егуге де болады. Колхозшылардың көбі қысты бос өткізіп жүр.
Балжан есікті ақырын ашып, басын ғана қылтитты:
— Жәнібек келіп күтіп отыр.
Жомарт оны отардағы малға жөнелтуге шақырған. Бүл колхоздың ірілі-ұсақты он мыңға тарта малы қайырдағы құмда жатыр. Қыстай тек радио арқылы ғана байланысты. Енді, міне, жаз шықты. Көзбен көріп мал өсімін есептеу керек. Өткен қыс не деп кетті, алдағы қыс не айтар? Өткенді қорытып, алдағыны болжаған мал басындағы кәриялардың әңгімесін құлаққа құйып әкелетін Жәнібекті
Баймақан шығып кетті. Ашу қысып, екі беті нарттай Шатынаған көзінен ұшқын шаша, партком бөлмесіне кіргенде, Жанат телефон трубкасын жаңа ғана ілген.
— Біткен жұмысты бұзуға қосты. Алғыс орнына қарғыс берді председатель. Парткомның бетін білгім келеді деді, — отырмастан тік тұрып.
— Бір айналып сок.
— Қазір кет деп жатыр.
— Кетпе. Бір сағатта кел.
Баймақан шыққан соң, Жанат тұсындағы сымның ұшың екі жұлқыды, өздері жасаған электрсіз қоңырау. Кешікпей Жомарт енді. Секретарьдың неге шақырғанын сезген тәрізді.Солғындау амандасып, суықтау отырды. Жанат көз қырымен шолып өтіп, жайуат бастады сөзді:
— Қабағың түсіп кетіпті ғой, жәй ма?
— Бірі іштен, бірі сырттан іліп тұрса қабақты көтере ме? Екеуіне де ырық берген секретарь.
— Секретарь ұйымның, партияның ойын орындайды.
— Айдардың ұрлығы, Баймақанның бас бұзарлығы партия ойы ма? Секретарьдан өзге ештеңе біле ме, сірә.
Жанат бөгеліп қалды. Айдар жөнінде үш тосылды осымен. Беттегі шіркеу тілді күрмеп тұр. Оған Жомарттың «өзім білемі» қосылып, иықтап барады. Сатан сол «өзім білемді» азайт, Баймақанды сақтаңдар деп кетті. Қалай азайтып, қалай сақтамақ? К,атты айтса көңіл қалады. Ақырын айтып еді, өзін айыптады. Айыпталуға көнсе де, көңіл қалдыруға көне алар ма? Оны ойласа, іші еріп сала береді Жанаттың. Райком тапсырындысы мен махаббат тапсырындысы осы арада түйісіп, жұдырықтай жүрекке жартастай салмақ тастады.
— Басқада құлақ екеу болса, секретарьда төртеу. Басқада көз екеу болса, секретарьда төртеу. Сондықтан, ол басқадан артық біледі, — деді Жанат. Жомарт сөзін бөліп жіберді:
— Артық білгенде айтарың Баймақанды арашалау ма?
— Ия.
— Кең көңілге екі тілек сыймайды. Мұның несі кең, — деп терең ойға шым батып кеткендей болды Жомарт. Екі тілегі не екен деп басынан кешкен Жанат сұрақ қойды:
— Сыйыспаған тілектердің түрін көруге бола ма?
— Болады, — деді әлден уақытта Жомарт. — Қадам сайын қақпан құрылса да бұл колхозды шыңға шығармай қойман деуші ем. Қаттылық тас болса да сенің сағыңды
сындырман деуші ем. Енді осы екеуі бір көңілге сыймай тұр. Бірін тастап, бірін алсам, бір мүшемді кескіндеймін.
— Дүние сыйған көңілге осыны сыйғыза алмаған олақ екенсің, — деді де күлді Жанат. — Одан үлкен кездессе қайтер едің? — деді де мұңайды. Мұңның да, күлкісінің де түбі мөлдір кезден көрініп тұр еді. Көріп қалмасын дегендей, төмен қарап отырып сөйледі енді, — Бекер бүлінесің Бүлінген ештеме жоқ. Мен жаңа телефон арқылы инженер Гладковпен сөйлестім. Біткен істі бұзбаудың ақылы табылды.
— Қалай?
— Сол ойпаттағы столбаларды екі жанынан рельске ұстата қойса болғаны екен...
Жомарттың өңі жылып сала берді.
— Қисыны бар. Үш-төрт жұмысшы қалдырып, өзгесін қайтару керек, — деп орнынан тұра бергенде, Жанат қайтадан отырғызды.
— Отыр. Онан да үлкен қуаныш бар. Сенің «үлкен жоспарың» биыл орындалатын болды. Теміртау мен Қарағанды көмекке келмек.
Жомарт қолын сермеді.
— Өз жұмыстары өздеріне жетеді олардың.
— Тағы да «өзім білем». Социалистік көмек деген үлкен күшті қашан елейсің сен. Сатан ағай барып ұйымдастырып қайтыпты. Екі қалада ең электрик болсын. Соның жүзі бір күн демалысын қиса да жетіп жатыр бізге...
— Сатанға жаңа риза болдым! — деп күліп жіберді Жомарт. Үлкен ерні барынша созылып, кіршіксіз қой тістері қызыл етіне дейін ашылды. — Япырай, танымай жүр екем, үлкен адам үлкен істе көрінеді екен ғой. Келсін жұмысшылар. Көмек қарымжысын қайтарамыз, электр барда бәрі бар. Енді қыстыгүні егіс егуге де болады. Колхозшылардың көбі қысты бос өткізіп жүр.
Балжан есікті ақырын ашып, басын ғана қылтитты:
— Жәнібек келіп күтіп отыр.
Жомарт оны отардағы малға жөнелтуге шақырған. Бұл колхоздың ірілі-ұсақты он мыңға тарта малы қайырдағы Құмда жатыр. Қыстай тек радио арқылы ғана байланысты. Енді, міне, жаз шықты. Көзбен көріп мал өсімін есептеу керек. Өткен қыс не деп кетті, алдағы қыс не айтар? Өткенді қорытып, алдағыны болжаған мал басындағы кәриялардың әңгімесін құлаққа құйып әкелетін Жәнібекті жібермек Жомарт. Өзі осы малдар жайында көп қобалжып, бір тоқтамға келген көрінеді.
— Жапан далада қыруар мал жатыр. Мал соңында күні-түні малшылар жүр. Шұғыл өзгеріс соларға керек, — деді. Бекіген ойын ақылдасудан көрі анықтай түсетін еркіндігі сөзінен көрініп тұр. — Жаз бастарына ақ үй тікпесе, қыс жылы, таза жер үйге енбесе, керегінде жүзбе-жүз, ауызба-ауыз самолет, радио арқылы елмен байланысып тұрмаса, малшы көңілі көншімейді. Солар болғанда ғана мәдениет пен шаруашылық тілек қабысады. Әйтпесе, не үшін бағады ол малды.
— Самолет болмаса, өзгесі қолда ғой, — деді Жанат. Жомарт мұрнынан мырс етті.
— Маған бәрінен самолет оңай. Жәнібек осы жолы жүз бие айдап қайтады. Сүттің өзімен-ақ аламыз самолетті.
— Сатпайды ғой.
— Сатпаса жалдар. Жалдамаса сатар. Жолсыз, елсіз алысты үкімет бізден бұрын ойлаған.
Баймақан енді. Жомарт сөзін бөліп, тура қарады оған, өңін жылытпастан:
— Сен маған бригадир емессің. Ойымды өзімсіз бұзба. Бір жолға кешірдім, — дегенде:
— Шабан атқа қамшы, шабан ойға шапшаң қимыл! — деп күліп қойды Баймақан.
X
Күн жексенбі. «Екпінді бескүндік» аяқталды. Колхоз аулын жарып шыққан тас жол жатыр. Ақмет мотоциклде, баласы артында, сол жолда ызғытып жүр.
Теміртаудан бір ізбен келген столбалар ішке ене көше бойлап тарап кеткен. Столба басы дерлік Қарағанды, Теміртау монтерлары. Сым тартып, ауыл үстіне өрмек құрып барады. Ауылдан шыққан бір газик, екі МК сынаптай ағып белден асты. Екі қаланың, ауданның секретарьлары ол. Жиылыс өткізіп, жұмысшыларды орналастырып қайтты.
Бұған дейін біртіндеп басталған егіс ертең жаппай басталмақ. қауырт жұмыстық бір саласы бітіп, екінші саласы басталуына бір-ақ күн қалды. Осы бір күн біткен істің мейрамы, басталар істің сәті тәрізді. Үлкендер қонақта, жастар ойында. Колхоз аулынан көтеріңкі көңілдің думаны естіледі. Әне, балташы Пахрейдің баласы шықты дуылдатып.
Қолында баян, қасында Коля мен Төкен. Бірі билеп, бірі әндетіп келеді:
Жастары диқаншының жер шебері, дән сеуіп, топыраққа гүл егеді. Дәні нәр, гүлі жұпар жерімізге Қаладан құмар болып ел келеді.
Мінеки даламыз. Кілемдей жайнаған, Әнге біз саламыз жігермен қайнаған...
Столба басында күйкентайдай көрінген талдырмаш қоңыр жігіттің, де делебесі қозып кетті. Ол тақылдай жөнелгенде, жердегі үшеу қосыла жөнелді:
Біздің жастар, Шыңға асқар, Өрмелеуде өмірде. Біздің жастар, Үлгі тастар, Еңбекте де білімде: Соқсын дауыл, Жарқылдасын нажағай. Мейлі шуақ, Бейне ұжмақ. Тұрса-дағы тұнып жай, — Біздің жастар, Алға бастар, Қызыл туды қолға ала, Біздің жастар, Шыңға асқар, Тігер туын жар сала.
Орталықта кен, алаң. іші жас орман бұтақтары буазып, хош исін шашқалы тұр. Ағаш арасында, ақпен сылап, көк жүгірткен көрнекті клуб. Айналасы қарабұйра топырақ. Шебер қолдың еккен гүлі топырақты кестелей, көктеп келеді. Колхоз конторы мен партком бөлмесі де алаңдағы осы клубта. Кешке ойын қоюға дайындалған жастар, мұғалімдер іште сахна құрып жатыр. Сыртта Баймақан бастаған бір топ футбол ойнап жүр.
Жомарт пен Жанат жаз ойынын теннистен бастапты. Ақ мячикті caрқалақпен біріне-бірі атқылап тұр.
Бүгін дем алмаған тек Жәнібек қана. Бейсенді ертіп ол отардағы малға аттанды. Футболшылардың деңгейінен өте бергенде Баймақан айғайлады:
— Бүгін жұмыс көлігіне де демалыс. Сенің терің су ма, еді?
— Маңырамаңыз, — деді Жәнібек.
Күліп жатыр бәрі. Күлкіден бе, әлде әдейі ме, Жомарттың қаққан мячигі сол кезде қиыстау кеткен еді. Жанат атылып, жете бере мұрттай ұшты. Сеткеден секіріп түсіп, көтеріп алды Жомарт. Осы бір секунд электрден шапшаң да, күшті де екен. Екі денені бірден шымыр-шымыр еткізді. Етке — ет, лепке — леп тиіп, бетіне қадалған өткір көзге » өзі түскенде:
— Жібер! — деп ата жөнелді Жанат. Лаулап жанып бара жатқандай, кірпік қаққанша кідірсе, жанып бітетіндей сезілді. Бірақ, сол ыстық құшақ гүлдей өзін күл қылса да жата беретін еді. Алманың:
— Әй! — деген назды даусы естілді. Жомарт та естіген тәрізді... Қажырлы қолы босап кетті. Екеуі екі жерде біріне-бірі қарай алмай, қазір ғана соғып өткен секундтың әлегімен тұр.
Жомарт келіп үстінің шаңын қаға бастағанда, жер жыртқан тізесін жаңа ғана көріп:
— Осы бір секунд дүниені де ойран еткендей екен! — деді Жанат. Өз басымнан кешкенді айттым, өзім ғана білдім десе де, Жомарттың соза:
— Ия, — дегені елең еткізді.
— Сен нені көрігі айтып тұрсың?
— Көргенді емес, сезгенді айттым.
— Сезім кейде алдайды.
— Жаман сезімге сенгенше, жақсы сезімге алданған артық.
— Екеуінен де ақылға билеткен артық.
— Ақылдың әлі келе берсе неғылсын.
— Сабыр көмектеседі.
— Рас. Сабыр деген — зіл салмақ. Тағдыр салса, тартасың
Бұдан әрі тіл күрмеліп, сөз тоқталды. Сүйікті Алма алдарына тағы келіп, сүйрік саусағын жоғары көтере, «жә!» дегендей болды. Жаралы аяғын сылти басып, Жанат үйіне жөнелді. Жүгіріп келіп, қолтығынан демеген Жомарттың қолын ысырып тастап, үнсіз кетті.
Теннис алаңында жалғыз қалған Жомарт елегізгендей жан-жағына қарағанда Ақмет түсті көзіне. Алдында ала биенің ала құлыны ойнақтап жүр. Жаяуға қайыру бермеген соң, ашуланып мотоцикліне мінді. Құлын шошып, құйрығын тігіп алды да, қара жолмен тартты. Мотоцикл баспалатып жетіп келгенде, жалт берді жолдан.
— Қап! — деді Ақмет өте шығып. Қолына түссе құлағынан бұрап, бір шыңғыртпақ еді, түспеді. Өзек, жыра, егін жайдың, арасымен безіп барады. Жол қуалап, тегіс жер көздеген Ақаң алыстап қалды. К,алай қалам дегендей шолақ өзектен өте сала, ағызғанда қойып кетті бір шалшыққа. Шалшыққа аунап шығып, алқынып тұр. Мотоцикл дөңгелегі зырылдап жантайып жаты.р...
— Әй! Анау иттің малын жіберме! Қайыр-қайыр, — деп қол сермеді қарсы келе жатқан аттыға. Ол егінжайды аралап жүрген Жантас екен. Көлденеңдеп құлынға ұмтылғанда, боз атынан танып, Ақаң кейін жүрді.
— Бәлемнің сілесі қатқан-ақ шығар! — деп өзін-өзі жұбатса да, үлкен ашу енді керней бастады. Зулатып Жомарттікіне, Жақыптікіне, одан конторға соғып, алаңға бұрылды. Бәрін көріп тұрған Жомарт бір сойқанның боларын сезіп, сырғып бара жатыр еді, айғай салды:
— Тоқта, бала, тоқта!
— Жәй ма, Ақа?
— Жәй осындай бола ма? — деп былғанған үстін, машинасын көрсетті Ақмет. — Өліп қала жаздадым. Енді аянарым жоқ. Аш бетіңді!
— Сабыр етіңіз, бәрі болады, — Деді Жомарт жымиып. Ақмет өрши түсті:
— Сабырмен құртпақпысың, бала. К,ыс өтті, жаз шықты. Сазды жол әне, тас жол болды. Міне, электр де келді. Жер де, мал да балалап жатыр. Соның бәрі болғанда менің бір жапырақ қағазым неге болмайды?! Қашан мен әкелгелі! Онда сенің жоспарың бекіген де жоқ-ты. Енді орындап барасың. Тоқалдан туды дейсіңдер ме мені. Жақыптың созғаны жетер. Ендігі тәлқауайтқа көнбеймін!.. — деп жерді жұдырығымен бір түйіп қойды. Бұлтартар емес. Жомарттың апшысын қуырып тұр. Даусына алаңдағылар жиналды. Маң-маң басып, Баймағамбет пен Мәмет те жетті. Мәмет сөйлей келді:
— Мен туған жылы талайлар туыпты. Соның бірі мынау, білеуіт бұқаша күжілдеп тұрған.
— Былжырама! Мүйіздеп жіберсем ұшып кетерсің — деді Ақмет. Мәмет сылқ-сылқ күлді:
— Сенен тентек бұқалар да тұр қорада. Темір шынжырды сен түгіл кеше келген күжбанкөк те үзе алмады.
— Сол шынжырды жасаған мына қол. Шаттауықтай қысып жіберсем, кемпір аузын, ыржың етер.
Құрдастық қалжыңдар күлдірсе де, Жомартты жадырата алмады. Сырғыта, сырғыта талай жерге келді. Енді не айтпақ бұл қартқа? Ауданмен кеңесті. Басқарма мүшелерімен, парткоммен ақылдасты. Бәрінің сөзі «әзір қоя тұр». Бірақ, өздері бой көрсетпейді. Адуын, ерке қарттың алдына тосатындары Жомарт. Ол бүгін тіпті шұқшиып алған:
— Кәне, тоқетерін айт, бала! — деп төніп қояды. Мұндайда Баймақан жәй тұра ала м»? Дем бере түсті:
— Бюрократизм. Жолдас стахановшы Ақмет қыстан бері қақсап келеді.
— Әне, жұрттың бәріне мәлім, әне. Қалай басып отырарсыңдар осыны?
— «Бай болғанда бақырып бола ма», декбірсіз антұрған, — деді тағы да Мәмет. Жомартты арашалап тұрған тәрізді, қарап қояды бетіне. — Сенде бар мал басқада да бар. Бір-екі қараңның құлағы артық болмады, пәле болды. Отыр ғой осы жұрт, өз малын да, колхоз малын да бағып. Баға алмасаң бізге бер, қандай бағар екенбіз.
— Күшің тасыса, жұмыста тасып жатыр. Емінгенше істеп ал.
— Ендеше, колхоз сенің малайың емес, ез малыңды езің бағып ал.
— Ей, сол күшті сендер қайдан таптыңдар?! — деп Ақмет Мәметке төніп келді. — Күш емес ол. Ұрлық, не ит жандылық. Егер, еңбегіңді колхозға тегіс берсең үйге неңді бересің? Бүгіп қалсаң, ұрлық емей немене? Тынығатын, көңіл көтеретін уақытың үй бейнетіне кетсе, ит жандылық емей немене? Басқа жолын тапшы! Тапшы деймін?! Ә-ә, үндей алмассың, бәлем. Әне, сондықтан мен бақырам. Барымды бүкпей берем колхозға, колхоздың да барын алам. Көрерсің, сонда, кімнің айтқаны келгенін.
Жомартта үн жоқ. Аз уақытта осы колхозға көп жаңалықтар енгізді. Азуы алты қарыс Жақыпты, тіпті бүкіл ауданды жеңіп, ойын өткізді. Аяқтан алған Бейсен мүләйім, адуын Баймақан жуаси бастады. Айдар өзімен-өзі болып кетті. Соның бәріне қабілеті жетсе де, қазір жетпей тұр. Ақметке бұл оңай сияқты. Жомартқа үлкен арман, үлкен мәселе. Осы пікірді қозғаған Ақметке жан-тәнімен риза Жомарт. Бірақ, орындамайды. Орындау үшін әуелі уставты бұзу, ауданды көндіру керек. Колхоз кладовойын үлгілі магазинге айналдыру одан да қиын. Барын берген Ақмет бәрін дайын қылмаса, жанжалдың көкесін сонда көресің! Жомарт көп ойланып, уставтан бір саңлау да тапқан. Жеке мүдде мен көпшілік мүддесі қабысатын болса, колхоз өз мүшелеріне жәрдемдесетін болса, уставқа оның қай жері қайшы? Әттең, кладовойдың шамасы келмейді... деп тұр. Ақметтің онда ісі жоқ. Аялға бірсыпыра қарады, ал, Баймақандікі не, неге кимелей береді?
— Сен жаңа «бюрократизм» дедің. Орындай қойшы, кәне, — деді Жомарт зілдене.
Баймақан жауапқа бөгелмеді:
— Өзі орындалып тұрған жоқ па. Колхоздың мыңын баққанда, жолдас стахановшы Ақметтің бірін бағу қиын ба екен.
— Мәселе, бағуда ғана ма, жалаң Ақметте ғана ма. Назарыңды әрірек жібер: Олардың малын да, өзін де азықпен қамтамсыз ете біл.
— Ретін тапсаң, сол мал бәрін табады.
— Тапшы ретін?
— Малды малға қос. Азығын кладовойдан бер.
— Кладовой ол халге жетсе, сенен ақыл сұрап нем бар.
— Жетпесе жеткізу керек.
— Ал жеткізе ғой, саған тапсырдым. Ақа, сіз анау жеткізген күні келіңіз. Одан бері мүмкіндік жоқ.
— Ым-м-м, — деп Ақаң ұзақ ыңылдады. — Аудан басқармаға тапсырды. Басқарма бригадирге тапсырды. Бригадир кімге, ол кімге тапсырады? Ақметтің сонда несі қалады? «Бұл биліктен өзімнің төбелесім артық» деп Мәңгі батыр салған шоқшармен. Айналайын-ай, осындай да екен ғой! Шауып алыңдар мені. Кеттім. Жасаймын бір бүлік!
Мотоциклына ұмтылған Ақметтің алдын тосты Жомарт.
— Қайда кеттіңіз, не бүлік, Ақа?!
— Колхоздан кетем. Сатам малды. Анау Қарағанды, мынау Теміртауда балғадан көп нәрсе жоқ. Сегіз сағат істеп келіп, үйде тыныш жату қолымнан келмей ме?
Жомарт жаңа қысылды. Он жеті жыл колхозды қолымен сүйреген алып Ақмет, ерке Ақметтің орны өзгеше еді. Сасқанынан:
— Уставты қайтесіз, Ақа, уставты?! — дей берді.
— Қорқытпа?! — деп Ақмет қолын сермеп тастады. Ерні көгеріп, дірілдеп кетті. — Устав деген менің тілегім, бастыңдар тілекті. Бірақ, баса алмайсыңдар мені. Осы жұртқа жұмысшы да керек...
Ақметтей адамнан айрылу, ойлаған барлық қиындықтарынан ауыр соқты Жомартқа. Батылдығын әр жерде бетіне басып жүрсе де:
— Қинадыңыз, Ақа, не де болса орындаймын! — деп салды. — Қандай шарт қоясыз?
Ақмет Жомарттың жүзіне жай ғана қарап тұрып, жымың етті:
— Қиналмасқа қиналдың, бала. Сендердің ойыңща Ақмет бір төбе, ферма бір төбе. Ақметтің ойынша екеуі бір-ақ төбе. Әйтпесе, сатып-сатып сақтық кассаға сақтатып қою қолдан келмей ме? Бүйтіп қынжылатын болсаң тіпті шарт қоймаймын саған. Басқармаң бар, парткомың бар ақылдасып, «былай болсын» деңдер, мен соған тұрдым. Артық кетсе фермаға кетеді, ферма да Ақметтікі, Тек, ақ құла бейнеттен құтқар. Жаз, алсын малды...
Жомарт сөзге келместен қағаз жазды. Қағазды ала сала Ақмет ұшырта кеп жөнелді...
XI
Таң атты. Eгiс даласы. Қара бұйра жер, көк торғын аспан. Көңіл теңіз, жан семіз. Жаратылыс жарылқап тұр...
Баяғы қиқу, құмырысқа қыбыр жоқ. Күрілдеген өзендей мотор даусы естіледі. Бір топ соқаны бір-ақ тіркеп, қыртысты қомақтай қопарған СТЗ, ЧТЗ-лер көрінеді...
Күн көтеріле бастады. Қолында карта, мойнында бинокль, қарында планшетка, буданкөктің үстінде геройымыз тұр. Қара топырақтың бетіне баяу бу қалқып, күміс бұйрадай толқыған жерді, торғын аспанның төсінде күн қалқып, күлімдеген сұлу әлемді кішкене көзімен шолып өтіп картасына үңілді. Карта беті шұп-шұбар. Шұбар басы бір номер. Номер сайын бір гектар. Әр гектарда сыр жатыр. Сыр астында тонна-тонна нан жатыр. Академик Вкльямсты құныға оқыған Жомарт нанды алуды ғана емес, жерді жаңартуды қоса ойлап, ауыспалы егіс ғылымына бойлап барады. Қарауытқан осынау жалпақ дала оның картасында шахмат тақтасы тәрізді. Есепсіз басса ұтылады. Мың жарым гектардың бас-басына бабы бар. Жыл сайын ол тағы өзгеріп отырады. Шытырман есепке еніп кеткен Жомарт:
— Нан қолда! — деп картасын жиды бір кезде. Егін-жайды аралап келеді. Бойды кернеген жастық қуаттан өзге, өзгеше, бір құмарлық, сүйсіну байқалады өңінен. Дамыл-дамыл түсе қалып, топырақ сығымдаудан, жыртылған жердің тереңдігін, тегістігін байқаудан жалыққан жоқ. Белі берік буданкөк ығыр болғандай, шыпыңдай түседі. Байыпты көзімен бәрін байқап, өз елегінен өткізе, себушіге жеткенде:
— Тоқта! — деді әмірлі дауыспен. Машина тоқтады.
— Жиірек сеп.
— Тым жиі болса...
— Арам шөпке орын қалдырып барасың.
— Онда ана жерге осылай септік.
— Ол жерден бұл жер бөлек. Дымы аздау, көнелеу.
Басқа сөзге келместен жүріп кетті. Көретін жер көп.
Уақыт аз. Жұмыс кезінде ұзақ сөзді сүймейді. Қысқа айтып, дәл ұғындыру, әр адамның сыңайын танып, өз орнына қою — жұмысты, уақытты үнемдейтін сенімді есебінің бірі. Салақтық пен есепсіздікке, арам шөпше қарайтын. Еңбек майданы — осынау жалпақ далада да ширақ тәртіп сезіледі. Мықшыңдаған, аптыққан бір жан кездеспеді. Тіпті адам аз. Ерте кезде ел болып жабылып қиқулағанда, осы байтақ алқаптың бойында тоқымдай-тоқымдай қарасындар ғана қалатын. Қазір он шақты трактор тоқымдай да алан, қалдырмапты. Жомарттың көңілі сонда да көншімеді.
— Электротрактор керек! — деді өзіне-өзі. Оның үлкен жоспары бойынша ауылға келген электр егіске де келмек. Соны биыл келтіруге көмек еткен Сатанға ішінен тағы бір алғыс айтты. Стахановшы бригаданың бастығы Жантасқа жеткенде көңілінде тек электр тұр еді.
— іске сәт, Жәке! — деп аттан түсті. Жантастың аузы құр жыбыр етті. Әңгімеге отырмай, жүре тыңдап күйбеңдеп жүр. Бұның учаскесі соқамен жыртқан сияқты емес, шебер суретші кистімен салған сияқты. Жалпақ қарасынның ішінде, бір мін жоқ, теп-текше ұсақ бұйра, мақпал қара топырақ буы шығып, бурыл тартып жатыр. Қыстай қар бөгеген маңындағы шырпы шарбақтарды тап-тұйнақтай қылып жинап қойған. Шашылып, төгілген өңдеу заттары көрінбейді. Далада тамшысы, түйірі де қалмай, топыраққа сіңіп кетіпті.
— Тыңайту заттары қанша гектарында? — деген Жомарттың сұрауына Жантас тура жауап қайырмады.
— Оның әлі сұйығы бар ғой.
— Мен қоюын сұрап тұрмын.
— Сегіз тоннаға жетіңкіремес.
— Жиырма, отыз центнерден беріп салар.
— Не керек сұқтанып. Қауіп-қатер көп, — деді Жантас. Мақтануды қандай сүймесе, сұқтануды да сондай сүймейді. Көз тие ме деп, ұнатпай қалды. Ептеп барып, егіс ішінде көрінген жалғыз кесекті қолымен майдалап үгіт де, егіске шашып жіберді. Барған ізімен қайта қайтқанда, ізін қалдырмай, қолындағы шырпының ұшымен майдалап, тегістеп кетті. Күйбең бітер емес. Шылымын тартып, жантайып жатқан Жомарт:
— Егер ырыс бар болса, дәл өзі ғой, — деді ішінен. Шақырып алды қасына. — Отырыңызшы азырақ. Ауыспалы егіске түсіндіңіз бе, енді?
— Түсінген сияқтымын. Бидай аздау. Бидай аздау болса Жақып көбейтпек еді.
— Жақаң бұдан көп салып, тұқымды, көлік, адам күшін көп жұмсаса да, көп ала алмас еді. Оның үстіне біз жерді тыңайтып, жыл сайын жоғары өнім алғалы отырмыз. Жақаңның екпіні бірер жыл ғана. Содан әрі бар кінәны жерге аударып, шоңқиып қалмақ.
— Ол жағы түсінікті.
— Қай жағы түсініксіз?
— Тек бидай жағы асып түссе болады.
— Бәрі есептелген, Жәке. Өз учаскеңізге сенсеңіз, басқаға да сене беріңіз.
Жантас үндемеді. Ойында бір күдігі бар. Жылда тайлы-таяғы қалмастан колхоз аулы егіс үстінде болатын. Биыл көліктің бәрі, адамның көбі ауылда қалды. Жабылып кетсе тез бітер еді деп отыр. Жомарт салмақтың ауырын МТС-қа салып, ауылдағы күшпен үлкен жоспарын орындап жатыр. Қысылып бара жатса, ол күшті егіске төгіп жіберуге дайын. Бірақ МТС жұмысына өзі араласып, таңдап алған машиналары кідірген жоқ. Нормаларын асыра орындап келеді.
— Жұмыс осылай бара берсе, біз биыл керемет жасаймыз, — деді Жомарт. Болашақ іс болғандай, әдемі ойдың сәулесі көзіне бір жарқ етті. — Егіннің жинауы да оңайланды. Комбайн-самоход келеді. Молотилкаларды электр моторы жүргізеді. Трактор жерін жырта берсін. Электр қуатымен жылдың 12 айында әлденеше рет овощь егіп жинауға болады...
— Соның істемейтіні бола ма, сірә? — деген Жантасқа, қысқа қайырды жауапты:
— Болмайды. Ең ақыры кеудеңізге алтын жұлдыз қадайды.
— Қоя тұрсаңшы ,шырағым, оны.
— ішіңіз жек көретін шығар. Қарын ас тілесе, жан мәртаба тілейді.
Жантас қырындай бере бір жымың етті, Жомарт атына мінді. Беті Нұра қолтығындағы құйқалы түбек. Түбектің аума1ғы қырық-елу гектар. Ауылға жақын және картоп, бақша егін-жайы. Биылғы егістің тың, ең бай саласы осы. Жомарттың есебінше, колхоз кассасына жүздеген мың сомдар кіріс енгізбек. Сондықтан, адам көпшілігі, көлік, сайман күші осы түбекке топталған. Жаңа жер, жаңа байлықты меңгергенше асыққан Жомарт, жетуге шыдамай, түбекті бинокльмен көз алдына әкелді... Столба шұңқырлары Нұраға жетіп қалыпты. Адамның дені үлкен арықтың бойында. Кетпендер шапыр-шұпыр сермеліп жатыр. Бір газик көп арасынан шығып, бері қарай тура тартты.
— Сатан болар, — деді Жомарт ішінен. Жолсыз келе жатыр еді, жолыққалы жол а түсті. Айтқанындай Сатан екен. Қасында Есжан мен Жанат бар.
— Жақсы кездестің, — деді Сатан. — Сені іздеп бара жатыр едік. Ауылға жүр.
Ауылға жетіп, партбюроның бөлмесіне ене бергенде, Жанат сыбыр етті Жомартқа:
— Шыда.
Ауданның екі басшысы бірдей жай келмегенін жаңа сезді Жомарт. «Шыда» деген сыбыр сабырын кетіріп барады. Есікті ішінен іліп қойып, төртеуі оңаша отырды. Әдетінше тура қарамай, сөзін жай бастады Сатан:
— Ауыл маңын көріп шықтық. Аулақтағы егістер қалай?
Жомарт қысқа қайырды жауапты:
— Көңілдегідей.
— Неше тракторың бар?
— Он.
— Бірін кім берді!
— істен шыққан ескі екен! іске жараттық.
— Жаратқаның жақсы. Бүйте берсең трактордың бәрі саған келеді. Басқалар қайтеді! МТС директоры не бітіреді?
Жомарт үндемеді. МТС-тың моңдыбастау директорын билеңкіреп бара жатқаны рас еді. Дәл үстінен түсті. Директордың да өзінше есебі бар. Бай колхоз, электрлі колхоз бір жағынан абырой әперсе, екінші жағынан қарайласып та тұрады. Бара-бара соның ақыры неге соғатынын сезген Сатан қаттырақ ескертті:
— МТС мемлекет мүлкі. Саудагер директор орнынан алынды.
— Көмектескені ме, жазығы? — дей беріп еді Жомарт, Сатан басып тастады:
— Көмек әлі аз ба? Шошқаңа, кәрі-құртаң малыңа алтындай асыл тұқымды малдар алдың. Егіннің бәрін машина істеп жатыр. Электрді тағы берді. Беретін кезін ондай директорсыз-ақ біледі үкімет. Сен сұрамасаң да, өздері келіп, осында қаншама өндіріс жұмысшылары істеп жүр. Бұдан артық қандай көмек керек?!
Жомарт жақ ашқан жоқ. «Өзім білем, өз күшім жетеді» дегені албырт жастықтың қызуы екенін, мемлекет көмегі, өзара социалистік көмек орасан күш екенін жаңа түсінгендей болды. Сөзін бөліп, оған көз қырын тастаған Сатан ішінен «түсінді білем» деді де Есжанға қарады. «Ендігісін сен айт» деген қарас с "и бұл. Әр адамның халына қарай мінезі бар секретарьдың қазіргі ой-құбылысын байқамады Есжан. Алғашқы бетпен қусыра жөнелді:
— Сенікі тұра тұрсын, менікі бола берсін дегенге көне алмайды үкімет. Саған керек трактор басқаға да керек. Май бидай директордан дәндеп, енді уставқа қол салғансың. Кім саған право берді?! — деген кезде Есжан сұқ қолын шошаңдатып орнынан тұрды, — Көрсетші маған, жекеменшік малды колхоз бақсын деген тармақты? Көрсетші, жекеменшік жойылсын деген заңды? Әрбір гонрдың, «өзім білемнің» арты осыған соғады. Кім білгенін бүгін партия талқысында көрерміз...
Бұдан әрі Жомарт шыдамады. Сатан сөзі ой салса, Есжан сөзі егес әкелді.
— Жолдас председатель, — деді шытынып, баяғының қойшысы мен қожасы жоқ мұнда. Еркін ойлап, еркін істеуге хақым бар. Жеке мүдде көп мүддесіне қайшы келмесе де, қарсы тұр дегенді көрмедім уставта. Жекеменшікті жоймақ түгіл әзір ойлаған да емеспін. Дәлелдеңіз.
— Ақмет! Ақмет мәселесінің ақыры қайда соғатынын білемісің?
— Білем. Коммунизмге соғады. Не айтасыз бұған? Мен жеңіліп қалдым.
— Ә-ә, Ақмет тілегі көп тілегі демекпісің? Олай болса, көрсет көптің қаулысын?!
— Нөсер алдында нажағай ойнайды. Көп алдында көсем пікір ойнайды. Қаулыдан сол пікір маған құндырақ. Тағы да бұзарсыз. Бірақ тағы да түзерміз.
— Жомарт, Жомарт! — Мен не айттым саған? — деп ымына көнбеген соң орнынан ұшып тұрды Жанат.
— Сіз шыда дедіңіз. Шыдауға болмайды, ғафу етіңіз, — деді Жомарт. Жанаттың не дегені өзіне де естілген жоқ. Ерні жыбырлап, беті қызарып отыра кетті. Қанын ішіне тартып, танауы қусырылған Есжан да шиедей қызарды. Енді Сатанға қарап сөйледі:
— Значит, сіз бен біз ештеме білмейміз. Бұл тек жоғарыға бағынады, көсем пікірлерді ғана тыңдайды. Біз бүгін партия жиналысына өзіміздің «мешеу пікірімізді-ақ» салып көреміз де.
Сатан үндемеді. Жомарттың, «гонры, өзім білемі», өзі іске жаратса да белгіленген мөлшерден артық трактор алуы, бәрінің үстіне, аудан шеше алмаған Ақмет мәселесін жеке шешуі қосылып, Есжанның қыңқылын расқа шығарғандай болған соң, тәртіпке шақырмақ еді. Шынына келгенде, шу көтеретін тәртіпсіздік көрінбеді. Жас жігіттің, ойына, ісіне бойлаған сайын алғырлық, көркемдік кездесті. Әсіресе, қазіргі керістің үстінде, келешегі бұдан да жарқырай түсті. Сондай адамның, ұсақ-түйегін кешіргісі келсе де, Ақмет мәселесі қатты қинады Сатанды. К,айту керек, бір іс жасалып қалды? Оны бұзса — түпкі мақсатты бұзғаны. Бұзбаса — қазіргі мақсатты бұзғаны. «Қарала. Ақтаса жоғарғы жақ ақтар» деген оңай бітімге ары жібермеді Сатанның. Әуелі жоғарғы жақтың бетін біліп алғысы келді де, ол сырын құпия ұстап, жігіттердің қызуын баса сөйледі:
— Мәселенің тағы бір анықтайтын жері бар сияқты. Оған дейін ашуларың басылар. Салқын қанмен отырып талқылармыз. Есжан әлі обед те ішкен жоқ, — деп, аяғын әзілге соққанда, қысылып отырған Жанат жайнап сала берді:
— Есекеңді обедке апаралық. Шөп, сүт жағы Жомарттікінен, ет, май, жағы Ақаңдікінен табылып бағады. Қайсысын қалайды екен?
— Екеуі бірден болса ғой Есекеңе.
— Онда біздің қарттікіне баралық.
Жанат ертіп шығып кетті бәрін.
ҮШІНШІ БӨЛІМ
I
Жауынды жаздың бірсыпырасы еткен. Шілдедегі жер беті жайқалып тұр. Табиғат биыл мырзалығын мақтана көрсетіпті. Ескі аңыздарды қодыраң басса, тастақ төбелердің бетегесі қоян жасырды. Егін бурыл тартса да бойлап барады. Бойлаған сайын басын ие түседі. Колхоз даласы қалың қамыстай. Жел үп етсе, сыбдыр етіп, сыбырласа жөнеледі.
Бақшасы белуарынан келіп, ыңыранған ауылдың ішінен скрипка үні естіліп тұр. Ешкім еш уақытта естімеген жаңа үн, жаңа сарын, құлақ тояр емес, тіл сипаттап болар емес. Көңілді күндей жарқыратып, бойды қымыздай албыратып барады. Біресе шарықтап, біресе құйылып, қалықтағанда осынау дүние алақаныңа, асқақ арман табаныңа бір келген сияқты.
Сезім патшасы сұлу үн колхоз клубынан шықты. Клуб есігін ашсаңыз, нәресте жүз, сым саусақ, сөзі бал, мінезі жаз, жас қайыңдай ырғалған Алманы көресіз. Қоршаған жастардың ортасында «Күншуақ» күйін тартып тұр. Көп ізденіп, көп жүріп, Алматыда аяқтап қайтты бұл күйді. Келісімен колхоз клубын қолына алған. Бос минутын колхозшылар осында өткізеді. Музыка үйірмесі өз алдында. Біреулер газет, кітапқа үңіліп отырса, біреулер дойбы, шахмат, биллиард ойнап жатыр. Клуб іші өмір айнасы. Қабырғаларындағы диаграмма, карта, сурет макеттерден колхоздың ғана емес, бүкіл еліміздің бейнесі байқалады. Алманың бұл «Күншуаққа» қоса әкелген бір жаңалығы. Енді бірі — колхоз жастарының көркемөнерін көтере түсті. Оның маңына топталған көркемөнер талапкерлері: әнші, биші, гармоншы, домбырашы, мандолинші... Өз ортасынан шыққан Алмасын, бәрі мақтана тыңдап, ұстазындай құрметтеп отыр. Осы құрмет махаббат — Алманы елімнен бір құтқарса, бүгін «Күншуақты» тарттырып, өмір шыңына шығарды. Көңілі өскен, құмары артқан Алма скрипканы қабына салып, кетер алдында толқи тұрып сөйледі:
— Тәртіп бойынша сіздерге мен есеп беруге міндеттімін. Әуелі мынаған қараңыздар, — деп өзінің пионер күнгі суретін кептің көзіне тосты. Осы клубтың сахнасында, қолында жер шары, декламация айтып тұрған кезі.
— Ақ лақ, ақ лақ әлі сондай тәттісің! — деген дауыстар көтерілді. Алманы жасында «ақ лағым» дейтін әкесі. Ақшы Дос пен күзетші Мәмет қарт соны еске салып тұр...
— Өмірімнің бұл бір ұмытылмайтын шағы, — деді Алма. — Одан кейін, жетім кезімде, осы үйдің алдынан ауыл болып алыс жолға аттандырғанда:
— Жолың болсын, қарағым, тез бітіріп қайт... — деген дауыстар құлағымнан, жылы сөз, жаудыраған көздер есімнен әлі кетпейді. Соны сағынып, оқуды мерзімінен бұрын бітіріп келген едім. Сол ауыл, сол дауыс, жылы сөз, жаудыраған көздер бұдан екі-үш ай бұрын тағы да аттандырды. Тағы да айтты тілегін. Мен қазір көрмеймін. Сіздер көріп тұрсыздар. Орындалды ма, тілек?
— Орындалды!
— Артығымен орындалды!
— Клуб іші күйге, нұрға толды.
— Ризамын тағдырға! — деді Алма, — Көзімді алса да, көңілімді алмады. Ризамын халқыма, көңілімді күйледі, «Күншуақтай» күй берді. Сөзін бітірген соң, скрипкасы қолтығында, таяғымен алдын шолып, сахнадан түсе берді. Көп дуылы бойын дуылдатып, қызыл түлкідей құлпыра шықты клубтан. Қазір дағдылы жолдарды жолдассыз-ақ табатын. Шапшаң жүріп, қысқа адымдап үйіне жеткенде:
— Әже, мен бақытты екенмін! — деді есіктен кіре. — Жұрттың жүзін көрмесем де, толқынды дауыстардан жүрегін сездім. «Ақ лақ» деді ғой! Әлі сондай сүйкімді болсам, одан артық бақыт не! Папам ғана айтатын еді. Ел айтты енді, ел айтты!
— Бақытыңнан айналдым. Балаша қуанған ақ ботам! — деп Дәмет бәйбіше өз қуанышын көз жасымен білдірді. Алма мұны да сезді.
— Далаға шығып, бой жаз, әже. Мен отырам үйде.
Кемпір кеңесті қыздыруға бәйбіше кетті. Аздан соң
танауы желпілдеген қыз бала енді. Ентігіп болып тұр. Қолында дәптері бар.
— Бұл кім?
— Мен, Алма тәте.
— Айжанбысың?
— Иә.
— Тағы да музыка тыңдауға келдің бе?
— Жоқ. Дәптер әкелдім, тәте. Біздің Қайныкештің қолында жүр, жазуы бар. Сіздікі емес пе?
— Кәне, оқышы жазуын.
Айжан оқи бастады. Биыл төртінші класты бітірген, зирек бала. Алмамен көрші. Күнде музыка тыңдап, декламация айтып, билеп кететін. Дәптер сөзіне түсіне алмай, көңілсіздеу оқыды.
«Ел көздегені ғана емес, көңілдегіні де біледі. Басқа түгіл өзімнен жасырған бір сырым бар. Жүрек түбіне тықсам да сол сырды жұрт қоймады. Дәптерім, сен сақтап бер. Тәнім таза, жаным қара бір жанмын. Не болдым сонда? Адамшылық ар асқар таудай алдымда тұр. Кеу-кеулеген бір күш атта дейді содан. Аттамасам өртеп барады, аттауға адымым жетпейді. Тылсым сынды, өмірдің бұл қай қысымы! Тәнім таза болғанша, жаным таза болсайшы. Жанымдай жақын Алманы қарайтқанша, қара күйедей қарайсамшы. Бұл не ғажап! Жанышта дейді со жаралы жанды. К,алай барар батылым! Өйтіп татқан ләззаттан, ішіп өлген у артық. У тек өлтіреді. Ал, мынау, мынау...
Бәріне, Жомарт сен кінәлі. Неге тудың, неге көрдім. Сенің терең көзіңнен, терең теңіз тайыздау. Сенің асқақ ойыңнан асқар тау да аласа. Егер, тылсым бар болса, сол тылсым дәл сен дер ем. Аңдатпай алдың еркімді. Сала бер отқа шыжысам да қабақ шытпан. Бірақ, бірақ, ақ бөпедей Алманы шырылдатып кете алман, кете алман! Алтын сабыр мыс болмай, болат жігер бор болмай, берілме, Жанат, берілме!..»
— Бұл не дегені, кім жазған? Жанат тәтемнің де аты бар, — деп оқып болған соң Айжан кішкене иығын қиқаң еткізді.
Жаңа ғана қуаныш кернеп жайраңдаған Алманың көңілі сұр бұлт көшкендей сапырылып кетті. Көзілдірік орнында қарақат көз тұрса, нажағайша жарқылдар еді.
— Бара ғой, қалқам, бара ғой! — деді балаға. Оңаша қалса да үйге сыймай жүр. — Дос, қуаныш дегендер осы ма?! — дегенде көкірегі қарс айрылады. — Енді не қалды?! К,ос қарашық сөнсе де көңілдегі от сөнбеп еді?! Жаныма тең Жанатым жау болып су құйған соң, бықсып, міне, өшіп барам. Дос қанжарды жүректен салады екен! Тасыған көңіл тартылса, тақыршақ екен! — Ей, пасық дүние, тағы нең бар?! Әкел, әкел... Енді маған бәрібір, — деп ақылы ауысқан адамша, құшағын кең жая, сенделген Алма бір кезде шошып оянғандай селт етті. — Қателесіппін! — деді де скрипкасын ала сала «Күншуақ» күйін сарнатты. Балқып кетіп, тасып кетіп, күй ырғағымен құйқылжып отыр. Мейірі қанған соң, — айықты көңіл. — Адасқан екем, — деп басын шайқады. — Оның да мендей тілегі, жүрегі бар. Мен үшін екеуін бірден бұғаулап, отқа салған досыма, жана бер деп қалай айттым? Менің жаным сенікінен аяусыз ба десе не дер едім? Жанат достыққа шыдап тұр. Шыдармын ба мен сорлы? Қолқа салды жүрекке! Жүрегін бермес достардың салты бізге керек пе? Шешілместей бір түйін тағдыр тағы тастады. Жомарттың не ойы бар? Егер, оны да осылай қинасам, екеуінің арасына біткен сары тікенек мен емей кім? Досың қайғы жұтқанда рақаттың не сәні бар? Бөліп ішкен сол қайғы махаббаттай мас қылар...
Алма қатты қиналды. Долы қызғаныш сәуегей сананың бетінен алып тұр. Бітімге келер емес. Жанатты аяса, өзін аямау керек. Өзін аяса Жанатты аямау керек. Кіріп келген Жомарт іштегі оқиғадан ештеме сезген жоқ.
— Кұттықтаймын, Алочка! — деп қолын ұстады. — «Күншуақ» жұртқа ұнапты. Клуб та бір түрге еніп қалыпты. Колхоздың өз сауығы өзінде енді.
Алманың құлағына еніп те шықпады бұл сөз. Сүйікті «негріне» іштегі шерді шертпек еді. Бір-бірінің жүзін жыртпаған әдет, тілді күрмеп тастады. «Ұят, ардың бетін ашсаң, аржағында не қалды?» деген ой, айтқызбақ түгіл, енді бөгелсең өңіңнен біледі деп, үйден шығуға асықтырды.
— Үйде боламысың? — деді Алма. Оңаша кетіп, ойын әбден қорытқысы келді.
— Болам, — деді Жомарт. Түйткілдене қараса да түк сезген жоқ.
— Мен біраз суға түсіп құмға жатып қайтам.
— Мен барайын ба, Жанатпен барасың ба?
— Ұйқың шала, тынықсаңшы. Айжанды ертіп барам.
Алма бөгелмей шығып кетті. Жалғыз қалған Жомарт тым көңілді. Eгiс даласынан келді. Таяуда егін өнімі мөлшерленбек. Дәнденген егіннің сырын агроном әлден-ақ, түйген сияқты. Ала келген бес-алты сабақты бойына өлшеп, дәнін санап, жымыңдап тұр. Сабақтарды кітап шкафының үстіне апарып қойды. Оның ойында, қимылында ұйқыдан басқа уақытта тыным болған емес. Қуатын уақытқа сыйғыза алмай жүр. Бара салып электр плитаны жақты. Ойында қазір электр... Әзірге жеті-сегіз үй ғана пайдаланды. Егін пice бәріне жеткізсем... дейді. Қолына кітап ала жантаймаққа столға келгенде, көзіне дәптер түсті. Ұйпаланған жат дәптер әлі сол орында екен. Алма оқығанды бұл да оқып, таңғалды. Үлкен жұмбақ дәптердің қолға түсуі еді, тез шешті.
Бұдан екі күн бұрын Жақыптың үйінде электр плитасынан ерт шыға жаздаған. Әлегі шыққаннан кем болған жоқ. Жанат библиотекасын терезеден лақтыра бастады. Сонда топырлаған балалардың бірі дәптерді қолына ұстай кетіпті.
Жомарт мұны тапса да, Алмаға Айжанның оқып бергенін таппады. «Білмейді» деп отыр. Жүрек тайдай тулап тұр. Жатып еді, жатқызбады. Жүріп еді, о да тыныс болмады. «Сен де жаз шыныңды» деп столға еріксіз отырғызды. Сол дәптердің екінші бетіне Жомарт та жазды жан сырын.
«Рас айтасың, Жанат! — «Ел көздегіні ғана емес, көңілдегіні де біледі». К,ара көзден қызыл ұшқын шашыраса, соқыр ма жұрт көрмейтін. Сол ұшқынның бірі ғана ішіме түсіп, өртке айналған. Жансам да шыдап келіп едім, екі рет еріксіз балқыттың. Бірі — сонау балбыраған көктемде, теннис алаңында көтеріп алдым жерден. Сен емес, бүкіл жер қолыма келгендей болды, сонда. Кідірместен атып кеттің. Бүкіл әлемнен айрылғандай болдым. Қуып жетіп, қолтығыңа жармасқанда, қолымды қағып кеттің. Бүкіл өмірден қағылғандай болдым. Керген түстей сол секунд неге екенін білмеймін, соғады да тұрады.
Енді бірі — осы дәптер! Мен тек сөзін оқыдым. ыстығым қырықтан асты. Сөз сенің жүрегіңнен шықты. Болат екенсің мыңдаған градустарға шыдайтын.
Шыдамдылық — еріктің күші. Еріктіміз дейтінің қайда? Алманың алдында еріксіз екенбіз. Сол нәзік жан жақындаған сайын биік таудай биіктей береді. Тауды бұзу оңай. Достық, махаббат қылын үзу мүмкін емес. Бұл не ғажап! Ерікті де, еріксіз де бір өзің. Тағы да айтам, кең көңілге екі тілек сыймады. Несі кең оның?! Сен таппасаң, мен дәрменсіз. Қаламым қолдан түсіп барады...»
Дәптерді столдың тартпасына тығып, Жомарт жаңа жантайды. Жантайса да тыныштық ала алмады. Ауыр ой басқан дене мең-зең боп албырап жатыр. Өңінен іші көрінгендей еді. Кезсіз Алма көре алмады. Есікті ептеп ашып, аяғын сыбдырсыз басып төргі бөлмеге енді. Шашын тарап тұрғанда Жомарт барды қасына.
— Маңдай шашын, қисықтау бөлінді. Маған бер тарақты.
— Оятып жібердім бе?
— Несін аяйсың, Алочка?
— Ол не дегенің?
— Аяма дегенім де.
— Өзін аямаған кісіні не оңдырады? Қалай айттың бұл сөзді? Даусың да өзгеріп тұр ғой?
— Қайтып алдым сөзімді. Ая мені, ая! — деді Жомарт. Шашын дұрыстап берген соқ кетуге киіне бастады. — Конторға кіріп шығайын. Кешікпеспін.
Жомарт кетісімен Алма қойған жерінен дәптерді іздеді. Таба алмай, кішкене досы Айжанды ертіп келді.
— Қарашы. Қайда қойып кетті екен?
Екеулеп іздеп ақыры тартпадан тапты.
— Бағанағы жерін оқиын ба, тәте? Басқасын оқиын ба?
— Басқа не бар екен?
Сипалақтап отырып екеуі Жомарттың жаңағы сөзінің үстінен шықты. Айжан оқып отырып, сықылықтап күледі де, сұрап қояды.
— «Бүкіл жер қолымда тұрғандай болды сонда» дейді. Қалайша, тәте?
— Оқи бер, жаным, білерсің оны да!
— «Тауды бұзу оңай. Достық, махаббат қылын үзу мүмкін емес»? Сондай мықты қыл бола ма, тәте?
— Болады, жаным, оқи бер. «...Жақындаған сайын биік таудай биіктей береді» дейді сізді. Тау биіктей бере ме?
— Биіктей береді.
— Кәне, сіз биіктеген жоқсыз ғой?!
Уланған Алма, еріксіз күліп жіберді.
— Тірі бол. Бәрін көресің, білесің, — деп дәптерді тартпаға салды Алма. Айжанның қолына бір плита шоколад ұстатып, бетінен сүйді. — Бара ғой, қалқам, мен де сендей болған едім бір кезде.
Ойнақтап Айжан кетті. Алма диванда сұлық жатыр. Дәмет бәйбіше жаңа қайтып, кірген бетінде ас үйге аз күйбеңдеді де, төргі бөлмеге енді.
— Алмажан, қандай тамақ істейін?
— Білмеймін, әже. Көңілім ештемеге шаппайды.
— Қуаныштікі, қарғам, қуаныштікі. Кемпірлер де қуанып жатыр. Той жаса деп жатыр. Ет асып жіберейін, су қайнап тұр екен.
— Тек ет аса көрме.
— Пельмен істейін бе?
— Ол ет емес пе?
— Күріш қосып самса пісірейін?
— Жұмыртқа, сүт, овощь қайда?
Бәйбіше басын изеп, ауыз үйге шықты да:
— Тамақ піскенше іше тұршы, — деп стаканмен бір графин қымыз әкеп қойып кетті.
Алма қымыздан ауыз да тимеді. Басын да көтермеді. Ауыр оймен езіліп жатқанда Жомарт қайтты. Қуанышын айта кірді есіктен:
— Дүкен үйінің электр установкалары бітіпті. Ерледі Ақаң. Ағаш мастерскойы да бітуге жақын. Тағы да бір газик алатын болдық, заявкамызды қабылдапты. Ояумысың, Алочка?
— Ояумын, — деді Алма әлден уақытта солғын дауыспен, — Бәрі қайырлы болсын.
Жомарт Алманың қасына кеп жантайды.
— Ойлап жатырсың ғой?
— Ия.
— Кәне, салшы ортаға.
— Ортақтаспа, өзіңдікі де жетер.
Жомарттың жүрегі жаңа ғана секем алды. Бірақ, «өзіңдікі» деген сөздің жоруы екеу. Жеке басына байланысты ма, көп қамына байланысты ма? Айыра алмай анықтай түсті:
— Ойдан енші бөліп неғып жатырсың, Алочка? Күн қабағы жабылса, жер қысылады. Сенің қабағың жабылса мен қысылам.
— Еріксіз айтқыздың-ау! — деді Алма күрсініп. — Сені қысып күн болғанша, жанып бітіп күл болам. Теңмін деуші ем бір кезде, кеммін енді. Соны ойлап жатырмын.
— Япырмай, кемсінген жерім болды ма?
— Теңсің деуге әлі де аузың бара ма? Ар алдындағы әділдік қайда? Досекең айтушы еді ғой: «көкте жүзген қыран құйылып түсіп, сайыспай мауқы басылмас. Жорғалаған соқыр қоян қара құстан да құтылмас».
— Осы ма, Алочка, барың! — деп Жомарт басын көтеріп алды. Алманы да көтеріп тұрғызып, бір стакан қымыз ішкізді. Өзі ішер алдында стаканды жоғары көтерді. — Осы қымыздай адал ниетпен айтам. Соқыр қоян емес, айдын көлде қаңқылдаған аққусың. Аққу айдын көлде жүзсе, сен айдын көңілде жүздің. Мақтанам да, таңданам. Серпінім темір үзгендей, ойым әлемді, көзім қиырды көргендей. Бірақ, бәрі махаббат, достық алдында дәрменсіз. Сол ғажап күш өзін, екеніңді білсең аяр едің мені...
Алма жылап жіберді. Білем, оқығам дәптерді дей алмады. Өзін аяғанда шықпаған жас, екі досын аяғанда егіліп кетті. Сорлы Жомарт әлі ештеме сезген жоқ.
— Нанбастай не жазып ем, ыстық жасың қардай ерітті ғой!.. — деп уатып отырғанда, бәйбіше телеграмма әкеп берді. Жомарт оқи сала, Алманы көтеріп алып асықша атты...
— Сүйінші, Алочка, сүйінші! Москва шақырады, Москва. «Күншуақ» Үлкен театрда ойналады...
— Ризамын тағдырға, ризамын! — деді Алма. Басқа сөзге келместен шырқап жіберді. Жомарт қосыла жөнелді.
Уай, арман, сен ақша бұлт жүзген көкте, Тоймадым қарай-қарай ерте-кеште: Жалғанда сенен көркем бар ма десе, Бар адам дауыстайды «жоқ» деп әсте!
Шіркін арман, Етіп пэрмен, Шақырады биікке: Қалман, қалман. Өрге талман Биікте көңіл, биікте
II
Жанат бұрынғысындай жайраңдамайды. Мінезі, жүріс-тұрысы ауырлап кетті. Әсіресе, кейінгі екі күн иығынан мықтап басқан. Үйден шығудан да қалды. Төсегі жиюсыз. Отырғаннан жатқаны, оқығаннан ойлағаны көп. Оңашада күрсіне береді.
Жақып Алматыдан Алмамен бірге келген. Әлі ешқайда шыққан жоқ. Өзі кеткелі болып жатқан үлкен өзгерістерді әңгімеден ғана естіді. Аралап көрмекші еді, баласы өле-өле қапы болған қарт, Жанатынын, қасынан шыға алмай отыр. «Ауырмаушы едің...» дей береді. Ар жағын айтуға аузы бармайды. «Ауырмаған адам ауырса тез кетеді» деген ескі ұғым есінде.
— Алмамен қоштасып қалайын, — деп басын көтерді Жанат Үйден шықпаған екі күнде Алманы көрген жоқ. Жоғалған дәптер ғайыптан табылып, бар сырды әшкерелей келген. Бірақ Алманың білгенін бұ да білмейді. Жомарттың білгені-ақ жетіп жатыр. «Енді нең қалды?!» деп жазғырған ар, екі күннен бері жатқызып тастап еді.
— Жылы киін, балам, — деді Жақып. Баласының суық. тан емес, ыстықтан ауырғанын қайдан білсін. Далаға шыққанына қуанып, шілдеде үстіне пальто жапты.
— Жаппаңыз. Онсыз да ауыр, — деді Жанат. Жақып сонда да қарына іле шықты пальтоны.
Жомарт үйінің маңы көпшілік. «Жолың болсын, аман барып, абыройлы қайт!...» деген дауыстар алыстан естіледі. Алма қоштасып болса да, арбасына отырмады. Бәрінің ортасында ойлы пішінмен сұлқ тұр.
— Жанат үйде ме? — деді бір кезде. Мәметтің даусы саңқ етті:
— Ауырып жатыр. Әйтпесе, алдақашан келмей ме?
— Бәсе, — деп Алма арбаға мінді. Қасында Жомарт, көшірінде бала Төлеубек. Жақыптікіне қарай тартты. Көгі үні тағы бір көтерілді. Кермесе де Алманың көзі артында. Екі қолын бірден бұлғап барады. Жантас қоштасып қалса да, боз атпен соңдарынан жүгіртіп келеді.
Осы кезде үйден шыққан Жанат, бері беттеген пар атты, аржағында бері ауған көп назарын көргенде, самсаған мылтықтың аузында тұрғандай болды. Тайынбайтын қыз тайқақтап еніп кетті үйге. Жақып тосып тұрып:
— Жолың болсын, балам, — деді де, Алманы өзі түсірді арбадан. — Кім ертіп барады?
— Мына Төлеубек ертіп барды. Москваны көруге құмар екен, — деді Жомарт. Жақып таңдайын қақты:
— Жұмысты ойлағансың ғой. Адамнан жұмыс қымбат болып па?
— Мен емес, Алманың өзі таңдаған.
— Біздің бала оқуға барады, — деді Жантас. — Алмаға ергені тіпті жақсы болды.
— Бұл шіркін пысық өзі, — деп Төлеубектің шолақ мұрнына ұзын саусағымен бір түртті де, үйге бастады Жақып.
Жанат өз бөлмесіне суық ас дайындап үлгерген екен. Үш-ақ орындық қойыпты. Жақып мен Жантас түсінді де, жылжып кетті. Үш дос оңаша. Екеуі айыпкер, біреуі тергеуші тәрізді, мерейі үстем отыр.
Портвейн құйды Жанат. Өзі азырақ тастап алса керек, 5етінің ұшы қызғылт. Амандықтан әрі мандымаған әңгімені Алма қозғады:
— Мен Жанаттың денсаулығына ішем.
— Мен, Алманың абыройлы қайтуына ішем!
— Мен сорлы қағылып қалдым-ау! — деді Жомарт. Үшеуі бірден күлді. Қапелімде тарылған тыныс аз да болса кеңи түсті. Екеуінің сырын бірден білген Алма кетер алдында ез сырын да сездіргісі келіп отыр. Қызғаныш пен аяныш кезек-кезек қинап, «жақ ашшы, кәне, көрейін» деп тұрса да, тартынған жоқ:
— Аяймын сендерді. Мен қазір философ. Ойласам ең бақытты адам өзім. Аз жасымда көп көріппін. Көргенімнің бәрі сол әдемі қалпында. Ешуақытта өзгермейді. Шынында, олардың тозғаны да, жаңарғаны да бар. Тозғанын көрмеймін. Жаңасы қалай екен деп құмартам. Көңілімде тек сұлулық, құмарлық жасайды. Тіршіліктің бұдан артық сәні бар ма? Егер, «Күншуақ» осыны айтып тұрса, одан артық маған бақыт бар ма? Аяймын сендерді! Мүмкін біз жақ сүйек салдырағанша жасармыз. Бәрі бір сен¬дерді мен осы әсем қалыптарыңда елестетем. Ал сендер, менің орнымда қу сүйектей сорлы кемпірді көрерсіңдер. Қандай аянышты! Білем, қазір менің көзілдірігіме қарап көңілдерің күңгірт тартты. Ойлаңдар бірақ, тіршілік түйіні екеу-ақ. Соның бірі — тән. Екіншісі — жан. Тән шырайы — құлқын. Жан шырайы — ар. Құлқың үшін бәрін құрбан қылғанда, ар үшін өзіңді де құрбан қыласың. Өмірдің бұл екі түйінін көзсіз-ақ шештім осы екі күнде. Қарамаңдар күңгірт көзілдірікке, көркем көңіліме қараңдар! Қараңдар да ойланыңдар, неге ұқсайды сол көркем көңіл?
— Алочка, Алочка! — деді Жанат сөзді бөліп. Көзінен жас парлап кетті. — Томпиған топырағың да Алатаудай көрінді енді маған!
Жанаттың көз жасын даусынан сезген Алманың да көңілі бұзылды. Өзін азар ұстап, сөзін тез аяқтатты:
— Алатаудай көрінген топырағым емес, достығым болар. Дос жүрегінен сондай орын берген ризамын тағдырға! Тек сондай бөгет қылмасын. Онда менің жаңағы көркем көңілім — күн түссе де күңгірт.
Жанаттың көзі жарқ етті. Соңғы сөз зор бір нәрсе күрс құлап кеткендей сезілді. «Бұл не ғажап?!» деген кескінмен Жомартқа қарады. Ол да аңырып қалыпты. Алма орнынан тұрды.
— Жүрелік.
Жанат асығыс киіне бастады.
— Тұра тұр, Аллочка, тұра тұр. Киінейін.
— Киініп қайда бармақсың?
— Шығарып салам сені, Қарағандыға дейін барам.
— Жанатжан, байқа! Қайталап қаларсың... — деп еді Жақып, Жанат қайталар да, тоқталар да емес.
— Жазылдым, Жәке! — деді.
Үшеуі арбаға құшақтаса отырып, кетіп барады. Ауылдан шыға шырқаған әндері естіліп тұрды.
Ой, арман, сен ақша бұлт жүзген көкте.
III
Сексеннен асқан аңшы Дос пен елуден асқан күзетші Мәметтің бас қосатын жері ұста дүкені болды. Бұрынғы көрік үй өзгеріп кеткен. Жаңада қосылған бөлмеде токарь станоктары, слесарь столдары орнатылып жатыр. Ақмет өз бөлмесінде электр балғасымен істеп тұр. Электр тазалықты да ала келіпті. Қоқырсып жататын ұста маңында ине жоғалар емес. Цемент еден сыпырулы, тап-таза. Екі қарт рақаттанып әңгімелесіп отыр...
— Әй, былшылдата бермей, аржағындағы түкіргішке түкірсеңші! — деді Ақмет.
— Құтыруын қараңызшы! — деп Мәмет Досқа қарады. Дос Ақметке жығып берді Мәметті.
— Қаршыға, бүркіт тазалыққа үйір. Қара құс, күшіген өлексеге үйір. Аржағын өздерің біле бер.
Қарқ-қарқ күлді Ақмет. Түбі батыңқы шелек мұрны делдие түсті. Ұшқын, күйе жеген теңбіл бетінде, қарқыл басылса да, күлкі ойнап тұрды. Бойы тым сергек. Бұрыңғыдай, ырс-ырс етіп, қызыл темірді балғасымен қосыла соққанда сорғалайтын тер жоқ. Балға өзі ұрып тұр. Балқыған темірді тек ауната береді. Көрік өзі үрлеп тұр, көмірді тек жиыстыра береді. Көп жылдарда қара күшпен жеңген сом білекте қобыланған сіңірлер, бадырайған тамырлар көрінеді. Қолы, көзі істе болғанмен, аузы сөзде. Сөзі көріктей қызу, балғадай нық. «Орыс мінез», «адуын мінез» стахановшы Ақмет дәл бүгін бар кемеліне келген сияқты.
— Бес сақалдың санына жете алмай отырмысың? Қалай тарасаң да өшпесе өспейді. Одан да кәрияның сөзін ұқ! — дегенде, Мәмет жауаптан бұрын ұзақ ыңылдап алды:
— Е-е , тазасың сен, тазасың. Иманнан туғанда жұрдай едің. Ауызға біткен сақалдан тазардың. Одан қора толы малдан тазардың. Енді Злиқа ғана қалды.
— Сақалың аузыңда — бергенін айт. Малын, қораңда — рақатын айт. Қолыңнан келсе Қарынбай болмақсың. Несіне келдің дүниеге?
— Сен сонда Атымтай бола қоярсың.
— Әр заманның Атымтайы өзіне. Дәл сенің оңбайтыныңды Балғожа мойныңа белбеу салып сүйрегенде-ақ білгемін.
Дос күлкіден шашалып, жөтеліп қалды. Құдайға нанса да, құлдыққа көп мойындамай, сауықпен кеткен адам. Кәртайған соң амал жоқ, ырымын істеп жүр.
— Балғожа кімді алдамады, — деп күледі. — Ақ сайтаны бар еді. Осы Мұсаның деген жігіт күні. Ұры кезі. Жалғыз үй отыратын. Аңнан келе жатып, түсе қалсам үйінде бес-алты пірәдәр, ортасында Мұса, кеукілдеп жатыр... Тіпті ес жоқ. Күре тамырлары білеудей. Зікір дегенді көргенім сол, тебе шашым тік тұрды. Жындының ортасына түсіппін. Жөнеле бергенімде, Балғожа белбеуді мойныма салып кеп қалды. Тарттым қамшымен! Е, құтырып кеттің бе? Нең бар менде? Бейішке сүйремесең де барам, дедім де шығып кеттім. Сол кезде Мәметті де жыққан ғой.
Ақметтің қарқыны үдей түсті. Сөзге тарықпайтын Мәмет, мойындап күле береді.
— Япырау! — деді бір кезде. — Сонда жұрт немене! Балғожа бейішті саудалап жүргенде, Егінбайлар орысша білгенсіп жүрді. Мына тұрған күзеу қара «сайтан арба» жасамақ болды. Жомарт, Жанаттар оқуым әлі аз дейді.
— Күзеу қара дегеніне жетті, бірақ, — деп Ақмет төкті тоқтатты. — «Сайтан арба», «сайтан шамдардың» ортасын¬да отырсың. Міне, бұрынғы сегіз сағаттың жұмысын төрт сағатта бітірдім. Үйге барып дем алам. Тоқтай тұр әлі анау станоктар бітсін. Осы маңдағы колхоздар ақшасымен қапшықтарын ала келіп, есік босатпас.
— Электріңді көрген соң сексеннен асқан менің де ұста болғым келді, — деп Досекең шықты.
Екеуін Ақмет үйіне ертіп жүрді. Үйге таянған сайын, көк исі мұрынды жарып, мүңкіп барады. Бір есікті көк шарбақтың іші балбырап тұр. Қызыл төбелі, жұмыртқадай ақ үй ағаш арасынан азар көрінді. Бөлектеу салынған бұрынғы мал қорасынан әрі қарай бақша егісі кетіпті. Жапырағы жайқалған қора қалың тоғай тәрізді. Қоян жымыңдай жолдар болмаса, кісі адасатын, шарбақ ішін күзеткен дәу, сұр овчарка, жан жуытар емес. Көзінен от шашып, тықыр сезсе күр-күр етеді. Злиқаның қолында шелек, екі баласын ертіп бақша суарып жүр. Бітік бақшаға сүңгіп көрінбей кеткенде, майда қоңыр ыңылы ғана естіледі...
Ақмет қонақтарын жазғы үйіне енгізді. Бұл үйдің сипаты қысқы үйден бөлек. Төбесі ақ брезент, қабырғасы шырмауық. Астына жоғарылатып тақтай төсеген. Дөп-деңгелек, қазақтың киіз үйі бейнелес. Күз түсе төбесін, еденін жиып алады. Жаз құра қояды. Үй маңындағы гүл, ағаштар өзгеше бір шеберлікпен егіліпті. Қысқы үйдің терезелері жазғы үйге қарап тұр. Терезелер тұсында сирень гүлі. Содан бергі жерді алуан түсті гүл жауып, әдемі шыт тай шұп-шұбар. Әр шұбарда мән бар. Шашыраған күн, шыпырлаған жұлдыз, орақ балға, Кремль бейнелері салынған. Екі үйге қатынайтын жалғыз аяқ жол гүлдердің дәл ортасымен өтеді. Жол гүл жиектерін белуардан жоғары ағаш етіп, қоршап тастапты. Ағаштар басындағы тығыз бұйра, алқара көк жапырақтарда бір мін жоқ. Баса киген папаха тәрізді.
Қысқы үйден басталған гүлдер алаңы. Айналасы алма, қарақат сияқты түрлі жеміс ағаштары. Жұпар иіс самал оқтын-оқтын желпіп кетеді...
— Малдан қол босаған соң үй маңын көркейте түстім, — деді Ақмет, қонақтарына бақшасын көрсетіп болып. — Тағы бір қиял келіп жүр басыма.
Мәмет елең етіп, жалт қарады Ақметке:
— Тағы бір шатақ шығар оның?
— Шатақ маған майдай жағады деп күлді Ақмет, — мынау балбыраған қора шатақсыз жасалған жоқ. «Жеміс ағаштары шықпайды. Тәңірдің бермесін алмақ» деп күлгенсің бәрің. Енді күліп көрші. Малды фермаға өткізудің де шатағы аз болған жоқ. Мен қазір бұрынғыдан аз істеп, көп ендіретін болдым. Еңбек игілігін қайсымыз артық көріп жүрміз? Ойлаңдаршы.
— Арманыңа жеттің, жеттің! Енді не керек саған?
— Норма ескіріп барады. Өсіру керек.
— Ей, құдайдан безген! — деді Мәмет. — Осы колхоз бұрынғы рулы елдің істемесін істеп, бермесін беріп отыр. Әлі де тоймаймысың?
Ақмет бақшаны басына көтере қарқылдап күлді:
— Сорлы бессақал! Қазақы етекбастылық, бишара қанағатшылдық қашан қалар екен, сендерден?!
— Уа, Ақмет! — дегенде, Досекеңнің кәрі басы қалтылдап кетті. — Сонау алтынды Мәйөзек, анау көмірлі Қарағанды, мынау темірлі Теміртау, осынау Қара Нұра талай заман сырын ішіне бүгіп келіпті. Енді ғана ақтарылды. Соларды жайлаған қазақ та, ақтарылған сияқты. «Қонақ аз отырып, кеп сынайды», мен бір қонақ бұл заманға. Атым ерттеулі тұр, айтып кетейін. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деуші еді. Осы қазақ отыз жылда-ақ «қазан» болды. Қайнап жатыр.
— Қаттырақ қайнаса екен! — деп Ақмет құшырланғанда, Мәмет оны санына нұқыды:
— Ақырын. Сындырарсың. Шымырлап қайнаса бабымен піседі.
— Бүркітімді алып, Жауыртаудың басына шыққанда, жалған табанымда жататын. Сенің, мынау құтты қадам үйіңде дәл сондай болып тұрмын.
Даладағы әңгіменің жалғасын үйде бітіріп, Досекең төрдегі көрпеге жайыла отыра бергенде, Ақмет тағы бір көрпе әкеп, шынтағына екі жастық қойды.
— Жантайыңыз, кәрия. Шаршаған шығарсыз. Жастықтың ішінде радио бар, тыңдай жатыңыз.
Алматыдан берілген қазақтың халық әндерін кәрия тыңдап жатып, Мәметті ыммен шақырды қасына. О да келіп құлағын тосты.
Ақмет далада Злиқаны іздеп жүр.
— Злиқа, әй, Злиқа! Қайдасың?
Бітік бақшаның ішінен Злиқаның өзі көрінбей, даусы ғана естілді.
— Мұндамын.
— Бері кел. Қонақ бар үйде.
Шалғын арасында балапанын ерткен қоңыр қаздай боп, балаларын ерте Злиқа шықты.
— Қонақ кім?
— Досекең. Қасында бессақал.
— Бессақал да қонақ па, тәйірі.
— Қонақтан сол қиын. Оның аузы жай отыра ма, — деп Ақмет Злиқаны жеңінен жетелей келді де, жүресінен отырды. Жылы шүңкілге үйренген Злиқа естігенше асық еді, — мал сою керек, — деді.
— Сүр ет те, жас ет те бар. Ысырап емес пе, ауыл үйдің адамына...
— Ауыл үйдің адамы айында, жылында бір қонақ.
— Неше қонақ болса да жетеді, малға обал болар.
— Е-ей, Злиқа-ай! — дегенде ызбарлы Ақмет балқып кетті. — Осы шал қанша жүрер дейсің. Сені мен біз де тұpa бермеспіз. Қазір әр нәрсенің басы қосылған тәрізді. Жекеменшіктің бейнетінен құтылдық, электрді елден бұрын алдық. Соның үстіне Досекең келгенде, өлі етпен жөнелту сараңдық болар, қойға қосып, бір қаз сой! Жақыпты, Баймағамбетті шақыр.
— Қойшы. Зілқарамен тағы ілінісесің.
— ілініссем де ол шіркін есті ғой. Келсін. Қыстан бері суысып кеттік, сағындым.
— Сонда қойды қайдан аламыз?
— Бессақалдың бір қойын әкеп соя сал. Кейін берерміз.
— Сұрамай-ақ па?
— Несіне сұрайсың. Ол қуанады оған.
Злиқа әжетке жарап қалған еркек баласын ертіп, қонақ жабдығына жөнелді. Ақмет кішкене қызын жетелей, салқын сарайға барып, терең подвалдан дәу кастрюль қымыз алып шықты. Бұл өзінің бұрынғы ала биесінің қымызы. Ферма күн сайын таңертең беріп жіберіп тұрады. Ыдыстарды дастарқанға орап қарына ілді де, кастрюльді қос қолдап әкеп қонақтардың алдына қойды.
— Досеке, қымыз іше тұрыңыз. Мәмет, сен ішпе, құйып бер.
— Е мен неге ішпеймін.
— Қазір Жақып пен Баймағамбет келеді. Арақ ішеміз.
— Досеке, осы үшеуі де бейішке бара ма? — деді Мәмет. — Бес арамның бірін қалдырған жоқ. Енді мені азғырады.
Дос сары қымызды шайқай ішіп, күлімдей сөйледі:
— Егер, есепке отырсақ, талайымыздың қоямыз ашылар.
Ақмет бір қарқылдады да шығып кетті. Қаздардың бес-алтауын фермаға бермей алып қалған. Біреуін сойып, жүнін жұлып, Злиқа келгенше дайын қылды. Злиқа әкелген қойды Мәметке сездірместен жәукемдей берді...
— Ал, қатын, енді мені әурелеме! — деді сойып болған соң. — Қонақтармен бірге дем алам.
Мазалайтын ештеме қалған жоқ-ты. Ол союға қасап болса, Злиқа ішек-қарынға қасап. Самауыр қайнағанда қазан да шымырлай бастады. Ақмет сарайдан шыққанда, шарбақ есігінен Жақып пен Баймағанбет көрінді.
— Итің қайда? — деді Жақып дауыстап.
— Біреуі байлаулы. Біреуі үйде, бос.
— Сол босын ұстап тұршы.
Ақмет үйге бұрын кіріп, Мәметті желкесінен ұстады.
— Ұстадым, кіре беріңдер!
Жақып Доспен сәлемдесіп болған соң ұстасып тұрған екеуге қарап, өзінің күлкісімен селкілдей күлді...
— Иті иесіне, иесі итіне ұқсаған екен.
— Жаның болса, жаны тіліңді — деп Ақмет Мәметті сонда ғана босатты. Мәмет кідірген жоқ:
— Қас жаман қасындағысын қарақтайды. Өзі қор қонағын қорлайды, — дегенде:
— Мынау екі жақтап ұрды-ау! — деді Дос. — Осы пәлеге соқтықпаңдаршы!
Жақып, Ақмет соқтықпай отыра алмады. Мәметтің ащы тілі олардың қышыған жеріне тиеді. Біріне-бірі батыра айтса, сол құрлы жаны енеді. Сөзге шорқақ Баймағамбет, үшеуінен бірер жас үлкен де болса, бұндайда қосақ арасында кетіп отырды. Мәмет енді ауызды Баймағамбетке салды:
— Байеке, қойлар семірді ме?
— Жаман емес.
— Басқа қойлар егіздеткенде, сіздікі сегіздететіні қалай?
— Өсімтал ғой. Қайсыбіреуі езінің емшегінен де артық табады.
— Біз, қошақанның аузын үріп, аяғын сыпырамыз. Байекең де осынау майтұмсықты талай болпылдатты-ау!
— Е, бар болғыр, нең бар Баймағамбетте! — деп Дос шытынып қалды. Үшеуі біріне-бірі жымия қарап жым болды.
Қалжыңдары өрескел, мінездері қатал осы қарапайым адамдардың ғажап бір нәзік жері бар. Әрқайсысы өз дегенін етпей қоймайтын теріс азу. Кейде өзара қырын қабақ та боп қалады. Бірақ шынтуайтқа келгенде, бірін-бірі қиып кеткен емес, Достың мана «мен бір қонақ. Атым ерттеулі тұр» деген сөзі әрдайым естерінде. Осы қарт ренжімей аттанса деп отыр. Сондықтан, Баймағамбетке қайта оралмай, басқа әңгімеге көшті. Шай дастарқаны жайылды. Мосқал Злиқа, ақ бас Достың алдында келіншекше именбей. Ақмет жуан бөтелкені қолына алды. Бір кезде зәрдей көрінетін арақ, өзі әлі ішпесе де, Досқа өрескел көрінген жоқ. Жақыпқа бұрылды:
— Мен бір қонақ, — деді тағы да. — Айта кетейін, сақалы ақтың бәрі бірдей емес. «Тарт анауыңды» дейтіні де бар. Сонда, антұрғанның кигені орысша пиджак. Сен сақалыңды қырып тастапсың. Анау күзепті. Мәметтікі қалпында. Осы дастарқанның үстінде тоғыз түрлі дәм жатыр, Қымызы ғана бұрыннан таныс. Шайы шала таныс. Бейтаныстан безе берсе, жаңағы антұрған шал қайда сыяды!
— Бессақал, енді де ішпеймісің? — деп қалжыңдап еді Ақмет, Мәмет шындады:
— Адуындамай, ақсақалдың сөзін ұқ! Заман жаңарғанын айтып отыр. Арағың да жаңалық па?
Ақметтің, беті Жақыпқа ауды.
— Кел ішейік. Мастық үшін емес, қуаныш үшін. Сонау, қорада мал тұрса, менің, бөксем жер иіскер ме еді. Жеттім дегеніме. Сен үшеуің езіп жүріңдер солай.
— Аз уақытта, көп өзгеріс болыпты, — деді Жақып, рюмкесін орталап қойып. — Бірақ, әлі көргенім жоқ. Жаңада келдім. Жанатжан ауырып қалды... Ертең аралап көрем. Сенімен содан кейін сөйлесем.
Ет пісіп, дәу табақ келгенше, бұлардың әзілі бітпеді. Қаз етін үстіне салып, табақты Ақметтің өзі көтеріп әкелді. Жақып еттен шығарып бір әңгіме қозғады...
— Мен осы жолы бірсыпыраны көріп қайттым. Көрмегеніміз көп екен. Өзгеріп қайттым... Үйсін деген ел малға бай, бірақ еттен гөрі нанға мырза екен. Жиырма мың қойы бар бір колхозында болғанымда, осы табақты жиырма кісіге тартты. Ар жағындағы қырғыздардың тамақ берісі бөлек. Олар етті ұнтақтап турайды. Ақмет соны бір көрсе, былай турамас еді.
— Қырғызға бармай-ақ, көріп келген сенің үйіңнен көрерміз.
— Ия, ия, — деді Мәмет. Жақып күліп:
— Бейсен мен Мәметтің ырзығын біздікінен жазған ба? — дегенде, Ақмет:
— Біздің де шайымызды оңаша ішкізбейді, — деп еді, Мәмет Досқа қарады.
— Беріп көрмеген, болып көрмеген бейшаралар, болмашыны боталы түйе қылады. Екеуі жиналып, менің құдырықтай қарнымды тойғызбапты. Несіне мақтанады, осылар.
Кәрия басы қалтақтап, рақаттанып күліп отырды:
— Ой шіркін, құрбылық, жолдастық, татулық! Жалғанның сенсіз қызығы бар ма?
IV
Аэродром. Үлкен ақ самолеттің пропеллері зырылдай бастады. Жанат пен Төлеубек оңаша сөйлесіп тұр.
— Алманың қасынан екі елі шықпа.
— Шықпайым, тәте.
— Сен оны бастасаң ол сені бастайды.
— Білем. Алма тәтеме Москваның бәрі таныс. Үлкен театрға да, әскер мектептеріне де ертіп апарады.
Балалық қуанышы қытықтап, Төлеубек күлімдейді. Жанат құшырлана бетінен сүйді де, қолын қысты.
— Қош. Жолың болсын, жақсы оқы.
Алма да Жомартпен қоштасып болып, құшағын кең жайды.
— Кел Жаночка! Шайлыққан жүрек, самолеттен сескеніп тұр. Кім біледі!..
Екеуі ұзақ құшақтасып, сүйісіп, азар айрылды. Айрылған соң да, көздерінен жас тамшылай берді.
— Тағы да айтам, — деді Алма. — Дос жүрегінен Алатаудай орын алайық. Бірақ, Алатаудай бөгет болмайық.
Екі жақтап қолтықтап, Жомарт пен Жанат Алманы самолетке мінгізді. Көтеріліп, көзден алыстағанша қолдарын бұлғап тұрды. Көңілге тоқ кісің аттанғанда, көңіл шіркін бос қалған қотандай емес пе? Екеуі арбаға отырғанда иықтары салыңқы еді, былай шыға Жомарттың кішкене көзі жайнай бастады. Бұлаңдатқан пар ат ырғаған солқылдақ арба, желпіген самал жел, жайқалған кең дала. — Жастар, ендігісін өзің біл, — деп тұрған тәрізді. Жомарт аш қасқырдай жалақтап келеді. Тойған қозыдай монтиып Жанат отыр. Басқадан хабарсыз, өзімен-өзі болып отырған секілді. Жомарт «ой, арман, сен ақша бұлт» деп шырқаса да, Жанат қосылған жоқ бұл жолы.
— Қара түндей ой басса, құлан иек таң болайын. Айтшы, Жанат, неге томсардың?
— «Дос жүрегінен Алатаудай орын алайық. Бірақ, Алатаудай бөгет болмайық» демеді ме Алма.
— Сол сөзімен зілдей салмақты алып тастады бізден.
— Жоқ. Ауырлата түсті.
— Жоқ, алып тастады.
— Дәлелдеші!..
— Алма қабағы түйілсе, ашылмас еді қабағым. Байланар еді қызыл тіл, әлсірер еді ет жүрек. Енді міне, ие бермей... — деп, Жомарт үлкен ернін оймақтай ауызға тақай бергенде Жанат алақанымен тосып қалды.
— Дәлел емес.
— Махаббат назы жүрек қанымен жазылған дәптерді ал есіңе. Ақша бұлттай арманның, алақаныңа кеп қонған осы бір минутты ал есіңе! — деп үлкен ерін төнгенде. Жанат тағы тосты алақанын.
— Дәлел емес.
— Махаббат патшасы Алма әділ әмірін естіртті. Нағыз достар рақат пен азапқа бірдей ортақ. Егер осыған тұрсаң... — деп Жомарт үшінші рет ұмтылғанда, Жанат алақанын ғана тосқан жоқ, бетін де бұрып әкетті.
— Бір тоспадың, үш тостың. Сабырым да, сөзім де бітті!.. — дей келе, Жомарт қапсыра құшқанда, Жанат атып тұрды орнынан. Елен, етіп, қия тасқа шыққан маралдай тұр. Ақшыл беті сұрғылт аспандай, қара кезі ойнап шыққан қара бұлттай. Өңі суып кетіпті.
— Тоқтал! — деген дауыс мірдің оғынан кем емес. — Бұл қай құштарлық! Адамдық па, айуандық па!? Үлкен жанды, кішкене Алма не тастап кетті! Рас, лұқсат берді. Бергенінен бермегені жеңіл еді. Досына керек болғанда, көзінен қанын ағызып жүрегін суыруға жарады. Оған керек болғанда біз неге суырмаймыз?! Достық деген айуандық құмар болса, сол нақақ жан жемтіктей боп алдында жатыр. Егер, адамшылық болса, ақша бұлттай аспанда тұр. Алочка самолетте жоғарылағанда, сол ақша бұлтқа самғағандай, кешегі оймен жерде қалған біз — жемтікте қалған құзғындай сезілді маған. Келтірген барлық дәлелің құштарлықты ғана айтты. Сенем. Рас айтты. Ал, сонда құштары емесің бар ма?! Алкоголик рюмке араққа барын береді. Ұры тиынға да жанын береді. Соған ұқсас пиғылдар толып жатыр. Ар болмаса, арға серік ерік болмаса не болар еді? Сен қазір құмарлық алдында ардан да, еріктен де айрылып қалдың. Бұл екеуінсіз махаббат — тек сұғанақ нәпсі ғана. Сол нәпсіге еріп, Алочкадай ақ жанға да ауыз салдың. Шырылдаған нәресте дауысы келеді құлағыма. Қинарсың оны, Жомарт. Көмерсің. Сонда да оның томпиған топырағы Алатаудай болып жатар менің, алдымда!..
Жомарт жақ ашпады. Қызыл темір суға малса, шыжылдар да, шынығар. Қызба жүрек, суық сөзден дір етер де суынар. Суынды ма, шынықты ма, тұнжыраған терең жүзінен белгісіз. Әйтеуір бір кең ойға еніп кетіп, шыға алмай отырғаны анық... Бүлдіргенді өзек қалды, көз қырын бір салмады. Міне, теңіздей толқып, Теміртау көлі жатыр. Көл ортасында, құманшықтай боп, жалғыз төбе қылтияды. Қайықпен жүзіп қасына барсаң, бытырадан құсы көп, оңаша арал, есіңе талайды салар еді. Бұған да бір қарамады: «Үлкен әулие, кіші әулие» кеудесінде үңірейіп бауырында бұраңдаған Нұра, үш жағында үш Шалқар, қызыл сүйір Жауыр көрінеді. Көзге оттай басылса да, бұны да бірі елемеді. Шайы шымылдықтай судырлап, жер бетінде жайқалған тоғай-тоғай егін көрінеді. Сымдары сыбызғыдай ызылдап, электр столбалары, малдары құмырсқадай қыбырлап фермалар көрінеді. Біріне Жомарт қарамады. Осы кезде қолы вожжыда, көзі атта болғанымен қолына таяқ беріп, тертеге түйе жексең байқар емес. Жанындағы Жанат, жылаған көзден ытып кеткен ыстық жасты, жасыған долы беті бірінші рет көрді.
— Кен, көңілге екі тілекті сыйғыза алмадым, — деді Жомарт. — Ар алдында тізе бүккенім осы шығар. Кешіріңдер қатемді.
— Олай болса, адал ниет, ақ көңілмен сүйем деп, Жанат өзі сүйді Жомартты.
Екеуі Алманың әнін қосылып айтты:
Ой, арман, сен ақша бұлт жүзген көкте
— Осыны айтқан Алма әулие емес пе?
— Ия, дәл маған арнап айтқандай.
— Әркімнің ақ көңілін тапқандай.
V
— Балам, көңілің жақсы ма, шаршамай келдің бе? — деді Жақып. Баласынан бұған дейін сұрарын сұрап болған.
— Онда, мақтанған істеріңді көрсек қайтеді?
— Көрейік. Жомартты ертіп алайық.
Үш айдан аса көзден таса болған колхозды Жақып қатты сағынған. Өзі жоқта не боларын әр қилы жорыған. Әлі де денсаулығына күдікті.
— Мүлде жазылдым, Жәке, — деді Жанат.
Жомарт жайында Алматыдағы жолдастарына қыңқылдап та байқады. Олар қостаудың орнына ел аралатты. Кеше, Ақметтің үйінде «көрмегеніміз көп екен. Өзгеріп келдім» дегенде, сол елден көргендерін қорғасындай қорытып айтты. Әйтсе де, «дейдіге» сенбейтін қатал мінезі, Жанаттан бәріне қанса да, «бала соққан кездіктің басы жарық емес пе? Байқа!» — деп еді.
Әкелі-балалы екеуі Жомартты ертіп, әуелі мал қорасына келді. Шатырлап жапқан сарайлар. іші-сырты аппақ. Кішірек терезелерін сүртіп, жалтыратып қойыпты. Малдың тұрқына шақтап, түйетайлылау жайылған едені тап-таза. Бір шеті мен бір шеті талай жер, биік қора, адаммен қоса сөйлеп, саңғырап тұр.
— Таза екен, — деді Жақып. Қабырғаны жағалай шөп, жем науаларын бойлаған темір трубаларға түсті көзі. Бұрын бұл трубалар жоқ болатын. Жомарт енді малдың суы да алдында екенін айтты.
— Мен мұны осы сапарда «Жеңіс» колхозынан көрдім.
— Олардікінен «Зарянікі» жақсырақ. Біздікі екеуінен де артық. Тәжірибенің байыған ке^інде жасалды, — деді де Жомарт бір бөлменің есігін ашты. Малдың жататын орнын жуатын, сиыр сауатын, жуанды-жіңішкелі резинка түтіктер жатыр. — Біз енді электрмен сауамыз. Шапшаң сауылады, сауыншы азаяды, сүт тазарады...
— Бұны жаңа көрдім.
— Ертеден бар. Профессор Власовты оқыңыз.
— Оқымай-ақ көріп тұр ғой, Жәкем, — деді Жанат. — Власовтың «Зарясінен» біздің «Аманкелдіде» бар табыла бермейді. Жоғары қараңызшы, Жәке!
Жақып жоғары қарады. Электр лампалары көрінді. Үндеген жоқ. ішінен: «тазалық шам, резинке түтіктер, су тұрбалары» Жомарттың қосқаны десе де, сараң ауыз сыртқа шығармады. Екі қолын артына ұстап, жай басып бір қорадан бір қораға ене берді. Жомарт пен Жанат, жаңалықтарды көрсете баяндап, оның тұнжыраған түрінен ештеме сезе алмай келеді. Айтылған сөз шыңырау түбіне тастаған тас тәрізді, шым батып кетіп жатыр... Әдемі ой, іс болғанда балаша мақтау сүймей ме кісі? Әкесінің осы тереңдігіне талай сүйсінсе де, Жанат қазір түйсінгендей түйіле қарап қояды.
Қоралар бос, малдың бәрі далада, жазғы мекенде. Электр, сымдарын, су трубаларын тартқан Қарағанды, Теміртау жұмысшылары жүр. Олардың өзі некен-саяқ. Жұмыс бітіп қалған. Шеткерілеу, шошқа қорасының маңында күйбеңдеген дәу Баймағамбет еңкейгенде аю тәрізді. Келе жатқандарға басын көтеріп, маңқия қарады. Май басып, табынға ере алмаған нән шошқалар, маңында қой тастай деңкиіп-деңкиіп жатыр.
— Бәке, мыналарың әлден шайлапты ғой, — деді Жақып. — Қысқа дейін жарылар.
— Басын көбейткенше, майын көбейт деген соң, жарылсын. Бұның арығынан жексұрын жоқ.
Баймағамбет денесі ауыр, қимылы орашолақ, даусы жуан кісі. Асыққаны қызық. Қорбаң-қорбаң етіп алға түсе жөнелді. Асыққаны мақтанғаны екен. қораға ене:
— Шошқаға да теңдік тиді, — деп құж етті. Жаңалықтарды көрсеткен сайын Жақыпқа қарап бұ да жалтақтай
береді. Құмары «тамаша» деген бір ауыз сөз. Жақыптың аузынан ол шықпады. Таңырқап тұрып:
— Мына, бөтелкелер не? — дегенде, өңі өзгерген жоқ.
— Торайлардың емізігі, — деді Баймағамбет. Емізіктің бірін аузына салып қалып еді, Жақып мырс етті.
— Бала болдыңыз ба?
— Көрсеткенім ғой. Таза. Будан былай осымен еміземіз. Сүтті жылытып береміз. Төлдің жаны бәрібір.
Тақтай еден, электр шам, қабырғада градусник, төбеде вентиляция. Науаларға бөтелке сұғатын тесіктер жасалған. Бұрынғы сасып жататын қора, кірсе шыққысыз. Жем астауларына дейін жуулы.
— Шошқа, енді адал, — деді Жақып, қорадан шыға бере. Құмартып естіген бір сөзден Баймағамбеттің төбесі көкке жеткендей болды.
— Шошқаның электрін өзім қаздым! — дегенде, ду күлді бәрі. — Қазғаным өтірік пе? Баймақан солдат қып жібере жаздады. О, тоба! Жалқаусың демек. Кісі өз жұмысынан өзі аяна ма?
Асығыста ашуыңды келтірген кейбір қылық жайшылықта күлкіңді келтіреді. Электр столбыларын орнатарда Баймақанның Баймағамбетті қысқанын айтып, былай шыға Жомарт күлдіре түсті. Алдарында қатар-қатар ұзын-ұзын, биік маялар тұр. Шөп тасыған көп көліктің ішінде. грузовиктер жүр. Тасығандары өзі өскен шөп емес, қолдан еккен жоңышқа бидайық, мысық құйрық. Мая мал қораларының аралығынан кең қырман қыршылған. Асты цементтеулі, төбесі жабық, қабырғалары ашық. Қалқайта салған панаға ұқсамайды, үлкен сарай. Соның астында молотилкалар, астық кептіретін, елейтін машиналар көрінеді. Басында Жантас. Қасында екі-үш завод жұмысшылары. Жақып басын шайқады.
— Қора басындағы қырманға жол болсын?
— Әлей болсын, — деді Жомарт. Жанат жөн сөйле дегендей көзін қысты. — Бұл жер, қырман ғана емес, Жақа. Мал, адам азығының фабригі де болмақ. Таяудағы егіндер осында басылады. Сонда сабан мен астық бір-ақ тасылады. Шөп, сабан астықтың тазартатын, жентектейтін машиналары қасында. Бәріне электр қолданылады. Мына жұмысшылар соны істеп жүр. '
Бұл жаңалық Жақыптың миына онша қона қоймағанын сезіп, Жомарт планшеткасынан планын суырды. Әлі түгел жасалып болмаған жұмыс, планда толық суреттелген. Көзді жеткізіп тұр.
— Дұрыс, — деді Жақып шүйіле қарап болған соң. Оның «дұрысы» басқаның, «тамашасымен» бірдей.
Жантас үн-түн жоқ, келіп қол ұстасты. Үш жақтап сұрағанда, үш сөз айтты.
— Уа, диқан баба! Қырманын, үлкен көрінеді. Тола ма?
— Көрерміз.
— Мен отыз центнер десем, Жақаң он бес те қанағат дейді. Сіз айтыңызшы?
— Бұйырғаны болар.
— Егіннің пісуі қалай, Жәке? Оруды қашан бастамақсыз?
— Ертең.
Басқа сөзге келмеді. Бірінің бетіне қарамады. Жантас жүре берді Ойында тек егін. Түнде түсінен, күндіз есінен кетпейді. Өз ісіне мығым, үндемес Жантас осы мінезімен-ақ жұртқа жағып болды. Азан шақырып қойған аты қалып, колхоз ішінде көбінесе «диқан баба», «герой» атанып барады.
Көрмегелі бірсыпыра болған Жантастың да дағдылы мінезін сағынса керек Жақып:
— Бабында екен, — деп жымыңдап қойды.
— Қайдан білдіңіз, Кәке? — деді Жанат.
— Көңілді кезінде дамыл жоқ, үн жоқ, бабына келген бәйге атынша тек тұра алмайды. Көңілсізде қабағынан қан жауып, беттен бір алып қалатыны да бар.
Жантас электр жайын білмесе де, молотилке жанындағы жұмысшыларға барып, қадалып тұр еді. Жомарт Жақыпқа сыбыр етті:
— Несиеге сенбейді. Біткенін көзімен көрмек.
— Әлі ремонттап жатыр ма?
— Ремонт емес. Электрге лайықтап жатырмыз. Осының өзінен екі трактордың күші пайдаға қалады.
— Оны зябке салу керек, — деді де Жақып құлағын тіге түсті. Ыңылдаған бір үн бүгін құлақтан кетпейді. Өзі жоқта ауылға басып енген көп электрдің бірі екенін сезсе де, қайсысы екенін айыра алмай:
— Бұл не? — деді.
— Ара ғой. Ток бүгін жіберілді. Көрелік, — деп Жомарт солай бастады.
Столбалар, шұбатылған сым, қазылған жер, резинка, темір түтіктер... ауылды алғашқы кездегідей қобыратып жатқан жоқ. Көше жинақы. Әр үйдің төбесінде-ақ тартылған сым көрінеді. Сол сымның бірі — балташы Пахрейдің хұжрасына» келіп еніпті. Пахрей өзі мастерскойда отыр.
Қолында таяқ, көзінде қос көзілдірік. Кәріні алдымен түк басынатын секілді. Бұрынғы жылмақтай аузын сақал-мұрт, үлкен құлағын жүн басып, қасы салбыраған ақ бас қарт. Жалды айғырша жалбырап отыр. Дос пен Мәмет бұл жерге де келіп жетіпті. Үшеуінің де көзі арада. Белгілі баянист Пахрейдің баласы әкесінің орнында тұр. Қолында бірақ балта жоқ, алдында электрлі станок.
— Ассалаумаликөм, жезде, — деді Жақып келе. Пахрей қолын ұстап жібермей тұрып, үңіле қарады.
— Балдызбысың? Көр, мынаны.
— Ия, көргелі келдім.
Пахрей қазақ арасына ертеде сіңіп, қазақтан қыз алған татар. Бірінің жезде, бірінің балдыз дейтіні сол.
— Балдыздан туған балдызшамысың отыр қасыма. Мынау қай бала? Жомарт па? Рақмет, шырағым, — деді Пахрей. — Менің таңертеңнен кешке дейін тілетінімді, мынауың, бір сағатта тіліп тастады. Шыдатар емес.
Бірі бастап, бірі қостап қарттар өткені мен қазіргісін салыстырып отыр. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр... Пахрей:
— Электр, балташы мен ұстаға бұрын берілгені жақсы болды. Бар аспап осы екеуінің қолынан өтеді ғой. Бұлар үлгірмесе, жұмыс тоқталады, — дегенде:
— Ол ғана емес, — деді Жомарт, — Парник шаруашылығына көп жабдықтар керек. Арба, шаналар өзімізде жасалады. Тракторлар да электрмен жүреді. Келесі жылы осылардың өзі-ақ миллиондаған кірістер енгізгелі тұр.
— Миллионщик боламыз десеңші! — деп Пахрей күлгенде:
— Миллиардщик боламыз, — деп Жомарт күлді.
Ойнаса да ойындағысын айтты Жомарт. Алдағы қыста бастамақшы парник шаруашылығын былай қойғанда, биылғы бақша егісінің, өзінен бірер миллион сом енуіне күмән жоқ. Келесі көктемде электр тракторларды жерге салса, миллиардщик болмай немене! Оның бойындағы сенім күші өзі сенген электр күшінен де басым еді. Қайсар Жақып сонда да бас имеді.
— Енді даланы көрелік. Көкіманның көрік үйін көргем — деді де жүре тартты Жақып. Кетіп бара жатып қарттарды бір күлдірді. — Мәмет немді бітіріп отыр осында? Осы құдай да қартайса керек, алатын кісісін білмейді.
Мәмет бәрін күлдірді.
— Біледі! — деп саңқ етті даусы. — Ақмет көкуін, Жақып көруін қашан қояр екен, біліп қайт деген маған.
* * *
Жақып жалғыз. Астында тақымы үйренген қарагер жорға. Жүрісін сағынса керек, жайқалған егіндердің арасымен тайпалтып барады. Егін басқан жалпақ дала қанығы көзіне алақанындай көрінеді.
Жомарт пен Жанат буданкөкті жеңіл арбаға жегіп, жолмен келеді. Биыл жайылған құмайт жолда зырлаған дөңгелектен шаң ұшпайды. Арба үстінде тұрған желден шаштары желпілдейді.
— Ақырын айда! — деп қояды Жанат. — Жәнібекке барамыз ғой, «тердің су емес, май» екенін білесің бе?
Үлкен адамның еркін күлкісімен Жомарт даланы басына көшіре күлді.
— Қымыз бермеуден тайынбас ол.
— Біздің жігіттердің мінезі қызық-ау, Жомарт. Жәнібек — «маңырамаңыз», Баймақан — «тәртіп-тәртіп», Баймағамбет — «шошқаның электрі» деп келсе, Жантас үндемей, Ақаң бұрқыратып келеді. Шалдар қандай! Шаршап отырғаныңда солардың бірі кездессе сергіп сала бересің.
— Жәнібекке бірі жетпейді. Онда ірілік, нәзіктік, қайрат, ақыл бәрі бар ғой.
— Бейсенді соған қосқанымыз жақсы болды. Түзепті.
— Қатыны тентек антұрғанның. Көрінгенге қолы мен ернін шығарады.
— Соның өзі қызық емес пе! — деп Жанат көзіне жасы толғанша күлді. — Жәнібектің Баймақанды шағыстырғанын естіп пе ең?
— Естігем. Баймақан сотқа берем десе...
Ағызып Жақып келіп қалды. Көптен атқа мінбей шәу болса керек, қатты жүрістен алқынғанын көріп:
— Арбаға отырыңыз, Жәке! Атқа мен мінейін, — деді Жанат.
Жақып арбаға отырды. Шаршап келмепті, күдіктене келіпті. К,абағын шытына сөйледі:
— Тары, шөп, қиқым-сиқым көбірек егілген екен.
— Ауыспалы егіс заңы ғой. Жерді тыңайтпаса бола ма?
— Бидайды азайтса ол неме керек?
— Көбейтпесе, азайтпайды. Сапасы жақсы емес пе?
— Жаман емес, — деп күмілжіді Жақып. Бұрын бидай салған жерден басқа тұқым көргенде қарны ашса, бидай шығымын көргенде тойған еді. Бақшаға соға жүр, — деді.
Жомарт жам жолмен Нұра қолтығындағы түбекке бұрылды. Соқа тимеген соны жер биыл борша-борша. Қырық-елу гектар бақша егісі адам күшін де судай жұтқан екен. Адамның көбі, жиыны осында. Жақып арба ете алмаған соң аралаған жоқ. Шетіне келіп тоқтады да, арба үстінде тік тұрып, шүйіле қарады... Нұра жағасында күркілдеген электр насосы. Арықтармен зымыраған су көк бұйра кең жазықты қытықтап бара жатқан сияқты. Сылдыры кербез күлкідей естіліп тұр...
— Қаптаған адам, қаулаған бақша, — деді бір кезде Жақып. — Дұрыс. Жастар шөпке құмар. Есіл бидай, картоп, маркоптардың астында қалмасын бірақ.
Жақыптың «дұрысын» осымен екі рет естіген Жомарт пен Жанат қуанғанда, оның қаупіне де күлді:
— Жастар нанға да құмар, Жәке.
— Бақшаның орнына бидай қандай әсем шығады. «Қиқым-сиқымдар» екі миллион сом ғана береді.
— Дұрыс, — деп Жақыптың өзі де жымиды. Бақша ішінен шығып, бері беттеген екі аттыны бұлар да таныды.
— Баймақан.
— Қасындағы Жәнібек.
— Екеуінің басы неғып қосылды?
Екеуінің басы қосылса да дауласып келе жатыр еді. Баймақан егіншілер бригадирі. Кеше қымыз фермасына барып, Бейсенді орныңа кел деп, тықсырып кеткен. Бүгін Бейсеннің орнына Жәнібек келіп, кешегі сөздің қарымжысын қайырды.
— Сәлем, жолдас председатель! Мынау менің кісімді азғырып алып бермейді. Егін тұрғанда қымызға кісінің керегі не? — деді Баймақан келе-ақ.
— Маңырамаңыз, қымыз да керек. Маған партком берген, — деді Жәнібек. Бір көзі қарагер жорғада. Көптен мінілмеген соң сабылып қалған екен. Жанаттан көріп тұр. Жақыпқа естірмей, күңкілдейді.
— Өзіңді біреу осылай терлетсе қайтер едің?
— Мен дейсің бе, Жәкем терлетті.
Баймақан адамдарының тізімін алып үлгерді.
— Көр мынаны, кімге берілген?
— Салып қой. Бейсен керек болса, қолдан неге шығардың?
— Уақытша берілген саған.
— Болдыртып әкеп тастайтын астындағы торың емес ол. Тастағасың. Қатарға қосып алдым, нең бар?
Жомарт бітім айтты екеуіне. Дұрыс айтса да, бұра айтты Жәнібекке.
— Таңдауды Бейсеннің өзіне берейік, — дегенде, Баймақан басын шайқады:
— Әскерде таңдатпайды. Бұйырады.
Бейсеннің енді келмесін білген соң, Баймақан бұрыла сала кейін жөнелді. Жәнібек, Жанат төтелеп, Жақып пен Жомарт жолға түсіп, қымыз фермасына тартты. Сиыр фермасы да сол маңда жақын. Бәрі бұйрат ішіндегі көк бұлақтарда жатыр. Бұлар тек қолда қыстайтын шағын мал. Малдың көбі алыстағы құмда. Байтақ Нұраға сыймаған, жайылым тар, шымқай егін. Егінді қақ жарып, жаңа тас жол, алаңға шықты. Екі қора тұр. Маңы — құжнаған құс. Тобымен келіп қона қалса, бір көлдің бетін алып кетер еді. Қаз, үйрек, тауық үн қосып қиқулап жатқан өзінің құс фермасына Жақып көз қырын тастады да өте берді.
— Бұларға да электр береміз, — деді Жомарт.
— Олар қайтеді?
— Электр жұмыртқаны да құс етеді.
Жақып үндеген жоқ. Күн ұзын көргенін қорытып келеді. Электрді көріп бақты. Ауыспалы егісті, жаңа бақшаны да көрді Енді асыл тұқымды малдар ғана қалды. Содан кейін айтарын жиып-теріп бір-ақ айтпақ.
Тас жол бітіп, жәй жолмен белеске шыға келгенде, аяқ астында қымыз фермасы көрінді. Ақ үй, маңы қара құрық: «Бұйратты бөксесінен тескен «Жамбас бұлақ» жайыла-жайыла талай жерді шалғын қылыпты. Күнге шағылысқан ақ ауыл көк майсада отыр. Сыртындағы төрт үйез жылқы төрт желінің тұсында. Желі толы құлын. Ақ алжапқыш байлаған сауыншылар шелектерінің бетіне де ақ марлі жауыпты...
Жылда мұнша көп бие сауылмайтын. Жомарт биыл Жәнібекті отарға әдейі жіберіп таңдап алдырды. Ондағы ойы қымызын ішіп, әрі сатып, қызығын көру ғана емес, тұқымын да асылдандыру еді. Өзге жылқыдан оңаша, аран ішінде арқыраған үш айғыр — сүлікқара, теңбілкөк, кер-қасқа — асыл нәсілдер. Бірі сұлу, бірі мықты, бірі жүйрік. Жақып алдымен осыларға келіп тұрып қалды.
Жанат ауылға бұрынырақ барған. Шұрқырасып жатты. Малшылар бала-шағасымен Жанатты ортаға алып, бірі бетінен сүйіп, бірі қолын қысып қуанысып жатыр. Бұл, көп жылдар колхозды бауырына басқан Жақыптың беделі емес. Онікі өз алдына. Алма, Жанат жас, мінез жағынан баладай сүйкімді болса, ұстаздық жағынан әкедей үлкен еді. Шабақша шыпырлаған балалардың тазасын бетінен сүйіп, кірлеуін кішкене мұрнынан тартты. Жанаттың айтқан жылы сөзі балалар мен қоса ата-аналарын да жылытып тұрды. Шын махаббат осылардың арасында екен. Желі басында жүрген Бейсен бұрынғы көңіл салқындығын ұмытып, қол ұстасқанда:
— Жанатжан, сағындым, — деп көзіне жас алды. Рас, ол Жәнібекке еріп отарға барып қайтты. Келгелі емін-еркін көрісе алмады. Бірақ оны сағындырған арадағы бірер ай емес, жүректі аймалаған жылы шырай еді. «Бейсекем» деген Жанаттың бір сөзі Бейсеннің көзінен жас шығарды:
— Сыйласуға ештеме жетпейді екен! — деді Бейсен. — Көп назарындай суықты да, жылыны да көрмедім.
— Бейсекем, тауып айтты-ау, — дегенде, Жанат оның ішіне сүңгіп шыққандай болды.
Жақыптар желі басына келді. Жұртты қабағынан танып, өзін де қабағымен танытқан ескі бастық әлі де үлкен салмақ көрінеді. Биелермен ұрысқан түрік ерін тоқалдың дауысы бәсеңдей қалды. Қотандағылар желі басына жиылды. Қысқа амандасып, қайсыбірін мысқылдап қойып, жылқыны айнала қарап жүр Жақып. Анда-санда берген сұрауына малшылар жамырай қайырады жауапты.
— Неше бие сауылады?
— Жүз бес.
— Ақметтікімен жүз алты.
Салқын қораға үйренген Ақметтің ала биесі кішкене бүгеліктен жанын қоярға жер таппай тұр. Бауырына жабысқан түрік ерін тоқал Ақметтің де, биенің де сазасын беріп тұр. Жақыптан қаймығып ежелеп сөйледі:
— Iпит-тіпің — мапа-лыпы. Апар-апам-қапат. (Иттің малы. Арам қат дегені).
Ескі ежеге бүгінгілердің көбі түсінбейтін, Жақып сыртын беріп, естімеген, түсінбеген болса да, сылқ-сылқ күледі.
— Неге күлдіңіз, Жәке? — деп Жанат келді қасына.
— Жәй. Көкіман биесіне темір тұмар тағыпты. Келін соған байғазы қадады.
— Тұмар емес, белгі ғой ол бұрынғы...
Жомартты неғылды сүйтіп?
— Қайдам. Қысып-қысып кеткен. Есжанның беті қатты. Сатан аға сабырлы кісі ғой, неде болса ішінде.
— Сол Көкіман бәрін жеңген шығар, — деді де, Жақып желіні бойлай берді. Жәй басып, байыппен қарап келеді. Көргенінің көбі жадында қалатын, желі басынан да қалған сияқты. «Құлындар әлі асау, жігіттер ұстап саудырып жүр. — Қара құлақ болғанда байланған. Биелер тарпаң. Қайсыбірін тұсап, матап сауып отыр. — Жасында мінілмеген. Жылқы жонынан жарылады. Жер от, жылқышы дұрыс екен. Осының, бәрін асылдандырам демей, қазақтың күйкі торыларынан да сақтау керек...» деген оймен ауылға беттеді.
Ыстық күн. Қымызға қанып, қызара бөрткен малшылар. Тайларын табан балықша бұлтыңдатып, айнала шапқан балалар. Көк майсада ақ ауыл. Ауыл ортасында, тымық, күнде тік ұшқан боз түтін. Дуылдаған дауыс, сапырылған cap қымыз. Жақып шынтақтай жатып, Жәнібектен сұрай берді.
— Ондағылар қалай екен?
Бетінен майы шығады. Мал иесі солар ғой, біз тек сырттан иемденіп жүрміз.
— Қой биыл қаншаға барыпты?
— Сегіз мың сегіз жүз.
— Сиыр ше?
— Сиыр төрт жүз. Жылқы мың үш жүз.
— Тоқты қашып, тай айғырдан шыққан екен, — деді Жақып, ішінен есептеп жатып.
— Мен осыған онша сүйсінбеймін, — деп қынжылды Жәнібек. Сонша малдың сүті, майы, брынза, жүні ысырап болып жатыр. Бізге құр сүлдері ғана келеді.
— Сеніңше қайтпек керек?
— Самолет, машина керек.
— Жақсы талап. Бірақ, қолдан әзір келе ме?
— Келеді, — деді Жомарт. — Алуға біздің шамамыз бар. Беруге мемлекеттің шамасы бар. Кукурузниктер мен газиктер тимей ме ең болмаса. Отарға үлкен өзгеріс керек. Мәселе ондағы азық-түліктерді тасуда ғана емес. Солардың мәдениетті өндірісін, тұрмысын жасауда. Қойды электр қайшымен қырықпай, сүтті заводтан өткізбей тынбаймыз. Ондағы мал мен малшыларды дәл осындағыдай халге жеткізбей тағы тынбаймыз. Ол үшін әуелі әуе қатынасы, машина, транспорттар қажет. Мен пікірімді тиісті орындарға жазып та жібердім.
— Жақсы талап, — деп Жақып тағы да бір айтты да, Бейсенге көңіл аударды. — Сен орныңды жаңа тауыпсың. Жегенің ет, ішкенің қымыз, мінгенің ат. Құдайдан сұрағанының өзі осы-ақ еді ғой.
Бейсен қарқылдай күлді.
— Рас, Жақа, осы күні тоқал да ұрысуын азайтып келеді.
— Бірақ, Баймақан сені мұнда қоятын емес.
— Желкемнің шұңқыры көрсін, Баймақанды!
Бәрі ду күлді. Тегін күлген жоқ. Жеңіл мінез, бойкүйездеу Бейсен, бір кезде «жақсыларға», бертін келе Айдарға еріп көп несібінен қағылды. Одан Баймақанның темір тәртібіне түсті. Жәнібекке келгенмен де қапелімде қарық етпеген. Бір жағынан сөзбен жеп, екінші жағынан қиынға айдап байқады да, оңтайына қарай жұмыс берді Жәнібек. Бейсен қазір қымыз фермасының бастығы. Биені ағытқан соң, сол биелерді отарға айдайды. Отар оған қатты ұнаған. Түрік ерін тоқал елден алыстағысы келмесе де ат үсті, еңбекақысы мығым, жұмысқа қызықты. Бейсеннің «тоқал да ұрсуын азайтып келеді» деп отырғаны сол еді.
— Баймақан түгіл Айдардан да сақтаған құдай! — деп қораздана түскенде.
— Айтпақшы Айдардың хабарын айтпаппын-ау, — деп Жақып басын көтерді. Осынан шыққан бетінде Алматы маңындағы жиеніне барыпты. Онда паналай алмай әрірек жылжып кеткен екен, баласы өліп, қатынынан айрылыпты.
— Келіскен екен.
— Жүрер алдында Жанатжанға базарлық алғалы Особторгқа кірген едім. Жәмилә кездесе кеткені. Е, сен қайдан жүрсің?! «Ойбай, Жақа...» осылай-осылай деп көкіп тұр. Өзі бір мықты председательге тиіп апты. Қонаққа шақырса да бара алмадым. Қасқыр әйел екен. Айдарды, соңына түсіп жүріп, жүз мың сом ақшасымен ұстатыпты.
— Ойбай-ау, біздің жиырма мыңды неге ала келмедіңіз?
— Заң бойынша осында әкеп соттайтын көрінеді. Аларсың, Бейсен, — деді де Жақып орнынан тұрды. — Ет піскенше Жомарт екеуміз сиырларды көріп келейік.
Қалғандары Айдарды сырттан соттап жатты. Жақып пен Жомарт салт атқа мініп сиыр фермасына жөнелді. Ферма бір белдің ғана астында болатын. Бұ да өз алдына бір ауыл. Сырты қоңырау болса да, ақ ауылдан іші мығым. Қымыз орнына бұлар қаймақ ішеді. Ызыңдаған сепаратор дауысы анадайдан естіліп тұр. Бұзау, сиыр, бұқа қамаған арандары анадайдан көрініп тұр. Пар аттан жеккен екі бричке, ақ сауыттар артып, май заводына барады. Күйсеп тұрған мама сиырлардың бауырында, басы ағарып сауыншылар отыр. Толы шелекке тұтам емшектен саулаған сүт көпіршіп, борылдаса, сауыншылар баяу үнмен әндетеді...
— Сүт жоспары толды ма? — деді Жақып ауылға ене бере.
— Толған. Отардағы бар сиырдың бергенін берді асыл нәсілдер.
Жақып аттан түсіп, сауыншыларға амандасып тұрғанда, екі көзі шелекте еді. Жасамыс сауыншы шүпілдеген шелекті марлімен жаба салды. Жақып сиырдың емшегін ұстағанда:
— Желіні кетеді ғой, — деді.
— Мынау бір сауғанда бір сиырдың бергені ме? — дегенде, сауыншы қипақтап қалды. Тілден, сұқтан, сақтанып тұр. Жомарт оны қайдан білсін.
— Бір сауғанда-ақ бергені. Бұл сиыр күніне жиырма бес, мынау қызыл жиырма... — деп сиырлардың бас-басына сырын ашты. Әйел теріс қарап, «тіпа-тіпа» дей берді. Жомарт оны да сезген жоқ. Жақып жымың етті де жүріп кетті. Байлаулы дәу бұқаларға келді. Аран ішінде арыстанша күжілдеп, ауылды басына көтеріп тұр. Бөлек аранға қамалған тайыншадай-тайыншадай жиырма бес бұзау — көк, тарғыл, қызылқасқа — осы бұқалардан айнымайды. Жақып көріп болған соң бір-ақ ауыз сөз айтты:
— Қазақы сиырларды іріктеп салу керек.
— Ия, екі сиырды мертіктірді. Сонсоң бетімен жібермейтін болдық.
Атқа қонды екеуі де. Еңкейген күнге қарсы ілби аяңдап, бірсыпыра үнсіз отырды. Аңқұмар Жақып, он, жағында, бұйрат етегінде, жайылып жүрген бір топ дуадаққа елеусіз қарап қойып:
— Мен енді осы бетте ауданға бара қайтам, — деді. — Көп таластық. Қара бастың қамы үшін емес, колхозды ел үшін. Көп нәрсені көріп, естіп кеп салыстырғанда, жеңіліп қалдым. Сен жеңгеніңе мақтанарсың. Мен жеңілгеніме мақтанам. Бетіңнен жарылқасын, балам, — деп Жомарттың қолын ұстады.
Ауылға келгенде екеуі де аттан күлімдей түсті. Жанат Жәкесін қабағынан танып, балаша мойнына асылды.
VI
Орақ уақыты. Тұнық дала тас-талқан. Жер қайысқан егін ішінде жайындай жүзіп комбайндар жүр. Дәу маяны сүлікше сорып молотилкелер тұр. Ауыздарынан сары сабан, ақ қауыз бұрқырап жатыр. Шүмектерден саулаған қызыл дән; жәшікті арба, қанар қаптарға құйылып жөнеліп жатыр. Ту көтерген ұзын керуен, жүйткіген грузовиктер элеватор жолында өзінен өзгенің бәрін сырып тастапты. Он екі айдың осы бір айы барлық айдың тағдырындай. Осы кездегі колхоз қимылы жерді де теңсеп жібергендей.
Ұлы дүрмек. Ыстық күн. Қайнаған дала. Газиктің рулін өзі ұстап, қасында Жақып, Жомарт келеді. Білек сыбанулы, бұйра шашын алып тастаған. Ыстық күнге мотор қызуы қосылып, кабине іші тым қапас. Қатты жүрістен тұрған жел тыныс кеңітіп, машина орғыған сайын:
— Ақырын, ақырын, — деп қояды Жақып.
— Уақыт өтіп барады! — деп айдай түседі Жомарт.
Жақып қызметке енген. Жомартқа орынбасар қазір. Ауданға барған жолы газикті ала келді. Қысылмайтын кең адам болса да, орақ тұсында сан қысылған. Қазір тіпті кен, отыр.
— Саспа, бала, саспа, — дейді. — Біздің колхоз бұдан жаманында да тойға барған.
— Енді бұрын болмаған тойға барады.
— Қайда барса да биылғы техника жеткізер.
— Бұл күндер техникадан озу мұрат.
— Озарсыңдар, барарсыңдар коммунизмге. — Біздей қартты еске алыңдар сонда.
— Бірге барамыз. Оныңыз мына тұрған жер емес пе! — деп қарқылдай күлді Жомарт. — Электрден атомға бір секірсе болғаны!
Жақып күлмеді. Сүйсінді де, өкінді.
— Шіркін жастық! Жиырма бес осы кезде бір келсе.
Ой-арманға басқан Жомарт өзінің де, Жақыптың да көңілін тапқандай болып келе жатты. Торы бестімен төтеден қосылған Баймақан жаңа хабар әкелсе де тоқтамады.
— Айдарды айдап сот келді ауылға.
— Келсін.
— Жұрт алдында соттамақ.
— Жұрттың уақыты қазір жоқ.
— Заңға бағыну керек, жолдас.
— Уақытың болса бар, бағын!
— Бөгел, — деді Жақып. Машина аз кідірді. — Бүгін жоспарды орындамақ күніміз ғой. Егіншілердің уақыты жоғы рас. Малшылардың ортасына жібер. Жәнібек пен Бейсен сөйлесін. Жөні келсе, қара бет осында өтейтін болсын жазасын.
Баймақан шоқытып кете барды. Жақып пен Жомарт комбайн-самоходқа келді. Бұл биыл ғана көрінген комбайн. Бұрынғы комбайндардан екі есе өнімді. Тракторсыз өзі жүреді. Сабанға дән жібермейді. Бұрынғы комбайндардан тағы бір артықтығы — адам аз керек. Масақ қалдырмайды. Осы алыптың бітік егіннен жоны ғана көрінеді. Сабан қауыздарды боратып, егінді толқыта жайпап келеді екен.
— Жайын тәрізді, — деді Жақып.
— Электрге, одан атомға жексе қайтер еді! — деді Жомарт. Оның көзі жайындай комбайнға да тоймаған тәрізді. Есепшіден мәліметті ала сала, патсайы далада бөкенше ырғып барады... Алуан-алуан егін! Әлденеше бригада, звено. Бәрін сүзді. Біріне аз, біріне көп кідірді. Күн еңкейе, кейін оралып, ауыл жанындағы үлкен қырманға келеді.
Қырман үсті құйын. Дәу маялар айыр ұшымен ұшып жатыр. Электрлі молотилка боратып тұр. Бункерлерден құйылған меруерт дән, төбе-төбе боп үйіліп қалыпты. Қоршаған көлік, машина. Асығыс қимылдаған үлкендердің арасында шыпырлап пионер отрядтары да жүр. Мұғалімдері қасында. Ортасында Жанат. Колхоз ауылы дәл бүгін дәннен өзгенің бәрін ұмытқан секілді.
Түтігіп машинадан Жомарт пен Жақып түсті. Түсе сала үюлі қызыл бидайға келіп, сапасын ұстап көрді де, басын бір изеді Жомарт. Жантасты шақырып алды.
— Хал қалай. Жәке?
— Жаман емес.
— Неше центнерден айналды?
— Тіпті қырыққа жетті білем, — деп Жантас жымиды. Жомарт сақылдай күлді.
— Геройлығына әлі сенбейді!
— Нан болса, бәрі түгел, — деді де жөнеле берді Жантас.
— Тоқта, Жәке! Бүгін қанша өткіздіңіз!
Жантас жауап орнына квитанцияларды ұсынды. Планшеткасынан дайын бланка алып, жаза бастады Жомарт:
— «...Берілген сроктың жармысында, жоғары сапамен жоспар жүз процент орындалды. Жоспардан тысқары тағы жүз мың пұт астық тапсырамыз. Тұқым, азық, қорларын шығарғаннан кейін, колхоз базарына екі жүз центнер ас¬тық сатуға шамамыз бар. Колхозшылар әрбір еңбеккүніне сегіз килограмнан алғалы отыр. Рақмет техника жасаушы жолдастарға...»
Жазып болысымен, маяны айырлап жатқан шоферына дауыстады:
— Таста айырды. Жақаңды ауданға жеткіз.
Жақып қағазды алып ауданға жөнелді. Жомарт шылымын тарта қырман шетіне отырды. Бәріне байыппен қарап отыр... Төбеде қалқа. Күн, не жаңбыр өткізбейді, самал. Тақтайдай тегіс, цемент қырман. Дән арасында шаң не бір тас жоқ. Дуылдаған дауыстарға ыңылдаған мотор үн қосады. Ауданның, облыстың қызыл тулары жоғары тігілген.
Озық еңбек осында деп атойлап тұр. Күшті репродуктор қыбын тапқан саналы еңбектің шаттық күйі — «Күншуақты» ойнады. «Күншуақ» бұдан бес күн бұрын Үлкен театрда ойналған. Газеттер Алманың суретін басып, «Совет искусствосының зор табысы» деген атпен беттер берген. Тасқын келіп қалғандай Жомарт ұшып тұрды. Жанат жүгіріп келді қасына.
— Білемісің, бақыт қайда қазір? — деді музыкаға шаттанып.
— Білем. Дәл біздің жүрегімізде.
— Не деп тұр?
— Мынау: қырман, мая, күрек, айыр, лобогрейка дегендеріңді жоғалт! Жасасын егін тәңірісі — комбайн-самоход, электротракторлар — деп тұр. «Күншуақ» соны қостап тұр.
— Рас, арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар. Белес түбі бір асқар. Сол асқарға шыққанда, жүрек шіркін не айтар?!
— Не көрінсе соны айтар, — деді де Жомарт жүріп кетті.
Өзенге келді. Күн кешкіріп барады. Ешкімге тапсырынды берген жоқ. Берерін күні бұрын берген. Қырман басындағы тақталарда бәрі жазылған. Төселген жұрт өзі біліп істеп жатыр. Өзенге келіп, шомылды да, үйіне барып жатып қалды. Жас адамның шаршап тыныққанда қатты ұйықтайтын әдеті Жомартта да бар еді. Сол жатқаннан түн ортасына дейін тұяқ серіппеді. Есікті біреу тарсылдатып тұр. Дәмет бәйбіше бүгін көрші колхоздағы сіңлісіне кеткен. Әлден уақытта, қараңғы үйде, ұйқылы-ояу басын көтерді Жомарт.
— Бұл кім?
— Мен Алма!
Ұшып барып есік ашты. Аузынан сүйіп, көтеріп енгізсе де, Алманың қабағы кірбең.
— Әжем үйде ме? — деді.
— «Октябрьге» кетті. Жаным-ау, әзір қайтпаймын дегенің қайда? Телеграм неге бермедің?
— Жұмыс уақыты ғой. Есік ашудың өзіне азар келдің? — деп Алма көңілсіздеу күліп қойды.
Алманың хабарсыз қайтып, түнде келуінде өзі ғана білетін сыр бар. Жомарт сезбей отыр. Үйде жалғыз қалуы, есікті кешігіп ашуы сол сырды тереңдете түсті. Телефон шырылдады. Жомарт көтерді трубканы. Жанатпен кездесті.
— Жомартпысың? Жаңағы келіп қайтқан машина кім?
— Алма келді, Алма.
Жанат аспирантурада сырттан оқып, осы кезде тіпті кеш жататын. Үстінде жұмыс шапаны, кешікпей алқына кірді есіктен. Шұрқырасып жатыр...
— Ал, «Күншуақ» жайын өз аузыңнан естиік, Алочка?
— «Күншуағыңыз» — көңіл шуағы деп, көсем қолыма гүл бергенде, көңілім не күйде болғанын айтуға тілім жетпеді. Ендігі арман соны музыкаға түсіру, — деп, Алма қуаныш сезімдерін ғана айтып отырдым. Сөзінен тек қуаныш сезілсе де, қабағында бір кірбең барын байқаған Жанат, ойын-шыны аралас:
— Қолқам бар Алочка салатын, — деді.
— Ал, — деді Алма.
— Алсам, дәл өзіңді алам. Бүгін менімен бірге жатасың.
Жомарт қарқ-қарқ күлді.
— «Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды» деуші ме еді қазақ?
— Сенен сұрағам жоқ қой, қиналма.
— Алма көнсе көріп тұрайық.
— Шын сұраса көнбейтін несі бар? — деді Алма. — Жанат ескі досым. Талай жатқамыз бір төсекте. Жаңа дос, араға түспе.
— Шын сұраймын, жүр! — деп Жанат қолтығынан көтергенде, Алма еріп кетті. Жомарт ойын-шынын айыра алмай аңырып қалды...
Еріп кеткен Алма да, қабатынан келген екі ойдың бірін мықтап ұстай алмады. «Бірдеме айтпақ қой. Не айтады? Әлде Жомартты менен қызғанатын күйге жетті ме?» деп келе жатыр еді. Жанат бөлмесіне келісімен дәптерін қолына алып:
— Алочка, — деді. — Өзге түгіл өзімнен жасырған бір сырым бар. Сенің қабағыңды көргенде, жасыруға дәрменім қалмады. Қолымда қазір дәптер. Оқып берейін. Арамдығым да, адалдығым да ашылсын. Сот өзің бол.
— Оқыма, білем. Сенем, Жаночка! — деп Алма Жанатты құшақтай алды...
VII
Қауынды жаз, қоңыр күз жарылқап кетті. Қыстан қымсынған жұрт жоқ. Тынбастан екі күн жапалақтаған ақша қар жер бетінде ақ мамықтай үлпілдеп жатыр. Шағылысқан қар мен күн кәзді ұялтып қаратпайды. Лыжа тепкен, із кескен, ит жүгіртіп, құс салған колхоз адамдары мамық далада жосытып жүр.
Ауыл жанындағы өзен ішінде, бетін сыпырған жалтыр мұзда, Алманы қолтықтай коньки теуіп Жанат келеді. Үйірімен жүзген шабақша мектеп балалары соңдарында келеді.
Жауыр басында, бүркіті қолында қарт аңшы Дос көрінеді. Мойындарында қосауыз, бөктергендері қоян, бір-бірден ғана түлкісі бар. Жақып пен Жомарт үйлеріне келіп аттарынан түсті.
Ертең ноябрьдің жетісі. Ұлы Октябрьге отыз жыл. Аң қуалап, лыжа, коньки теуіп алқынған, қора маңында күйбеңдеп, шаруасына қызыққан кәрі-жастың бәрінің есінде ертеңгі күн осынау. Жауыр биігіндей жоғары тұр. Сол күннің құрметіне, әр үйдің мұржасынан будақтаған түтін, тымық әуеде тік ұшып барады. Баймақан бастаған бірнеше адам ту көтеріп, ұран жазылған қызыл маталармен колхоз ішін жайнатып барады. Желісті, шабысты аттар оқтаудай боп жарап қапты. Көше бойында кербез аяңдатып жүргендер көрінеді. Азық сарайының жанында бетін екі жаққа түзеп, машина, көлігі аралас, екі керуен тұр. Жәнібек басқарып жүр. Екі керуеннің бас көліктерінде қызыл шүберекке ақпен жазып, жоғары көтерген жазулар бар:
«Ұлы мереке құрметіне «Аманкелді» колхозшыларынан Қарағанды жұмысшыларына сыйлық».
«Ұлы мереке құрметіне «Аманкелді» колхозшыларынан Теміртау жұмысшыларына сыйлық».
Электр сыйлаған заводтарға қарай керуен орнынан қозғалды. Арты мұнда жатқанда, алды колхоздан шығып үлкен жолға түсті. Ырғалған ауыр тізбектен майысқандай шықыр-шықыр етеді жер.
Ертеңгі күнге Ақметтің дайындығы өзгеше. Көрік үйі қазір кең мастерской. Слесарь столдары, токарь станоктары, бұрғылар орнатылып болған. Трансмиссия мейлінше шапшаң зырылдап тұр. Темірді бірі — ағаштай жонып, айнадай жалтыратып жатса, енді бірі — қызыл ұшқынды боратып, нанша илеп жатыр. Мотор, механизм, балға дауыстарына адам дауыстары қосылып мастерской іші думан. Басқа колхоздың да адамдары көрінеді. Өздері жөндей алмаған саймандарын әкеп, істетіп жүр. Ақмет дауыстап Қояды:
— Жігіттер! Ертеңге жұмыс қалмасын.
Бұлармен қатар ағаш мастерскойы да өзгерген. Электр араға станоктар қосылып, арба, шана жасауға кірісіпті.
Пахрей қарт станок иген шана бастарына, жонылған дөңгелек шабақтарына баптана қараса, баласы сағатына қарап асыға түседі. Баянын алып, көшеге шығатын уақыт тақалса керек.
— Төлеу мен Коля нағып жатыр? — дегенде:
— Ойынға үлгерерсің, жұмысқа үлгер, балам, — дейді қарт.
Электрлі диірменнің біткеніне үш-ақ күн. Алды бүгін көп көлік. Көрші колхоздардың астығын тартып жатыр...
«Аманкелдінің» түнгі көрінісі тіпті сәулетті. Түнге қарай өндірістердің бәрі қызыл шүберек оранып, шамдары жұлдыздай шыпырлап кетті. Баймақан мықтап дайындалған. Кейбір ұрандарды электрмен жазып, Ленин суретін электрмен салыпты. Әр жерде күндей жарқыраған күшті прожекторлар түр. Клуб төбесінде, бүкіл колхоз аулынан жоғары, Ленин мен Сталин суреттерінің аралығында, электр бір жолға екі сөзді кезек-кезек жазып, дамылсыз көрсете береді:
«Ұлы Октябрьге отыз жыл».
«Жасасын коммунизм!»
Клуб іші адамға лық толы. Мереке жиналысы болып жатыр. Жомарт сөйлеп түр. Президиумде Жақып, Ақмет, Жантастар. Алдыңғы қатарда, Дос, Баймағамбет, Мәметтер көрінеді. Қаладан кино аппараттарын ала, кино қызметшілері, газет тілшілері келген. Жазып алып, басып қалып, дамыл таппай жүр...
Алма, Жанат, Төкен, Пахрейдің баласы, Коля тағы бірнеше жастар бөлек бөлмеде концерт дайындығында. Мереке комиссиясының бастығы Баймақан банкет дайындығында. Шампанскийлерді жәшіктеп енгізіп жатыр...
— ...Ленин көксеген электрофикация, міне, колхоз аулын да жарқыратты! — дейді Жомарт. — Біз бүгін социализм дәуірінен өтіп барамыз. Еңбек өнімінің қай саласын алсақ та, саны мен сапасы былтырғыдан биыл екі есе артық. Колхоздың негізгі мал-мүлкін қоспағанда, бір жылғы кірістердің өзі бірнеше миллиондарға жетті. Осы жиылыста ресми түрде жарияланбаған талай еңбек геройлары отыр. Жыл аяғында «геройлар колхозы» атансақ ғажап емес. Электр енді бүкіл егіс даласын, отардағы сонау байтақ мал даласын қамтымақ. Қамтыған кезде «міне коммунизм!» дей аламыз. Сол үшін, өжет елімізге, еліміздің кемеңгер Коммунистік партиясына алғыс айталық, жолдастар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі