Б.Момышұлы кейінгі 2 жылдың ішінде қатты ауырып жүрген еді. Бір күні мені шақырып алып, письменный столының шкабын, библиотекасын, бопырап жатқан қағаздарын көрсетіп:
— Әй, Мекемтас, сен жақсы бол, жаман бол, кандидат наук болып алдың, доцент-поцент дегенің тағы бар. Менің хал-ахуалымды байқап жүрсің ғой, қарағым, жақсы болайын, жаман болайын, мен қазақтың Бауыржан Момышұлымын — мынау бопырап жатқан қағаздарды мен жазғанмын. Осылар ит пен құсқа жем боп кетпесін. Бос уақытыңды бөліп, осыларды қарап шығып, орысша айтқанда опись жасағындағы, Орталық архивке тапсыр. Өзің көріп отырсың, оларды істеуге менің шамам жоқ. Бірақ та асықпастан істегін. Өзің қарағанда сезерсің, көп нәрселер піспеген, иі қанбаған, бірақ та негіздері бар. Оған біреу түсінер, біреу түсінбес. Бұларды үлгеруге, ұлғайтуға менің шамам жоқ, қарағым, оны өзің көріп отырсың. Бұл материалдарды мен ешкімге сатпаймын. Ол маған жараспайды. Саған тапсырамын. Қарап шығып, темаға бөліп, папкалап Орталық архивке тапсырғын.
Мен графман емеспін. Майданда, жай жылдарда келген ой-пікірлерімді толық болса да, қысқа болса да жазып жүргенмін.
Мүмкін болашақта істеуге болмаса да, біреуге керек болар. Бүйтіп айтып тұрған себебім — біздің қазақтың тарихында қазақ қатысқан ең үлкен соғыс 2-ші дүниежүзілік Отан соғысы. Сол соғыс кезінде қазақтан жаманды-жақсылы атағы шыққан қолбасшы мен болдым (оған документтерім бар). Көрген-білгенімді ескерме ретінде болашақ ұрпаққа айтып кетуді өзіме парыз санадым. Менің жазып жүрген себебім — сол ғана. Мен орысша, қазақша жазамын. Екі тілден шорқақ екенімді өзім де сеземін.
Сондықтан мынау архивный материалдарды реттеп, тиісті архивтерге тапсыруды саған сенемін.
Кім мені қалай түсінеді, оған құдай куә. Мені тыңдағандарды аспанға көтерер жайым жоқ, мені таптағанды да көтерер жайым жоқ... Орынсыз мақтау мен жамандау адамгершілікке жатпайды деп білемін. Сөйлесу, қадірлесу, бір-біріне түсіне білу деген нәрселер адамгершілікке жатады. Ал, қарағым, осы қолжазбаларымды саған сеніп тапсырдым. Өзің реттеп, өзің архивке тапсырғын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі