Өлең, жыр, ақындар

«Табылдының тұңғиығы: қазақтың алғашқы бард ақынының жасырын әлемі»

    Табылды Досымов — қазақтың тұңғыш бард ақыны, өзіндік қолтаңбасы бар дара талант. Ол 1965 жылдың 15 шілдесінде Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген.

1982 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1990 жылы сол оқу орнын бітірген. 1983–1985 жылдары Германияда әскери борышын өтеген.

Оқуын аяқтаған соң 1990 жылы арнайы жолдамамен Атырау телерадиокомитетіне келіп, жаңадан құрылған облыстық телевидениенің қалыптасуына үлес қосты. Ал 1992 жылы Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда шығармашылық жұмыстармен айналысты.

2000 жылдан бастап Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

Табылды — «Жанарымның жарқылы» (2000), «Ұнатамын мен сені» (2002) атты жыр жинақтарының, сондай-ақ «Жайықтың толқындары», «Табылдының әні» сияқты ән мәтіндері мен өлеңдер жинақтарының авторы.


Соңғы жылдары Табылды Досымовтың шығармашылығына деген қызығушылық артып келеді. Бард жанрының табиға­ты, оның серілігі, тұлғалық болмысы — тыңдарманды да, әдебиет сүйер қауымды да өзіне тартады. Оның өмірі туралы естеліктерді оқығанда, студент Табылмен қатар жүргендей, ҚазҰУ қалашығының алаңында домбырасының үнін тыңдап, жатақхана ауласында жастармен бірге әндеткендей күй кешесің.

Журфактың жалынымен бір сапта жүргендей, алыптармен рухтас, ізгі жандармен үзеңгілес болғандай әсер сыйлайды. Мұқағалимен мұңдас, Фаризамен сырлас, Шәмшімен шылымдас бола алмаса да — рухани тұрғыдан солардың қатарында тұрғандай.


Көзкөргендердің айтуынша, Табылдыны жақсы көрген қыздар көп болған. Достары оның жігіттік жолы да жаман болмағанын әзіл-шыны аралас айтып отырады. Алматыны қатты сағынатын ол кейде хаттарын да өлеңмен жазып, «алып кет» деп аруларға ақ жүрегімен сыр ақтаған. Ол өзін сүйген қыздардың маңдайынан ғана сүйіп, ағалық ақыл айта білетін. Табылдының жомарттығын да, аңғал мінезін де жақындары жиі еске алады. Кейде қырсықтау, кейде мысын басатын салмақты мінезі болғанын да көзкөргендер жасырмайды.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ырғызбаева Жансая


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз