Ләңгі – қазақ халқының көне де қызықты ұлттық ойындарының бірі. Бүгінде ұмытыла бастағанымен, оны қайта жаңғыртуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп келеді. Әр өңірде ләңгі тебуден жарыстар ұйымдастырылып, жас ұрпаққа ата-бабадан қалған бұл ойынның мәнін жеткізуге ерекше көңіл бөлінуде.
Ләңгі ойыны адамды ептілікке, шапшаңдыққа, икемділікке тәрбиелеп, мақсатқа ұмтылуға баулиды.
Ләңгі — қорғасынды теріге тігіп, аяқпен теуіп ойнайтын балалар ойыны. Көбінесе қой мен ешкінің жүнін қолданады, бірақ кез келген жануардың жүнін алуға болады. Жүн ойыққа кигізіліп, оның астыңғы бөлігі бекітіледі. Ойын әдетте қарапайым тәсілдерден басталады. Алғашқы жаттығуларды дұрыс орындаған ойыншы ойын иесімәртебесіне ие болады. Ойын иесі орындаған тәсілдер басқа ойыншыларға міндетті үлгі саналады. Тапсырманы орындай алмаған ойыншы малай деп аталады. Малайдың негізгі міндеті – ойын иесі тепкен ләңгіні қуып жетіп, қағып алып, қайтадан оның аяғына тастау. Ойын барысында қағыс саны есептеледі: әр ойыншының нәтижесі ойын иесі қойған тапсырманың орындалу деңгейімен салыстырылады.
Малайлық мәртебесі үш жағдайда тоқтайды:
Малай ойын иесінің аяғынан тасталған ләңгіні қағып алса;
Айыпталған ойыншы тапсырылған қағыс санын дәл орындаса;
Ойын иесі тасталған ләңгіні қаға алмай мүлт кетсе.
Қосымша ережелер:
Егер малай ләңгіні қолдан ұстамай, аяғымен қағып алса, онда соңғы болып ләңгіні тепкен ойыншы малайға айналады. Бұрынғы малай оның алдында дәл өзі сияқты қызмет етеді.
Малай басқа ойыншының аяғынан шыққан ләңгіні қағып алса, дәл сол ойыншы жаңа малайға айналады. Ал бұрынғы малай ойын иесінің рөлін алады.
Бірінші малай өз міндетін толық аяқтағаннан кейін келесі айыпталған ойыншының кезегі басталады. Осылайша ойын барлық қатысушылар үшін кезекпен жалғасады. Бірінші айналымда барлық ойыншылар тапсырмаларды орындап шыққаннан кейін ойын келесі кезеңге өтеді.
Ләңгі ойынының құрылымы, рөлдер ауысымы және қағыс санын есептеу жүйесі бұл ұлттық ойынның өзіндік тәртібі бар күрделі спорт екенін көрсетеді. Қайта жанданып жатқан бұл ойын — ұлттық мұраны сақтаудың тиімді жолдарының бірі.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Анешова Аяжан
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі