Әшімов Байкен — Талдықорған облысының обком секретары.
Кіруге рұқсат сұрадым.... Кірдім...
— Менен жасың кіші шығар?
— Я, кішімін.
— Онда сені жолдас деп жалпақтар жайым жоқ... Алматыдан, шынымды айтсам, қашып келдім, жұмыс істетпейді.
Келесі жылы Лениннің 100 жылдығы, соғыстың 25 жылдығына даярланудасың.
— Бауке, сөзіңізді бөлейін
— Я.
— ЦК КПСС осы туралы кең атап өтуге қаулы алды, оны атап өтіңіз.
— Сіз мені танымайсыз, секретарь обкома жолдас.
— Бауке, не деп отырсыз? — деп абыржыды.
— Сіздің атыңыз Бауыржан, фамилияңыз Момышұлы емес пе?
— Міне, танымағаның осы.
— Ойбай-ау енді, сізді қалай танимын, үйретіңізші? — деді.
— Ал, қазақ дейтін халық бар, олар мал бағады, ет жейді, сүт ішеді... бірақ та жауынгер халық. Оған менің документім бар. Мысалы, 4 рет Совет Одағының батыры Маршал Советского союза Жуков былай дейді:
«Мне часто задают вопросы, какие у меня глубокие впечетления и тяжелые осадки в годы ВОВ». Он отвечает сам на этот вопрос:
— Это сражение под Москвою под главным командованием И. В.Сталина.
Как вы знаете, я был его первым заместителем, — дейді Жуков. Қазақ халқы өз тарихында ондай шайқасқа қатысып көрген емес бұрын. «Елдің атын ер шығарады» деген сөз бар.
Біздер, қазақтар, әбден Отанның басына қиын жағдай түскен кезде, Москваның түбіндегі шайқаста «Біз қазақпыз» дегенді жанымызбен де, қанымызбен де, арымызбен де айта білдік.
«Біз қазақпыз» дегенді біз ұялмастан, қызармастан бүкіл жер жүзіне айқайлап айттық. Бұған куә — тарих, халық. Бұған куә — түнде ұйқы, күндіз күлкі көрмеген еңбегіміз. Бұған куә — өлген, жарақаттанған, аяғымен келіп, мүгедек болып таяғымен қайтқан немістер — фашистер. Бұған куә — достарымыз бен дұшпандарымыз да...
Жаңа мен айттым ғой, қарағым, менің денсаулығым жағынан алып бара жатқан еш нәрсе жоқ дедім. Алматыдан қашып келдім дедім ғой. Шақырған үш датаға мен құр қол бара алмаймын.
— Мне нужно рабочее место. Тауып берсең, рақмет айтамын. Отказ берсең, өкпелемеймін. Мен кедей қазақ емеспін. Ақшасын төлеуге жараймын.
Он обалдел, нажал на кнопку, явилась его секретарша Лидия Ивановна. — Срочно соедените меня с первым секретарем Кировского райкома партии, если нет его, тогда с председателем райисполкома, — деп бұйырды. Секретарь жылдам екен.
Райисполкоммен сөйлесті:
— Сүлеймен, мен Байкенмін ғой. Менің алдымда Баукең отыр, полковник, жазушы Бауыржан Момышұлы, ертең бізде областной актив болады ғой. Соған сіз обязательно келесіз. Партактив біткен соң, Баукең Айнабұлақта бажасының үйінде, сол кісіге барасыз. Бүрсігүні өзіңіз лично өз машинаңызбен ертіп барып, Баукеңді курортқа орналастырасыз.
Чтобы были созданы все условия для работы, для лечения, — деп орысшалап айтты. — Я сам через 2 дня приеду на курорт Капал-Арасан и лично буду проверять как устроился Баукең.
II
На второй день моего прибывания на курорте прибыли первый секретарь обкома партии Байкен Ашимов, председатель областного исполкома Забурувный, первый секретарь Кировского Райкома Комсомола О. Бекеев, председатель Кировского райисполкома Сүлеймен Кибраев и др. По приезду они интересовались прежде всего как устроился полковник Б.Момышұлы. В это время я принимал ванну, отсутствовал.
Главный врач повел их в мою комнату, открыл и показал как я устроился в отдельном люксовом номере. Увидев на письменном столе пищущую машинку, полдюжины авторучек, кучу бумаг и рукописей, они удивились.
— «Ей, мына кісі шынымен жұмыс істегелі келген екен ғой!» — воскликнул первый секретарь обкома... Когда я возвращался в номер, они по дороге встретили меня.
— Бауке, сіздің рұқсатыңызсыз, жатқан жеріңізге кіріп шықтық. Вас устраивает этот номер?
— Я очень благодарен главному врачу, меня вполне устраивает этот номер.
— Создайте все условия для товарища полковника, писателя, чтобы он хорошо отдыхал, лечился и работал, — деді первый секретарь главному врачу. Потом, обращаясь ко мне, сказал:
— Бауке, не керек болса, маған да, райкомға да, райисполкомға да қысылмастан айтып отырыңыз. Сіз бізге әр жылы келіп жүрген кісі емессіз. Сізді күтіп ала алмасақ, бізге ұят болады ғой... Біз курортты аралап шығайық, мына кісіні танисыз ба?
— Жоқ, танымаймын.
— Бұл — ақсақал Бекең Жидебаев дейтін кісі, — деп ақ мұртты шалмен мені таныстырды.
Бұл кісі осындағы колхоздың бастығы болады. Колхоздың шамасы жаман емес, алдыңғы қатарлы колхоздың біреуі... Бұл кісінің жасы 65-те. Пенсияға шық десек, тіл алмастан осы уақытқа дейін еңбек етіп жағаласып жүр...
— Ей, Бәйеке, менің сендерге қандай зияным бар. Жоспарды өздерің бересіңдер, орындайтын біздер ғой. Менен құтыла алмай жүресіңдер ме? — деп шал бұлқынып үн қатты.
— Беке, ренжімеңіз. Сіз сияқты шалдарымыз көп болса, әлдеқашан-ақ байып кетер едік. Сізді зейнеткерлікке қимастан айтып тұрған сөзім ғой, көңіліңізге алмаңыз.
— Я, қарағым, сөйтіп айтсаңшы, — деп шал қуанып кетті.
— Беке, батырды үйіңізге ертіп барып, шайыңызды беріп әңгімелесіңіз. Біз 30 минуттан кейін сіздің үйге барамыз.
Газ-69-бен шалдың үйіне бардым.
Жақсы сары кемпірі бар екен. Бала-шағасы, немере, шөбересі бір қорада орналасқан, өскен-өнген жандар екен...
— Батыр, жоғары шығыңыз, — деп ізетпен мені төрге отырғызды...
— Батыр, шаймен бастайсыз ба, коньякпен бастайсыз ба?
— Қонақ қойдан жуас, май берсең де жей береді дегенді мен шығарғам жоқ, сіздің ата-бабаңыз шығарған, — деп мен күлдім.
— Онда коньяктан бастайық, — деп шал екі рюмкаға коньяк құйды.
Екеуіміз де қағып салдық... 30 минуттан кейін басқа қонақтар келді. Менің байқағаным, обкомның аты — обком екен. Барлығы да қалжыңдап отырды. Бірінші тосты обкомның бірінші секретары көтерді. Орысшалап сөйледі:
— Среди нас присутствует знаменитый полковник Советских вооруженных сил, имя которого известно не только в Советском Союзе, но из зарубежом — всеми нами уважаемый Бауржан Момышұлы. Среди нас присутствует один из крупных партийных работников республики, бывший заведующий отделом науки и культуры ЦК КП Казахстана, теперь директор института при ЦК КП Казахстана, доктор исторических наук Серикбай Бейсембаев. Разрешите мне поднять тост за их здоровье...
Мы встали, хлопнули, налили рюмки коньяков. Доктор наук притронулся губами своей рюмки и отложил в сторону (Я его знал раньше, как отъявленного пьяницу, признаться, удивлен его отказом от коньяка)... После этого говорили в мой адрес всякие нелепые дифирамбы, поднимали тосты за мое здоровье.
Признаться мне весьма неприятно было. Хозяин дома облокотился ко мне.
— Бауке, сіз де бір сөз айтсаңызшы?
— Я говорил на русском и на казахском языках. Уважаемый хозяин, қадірлі жеңгем, адал ниеттеріңе, адал тамақтарыңа, ақ дастарқандарыңа сансыз рақмет... Сіздер мені сыйлап шақырғандарыңызға рақмет. Бірақ та шынын айтсақ, сіздер мені емес, менің халқымды сыйлап шақырдыңыздар — оны сартша айтқанда сіздерге катта рахмад...
Облыстың бірінші бастығы айтты ғой, қымбат уақытын бөліп келгеніне бұл кісіге де рақмет. Ендігі айтайын дегенім — Талдықорған биыл ғана бөлініп облыс болды. Біздің қазекең ат қойғыш келеді. Талдықорған деп атын бекер қоймаған екен. Шынында зәулім-зәулім теректерің көп екен. Оларды мен өз көзіммен көрдім.
«Көрген көзге жазық жоқ» деген сөзді мен емес ата-бабамыз шығарған. Богатство создается народом, трудящимся; богатство создается кровью и жизнью сыновей и обильно пролитым потом. Если не было бы таких трудящихся, народа — не было бы обкома партии. Если не было бы тщеславного Советского воинства — не было бы гвардии полковника Бауыржана Момыш-улы...
1970 году предстоят несколько знаменательных исторических дат: 100-летие со дня рождения В.И.Ленина — Ленин велик!.. 25-летие победы вооруженных сил Советского Союза над фашистской Германией (Я это говорю как воин).
— Товарищ гвардии полковник, ЦК нашей партии, эти даты решили отметить очень серьезно, — бросил реплику первый секретарь обкома.
— Благодарю вас за информацию, — дедім мен — хочу закончить свое слово. Короче говоря я желаю, притом искренно желаю, трудовых успехов всем трудящимся вашей области. Я — муж, отец, дедушка. У Вас тоже есть дети. Поэтому, как ата баласы (мен ұлы жүзбін), по традициям наших предков разрешите мне дать ақ бата:
— О, Алла тағала, Сіздің барыңыз рас болса, біздің бала-шағамызға, Абайдың басын бергін, Жамбылдың жасын бергін, Сәкеннің сәнін бергін, Күләштің әнін бергін, Исатай-Махамбеттің атағын бергін, Бауыржан Момышұлының шатағын бергін.
Громкие хохоты, смех и бурные аплодисменты...
Жылқы айғырларының арасында жұмыртқасы ішінде болатындарын ауыл-шаруашылық ғылымында внутряк дейді. Ал, образно выражаясь, біздің партия қызметкерлерінің көбі — внутряктар. Олармен құдай ешкімді дастарқан басына отырғызбасын. Мен өз басымнан соны көп кешірдім. Обком, райком жиналып, мені қонаққа шақырды. Сондағы сезгенім — адал тамақ, адал дастарқан, ақ ниет дейтін олар отырған жерде бола бермейді екен. Емін-еркін отыру жоқ. Бірін-бірі іштей аңдып отырған кісілер...
— Адал асты арам істейді екенсіңдер, ақ дастарқанды қара істейді екенсіңдер, ақ ниеттің бетіне түкіреді екенсіңдер, — дедім маған сөз бергенде. Бұдан былай аштан өліп, көштен қалсам да, обком мен райкомның үйінен дәм татпаймын. Маналы бері не ішіп, не жегеніме түсінбестен отырмын.
Бұдан былай мені қонаққа шақырушы болмаңыздар, рақмет.
Отырғандар ха-ха-ха деп өтірік күлісті. Мен ішімнен күлдім.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі