Феминизм ерлер мен әйелдердің құқықтарын бір деңгейде тұруын қолдайтын сенім. Феминизм сөзін алғаш рет 1837 жылы француз социологы Мари Шарль Фурье қолданған. Феминизм іс-әрекеттері 19-ыншы ғасырдың соңынан бастау алды. Феминизм қозғалысының уақытын төрт толқынға бөледі.
Бірінші толқын: 19 ғасырдың екінші жартысында әйелдердің дискриминацияға қарсы тұруынан бастау алды. Ең басында, әйелдер білім мәселесін көтерді. Кейінірек, реформаларға әйелдердің де құқығы бар екенін көрсетті. АҚШ пен Европа елдерінде әйлдерге жоғары оқу орнынан білім алу және жұмыс орындарына тұру деген сияқты құқықтар беріле бастады.
Екінші толқын: шамамен 1960-1990 жылдары болған. Бірінші толқын көбінесе заң процесстеріндегі дискриминацияға қарсы тұрса, екіншісі отбасындағы патриархат мәселесін және де әйелдің тек қана сексуалдық объект емес екенін көрсетті.
Үшініші толқын: 1990 жылдарда басталды. Осы толқында медиа мен технология көп рөл ойнады. Үшінші толқын екінші толқынның жетіспеушіліктерін нығайтты. Сонымен қоймай, әйелдердің тек қана гетеросексуал емес екенін баяндады. Бұл толқында қоғамның расизм және вуманизм сияқты социалдық мәселелері де көтерілді.
Төртінші толқын: бастауы 2012 жылы болды. Осы жолы қозғаласты қолдаушылар жалақыдағы гендерлік айырмашылық, зорлық-зомбылық мәселелрін көтеруде.
Қортындылай келе, күрделі феминизм тарихының бүгінгі әлемдегі өте маңызды рөл атқарғанын көруге болады.
Дастан
Феминизм пайдасы жоқ нәрсе!