Феминизм-әйелдердің азаматтық құқықтары тең болуына ұмтылатын, теңдікке бағытталатын қоғамдық-саяси қозғалыс,сонымен қатар қоғамның барлық салаларында әйелдер мен ерлер теңдігіне ұмтылу. Оның мақсаты-әйелдердің ерлермен құқықтарын теңдестіру болып табылады. Ол XVIII ғасырда пайда болды және 1960 жылдардың аяғынан бастап белсенді бола бастады.
Феминизм бұл жәй қозғалыс емес,зерттеген сайын ауқымды екенін түсінесің,сондықтан оның түрлері сан түрлі..
Батыс тарихына шолу жасасақ, әйелдер үй саласымен ғана шектелді, ал қоғамдық өмір ер адамдарға қалды. Ортағасырлық Еуропада әйелдерге меншік құқығы , оқу немесе қоғамдық өмірге қатысу құқығы берілмеді. XIX ғасырдың соңында, Францияда сол уақытта көпшілік алдында әйелдер басын жабуға мәжбүр болды, ал Германияның кейбір бөліктерінде күйеуі әлі де әйелін тіпті сатуға құқылы болды. 20 шы ғасырдың басында да, әйелдер Еуропада және Америка Құрама Штаттарында дауыс бере де, сайлана да алмады (тек бірнеше аумақтар мен штаттар әйелдерге сайлау құқығын берді).Әйелдерге әкесі, ағасы, күйеуі, заңды агенті немесе тіпті ұлы болсын, ер өкілінсіз бизнес жүргізуге тыйым салынды. Үйленген әйелдер балаларын күйеулерінің рұқсатынсыз тәрбие ісіне араласа алмады. Сонымен қатар, әйелдер білімге қол жеткізе алмай, көптеген мамандықтарға оқи алмады. Әлемнің кейбір бөліктерінде әйелдер үшін мұндай шектеулер бүгіннің өзінде де сақталып келе жатыр және бұл өте өкінішті.
Ал, Қазақстандағы феминизм жайлы не айта аламыз?.Қазақстанда отбасы құру патриалхалдық негіз алып жатқаны бәріне мәлім, сонымен қатар әйелдің құқығына келгенде, «әйелдер сайлауға қатыса алады, оқи алады, жұмыс істей алады» деп қазіргі актуалды мәселелерге көз жұма салады. Бірақ статистикаға үңілсек, мәселе тек бұнымен ғана шектелмейді.Және толық зерттеу және түсінік қалыптастыру үшін, мен Қазақстандағы феминизмге арналған «FEMINISMKZ» атты 6000 мыңдай оқырманы бар блог иелерінің бірімен байланысқа шығып, шағын интервью алдым.Бұл блог Қазақстандағы феминизмға арналған ірі жұмыстардың бірі.
-Ең алдымен, өзіңізді таныстыра кетсеңіз?.Және неліктен феминист болуға шешім қабылдадыңыз?
-Менің есімім Дарья,бұл керемет блогтың негізін қалаушылардың бірімін.Феминизмге қалай келгенім нақты есімде жоқ, себебі барлығы өз толқынымен жүрді.Көп уақыт бойы, ғаламтордан әйелдің тұрмыста кездесетін зорлық және зомбылық жайлы көптеген жан түршігерлік оқиғаларды оқып, басыма алғаш келгені: «Бұл жерде бірдеңе дұрыс емес! Неге барлығы әділетті емес?» деген сан түрлі ойлар. Кейін «феминизм» терминімен, феминизммен таныстым.
-Жалпы, феминизм деген не?. Және феминизмнің қандай түрлері бар.
-Феминизм дегеніміз бағыт. Әйелдердің құқығы үшін күресетін бағыт.Оның бағыттары,негізінен, өте көп.Және олар әртүрлі. Радикалды феминизм бар, либералды феминизм және интерсекцианалды феминизм.Мысалы, мен өзімді интерсекцианалды феминизм түрін қолдаушылардың біріне жатқызамын.Яғни бұл жерде әртүрлі бағытта белгілі бір мәселені түрлі тәсілмен шешу.
-Қазақстандағы феминизмге тоқталсақ...ол қандай жетістікерге, қандай қадамдарға жетті?
-Менің ойымша, көп әйелдердің отбасыдағы патриалхалды жәйттарға, әсіресе дискриминацияға келгенде, көздері ашыла бастады.Мысалы, «менің күйеуім маған қол жұмсайды, алайда мен үн-түнсіз жүру қажетпін,себебі бұл ұят» деген ойлардан арылып, шынымен өзінің мәселесімен бөлісетін әйелдер саны көбеюде.Иә, барлығы емес,БІРАҚ көпшілік әйел қауымы батыл бола бастады. Дегенменде, әлі бұл жағдайда шешілмеген мәселе көп, себебі қиындығымен бөліскен әйелдер әрдайым өз мекенжайына көптеген сындар естиді.Бір жағынан, біз кішкене болсын алдыға жылжыдық.Ал, заң жағына келгенде...... қосар сөзім жоқ.
-Қазақстандағы әйелдердің кездесетін мәселесі?
-Айта берсең,өте көп.Біздің блогтағы жарияланатын посттар, публикациялар жалпы,Қазақстандағы әйелдердің соқтығысқан қиындықтары жайлы.Қатты үңілгім келмейді, себебі, айта берсең ұзақ және ауқымды.Алайда, қысқаша шолысақ, бұл мәселелер мәдени және әлеуметтік стереотиптер, таптаурындармен басталып, көбісінің әйелдерді, дөрекі айтқанда, «инкубатор» сиақты қабылдауымен аяқталады.Тағы, ерлер және әйелдер арасындағы жалақы теңсіздігін қосуға болады.Ең маңызды мәселе: үйдегі, тұрмыстағы зорлық-зомбылық.Бұл өте мұнлы, сондай зардапты бастан кешкен әйелдер үшін жүрегім қан жылайды.
-Активизммен қалай айналысуға болады?
-Активизммен айналысу өте оңай!. Жәй ғана біздің блогқа жазылыңыздар.Бұл да бір активизмнің түрі,себебі сен феминизм идеясымен бөлісесің, сен достарыңа, жақын адамдарыңа, көмекке мұқтаж адамдарға ақпараттық көмек көрсетесің.Тағы митингтерді қоссақ болады, алайда жақын арада митинг жасау.....сәл қауіпті тәрізді.Әзірше, ақпараттық қолдаумен шектеле тұрған дұрыс.
-Және соңғысы, барша әйелдерге, қыздарға қандай ақыл кеңес айтар едіңіз?
-Соңғы уақытта феминизмге қызығушылық әйелдер,жас қыздардың, әсіресе жасөспірім қыздардың арасында артып келеді.Жалпы, әйел қауымына айтарым:Ешқашан қиындықтарыңызды айтуға ұялмаңыздар!.Әрине айтуға оңай, бірақ сөз-біздің басты қаруымыз.Егер үндемей жүре берсек, ештеңеге қол жеткізбейміз.
ДАЙЫНДАҒАН ЖӘНЕ Мақаланы жазған Абылай Хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетінің «1» курс студенті Күлімханқызы Айым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі