Қазіргі XXI ғасырда өнер эстетикалық лэззат алумен қатар, табыстың негізгі көзі ретінде де үлкен рөл атқарады. Нақты дереккөздерге сүйенетін болсақ, 2024 жылдың бірінші жартысында шығармашылық экономиканың қосылған құны шамамен 498,7 миллиард теңгені құрайды. Бұл өнердің негізгі кәсіп ретінде өсу қарқыны жоғары екенін айқындайды.
Ұйымдардың саны, өнер адамдары, қызмет көлемі артып келеді. Мемлекетте өнердің кәсіп ретіндегі маңызын түсініп отыр. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, 2029 жылға қарай креативтік индустрияның ЖІӨ- дегі үлесін 2%-ға дейін өсіруді және бұл саладағы жұмысшылар санын 180 мың адамға жеткізуді мақсат етіп отыр. Бұл - өнерді стратегиялық бағытта дамыту. Қазақстанда күні бүгінде 45 мыңнан астам кәаіпорын креативтік индустрияда жұмыс істейді, шамамен бұл салада 143 мыңнан аса адам еңбек етуде. Қазақ халқы үшін өнер әрқашан арманның символы болып есептеледі. Оның жастар талабына сай, қазіргі рөлі - ұлттық құндылықтарды сақтау және жаңа табысқа жол ашу. Қоғамға пайда тигізер кино түсіру немесе жан тыныштығын сыйлайтын кескіндерді ойлап табу арқылы өз кәсібімізді аша аламыз. Арманың арқылы табысқа жету - өте тиімді. Өнер - арман мен кәсіптің тоғысқан тұсы. «Армандап туған өнер ғана кәсіпке айналғанда мәңгілік жадыңда қалады…»
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ақұлпа Ғанибекқызы
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі