Өлең, жыр, ақындар

Абай қарасөздеріндегі публицистикалық ой-пікірлер

Абай қарасөздеріндегі публицистикалық ой-пікірлер

Абай- бүкіләлемдік тақырыпты қозғаған ұлы ойшыл. Абайдың тілі- қарапайым, бірақ өткір.  Ақын  асыра айтпай,  тікелей сөйлеп, нақты дәлелмен сүйенеді. Қарасөздері публицистикалық сипатқа ие болып,  елге тікелей айтылған ақыл-кеңестей қабылданады. Ақын өз дәуірінің шындығын айнадай көрсетіп, қоғамға сын айтады.

 

Абайдың қарасөздері – терең ойлы, қазақ руханиятындағы ерекше теңдесі жоқ мұра.   Өлеңдері оқырмандардың жүрегіне әсер  сыйлап , қарасөздері санаға қозғау салып, ойымызды шымырлата түспегі анық. Өйткені онда қоғамдағы әлеуметтік күрделі мәселелер ашық көтеріліп, адам бойындағы надандық, алаусыздық сияқты мінездер сыналып, оған нақты баға берілген.  Қарасөздерін оқиотырып  халыққа тікелей тіл қатып отырғанын байқаймыз.Ол тек сынап қана қоймайды, әр ойының соңында болашаққа жол сілтеп, тағылымды ой қосады. 

 

Бұл қасиет- бүгінгі журналистиканың негізгі мақсатына да сай: халықты ойландыру, дұрыс жолға бейімдеу. Абай еңбектерінде ел ішіндегі  басты кемшіліктерді ашып көрсетіп, оны түзеудің жолдарын ұсынады. Осы қасиетімен ол қазақ публицистикасының бастауында тұрған тұлға деуге болады.

 

Абайдың «Он жетінші қарасөзі» айрықша мәнге ие. Мұнда ақын адамның бойындағы ең асыл қасиеттерді – адамгершілік, имандылық, адалдық, еңбекқорлық пен қайырымдылықты алға тартып, оларды адам өмірінің басты өлшемі ретінде көрсетеді. «Ақыл, қайрат, жүрек – үшеуінің басын қоспақ керек» деген тұжырымы – бүгінгі күннің өзінде әлі де маңыздылығын  жоймаған өсиет. Абай еңбектің қадірін де ерекше атап өтеді. Оның пайымдауынша, адал еңбек еткен адам ғана елге пайдасынтигізе алады. Ал, жалқаулық, ысырапшылдық пен тоғышарлық – адамның бойындағы ең жағымсыз, қауіпті дерт. Сондықтан да, еңбекқорлықты жүрек жылуымен, саналы оймен ұштастыру – адамшылықтың басты белгісі. 

 

Сондай-ақ Абайдың «Отыз жетінші қарасөзі »– терең ойға жетелейтін қазына. Мұнда ақын адам өміріндегі тәжірибенің мәнін айқындап береді. Әрбір адамның басынан өткерген қуанышы мен қайғысы, жеңісі мен жеңілісі – бәрі де сабақ, бәрі де өмірлік ұстаз екенін түсіндіреді. Ойшыл білім мен даналықты тек кітаптан ғана іздемей, тіршілік тәжірибесінен алуға шақырады. Өйткені нағыз кемелдік – ақылмен ойлап, өмір сынақтарынан тағылым ала білуде.

 

Қорытындылай келе, Абай- қазақ көсемсөзінің негізін қалаған тұлға. Барлық қарасөзі қазақ халқын ояту мақсатында, ортақ тіл қалыптастыруға, тірлікке, бірлікке тәрбие мен білімге,  теріс мінезден арылуға шақырды. Ғылым мен еңбектің қадірін түсіндіріп,мәдениетке үндеп,  елдің жігерленіп туын көтеруіне күш салған.

                                                                                                       

                                               НҰРЛАН АЛТЫНАЙ                                                         

                                   ҚазҰУ-дың 1-курс студенті                                                                             

                           Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент

                                      Р.С.ЖАҚСЫЛЫҚБАЕВА           

                                                                         

                                                             

                                        


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар