Қазіргі заманда білім берудің екі негізгі форматы бар – онлайн және офлайн. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да екі формат қатар қолданылып келеді.
Статистикалық деректер:
Алматыдағы 291 мектептің оқушыларының 95%-ы офлайн, ал 5%-ы онлайн форматта білім алып жүр.
Skills.enbek.kz платформасында 2022 жылы 144,2 мың адам қысқа мерзімді онлайн курстарды аяқтаған, оның ішінде 23,4 мыңы – жұмыссыздар. Жалпы тіркелгендер саны – 191,4 мың адам.
EdTech нарығында Қазақстандағы онлайн білім беру компанияларының жиынтық табысы 2024 жылы 95,4 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен 20%-ға өскен.
Балаларға арналған онлайн мектептер сегменті 2023 жылы 62%-ға өскен.
Шығыс Қазақстан облысында 2020–2021 оқу жылында мектептердің 60%-ы жаңа жылды онлайн режимде бастап, шамамен 109,6 мың оқушы онлайн оқыған.
Онлайн оқудың кемшіліктері
Үйдегі интернеттің нашар жұмыс істеуі сабаққа кедергі келтіреді.
Телефон немесе ноутбук арқылы сабақ оқу кезінде көңіл тез бөлінеді.
Айналадағы кез келген нәрсе назарды сабақтан алаңдатады.
Офлайн оқудың артықшылықтары
Мектепке барып, өзіңді шынайы оқушы ретінде сезінесің.
Мұғаліммен бетпе-бет отырып, сабаққа толық назар аударасың.
Сыныптастармен уақытты қызықты әрі көңілді өткізесің.
Офлайн оқудың кемшіліктері
Таңертең ерте тұруға тура келеді.
Мектеп алыста болса, жолға уақыт көп кетеді.
Ауа райына қарамай мектепке бару керек.
Уақытқа үлгеру міндетті.
Онлайн да, офлайн да оқудың өзіндік артықшылықтары мен қиындықтары бар. Онлайн оқу – уақытты үнемдеуге тиімді, ал офлайн оқу – мұғаліммен және сыныптастармен тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Егер адам өз уақытын дұрыс пайдалана білсе, екі формат та тиімді бола алады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Садыкова Карлыгаш
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі