Өлең, жыр, ақындар

Наурыз жыры

Наурыз жыры, наурыз туралы өлеңдер - қазақтың тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Наурыз парсы тілінде жаңа күн деген сөз. Бірсыпыра әдебиеттерде жаңа жыл басы (22 наурыз) бірде наурыз, бірде ұлыстың ұлы күні деп айтылады. Бұл күнді халық қуанышпен қарсы алып, оған өлең-жыр шығарған. Наурыз күні-мереке күні болып саналған. Бұл күндері айтылатын бата, тілек жырлары наурыз жырлары деп айтылған. Мерекеде әркім өзінің жақындарын: “ Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын” немесе “ Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын” деген сияқты тілектерін білдіріп, құттықтаған. Наурыз жайлы алғашқы деректерді зороастр дінің қасиетті кітабы саналатын “ Авестадан” табуға болады. Мұнда Хурмуза ( Ахуромозда) мен Архиманның, яғни жақсылық пен жамандықтың, қыс пен күздің күресі баяндалады. Қыс пен жазды тірі адамға ұқсатып айтыстыру Махмұт Қашқаридің “ Диуани Лұғат ат-Түрік” кітабында бар. Наурыз туралы алғашқы деректерді Шығыстың аты әйгілі ақын-ғұламалары Фирдауси мен Рудаки, Әбу Райхан Бируни мен Ибн Балхи , Омар һаям мен Сайд Нафиси еңбектерінен кездестіреміз. Наурыз мейрамы түркі халықтарының , оның ішінде қазақ халқының да әлеуметтік өмірінде елеулі орын алған. Наурызбай, Наурызбек деп балаларына ат қойған, наурыз шын мағынасында, жаңа жыл жыры ретінде тараған. 
Әбілқасов Ғ. М. Қазақ мәдениеті: Оқу құралы, - Қарағанды, 2008. - 33-б.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз