Волейбол — тек ептілікті ғана емес, сонымен қатар командалық ауызбіршілікті талап ететін ерекше спорт түрі. Халықаралық әйелдер күнінен орай, 2026 жылы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданында 10-11 сынып оқушы қыздары арасында волейболдан кезекті аудандық турнир өтті. Биылғы жарысқа ауданның түкпір-түкпірінен ең үздік деген 6 мықты команда жиналды. Тордың екі жағындағы тартыс әр ойын сайын қыза түсіп, қатысушылардың жеңіске деген құштарлық пен рухын жеткізді. Атап айтқанда, алаңда мына мектеп құрамалары кездесті:
Пацаев орта мектебі
Қосестек орта мектебі
Бадамша 1 мектебі
Петропавловка орта мектебі
Ашшилісай орта мектебі
Бадамша 2 мектебі.
Турнирдің ең тартысты сәті Пацаев орта мектебі мен Бадамша 1 мектебі арасындағы ойын болды. Бұл кездесу нағыз финалдық деңгейдегі шиеленіске толы болып, көрермендерді қызықтырды. Қыздар тек шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар терең тактикалық дайындықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетті.Нәтижесінде командалар лайықты орындарын иеленді:
І орын Бадамша 1 мектебі
ІІ орын Бадамша 2 мектебі және де
ІІІ орынды Пацаев орта мектебі иеленді. Жоғары деңгейде өткен бұл шара барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады. Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі