Студенттік өмір - адамның ең қызық өтетін жылдары . Бұл тек біздің жоғары оқу орнында білім алатын уақытымыз ғана емес , сонымен қатар өзімізді дамыту , жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кезең . Өзіңнің студенттік шағыңды қызықты әрі пайдалы өткенін қаласаң Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түс деп сеніммен айтар едім . Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің ең беделді жоғары оқу орындарының бірі. Бұл университет тек сапалы білім беріп қана қоймай, жастарға жан-жақты дамуға мүмкіндік жасайтын үлкен білім орталығы. ҚазҰУ-дағы студенттік өмір – әр күн сайын жаңа тәжірибе, жаңа орта және жаңа мүмкіндіктер.
Ең алдымен, ҚазҰУ қалашығы студенттерге жайлы жағдай жасалғанымен ерекшеленеді. Қалашықтағы оқу корпустары, кітапхана, спорт кешендері – бәрі де студенттің толыққанды білім алуына арналған. Университеттегі студенттік өмір тек оқу әрекетімен шектелмейді. ҚазҰУ-де көптеген клубтар мен ұйымдар жұмыс істейді : дебат клубтары, шығармашылық орталықтар, спорт секциялары, еріктілер қозғалысы.Әр студент өз қызығушылығына қарай осы ұйымдардың біріне қосылып, жаңа достар тауып, қабілеттерін дамыта алады. Осы ұйымдарға кіріп өзімізді жаңа қырымздан көрсету үшін “Miss Kaznu” , “Үздік староста” , “Жыл студенті” секілді жобаларға қатысып өз қабілеттерімізді көрсете аламыз .
Сонымен қатар ҚазҰУ әр мейрамда ұйымдастыратын шаралар студенттердің қызығушылығына сай , студенттердің белсенді болуына , көшбасшылық қасиеттерін оятуға шақырады . Мәселен , наурыз мейрамына орай үлкен іс-шара ұйымдастырылуда . Бұл іс - шарада студенттер би , ән , қолөнерден болатын жұмыстарға белсенді қатысуға мүмкіндік алған . Алғашында универге түскен сәтте белсенді студент болуды мүлдем ойламаған едім . Алайда жоғарыда айтып өткен жобаларға қатысқанның арқасында студенттік өмірімді белсенді әрі пайдалы өткізгім келетінін түсіндім . Мен қазіргі таңда Студенттік Кеңес ұйымының мүшесімін , осы ұйымды таңдағаныма және ҚазҰУ - ға оқуға түскеніме өте қатты қуаныштымын . Маған ҚазҰУ тек білім біріп қоймай , жаңа дамушы отра сыйлады . Ұйымға кіргенімнің арқасында мен өзімді жаңа қырларымнан ашып әрбір күнімді белсенді өткізудемін . Осы мүмкіндік үшін біздің ҚазҰУ - ға алғысымды білдіргім келеді . ҚазҰУ-дағы студенттік өмір – білім, даму, достық және жаңа бастамалар кезеңі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1 курс студенті - Даниярқызы Алуа
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты У. М. Джолдыбаева
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі