Өлең, жыр, ақындар

Күнделікті заттардың шығу тарихы

    Біз күн сайын түрлі заттарды қолданамыз:телефон,жарық,тіс щеткасы,ыдыстар және т.б.Алайда,сол заттардың қалай шыққанын,яғни,тарихын көбі біле бермейді.Тұрмыстық заттардың шығу тарихы – адамзат тапқырлығы мен өркениетінің даму белгісі.

1)Қалам.

Алғашқы қалам түрлері ежелгі Мысырда б.з.д 3000 жылдары болған.Папирус қағазына жазу үшін қамыс таяқшалар қолданған.Бірақ,бұл тәсіл арқылы жазу қиын әрі баяу процесс болды.Кейінірек,орта ғасырларда Еуропада құс қауырсынынан қалам жасалып,кең тарады.Алайда,бұл қаламдарды жиі ұштап отыру керек болды әрі сиясы тез тауысылатын болды.Көп тәжірибелерден кейін,XVIII ғасырдың соңына қарай металл ұшты қаламдар пайда бола бастады.XIX ғасырға дейін түрлі үлгілер жаңартылып,     1820-1830 жылдары сия құятын резервуары бар қаламдар жасап көрді.Қазіргі қаламдарға ұқсас қаламның негізін 1884 жылы Льюис Эдсон Уотерман қаласа,кейін 1938 жылы венгр журналисті Ласло Биро шарикті қалам ойлап тапты.Бүгінде заманауи қаламдар металл мен пластиктен жасалады.Сия түрлері де көп:гелийлі,пасталы немесе өшірілетін.

2)Тіс щеткасы.

Ежелгі адамдар тіс күтіміне қатты назар аудармаған.Тек б.з.д 3000 жылдары ежелгі мысырлықтар,қытайлар мен үнділер тістерін тазалау үшін ағаш таяқшалар қолданған.Ал ең алғашқы щетка XV ғасырда Қытайда ойлап табылған.Олар бамбук көп өсіретіндіктен оны таяқша ретінде,ал қабанның қатты қылдарын щетка ретінде жасаған.Кейіннен бұл өнім XVII-XVIII ғасырларда Еуропаға тарады.Бірақ,ауқатты адамдарға ғана қолжетімді болды.Себебі,оны жасау қымбатқа түсетін.Заманауи щеткалар ХІХ-ХХ ғасырларда пайда бола бастады.1938 жылы компаниялар нейлон қылдары арқылы тауар жасап,бағасын арзандатты.1954 жылы Швейцарияда алғашқы электрлік тіс щеткасы жасалды.

3)Көзілдірік.

Ежелгі заманда көзілдірікке ұқсас құралда тек көзді күннен қорғау үшін пайдаланылған.Көзілдіріктің нақты түрі тек 1280-1300 жылдары Италияда жасалды.Дегенмен,олар құлаққа ілінбей,тек мұрын үстінде тұратын етіп шығарылды.XV ғасырдың ортасында Еуропаға тарап,шамамен 2-3 ғасырдан кейін жаңартылған түрлері шыға бастады.ХІХ ғасырда әйнек өндірісі жетіліп,линзалар мөлдір әрі сапалы бола бастады.Қазірде көзілдіріктің көп түрі бар:көруді түзететін,фоторхромдық,сәндәк немесе жай линзалар.

4)Аяқ киім.
Ғалымдар зерттеуінше алғашқы аяқ киімді б.з.д 15000-10000 жылдарда ойлап тапқан.Бұл кезеңдегі аяқ киім жасаудың басты мақсаты-аяқты өткір тас пен суықтан қорғау болды.Ежелгі өркениеттерде аяқ киім сандал түрінде кең тарады.Олар тоқыма немесе былғары табаннан болды.Аяққа тас немесе жіппен байланып,бай адамдар сән үшін безендірілген түрлерін киді.Ал Римде аяқ киім адамның қоғамдағы дәрежесін білдірді.XV-XVI ғасырларда Еуропада ауа райы суық болған соң,жабық аяқ киімдер пайда бола бастады.Франция мен Англияда ұштары ұзын әрі иілген аяқ киімдер сәнге айналды.ХІХ ғасырда фабрикалар ашылып,аяқ киім көптеп сатылымға шықты.ХХ ғасырда аяқ киім түрлері көбейіп,қазірге дейін брендтер жаңа стиль ойлап табуда.

5)Иіссу/әтір.

Хош иісті парфюм алғаш Месопотамияда б.з.д 2000 жылдары пайда болды.Гректер мен римдіктер де хош иістерді күнделікті өмірде гүлдерден,ағаштардан алып жасаған.Гректер әтірді спорттан кейін,монша алдында жақса,римде байлар арасында сәнге айналған.Таза иіспен нақты иіссу шығаруда үлкен үлес қосқан Араб елдері болды.Олардан таралған иіс өнері кейін  XIV-XVII ғасырларда Еуропаға жетті.Алғашында Еуропада дене гигиенасы нашар болған.Олар әтірді жаман иістерді кетіру үшін пайдаланған.Францияда парфюмерия шеберханалары ашылып,XVIII-XIX ғасырларда әлемдік иіссу орталығына айналды.Кейінірек,әлемдік әтір шығаратын брендтер пайда болды.Қазіргі заманда парфюмерия ғылым мен үлкен өнер болғандықтан сұраныс өте көп.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы:Махфуза Еркінқызы

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар