Өлең, жыр, ақындар

Q-pop әлеміне жол ашқан топ: “Ninety One”

“Ninety One” — Қазақстандық Q-pop (Қазақ поп) бағытын алғашқылардың бірі ретінде қолға алған бойз-бэнд. 91 тобы музыкаға жаңа дем беріп заманауи тілде  көп жастардың музыкаға деген қызығушылығын ашты.

Құрылуы мен алғашқы кезеңдері

• Топ 2015 жылы JUZ Entertainment лейблы арқылы ресми түрде құрылды.

• Бірақ негізге алынған идея 2014 жылы “K-Top Idols” жобасы аясында басталды.

• Топтың аты “Ninety One” — 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздік алған жылына сәйкес тәуелсіз еркін стильдегі топ болайық деп топтың атын “Ninety One” деп қойған.

• Атаудан бұрын топ “KTI-boys” деп аталған кезеңдер болған.

 

Құрамы және мүшелері

Негізгі кезеңде топ 5 адамнан тұрды, бірақ қазір 4 мүше қалды:

Alem (Батырхан Мәліков)-18.02.1993ж Үшқұдық қаласы,Науаи облысы,Өзбекстан Республикасында дүниеге.Топтың бас вокалисті, композитор.

Ace (Азамат Ашмақын)-29.08.1993ж Алматы қаласы,Қазақстан Республикасында дүниеге келген.Топтың көшбасшысы, вокалисті және басты бишісі.

Zaq (Дулат Мұхаметқали)-08.02.1996ж Қазақстан Республикасы Семей қаласында туылып 17 жыл урджар-да өскен.Топтың басты рэпері,хореограф және сөз жазушы. 29.03.2018ж"Жас Отан" партиясына мүше болып кірген болатын.

Bala (Данияр Құлымшин)-19.02.1998ж Ақтөбе қаласы,Қазақстан Республикасында дүниеге келген.Топтың лид вокалисті,және топтың кенжесі.Қосымша суретті жақсы салады.

A.Z. (Азамат Зенкаев)-Топтың мүшесі болған, бірақ 2020 жылы 5 тамыз топтан шығып кетті.

Музыкалық бағыттары және стиль

• Q-pop — қазақ тілінде, поп және электронды музыканы біріктіретін бағыт. Бұл топ өздерінің сүйікті жанкүйерлеріне “Eaglez”деп ат қойған.

• Топтың әндерінде поп, EDM, поп-рэп және K-pop элементтері кездеседі.

• Олар ән мәтіндерінде әлеуметтік тақырыптарға да назар аударады: өзіндік ой, цензура, психологиялық жағдайлар, гендерлік стереотиптер т.б.

Дебюттары:

• 1 қыркүйек 2015 жылы топ “Айыптама” синглын жарыққа шығарды.

• Әннің бейнебаяны ұлттық музыкалық арналарда 20 апта бойы көш бастап тұрды.

• «Айыптама» — топтың алғашқы мини-альбомы.

• Кейіннен «Қайтадан», «Қалай қарайсың?», «Su Asty», «Taboo (Irina Kairatovna-пен)» сияқты хит әндер шықты. 

• 2017 жылы “Ninety One” атты фильм жарыққа шығып, бокс-офис бойынша алғашқы үштікте болды; премьерасы кезінде 32,672,000 теңге жинаған.

• 07.07.2023ж"Gap" альбомы шықты.

Қиындықтар мен қоғамның көзқарасы:

• Топтың стилі — яғни заманауи киім, макияж, шаш бояу,сырға тағу — дәстүрлі қоғамдық көзқараспен қарама-қарсы келетін. Сондықтан алғашқы кезеңдерде көп сынақтар болды.

• Кейбір аймақтарда концерті соңғы сәтте тоқтатылып немесе рұқсат берілмеген жағдайлар болған.

• Дегенмен, топ өз ұстанымына берік болып, өнерін әрі қарай дамытуға тырысты және қолдарынан келді.Ninety One қазақ тіліндегі әндерді заманға сай шығарып жастар арасында тілге құрмет пен қызығушылықты арттырды.2023 жылы топтың мүшелері UNICEF Қазақстанның жақын серіктестері (өтініш білдірушілері) болды.

• Олардың әндерінде экологиялық, цензура, гендерлік теңдік сияқты маңызды мәселелер айтылады.

• Бұл топ жас өспірімдерге өзіндік болмысты қалыптастыру, жаңа көзқарастарды қабылдау және өз таланттарын көрсетуге шабыт береді тіпті көп жасөспірімдер ғана емес үлкен жастағы кісілерде бар көп болмасада жеткілікті олардың айтуынша 91 тобының әндері оларға өмірде сынбауға үйретіп қиын сәтте қолдау сезініп тыңдарман болған.

• Қазіргі жас әншілердің бірі IL'HAN өзінің кезекті бір сұхбатында ( егер Ninety One болмаса біз болмайтын едік мен,Калифорния,Мирас Жүгінісов,Тұрар секілді әншілер болмаушы едік,біз еркін ән жазуға болатынын ен бірінші 91 тобынан көрдік.) деп айтқан болатын.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Садыкова Карлыгаш​


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер