«Балет» сөзі итальянның balletto сөзінен шыққан, мағынасы – «билеймін». Қарапайым тілмен айтқанда, балет – классикалық музыка сүйемелдеуімен орындалатын, қатаң қалыптасқан ережелері мен позициялары бар кәсіби сахналық би өнері.
Балетте орындаушы өз ойын, сезімін, ішкі жан дүниесін сөзсіз – мимика мен қимыл-қозғалыс арқылы жеткізеді. Бұл өнердің өзіндік заңдылықтары бар. Мысалы, аяқтың сыртқа қарай ашылуы (выворотность), арқаны тік ұстау (осанка), аяқ ұшымен билеу (пуанты) – балет техникасының негізгі талаптары. Осындай тәртіп пен талап бишіні тек сахнада ғана емес, өмірде де жинақылыққа, шыдамдылыққа және өзін тік ұстауға үйретеді.
Қазақстанда бүгінде 74 театр жұмыс істейді. Оның ішінде үш ірі мемлекеттік опера және балет театры бар: Астана Опера, Astana Ballet, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры.
Статистикалық деректерге сүйенсек, елде балет өнеріне деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. 2024 жылы театрларға келушілер саны 3 миллионға жетіп, қойылымдар саны 14 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш балеттің тек белгілі бір ортаға ғана емес, кең аудиторияға танымал бола бастағанын аңғартады. Балет – жай ғана әсем би емес. Ол – ішкі ерік-жігердің, табандылықтың және физикалық дайындықтың үйлесімі. Сахнадағы жеңіл қозғалыстың артында ұзақ жылдық еңбек пен тәртіп жатыр. Сондықтан балет өнері көрермен үшін эстетикалық ләззат сыйласа, орындаушы үшін үлкен жауапкершілік пен қажыр-қайратты талап ететін күрделі өнер саласы.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Жұмажанова Айкүнім
-
- Виктор Франкл
- Фридрих Ницше
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі