Біз өмір сүріп жатқан кезең – бейбіт заман. Еліміз тыныш, халық тату-тәтті өмір кешіп жатыр. Бұрынғы дәуірлерде елін, жерін қорғап, жауға қарсы шапқан ержүрек жандарды «батыр» деп атаған. Бұл сөздің астарында үлкен құрмет пен мәртебе жатыр. Батыр атағы кез келген адамға берілмеген. Ал бүгінгі заманда батыр деп кімді айта аламыз?
Қазіргі батырлар қолына қару ұстап, соғыс майданында ерлік көрсетпейді. Олар – қоғамға пайдасын тигізіп, қиындыққа қарамастан жауапкершілік көтере білетін жандар. Мәселен, адам өмірін арашалап жүрген ақ халатты абзал жандар – нағыз батырлар. Дәрігерлердің ерлігі әсіресе 2020 жылғы коронавирус індеті кезінде айқын көрінді. Олар өз өмірін қатерге тігіп, халықтың денсаулығын қорғады.
Білім мен ғылым саласында еңбек етіп жүрген тұлғалар да ерекше құрметке лайық. Ғалымдар мен ұстаздар елдің болашағына жол ашып, жаңа мүмкіндіктерге бастайды. Қазақ ғылымының дамуына зор үлес қосқан Қаныш Сәтбаев – соның айқын мысалы. Ол Жезқазған мыс кен орнын зерттеп, ел игілігі үшін аянбай еңбек етті.
Сонымен қатар спорт саласындағы саңлақтарды да ұмытпау керек. Олар халықаралық ареналарда ел намысын қорғап, Қазақстанды әлемге танытып жүр. Спорттағы жетістік – тек жеңіс емес, ол табандылық пен ерік-жігердің көрінісі. Бүгінгі батырлар – ел игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген қарапайым адамдар. XXI ғасырдың батырлығы – жанқиярлықта емес, жауапкершілік пен еңбекте.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Пернебай Кәусар
-
- Виктор Франкл
- Фридрих Ницше
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі