Биыл наурыз айының жиырма жетінші жұлдызында киелі қара шаңырақ ҚазҰУ-да еліміздің түкпір-түкпірінен келген тілшілер бас қосты.Форумда қанатты сөздер мен кеңестер айтылып,кәсіби журналистер өз тәжірибесімен бөлісті.Болашақ тілшілердің көкейінде жүрген сұрақтар ортаға салынып, талданды.Барша ниет білдіріп,қолына қалам алған жас тілшілер ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Аға ұстаздар мен журналистика саласының саңлақтары сөз сөйлеп,журналистика факультетінің түлектеріде болашақ талапкерлермен тілдесіп, жүрекжарды тілектерін жаудырды.
Форум Абай атындағы Опера және балет театрында жалғасын тапты.Концерт бағдарламасы келушілерге ерекше әсер сыйлап,ұмытылмас естелік сыйлады.Кейінірек жас тілшілер талай дүлдүлдің тұсауын кесіп, арманына қанат бітірген "Ұлан" газетінің редакциясына жол тартты.
Қазақстанның әр қиырындағы өнерлі,жазуға ынтасы бар,журналистикаға алғаш қадам басқалы тұрған барша жас түлектерді бір нүктеге тоғытып,бас қосуға мүмкіндік берген Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультеті мен "Ұлан" газетіне үлкен алғыс айтамыз.Барша талапкерлерді келер жылы күтеміз!
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі