"Тарихи ретроспектива және жасанды интеллект: Қазақстанның ХХ ғасырдағы демографиялық және әлеуметтік процестерін модельдеу"

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заманауи ғылым мен тарихтың тоғысқан маңызды іс-шарасы өтті. Университеттің Суперкомпьютер орталығының директоры Әмірхан Темірбаев қатысуымен «Тарихи ретроспектива және жасанды интеллект: Қазақстанның ХХ ғасырдағы демографиялық және әлеуметтік процестерін модельдеу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған жиынға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің студенттері, магистранттары және 1 курс PhD докторанттары қатысты. Іс-шара барысында Әмірхан Темірбаев суперкомпьютерлік технологиялардың тарихи зерттеулердегі рөліне кеңінен тоқталып, жасанды интеллект арқылы демографиялық және әлеуметтік үдерістерді модельдеудің заманауи тәсілдерін түсіндірді. Ол тарихи деректерді өңдеу, болжау жасау және күрделі әлеуметтік өзгерістерді талдау бағытында жаңа мүмкіндіктер ашылып отырғанын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, ғылыми пікір алмасу жүзеге асты. Әсіресе магистранттар мен докторанттар жасанды интеллекттің гуманитарлық ғылымдардағы қолданылуына ерекше қызығушылық танытты.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – профессор Козгамбаева Г.Б., Тасилова Н.А. және  1 курс докторанты Қарпықова Т.Қ. – ғылым мен білімді ұштастыратын осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Бұл дөңгелек үстел жас зерттеушілерге жаңа ғылыми бағыттарды игеруге және цифрлық технологияларды тарихи зерттеулерге енгізуге үлкен серпін берді.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз