2026 жылдан бастап Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті бақылау үшін дрондар қолданылып жатыр. Олар қоқыс тастау, тыйым салынған жерде темекі шегу, жолды белгіленбеген жерден кесіп өту сияқты
құқықбұзушылықтарды тіркей алады.
Егер бұзушылық бейне арқылы дәлелденсе, айыппұл салынуы мүмкін. Айыппұл мөлшері шамамен 10–20 АЕК, ал 2026 жылы 1 АЕК орта есеппен 4 000 теңге.
Бұл жаңалық қоғамда екі түрлі пікір туғызды. Біреулер дрондар қаладағы тәртіпті күшейтіп, тазалық пен қауіпсіздікті арттырады деп қолдайды. Ал енді біреулер мұндай бақылау жеке еркіндікке әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. Сондықтан әңгіме тек технология жайлы емес — қауіпсіздік пен жеке кеңістіктің арасындағы тепе-теңдік туралы.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Рабия Мақсатқызы
-
- Виктор Франкл
- Фридрих Ницше
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі