Феминизм — әйелдің қадірленбеуі, адам орнына қойылмауы салдарында ХVІІІ ғасырда Еуропада туындаған қозғалыс. Француз төңкерісінің әсерінен феминистік пікірлер Англияға да өтіп, одан кейін АҚШ пен бүкіл Еуропаға тарады. Бастапқыда орынды себептермен құрылғанымен кейіннен асыра сілтеушілік көбейді. Қазіргі таңда бұл ағым шектен шыққандығы соншалық арсыздықты дәріптеу, еркекке дұшпандық, еркекті төмендету, үй ханымы болудан жиіркену, ана болудан безу, некелесуді қаламау секілді қылықтарымен адам табиғатына толықтай қайшы жағдайға келді. Феминизм арқылы әйелдерге шартсыз, немқұрайлы еркіндік түсінігі енгізілді, өміріңді қалағаныңша түрлендір деген ой салынды. Бұл алдамшы пікір қоғамның негізі болып табылатын отбасы құрылымының жойылуына себеп болды. Отбасылық жауапкершілік адам көтере алмайтындай ауыр жүк, ал отбасылық өмірге қадам басу қапасқа кірген тұтқындай көрсетілді. Ал бұның салдары некесіз қарым-қатынастарға алып келді. Осылайша «әйел теңдігі» деген ұранға жасырынған феминизм қозғалысы арқылы «отбасы құрылымы» бұзылды. Батыста қазір отбасы ұғымы мейлінше әлсіреді, бала туылуы азайды. Еркіндік деген ұранмен әртүрлі арсыз қылықтар, азғындықтар қалыптыдай жарнамаланып келеді.
Феминизмнің таралуы капиталистік жүйеге ақша айналымын арттыру үшін таптырмас олжа болды. Өйткені әйелдер жаратуды жақсы көреді. Отбасы жауапкершілігі жоқ, басымен жұмысқа, көшеге батқан әйел адам киіну, сәндену, бояну, пластикалық хирургия секілді қажеттіліктерге асыра қаражат жұмсайтын болады. Ақпарат құралдарындағы деректер бойынша феминизмді «косметика» салалары және «халықаралық қорлар» қаржыландырады.

Пластикалық хирургияны, сәндену, боянуды ер адамға ұсыну, сату қиын.
Батыстың киноларында да жұмыс істеп, сыртта жүретін әйелдер дәріптеліп, бала қарап үйде отыратын әйелдер төмендетіліп көрсетіледі. Үйленуді масқарадай, қауіпті тірліктей етіп көрсетеді. Әр кинода кем дегенде бір рет бір жыныстылардың жұбы дәріптеледі. Батыста феминизмді қолдау заманауи адамның өлшемі секілді бояу алды. Тіпті мемлекеттік деңгейде заманауи көріну үшін феминизмді қолдау модаға айналуда.

Сауда орталықтарында әйелдерін күткен ер адамдар. Әйел адам саудаға бейім, жарнамаға сенгіш болады.
Феминизмдегі әртүрлі ұрандар нәпіске ұнамды келеді. «мен, мен, мен...», «мен әйелмін, маған еркектің қажеті жоқ...», «мен жеке дара тұлғамын, маған ешкім араласпайды». Мұндай ұстанымдар қай адамға ұнамайды?! Ешкім маған араласпайды деп, өздері дінге, әдет-ғұрыпқа да, бәріне араласып, тек жеке өздеріне құрмет күтіп, басқаларға құрмет көрсетуді назардан тыс қалдыруда.
Феминиздегі «еркіндік» ұраны өзімшілдіктің азығы. Еркіндік, бірақ қандай еркіндік? Үй, отбасы әйелге қапастай көрсетіліп, жұбайы мен бала-шағасына қызмет құлдықтай көрсетілетін еркіндік пе?! Бұл еркіндік емес, ананы баладан, ерді зайыбынан ажырататын арандатушы тұзақ.
Феминизмде әйелдердің құқықтары туралы көп айтылады, бірақ жауапкершілік туралы сөз қозғалмайды. Әйелдің жауапкершілігі туралы айтылуын құп көрмеумен қоса, еркектің жауапкершілігі артығымен баяндалады.
Феминизм — қоғамдағы және отбасындағы бүкіл келеңсіздіктерден еркекті жауапкер тұтады. Әйел дербес құқықты, әйелдікі қашанда дұрыс.

Феминизм — әйел теңдігі деген пікірмен басталды, бірақ келген жері еркекке дұшпандық болды. Еркектерді төмендету арқылы жоғарылау басты мақсатқа айналғандай. Ал еркегі төмен, қауһарсыз қоғамның алысқа бармайтыны айдан анық.
Батыста феминизмнің қарқыны үдеген сайын некелесу азайып, ажырасу көбейді. Бала туылу көрсеткіші едәуір төмендеді.
Қорыта келгенде феминизмнің әйелге бақыт әкелмейтіндігі батыстың тәжірибесінен мәлім. Тәжірибеден өтіп, сәтсіз шыққан әртүрлі “изм”-дердің соңынан еру ақылды адамның ісі емес. Сондықтан отбасылық өмірдің, қоғамның тыныштығы үшін дәстүрлі отбасылық құндылықтарға бекем болу қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Арман
Пластикалық хирургияны, сәндену, боянуды ер адамға ұсыну, сату үшін оларды модаға айналдыру керек, ер адамдарды қызтеке жасау керек.
Марал
«Феминизм» мақаласы — қазіргі қоғамда жиі талқыланатын әрі кейде түсініспеушілікке ұшырайтын гендерлік теңдік пен әйел құқықтары туралы маңызды мәселелерді ашып көрсететін мазмұнды материал. Бұл мақала феминизмнің не екенін, оның тарихын және қоғамдағы рөлі туралы оқырманға түсінікті тілде кеңінен баяндап береді.
Феминизм — әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері үшін күресетін әлеуметтік‑саяси қозғалыс. Оның тарихи тамыры XIX ғасырдан басталып, әйелдердің дауыс беру құқығын, оқу‑білім алу мүмкіндігін алуымен, экономикалық және құқықтық теңдікке ұмтылыспен байланысты. Мұндай қозғалыстар әйелдерге ғана емес, әр адамға тең мүмкіндіктің негізін түсініп, құрметтеу қажеттігін айқындайды.
Мақалада феминизм мен гендерлік теңдік тақырыбы қарастырылғанда, ол тек әйелдер мәселесімен шектелмей, қоғамдағы жалпы теңдік пен әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған күрес ретінде де сипатталады. Бұл — әйелдер мен еркектердің бірдей құқықтары, мүмкіндіктері мен әлеуметтік орны бар қоғам құру идеясы.
Феминизмнің кейбір кезеңдері мен бағыттары — тарихи тұрғыдан маңызды. Мысалы, XIX–XX ғасырларда алғаш дамыған феминистік қозғалыстар әйелдердің сайлау құқығы үшін күресті, кейінгі толқындар еңбек нарығындағы теңдік, білімге тең қолжетімділік, жыныстық зорлық‑зомбылыққа қарсы тұру сияқты мәселелерді көтерді.
Қазақ қоғамында феминизм кейде дәстүрлі құндылықтармен қайшылықта көрінуі мүмкін, өйткені мұнда отбасылық рөлдер мен салт‑дәстүрлер маңызды орын алады. Дегенмен, қазақ тарихында әйелдердің қоғамдағы рөлі мен құқықтары туралы пікірлер де болған — мысалы, тарихи тұлғалар әйелдердің білім алуын қолдаған. Бұл бүгінгі жағдайда феминизмді «бізге жат құбылыс» деп қараудың қажеті жоқ екеніне дәлел — ол қоғамдағы әділеттілік пен теңдікті нығайтуға бағытталған әлеуметтік қозғалыс.
Сонымен бірге, феминизм туралы түсінік дұрыс игерілмеген кезде қате түсініктер мен стереотиптер пайда болады — мысалы, феминизмді әйелдерге ғана басымдық беретін қозғалыс деп қабылдау немесе отбасылық құндылықтарға қауіп ретінде қарау сияқты. Бұл мақала сол қате түсініктерді жоюға және гендерлік теңдік мәселесін дұрыс бағалауға көмектесуге бағытталған.
Жалпы алғанда, феминизм — бұл әлеуметтік теңдік, адам құқықтары мен әділеттілік үшін күресетін күрделі әрі маңызды қозғалыс, және оның мәнін түсіну жергілікті қоғамда да өзекті болып табылады.