Херлуф Бидструп (1912 жылғы 10 қыркүйек – 1988 жылғы 26 желтоқсан) – ХХ ғасырдағы данышпан дат карикатурашысы. Оның қоржынында 5 000-нан астам туынды бар. Суретшінің шығармашылық жолы негізінен екі бағыттан тұрады: сурет арқылы баяндалатын юморлық хикаялар және карикатуралар. Ол осы екі салада да аса жоғары шеберлікке жеткен. Өмірді терең түсіне білген автор өз шағын сюжеттерін философиялық мәні бар туындыларға айналдыра білді. Бидструп шығармаларында күлкі мен қорқыныш, мұң мен қуаныш астасып жатады, ал қарапайым тұрмыстық жағдайлар кейде абсурд деңгейіне дейін жеткізіледі. Соған қарамастан, оның еңбектері бүгінге дейін көрерменге жылы әсер сыйлап, еріксіз күлкі шақырады.
Бидструптың суреттері солдан оңға қарай «оқылады». Кейіпкерлері экрандағыдай қозғалыста көрінеді. Қысқа ғана бірнеше эпизод арқылы басталуы, шарықтау шегі және шешімі бар шағын оқиға баяндалады. Мұндай туындыларды жасына да, ұлтына да қарамастан кез келген адам оңай түсінеді. Оның күнделікті өмірден алынған көріністері мінсіз, әрі бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған.
Қарапайым көрінетін карикатура жанрына қарамастан, суретші қарындашты аса шебер меңгерген. Оның кейіпкерлері тек кәсіби деңгейде салынған ғана емес, әрқайсысы өзіне тән мінезге ие. Киімнің ұсақ бөлшектерінен бастап, интерьер мен пейзаждарға дейін өте жоғары деңгейде, ерекше талантпен бейнеленген.
Көрме келушілері Херлуф Бидструптың шығармаларынан ерекше әсер алып, оларды басқалармен бөліскісі келеді деген үміт бар.
Саяжай

Тұйық шеңбер

Фирма

Дамушы елдерге көмек

Тұлғаға табыну

Арыз

Қоғамдағы тап өзгерісі

Бюрократ

Табиғат аясында
Қарыз

Дарашыл

Егіздер

Шедевр

Үй жұмысы


- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі