Өлең, жыр, ақындар

Ферритин

Ферритин 23% темірден және апоферритин белогынан құралған пигмент. Ферритин ішектің шырышты қабығында, бауырда, көкбауырда, сүйек кемігінде табылады. Организмдегі артық темір осы ферритин түрінде қорға айналады. Ферритин кадмий сульфаты әсерінде кристалл түрінде тұнбаға түседі. Оны арнайы иммуногистохимиялық жолмен де анықтауға болады. Патологиялық жағдайларда көбейіп кеткен ферритин қан тамырларын кеңейтіп, қан қысымының өте төмендеп кетуіне, шок халіне себеп болады.

Гематоидин құрамында темір болмайды. Ол ескі қан құйылу ошақтарының ортасында, қоңыр-сары кристаллдар түрінде көрінеді. Гематоидин жасуша ішінде пайда болып, жасуша тірлішігі жойылған соң сол жерде жиналып қалады. Гематиндер қоңыр-қара түстегі пигменттер болып, оксигемоглобиннің гидролизі нәтижесінде пайда болады. Бұларға безгек пигменті (гемомеланин), тұз қышқылы әсерінде (гематиндер) және формалин әсерінде пайда болатын пигменттер кіреді. Безгек пигменті паразиттің эритроциттер ішінде көбеюіне байланысты түзіледі, эритроциттер ыдырағанда оны бауырдың, көкбауырдың, сүйек кемігінің, лимфа түйінінің макрофагтары обып алады, соның нәтижесінде ағзалардың түсі қара-қоңыр болып өзгереді.

Асқазанда эрозия, майда жараларға қан құйылғанда сол жердегі тұз қышқылы әсерінен эритроциттер ыдырап тұз қышқылды гематин түзіледі. Сол себепті жараның түбі қараяды. Егер формалин қышқыл болса, оған салынған тін құрамындағы эритроцитер ыдырап формалин пигменті пайда болады. Мұндай өзгерістерге жол бермеу үшін тінді тек бейтарап формалинде ұстау керек. Порфириндер қалыпты жағдайда өте аз мөлшерде қанда, зәрде болады. Оның құрамында темір жоқ. Әр түрлі уланулар (қорғасын, барбитураттар) нәтижесінде, кейбір дәрі-дәрмектер (барбитураттар, сульфаниламидтар) эсерінде, алкоголизмде, витаминдер жетіспегенде (пеллагра) организмде порфирин мөлшері көбейеді, несептің реңі қоңыр-қызыл түске кіреді. Бұл жағдай әсіресе порфирин алмасуының туа пайда болған бұзылуында өте айқын көрінеді. Соның нәтижесінде терінің ультракүлгін сәулелерге сезімталдығы күшейіп, теріде қызару ошақтары, ашық жерлерде — жара пайда болады, ауру адам күн нұрынан зәбір шегеді. Бұл жағдай эритробласттарда уропорфириноген III-косинтетазаның туа пайда болған жетіспеушілігімен байланысты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз