Өлең, жыр, ақындар

Тақырып әйелдерім туралы

Менің шығарған өлеңім бар, ол:

Өзім батыр, жазушы атағым бар

Көп қатын алды деген шатағым бар...

Бірінші әйелім — Бибіжамал Мұқанқызы Момыш келіні, менен 2-ақ жас кіші еді. Өзі ақ-сары сұлу кісі еді. Байын күте білетін, үйін ұстай білетін, дастарқанды кісі еді...

Сол кісіден тұңғыш балам Бақытжан Момышұлы Бауыржанович туды...

Ұлы Отан соғысы басталғанда, ол кісінің аяғы ауыр еді. Соғысқа қашан жүрер-жүрмесімізді білмей жүргенде, ол Талғарға келді.

— Жақында аттана қоймаспыз, сен ауылға барғын, — дедім мен. Сол тілімді алып, ол 2-3 күннен кейін ауылға аттанды. Өзі сұлу, қарны қампиған, соғыс басталған, ауылдағы ағайын-туыстарым: «Қарағым, жақсы кепсің» — деп, жақсы қарсы алыпты. Күтпеген жерден эшелонға тиеліп майданға аттандық. Өзім эшелондамын, қатыным ауылда. Қоштасқан жоқпыз...

Бурныйдан өтіп бара жатқанда қарадым. Сол күні базар күні екен (воскресенье). Мені өтіп барады деп ойламаған қатынымның сыртынан ғана көрдім. Ей, пәлен-түген деуге уақыт жоқ, поезд зыр етіп өте шықты. Қайта көремін бе, көрмеймін бе сені? — деп бармағымды тicтeп, өтіп кеттім. Сол маған үлкен әсер етті. Содан бара соғысқа кірістік. 5 рет қоршауды бұзып шықтым. Начальник штабым татар жігіті Хаби Рахимов еді. Ол туралы кітабымда жазғанмын. Соған бір күні кешке отырып сырымды айттым.

— Хаби, мен әкеден жалғыз едім. Мен соғысқа аттанғанда, әйелім жүкті қалып еді. Қыз бола ма, ұл бола ма, әйтеуір тұқым ғой. Өзің көріп жүрсің, менен артықтары да, кемдері де өліп жатыр. Соғыста менің бір арманым: осы октябрьдің басында жеңгең босануы керек, соның кім екенін біліп кетсем, арманым болмас еді.

— Ақсақал, — деп шошына сөйледі. — Менің де әйелім бар кісімін, бірақ келініңіз екіқабат емес еді. Сізді құдай сақтасын, тілегім сол. Жақында ұл ма, қыз ба хабар алармыз, соны күтейік...

— Ниетіңе рақмет, қарағым, — дедім мен.

* * *

Төрт ай өтті. Хабар жоқ. Хат алмаймыз. 5-ші айда Рахимов (старший лейтенант):

— Сүйінші, сүйінші, ақсақал! — деп жүгіріп келді алдыма.

— Жеңгем ұл туыпты, міне, хат алдым, — деп маған хатын көрсетті.

— Рақмет, айналайын, — деп хатты оқыдым.

«Баукетай, көптен бері хабар алыспадық қой. Сен неге хат жазбайсың? Аман-есенсің ба, бізде түнде ұйқы, күндіз күлкі жоқ. Үшінші октябрьде ұл таптым, атын кім қоямыз деп қатты қиналдық, тәтем Бақытжан қойыңдар атын, бір жағы әкесінің аты Бауыржанға ұқсас, екінші жағы бақытты болсын деді. Сөйтіп, балаңның аты — Бақытжан болды. 40 жыл қырғында ажалды өледі дейтін қазақтың сөзі бар ғой, сен аман қайтсаң, ең үлкен бақытымыз — сол. Балаңның көтін иіскеп, жалап жатырмын...»

Ж.Бозжановты шақырып алдым. Мә, оқы мынаны деп хатты ұсындым оған. Ол оқып шықты-дағы, қатты қуанып кетті.

— Той істеймін, ақсақал, той істеймін! — деп айқайды салды. Мен үн қатқан жоқпын. Кешке таман күтпеген жерден қайдан тапқанын білмеймін, бір қойды сойып, қазақша бесбармақ істеп, 3-4 бөтелке арағы бар күллі штабты шақырды кешкі асқа. Ол кезде менің арақ ішпейтін кезім. Ырым ретінде дәмін тағамындағы рюмканы қоя саламын. Отырған жігіттер рюмкаларын қағып-қағып салды да, бесбармақты жайпап берді. Бақытжан Момышұлы туралы бірінші есіткен хабарым осы.

* * *

Арада бірнеше жыл өтті. Жұбайымнан көңілім қалды...

Заслуженный деятель искусства Вера Павловна Строевата үйлендім. Ол кісі менен 7 жас үлкен еді. Өте реңді, сұлу кісі еді. Мен десе, жаны қалмайтұғын. Менің сөзімді пайғамбардың сөзіндей көретін. Жазғандарымның бір сөйлемін қалдырмай оқитын. Ол кісі маған әйел бола білді. Менің әдебиетке енуіме үлкен себепкер — сол кісі. Ол кісі — менің ұстазым. Сол себепті мен «Наша семья» кітабыма, «Вере Павловне Строевой чьи критические замечания и советы помогли мне больше, чем она подозревает», деп эпиграф жаздым.

* * *

Бір күні Мәскеудегі Чайковскийдің залына бардым. «Выступает студентка института имени Гнесиных — Клавдия Григорьевна Коркина», — деп жариялады жетекші.

Тал шыбықтай, он сегіз-он тоғыздардағы бота көз, қара шаш, бұрымы тоқпақтай бір сұлу қыз шыға келді.

Бизенің Ковалиера «Карменнен» оңдыртпай соқты. Мен ал-дал болып, есімнен адаса жаздадым. Концерт біткеннен кейін, іздеп барып таптым... Екеуіміз көңіліміз жарасып қалды. Бір күн түнеп шыққаннан кейін, есімнен шығып кетті...

Московский Государственный университеттің алдында келе жатыр едім, Ломоносовтың ескерткішінің алдында тұр екен... Қарсы алдымнан қарны қампайған жас келіншек шыға келді. Шырамытамын, бірақ қайда көргенім есімде жоқ.

— Неужели Вы не узнаете меня? Я ведь забеременела от Вас!

Не құларымды, не жыларымды білместен қатты сасып қалдым.

— Саспаңыз полковник, әкем әлдеқашан өлген кісі еді. Шешем жақында ғана өлді. Мен жалғызбын әзір. Мен цыганкамын. Жалғыз болғым келмейді. Я благодарю Вас, полковник. Я от Вас забеременела, значит я не одинокая,— деді.

— Я Вас поздравляю, Клавдия Григорьевна, — дедім мен.

— Благодарю Вас, полковник, я не думала, что Вы такой добрый человек.

— Что Вы, Клавдия Григорьевна, будет ли мальчик или, девочка — Я отец, а Вы мать,— дедім мен.

— Еще раз благодарю Вас, полковник,— деді ол.

— Пойдемте в кафе, выпьем по чашке черного кофе, — дедім мен.

— С удовольствием, полковник. Я так чувствую себя одинокой, благодарю Вас, полковник...

16 сентября 1947 года родилась девочка. Я поехал в родильный дом. Вынес младенца с родильного дома как отец. Привез их домой. До сих пор я их поддерживаю в материальном и моральном отношении.

Клавдия Григорьвна окончила институт Гнесина, является главным редактором эстрадных представлений всесоюзного радиокомитета. А Елене Бауржановне теперь 22 года, учится в драматическом факультете Московского педагогического института.

* * *

Я, когда был старшим преподавателем Военной академии в Калинине, часто приезжал в Москву и останавливался в доме профессора Великановой Изабэллы Ивановны. Однажды я приехал под новый год в дом Изабэллы Ивановны, туда явились аспирантки Иностранного института. Среди них оказалась одна казашка — Бахытжамал Калыбековна. Я впервые познакомился с ней там.

Прошло несколько месяцев. Она позвонила ко мне в Калинин накануне 1-го мая. Я не отказал ее в просьбе встретить 1 май в Калинине.

Я встретил ее на вокзале, предварительно забронировав ей номер в гостинице. Мы поужинали в ресторане — во время ужина она мне строила глазки.

После ужина я ее проводил до ее номера. Осмотрев свой номер, она сказала:

— Я здесь не хочу ночевать....

— Прошу тогда ко мне, — дедім мен.

Қысқасы, үйге бардық...

— Болар іс болды ғой. Мен сіздің әйеліңізбін, — деді ол таңертең.

— Иә, сен менің қатынымсың, — дедім мен.

Ол маған 13 жыл қатын болды. Мұхтар Омархановичтің мен первый вице-президенті болатынмын. Ол кісінің қолы тимеген соң, Рабиндранат Тагордың 100 жылдығын маған тапсырып кетті. Менің Тагордан хабарым жоқ екен. Публичный библиотекаға барып, Тагордың кітаптарын алдым. Таудағы домотдыхқа бардым да, 22 томын оқып шықтым.

Мұқаңның тапсырмасы тапсырма ғой. 22 күнде оқып шығып, баяндама жаздым. Мұқаң Индиядан қайтып келді. Ғылым академиясының кіші залында жиналыс болды. Жиналысты Мұқаңның өзі басқарды. Баяндамашы менмін. Маған сөз берді. Мен 22 минут баяндама жасадым. Министрлер Советінің зампредседателі Асқар Закарин, академик Кеңесбаев, тағы басқалар бар.

— Әй, осылай доклад істеп, бізді анда-санда көтеріп тастасаңшы, — деді.

Мухтар Омарханович, Есмағанбет Исмаилов были очень довольны моим докладом. После дали концерт...

Мухтар Омарханович был до того доволен, что меня пригласил к себе на ужин. Ссылаясь на состояние здоровья, я отказался от его приглашения. К чему очень был удивлен Есмаганбет Исмаилов.

Я взял такси и поехал в горы. Переночевал, проснулся утром, приезжаю домой — ужас, дверь вся поломана, вхожу домой — полная конфискация. В доме ничего нет — жена ушла.

Я не стал гнатся, оказывается она увезла все, включая мою личную библиотеку...

— Сіздің қызыңыздың менің үйіме келгенде, кір қара дамбалынан басқа түгі жоқ еді. Ал, 70 мың сомның дүниесін алып кетті. Кешірдім, сіздермен дауласпаймын да, жауласпаймын да. Cay болыңыздар, — деп трубканы іліп тастадым.

* * *

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар қазақта. Мына жеңгеңнің әкесі саудагер болған кісі. Сауданы екі рет істеген кісі. Даладағы малды баға білген. Семейде 12 үй салған. Ол кезде қонақ үй жоқ. Келген кісілердің бәрі Бекеңнің салдырған үйіне тоқтайды. Олардың аттарына жем-шөп беру, қонақ ету керек. Олар қой сатуға келеді. Әкесі делдалдық жасаған. Содан капитал жасай білген. Жеңгең сол ортадан шығады. Осы себепті ол мені де аямайды. «Ешкімге ешнәрсе берме, олардан алып қалдың» тәрбиесін алған. Осы уақытқа дейін үйім бар, байым бар деген қатынды көргенім жоқ. Мен осыған үйленгенде, 127 мың ақша болды. Соңыра да бірнеше мың сомды алдым, бірақ менің майда болғым келмейді. Бұл — менің үлкен қатем. (Ақшаға арамдығы, әрі басқа жағының да арамдығы бар). Ол арамдықтың себебі бар:

Порядочный әйелде үш қасиет болу керек.

1 қасиет — байын күте білу,

2 қасиет — үйін ұстай білу,

3 қасиет — бала-шағасын тәрбиелей білу. Осы үшеуі жоқ әйел — әйел емес. Жеңгеңде осы үшеуінің біреуі де жоқ. Чем это объясняется? Это объясняется вполне естественно. Она эстрадная актриса по профессии. Сол школа бұл кісіні қатты бүлдірген. Эстрада дейтіннің өзі глупая вещь. Киімін киіп шығады да: — Открываем концерт народной артистки Шара, — дейді.

Содан кейін бұл кісі 3-4 ай командировкада жүреді ғой. Сөйтіп, жүрген әйелде үйден хабар, байдан хабар, баладан хабар болмайды. Сандалумен жүреді. Содан барып бұл кісіде бай кім, бала кім, үй не деген түсінік жоқ болады. Ертеде мен бұл кісіге «Эстрадная дура» деп анықтама бергенмін. Балаларының өзі анасын ненавидят. Аналық мейірден құр қалған кісі. У нее невероятный эгоизм. Өзінен басқа ешкімнің қамын ойламайды. Бұл кісінің правиласын алсам, мен ғана аламын. Мен болсам, көп ақша табатын адаммын. Ешкімнен бір тиынды алуды қаламаймын. Менің біреуге бергенімді жақтырмайды. Қазақта сөз бар: «Алыстың да берісі бар», — дейді. Бұл кісі оған түсінбейді. Тек ала берсем дейді.

Өзі оңбаған формалистка. Маған былай дейді. «Мен Молдекеңнің келінімін, некем қиылған» деп, регистрацияны көлденең қояды. Мені қорқытады соны негіз етіп. Тастап кет мені деп қояды. Менің документім бар қалтамда дейді. Обалы не керегі бар, басқалары бүйтіп айтпаушы еді.

Содан кейін бұл менің өлуімді тілеп жүр. Сондағы мақсаты: Момышұлының жесірі болмақшы. Өзі есеп істеп алған. 36 сом өзінің пенсиясы бар. Мен өлсем, 100 сом пенсия қосылады. Сол маған толығымен жетеді деп есеп қылып отыр. Сөйтіп, мұның ниеті жаман, бұзық қатын екен. Мені тез өлтіру үшін тағы бір әдіс қолданып отыр.

— Мен сенің әжетіңе жарамай жүрмін ғой, Зұлқияны не Заһраны, қалаған қатындарыңды қойныңа салайын дейді маған. Сондағы ойы не десеңші? Әлгі қатындармен шатысып, арақ ішіп тез өлсін деп ойлайды. Оған баратын мен ақымақ емеспін. Менің жасым алпыста, мені алып бара жатқан еш нәрсе жоқ.

* * *

Я, страшно огорчен на старости лет тем, что на своем 60-летие и на старости лет — я не разбирался в женщинах.

В этом я убедился вчера — я, закончив свою повесть «Жизнь не погасла», вчера вернулся домой. Я спешил к своим детям. Дома жены не оказалось, она лежала в больнице. Қазақша айтқанда, шыдамым жетпеді... Аурухана,а бардым... Кезекші дәрігерге: «16-палатада менің кемпірім жатыр екен, соны шақырыңыз», — деп жүгіндім алдында. Дәрігер жүгіріп кетті. 5 минуттан соң келіп: «Бәйбішеңіз қазір келеді» — деді.

Аурухананың халатын киген әйелім келді. Мен аймалап бетінен сүйдім (сағынып келгенмін ғой). Ол мені сағынбайды екен...

Менің адал ниетімді арам пиғылымен арамдады...

— Ей, қалайсың, денсаулығың қалай, тез айыққын деп, ақ ниетімді айттым. «Аман-есен қайттың ба? Не істеп қайттың?» деп менен сұраған да жоқ. Мен қатты ренжідім. Бірақ сырымды білдірместен, аузымды ашқаным жоқ. «Түрің жақсы екен ғой, құдай бұйырса айығып кетерсің» — деп көлгірсідім... Мен офицерлік формамен барып едім... Басқа ауру қатындар мені танып, біреуі келіп, біреуі басын изеп сәлемдесті, өтіп бара жатып...

Олар бізді байқап отыр, мен оларды байқап отырдым... «Сен статья жазыпсың, соны жіберіпсің; содан кейін көңілдестеріңнің суретін жіберіпсің... Хайуаннан туған ит екенсің ғой!...»

— Әй, сен қаншық жүрсің ғой. Статьяны да, суреттерді де мен сені түсінеді деп жіберіп ем ғой... Әзіл мен қалжыңға түсінбейтін ит екенсің той. Мен саған сеніп үйленіп едім... Саған сенген менде ақыл жоқ екен... Ой, ақымақ қатын екенсің ғой... — деп өте қапаланып үйге қайттым. Түнімен ұйықтамай шықтым.

Бір жолы завтрак істеп, қуырдақ жеп отырмын. Кемелге өз алдына салып берді. Аппетиті зверский. Шешесінің алдындағыны тартып алып, соғып алды. Мұқаң қалай деп еді, «Я должен поесть», — деп аңырды. Қанағатты білмейсің, балам, сенен адам шықпас деп ішімнен ойладым....

* * *

Бір күні шәуле істеді жеңгең. Шәуле де аз болып қалды. Шапиға үшеуіміз отыр едік. Шапиға шешесінің шәулесін жеп қойып, «Мама, я не наелась», — деді. Шешесі:

— Қарағым, бары осы еді, — деді. — Давайте я поем, — деп тарелкадағыны асап-асап жеді. Это тоже, по-моему, настоящее зверство. Біздің дәстүрімізде өліп кетсе де, үлкеннің алдындағысына қол созуға, жеуге болмайды.

Бір күні жеңгең тағы да көже істеп, бірақ аз болып қалыпты. Шапиға мен жеңгең өз сыбағаларын жеп алды. Менікі тола еді. Екі көзі Шәпидің менің тәрелкемде, оны мен байқап отырмын. Менен сұрауға батпайды.

— Мама, я не наелась. Бұл үйде адамға ұқсап тамақ та жей алмайсың. — деп қояды. Мен тарелканы алдым да — На, ешь яблоко, — деп періп кеп жібердім. Ойбайлап тұра қашты. — Ей, мұның қалай? — деп жеңгең араласты. Мен: — қазақта мақал бар, «Иттен ит туады боқ жейтұғын, малдан мал туады шөп жейтұғын. Сен өзің ит екенсің ғой. Осы балаларды туған, тәрбиелеген мен емеспін, сенсің. Әрі-беріден соң, екеуіміздің тарелкамызға қол салу деген не деген сұмдық, тағы да өзіңді текті жердің баласымын деп сипайсың. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» деген қазақтың мақалы бар.

— Мыналардың қылығы Мусин мен сенің тәрбиең ғой, оңғанды көрсе, бұлай етпес еді, не деген әдепсіздік. Бұлардан ешкім еш нәрсені қызғанып отырған жоқ қой... — деп жеңгеңе қатты ұрыстым.

* * *

Ұйқыдан тұрсам, жеңгең жоқ, сәскелік, түстік дегеннен түк жоқ. Шапи: Мамам қайда? — деп сұрады. Мен білмеймін, өзім де аш отырмын, қайдан білейін деп ем ол міндетсіне бастады. Сондағысы өзін, қызын т.б. Москваға жіберуім керек екен, как будто я всемогущий деп ойласа керек. Сен менімен ойнама дедім. Сенің әкең народный артист, шешең заслуженный. Мен саған 200 сом бермек едім, мына сөзіңнен кейін 2 сом да бере алмаймын дедім. Алдымен сүйеніші жоқ қой деп аяушы едім...

— Сен менің кімім боласың? — дедім, — балам, немерем, шөберем емессің. Үш байға тиген. Мен 4-сімін. Менің өмірбаянымдағы ең қателескен жерім... Сен менің көзімше 4 байға тидің. Енді қаншаға тиеріңді мен есептемеймін. Мен сені Москваға ертіп бармаймын. Ром өліп қалды, ал, енді Герасимов деген киноның көсемі мені жек көреді. Мен де оны жақсы көрмеймін. Ол Народный артист СССР екені рас. Ромға барсам, ол мені сыйлар еді, ал, Герасимов мені сыйламайды. Вопросы симпатии и антипатии личный... каждого человека. Мысалы, біз Алматыда үш құлый бармыз. Шерхан маған антипатияда, мен де оны симпатизировать ете алмаймын. Оны қолдан өзгертуге болмайды, бұл природаның законы.

Ал, сен Түктібайсың ғой, мен сені жек көремін. Себебі — мысалы, Есімбет қажы Түктібайдан атағы шыққан кісі. Сырдария губерниясын (Алматы, Шымкент, Жамбыл, Ташкент, Қызылорда) Есімбет биледі. Сол кісіден кейін сендер таралып кеттіңдер. Сарт болып там салып, кейін байыса қатын алады дегендей, Сайрам, Шымкенттегі сарттар сол түктібайлардың ұрпағы — қатындары (қашқандары) көп болған. Біз болсақ, байтана, шанышқалыдан ұзай алмадық...

Біздің құлыйдан атағы шыққан Ақментей батыр Ореке болған. Біздің руымыздың ұраны — Ақментей. Неге олай, оның тарихын білмеймін. Шымкенттің негізін қалаушы Киікбайдан шыққан Құдайберген датқа. Соңыра атағы шыққан менмін. Ақментейдің атағы үш жүзге тараған. Олардың диапазоны бір губерниядан аспады, ал, менің атағым глобусқа шығып кетті. Мен военный профессор комдивпін. Менен соң кім шығатынын мен білмеймін. Шерхан шықпайды...

Мен ешкімге сенбеймін... Маған құдай атағын да, шатағын да аямапты, бірақ мені түсінетін қатын бермепті...

Мен ертең кетемін. Содан соң бұл үйге келмеймін, өзім келсем де, көңілім келмейді. Себебі не? Себебі олар менің жұмыс істеуіме кедергі етеді.

— Мына кітаптар мен архивті алып кет. Қадірін білмейтінге сенуге болмайды.

Денсаулық алдымен нервке байланысты екен. Көңілің көтерілсе, нервің тұлпардай шабады екен, көңілің қалса, жаман сындырып тастайды екен. Это я на собственном опыте убедился.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз