Өлең, жыр, ақындар

Көк төмпеш

1942 жыл 29 сентябрь. Таңертең түнерген қара бұлт шығыстан соққан қатты дауылдан ығысып, батысқа қарай будақ-будақ көшіп барады. Аздан соң жел біраз саябырсыды да, нөсер құйып қоя берді. Жер бетін сел басып, сайлар өзенге айналды.

Далада жаңбыр бір рет жауса, орманда екі рет жауады. Тамшы сорғалап жауынгерлердің мойнына құйылады. Бірақ оны елеместен алға, дұшпан бағытынан көз алмай, мылтығын серт ұстап жауынгер тұр.

Түнере жауған күн бетпақ,

Ызылдай соққан жел бетпақ.

Көк орайды сарғайтқан,

Мейірімсіз күз бетпақ.

Мен осындайға бой бермей қасқайып тұрған жауынгерге ұшырасып тұрмын.

— Қалай, батырым, жауын өтті ме?

— Қайтер дейсіз, үйреншікті нәрсе ғой. Бізден өткен жауын немістің мойнынан да сорғалап тұрған болар, — деді ол.

— Оның дұрыс, — деп алға кетіп бара жатыр едім, ол:

— Тоқтаңыз... — деді де серт ұстап тұрған мылтығын кезеп, бір рет атып жіберді. Маған «жат» дегендей ишарат білдірді. Содан соң ол:

— Тағы біреуі бар болатын, абайлаңыз, — деді.

Ол алдымыздағы көк төмпешікті нысанаға алып тағы да атты. Көріп жатырмын, төмпеш екі рет аунап түсті. Ол еңбектеп барып, оққа ұшқан жаудың документін алып келді. Екі сағат бойы аңдысқандарын айтты. Мен бетіне тесіле қарап, оған темекі бердім. Ол темекіні алды да, бұрынғысынша қасқайып, орнына барып тұрды.

Мен оның жүзінен қырағы, сергек, әрі мерген, ержүрек қазақ жігітінің кейпін көрдім. Оның Отан алдындағы борышын тапжылмай орындайтындығын, ол үшін суыққа тоңып, ыстыққа күюге әзір екендігі айқын сезіліп тұрды.

— Сен Тұрғара Тұраровсың ғой, — деген сұрағыма, ол басын изеді. Тұраров бір емес, мың, миллион. Әрбір қарапайым жауынгер өз міндетін табандылықпен адал орындайды. Орындауға міндетті де, — дегенді айтып тұрғандай болды оның сабырлы жүзі.

* * *

Ал, енді генерал-полковник Чистяковқа оралайық:

— Сол кісі туралы бір-екі естелігімді айтып берейін.

I

Бір иі қанбаған қамыр сияқты майорым бар еді. Соған ашуланып (комдив кезім ғой), начальник штабымды шақырып алып: «Откомандировать его в распоряжение штаба армии, такой болван мне не нужен», — деп бұйырдым. Майор сұп-сұр болып кетті...

Үш күннен кейін майор қайтып келіп, маған конверт тапсырды. Конвертті алып оқып едім, генерал-полковниктің почеркі өте жаман кісі еді. 3-кластағы балалардың жазған почеркісінен аспаушы еді (как ученический почерк). Былай деп жазыпты:

«Тов. Момыш-улы.

Если товарищ майор не хочет работать — научите его работать. Когда он, товарищ майор, научится и будет хорошо работать, можете откомандировывать его в мое распоряжение. И. Чистяков», — деп қол қойыпты. Шынымды айтсам, от генерал-полковника я не ожидал такой записки. Денем ұялғанымнан ысып кетті. Оны майор да сезді.

— Ну что же, товарищ майор, командующий приказал Вам работать, а мне приказал учить Вас понятно!

— Понятно, товарищ полковник, — деп честь беріп қақиып тұрды.

— Я, Вас назначаю командиром батальона. Берите себя в руки, подумайте. Если Ваш батальон не будет одним из передовых в моей дивизии, (у меня в дивизии 7 полков) пеняйте на себя. Я, Вас тогда растреляю, имейте ввиду это... — Содан соң күлдім. — Поздравляю вас с новым назначением на высокую должность. До свидания. Я за Вами буду строго следить.

— Слушаюсь, товарищ полковник, благодарю за доверие.

Кейіннен майор оказался не плохим командиром батальона. Адамды кемітіп құрту оп-оңай ғой, көтеру қиын. Егер де генерал-полковник Иван Михаиловичтың жаңағы запискасы болмаса, майор құрып кететіндердің біреуі еді.

Герой Советского Союза, генерал-полковник Иван Михаилович Чистяков (в конце войны главнокомандующий Советскими войсками в Корее, ныне главный инспектор сухопутных войск Советской Армии) он является одним из моих учителей — наставников. Почему то, я ему очень понравился. Он даже меня очень любил. Қан майданда жақсы көру оңай емес. Қастасып, өштесу оп-оңай. Оны мен басымнан өткізгендердің біреуімін. Адам — пенде. Кемістік әркімде де бар. Кемістігі жоқ деп ойлайтын адамдар адам емес. Надандықтың үлкен дәрежесі сол ойда жатыр. Мойныма аламын: менің жақсы қасиетімнен жаман қасиетім аз емес. Құдай маған кемістіктерді аямай төгіп берді. Қартайған кезімде ойланып, өткен өмірді еске алып отырсам, өмірімде көп қателіктер істеппін.

Оларды түзеу қиын. Өткен нәрселерді қайтару мүмкін емес қой. Өкінемін! Қайғырамын! Қатты өкінемін!? Орысша айтқанда партия, правительство, главное командование маған өте сеніп, қан майданда қарамағыма 18 мың ерлердің тағдырын тапсырды. Солардың мен командирі болдым. Обалы не керек, өзімді-өзім аяған жоқпын. Қармағымдағыларды да аяған жоқпын. Қартайғанда ойлап отырсам, жастық қызушылыққа ерікті көбірек беріп жіберген екенмін. Из-за моей глупости жүздеген жауынгерлер құрбан болды. Соған жаңа ғана түсініп отырмын.

Қартайғанда көзімнен жас шықпай отыр. Мен жылауық шал емеспін. Көздерімді ойып алсаңдар, арман жоқ. Көзімнен қан шығар, бірақ жас шықпайды. Мен өзімді, жауынгерлерімді базарға жұмсаған жоқпын, Отан үшін, намыс үшін жауға жұмсадым, ажалға жұмсадым. Құрбандарымыз аз болған жоқ. В меня стреляли больше чем тысячи раз — я не виноват, что меня не убили. Мен өзімді-өзім аяп көрген жан емеспін... Осы сезім «Ей, алжыған шал, өзіңді-өзің кеміте бермегін. Ел басына күн туғанда, қайғысыз елімізде бір семья жоқ екенін түсінбейсің бе!? Соның біреуі өзіңсің. Оттамастан, алжымастан көрген-білгеніңді ұрпаққа айтып, жазып кеткін»,— деп маған аруақтар айқайлады. Мен оларды тыңдауға, тілін алуға мәжбүр болдым. Сол себепті жаза бастадым, жазып жүрмін. Мен жазушы емеспін.

Мен тек қана мемуаристпін — шындықты ғана жазамын. Болған оқиға мен көзіммен көргендерімді ғана жазамын.

Бұдан он-он бес жыл бұрын жазғаным есіме түсті (10—15 лет тому назад я писал):

Доктор-ay, тамырымды ұстамашы,

Еріксіз сырыңды айт деп қыстамашы.

Өзінен басқа жанға сенбейтұғын,

Қайсыбір қатыгезге ұқсамашы.

Доктор-ay, менің ешқандай сырқатым жоқ,

Денім сау, қатыным сұлу, тамағым тоқ.

Үйренген арпалысқа сорлы басым,

Атарға оғым да жоқ, жауым да жоқ.

А, кейінгі жылдары

Доктор-ay, тамырымды ұстасаңшы, — деуге көштім.

Подстрочник

О, доктор, не щупайте мне пульсы,

Не вынуждайте меня исповедываться

Не уподопьтесь жесткому самоверу

(Кроме себя никому неверующему)

О, доктор, у меня нет никаких недугов,

Я здоров, жена красива, один из сытых я

Моя взбалмошная привыкшая к схваткам

Чтоб выстрелить (пальнуть) у меня пули нет

Достойнейшего этой пули — врага нет.

* * *

Вчера Әсет Аукебаев сказал мне, что поданным книжной палаты я автор пятнадцати книг (15) книг изданных в Казахстане. Тиражи около 1.500.000 экз. Одиннадцать (11) книг изданных в России, Киргизии, Таджикистане, Узбекистане. А за рубежом на шести языках...

Я автор около 250 статей, около 100-1500 строк стихотворений и афоризмов.

Я был приятно удивлен. Придя домой я написал на память:

1) История одной ночи
2) Наша семья
3) За нами Москва
4) Генерал Панфилов
5) Фронтовые встречи
6) Я помню их на каз. яз.
7) Сборник I
8) Сборник II
9) Жауынгерлер тұлғасы
10) Төлеген Тоқтаров
11) Артымызда Москва
12) Ел басына күн туса
13) Біздің генерал
14) Олар менің есімде
15) Куба әсерлері
16) Ұшқан ұям

Рас екен-ау, деп сендім.

Басқа айтқандарым да рас болуы керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз