Өлең, жыр, ақындар

Болыс

Бұрынғы заманда бір болыс ел осы кезде бір сельсовет, сельсоветтің председателін біздің ауылдағы шал мен кемпірлер «болыс», «болысеке» дейді.

Рауаш дейтін орта бойлы, тәмпіш мұрын әйел біздің ауылдың құдашасы, сіздің ауылдың болысы. Сауаты шамалы кісі, бірақ та мейлінше пысық әйел.

— Шырағым құдаша, әкең жақсы, шешең жақсы кісілер еді. Өзің солардың доп-домалақ қара балаларының бірі едің, баяғыда бай мен билер таласып, дүние шашып, айтысып-тартысып жүріп зордан болыс болушы еді, тегі біздің елде әйел болыс болып көрген емес еді, — деп сұрапты ең жақсы құдасы.

— Оның несін сұрайсыз, құдеке! Өздеріңіз сайладыңыздар ғой.

— Үкімет сайла деген соң лаж қанша, өзімізді сайламағанда кімді сайламақпыз. Ал, енді өзің айтшы, шырағым, осы сен қалай көтеріліп кеттің?

— Өзіңіз білесіз, алдымен звеновой қылды, одан кейін бригадир қылды, одан соң басқарманың мүшесі қылды, одан кейін Райсоветтің депутаты қылды, райкомның мүшесі қылды, облсоветтің депутаты қылды, әйтеуір ақырында болыс болдық қой, құдеке.

— Иә, дұрыс, құдаша, — деп, мұртынан мырс етіп күлген шал күлкісін білдірмей, иә қарағым, ата-бабаларыңның аруағы қолдасын, — деп тілектестігін білдіріпті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз