Январьдің 29-ы. Күн ашық. Екі-үш градус жылылық. Қар аздап еріп, үйлер шатырларынан тамшылар сорғалап ағып, бұрыш мұржаларының түбіндегі мұз төбешелерін жуып, шайқап жатыр.
Менің басымда сусар бөрік, үстімде көк елтірі жағалы кең бикеша, аяғымда көк мәуіті бурка - етік.
Совет министровтың поликлиникасындағы доктордан өмірімде естімеген сөздерді естіп: «Е, ол маған жасыңыз келген кісісіз ғой бірнеше рет айтты. Демек, жеңгейлерге қырындаудан шабандап жүрсің дегені ғой», — деп доктордың сөздерін көңіліме қатты алып, иығым төмен түсіп, үйге «кемпір қайдасың» деп келе жатырмын.
Дзержинка мен Комсомол көшесінің бұрышындағы сүт магазинінің бұрышына жақындай бергенімде, тапа мұз жалтырап жатқан бұрыштан үстінде құндыз жағалы пальтосы бар, сұңғақ келген бір сұлу келіншек шыға келді. Мен оған қарадым. Ол маған қарады. Мына мұрты түксиген, қазақша киінген шал кім болар екен деген көзбен қарап, екі-үш қадамын аяқ астына қарамастан кербездене басты да, мұзға тайып, маған жақындай бергенде жалп етіп құлап түсті...
Мен сасқалақтап, аяқ астыма құлаған келіншекті қолтықтай көтеріп, орнынан тұрғыздым... Мен күткен «Рақмет ағай» жоқ!
— Қарағым-ау! Елдің көзінше жалп етіп құлаудан көрі, өзіме айтсаң да түсінер едім ғой! — дедім мен оған.
Қазақша жақсы білетін келіншек болуы керек — қызара жанып ол тұра кеп жөнелді.
Кемпіріме соны айтамын деп пәлеге қалдым.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі