Бірлік туралы мақал-мәтелдер

Басты бет / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Бірлік туралы мақал-мәтелдер

Бірлік туралы мақал-мәтелдер — Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — Бірлік туралы мақал-мәтелдер, бірлік туралы, мақал, мақал-мәтел — осы тақырыптарға байланысты.

Көпті жамандаған,
Көмусіз қалар.

*** *** *** ***
Ел бірлігі — ел теңдігі.

*** *** *** ***  
Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.

*** *** *** ***

Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.

*** *** *** ***

Бірлікті ел бұзылмас.

*** *** *** ***

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Бірлік ынтымақ — байлық бақ.

*** *** *** ***

Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ.
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

*** *** *** ***

Сырттан келген жаудан да,
Іштен шыққан дау жаман.
 
*** *** *** ***

Ауылдың иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.

*** *** *** ***

Тобынан айрылған қазды,
Топталған қарға алады.

*** *** *** ***

Кең киім тозбайды,
Кеңесші ел азбайды.

*** *** *** ***

Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

*** *** *** ***

Теңге тиыннан,
Ынтымақ ұйымнан.
 
*** *** *** ***

Қол жұмылмай — жылынбайды.
 
*** *** *** ***

Кеңесіп шешкен шешімнің кемісі болмас.
 
*** *** *** ***

Ынтымақ болмай іс оңбас.
 
*** *** *** ***

Топтанып ұшқан торғайға,
Тұрымтай да бата алмас.
 
*** *** *** ***

Үйдің басын қатын қосар.
Елдің басын батыр қосар.
 
*** *** *** ***

Бірлік қайда болса,
Ерлік сонда.
Еркіндік қайда болса,
Елдік сонда.
 
*** *** *** ***

Тірлік, тірлік түбі — бірлік.
 
*** *** *** ***

Қырық кісі — бір жақ,
Қыңыр кісі — бір жақ.

*** *** *** ***

Саусақ бірікпей,
Ине ілікпейді.
 
*** *** *** ***

Байлық байлық емес, бірлік — байлық.

*** *** *** ***

Бір кісінікі мақұл,
Екі кісінікі — ақыл.
 
*** *** *** ***

Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.

Қажетті сілтемелер:

Тіл туралы мақал - мәтелдер

Сайттағы барлық мақал - мәтелдер

Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер

Отбасы туралы мақал - мәтелдер

Достық туралы мақалдар

Достық туралы ұлағатты сөздер

Достық, татулық туралы мақал-мәтелдер

Сайттағы барлық мақал - мәтелдер

Ұлағатты сөздер



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бірлік туралы мақал-мәтелдер деген не?

Бұл бетте Бірлік туралы мақал-мәтелдер тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Бірлік туралы мақал-мәтелдер материалы Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар Бірлік туралы мақал-мәтелдер тақырыбындағы материалдар бірлік туралы тақырыбындағы материалдар мақал тақырыбындағы материалдар мақал-мәтел тақырыбындағы материалдар мәтел тақырыбындағы материалдар ынтымақ тақырыбындағы материалдар