Кесу қаруының ертеде қолданылған екі жүзді, түзу келген түрі — «семсер». Ал сыртына қарай иіліп, қайқы келген бір жүзді қару «қылыш» деп аталады. Қылыштың өте қайқы болып келетін «наркескен», ұшы екіге айырылатын «зұлпықар», шапқанда ауыр болу үшін басы үлкейтіліп, жалпақ жасалынған «алдаспан» деген үлгілері бар. XVIII-XIX ғасырлардан бастап қазақтар басы түзулеу «сапы» аталатын балдақсыз қаруды қолдана бастады.
Қылышты, сапыны салатын қабын «қынап», ал оның белге тағуға арналған бауын «қылышбау» деп атайды. Қынаптар ағаштан жасалған. Олар терімен, матамен қапталып, күміс, алтын және асыл тастармен әшекейленген.
Кесу қаруларының жүзі қысқа келген түрі — қанжар мен пышақ. Жауынгерлер оларды соғыста тек көмекші құрал ретінде пайдаланған. Күнделікті тұрмыста қазақтар ұлттық пышағы мен қанжарын міндетті түрде кісе белдікке тағып жүрген. Қанжар, пышақтардың сабы мүйізден, сүйектен, ағаштан жасалып, қыны теріден тігіліп, жалпақ үшбұрышты, төртбұрышты алақанмен біткен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі