Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мені әрдайым өзінің беделімен және бай тарихымен тәнті етті. Мектепшілік олимпиадаға қатысқан кезімде жиі осы университетке келетін едім. Журналистика факультеті «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасы ұйымдастыратын түрлі конкурстарға қатысып шығармалар жазып, үлкен кітапханада көркемсурет байқауына қатысқаным есімнен кетпейді. Сол байқаулардың арқасында, түрлі жетістікке жетіп, мен осы оқу орнына түсуге жеңілдік ұтып алдым. Ол мен үшін үлкен жетістік.
Пандемияға байланысты 1-курсты онлайн форматта өттім. Бірақ қашықтықтан оқыту өте қызықты болғанын мойындауым керек, өйткені бұл жаңа және ерекше толқын болды. Деседе мен студенттік өмірдің дәмін сезіну үшін оқу орнына барып, кампустарда серуендеп, курстастарыма, аудиторияларда отырғым келді, бірақ менде оған әлі де уақыт бар деп ойлаймын.
Егер оқытудың өзі туралы айтсам, онда ол өте ыңғайлы болды, өйткені ҚазҰУ-да «Универ жүйесі» деп аталатын өзінің электрондық жүйесі бар. Жүйеден ерекше өзекті жаңалықтарды, сабақ кестемізді, бағаларымызды қарап, үй тапсырмасын жіберуге мүмкіндік болды. Сонымен қатар, бұл жүйе студенттер үшін қолайлы. Компьютерде де, смартфондарда да жұмыс істеді, сондықтан бұл өте ыңғайлы.
Мен онлайн форматта оқып жүргеніме қарамастан, университетпен біраз танысып үлгердім. Оның үлкен аумағын өзінің инфрақұрылымы қала ішіндегі қалашық ерекше: он үш жатақхана, әртүрлі факультеттерге арналған бөлек ғимараттар, спорт кешені, үлкен стадион, тіпті теннис корты. Алатаудың самалы есіп тұрған ҚазҰУ-да барлық жағдай жасалған, экологиялық талаптар сақталған. Бұл өз кезегінде осы шағында студенттерге жайлы атмосфера сыйлайды.
Сонымен қатар оқулықтар, монографиялар, сирек кездесетін кітаптар мен мерзімді басылымдардың әсерлі мұрағаты бар кітапхананы атап өткім келеді. Сонымен қатар, бұл мұрағатты электронды форматта көруге болады, бұл да өте ыңғайлы. Бұдан басқа, ҚазҰУ-дың студенттік емханасы бар. Мен бұл жерге бірнеше рет бардым, сондықтан бәрі жақсы деңгейде деп айта аламын.
Өндірістік тәжірибеден баспадан өттім. «Қазақ университеті» баспа үйі. Иә, бұл университеттің өз баспа үйі, ол университет қызметкерлерінің барлық салалары бойынша: ғылыми, оқу, әдістемелік және көмекші әдебиеттер шығарады. Сонымен қатар, ҚазҰУ-дың да өз әскери кафедрасы бар, онда мен гранттық негізде оқуға мүмкіндік алдым.
Қазір мен баспа ісінің 2-курсында оқимын. Журналистика факультетінде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқандықтан әлі де оқыту онлайн форматта өтіп жатыр. Осы тұста әрине университет оқытушылары мен студенттерінің жайлылығына қамқорлық жасайтыны қуантады. Ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, онлайн жүйеден офлайн жүйеге ныммен қауышқым келеді. Шынайы студенттік шақты, қызықты өмірді сезінетін күнде алыс емес.
Автор: Суйеубеков Адилет Бауыржанулы
Жеткшісі: Жансерікова Назкен Жансерікқызы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі