Өлең, жыр, ақындар

17-қараша “Студенттер күні”

“Студент “ атауы бәріне таныс сөз болғанымен, оның нақты қандай мағына беретінін бірі білсе, бірі білмейді.

Аталмыш сөз student латыншадан аударғанда “ бір нәрсеге ұмтылушы , қызығушы” дегенді  білдіреді.  Жоғары оқу орындарында оқитын, нақты мақсаты бар және тұрақты дамып отыратын жандар қоғамның басқа индивидтерінен ерекшелеу болуы тиісті-ақ.  Ал мұндай ерекше тұлғаның өзгелер өнеге алатын үлгілі адам болуы тікелей өзіне байланысты. Десе де, студенттің үлгілі болмағы өз еркінде. Және бұл дәрежеге жетудің еш қиындығы жоқ десе де болады. Бастысы, дұрыс бағытымыздан адаспай, Абай айтқандай “ақырын жүріп, анық басар” болсақ, түп мақсатқа табан тірейміз.

“Студент #1 деген кім?”

Жер шарының бір-біріне ұқсаса да ерекшелігі байқалатын екі жағы бар секілді студенттің де бір ғана түрі болмайтыны анық. Әртүрлі студенттер өз ортасына, айналасына  һәм қоғамға белгілі бір деңгейде әсер ететіні тағы бар.

Үнемі ізденісте жүру 

Бүл ерекшелік студенттің бір арнада тоқтап қалмай, үздіксіз дамып отыруына ықпал етпек. Яғни, университетте алатын біліммен қатар, өзін-өзі дамытып отыру студентті шыңдай түспек…

Жастай Салтанат, Әл-Фараби ҚазҰУ университеті; 1-курс КН;


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз