Ерте замаңда Хуанди мен Яндидің арасында болған үлкен шайқаста Хуаңди жеңіске жетіп, аспанның билігін өз қолына алады. Қайырымды Янди әрі қарай соғысқысы келмей, оңтүстікке шегініп, кішкене бір жердің патшасы болады.
Яндидің Шиң Тиянь деген батыр қолбасшысы болды. Оның күші мықты, денесі алып, мінезі тік, соғысу өнері өте парасатты. Ол бірнеше рет Хуандиден өш алайын деп Яндиден өтінетін. Бірақ Янди үнемі басын шайқап, келіспейтін. Шиң Тиянь енді Яндинің өз ойынан қайтпайтынын біліп, өзі әрекет жасауға бел буды. Ақыры не болса да, ол Хуандимен күресуді арман етеді. Сол қолына қалқан, оң қолына балта алып, Хуанди ордасына қарай аттанады. Жолда оған қарсы шыққан Хуанди әскерін талқандап, Хуанди ордасының қақпасына дейін басып кіреді. Хуанди бұны естіп, ашуланып, қолына қылышты алып, Шиң Тияньға қарай қарсы жүгіреді. Екеуі ұзақ уақыт бойы күресіп, біресе Шиң Тиянь, біресе Хуанди жеңіліп тұрады. Соғысып келіп, олар Чаң Яаң Шан тауының маңына дейін жетеді. Аңыз бойынша, бұл тау – Яндидің туған жері. Ал одан солтүстікке қарай жүрсең, Хуандидің отарланған мемлекетіне тап боласын. Соғыс әлі де жалғаса берді. Бір кезде Хуанди Шиң Тияньның қорғанбай қалған кезін пайдаланып, оны қылышымен шауып тастайды... Шиң Тияньның үлкен басы жерге домалап түсіп, таудың ішіне қарай домалап кетеді. Хуаңди Шиң Тиянь өз басын тауып алып, мойнына қайта жалғап, сосын менімен қайта соғысады деген уайыммен өзінің қылышын қайта қолына алып, Чаң Яаң Шан тауын ортасынан шабады. Гүрс еткен дыбыс шығып, тау екіге бөлініп кетеді. Сосын Чаң Яаң Шан тауы қайта бірігіп, қалпына келеді. Хуанди қарсыласын жеңе алмаса да, өзінің рухын жоғалтпады.
Оның қажымас-қайтпас ерлігі бүгінге үлгі. Бұл ерлікті Таң заманының атақты ақын Тау Юан Миң да жырлаған еді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі