Гүй Жоу өлкесінің мияу ұлтының қоныстанған ауданында бір тұп-тұнық өзен бар. Бұл өзеннің суы Ниапдиа ағашының сарқырамасына дейін өте биіктен, өте қатты дауыспен сарқылдап ағады. Күн су бетіне түскен кезде су түрлі түсті боп кетеді.
Бұл сарқырамаға қатысты көптеген аңыздар бар. Естуімізше, ертеде бір биік таудың маңында Үй деген ұлт өмір сүріпті. Таудың шығыс бөлігінде Жияң Лин ауылы, батыс бөлігінде Ни Хән ауылы, солтүстік бөлігінде Үйе Су ауылы орналасса, оңтүстік бөлігі құлама тік қия болды, сондықтан онда ауыл болмапты.
Үйе Су аулында Сумаң атты мінезі жаман бір бай өмір сүріпті. Егер оны кез келген бір кедей ренжітетін болса, оны отбасымен қоса өлтіретін. Сумаңның ағайындары өте көп болыпты.
Жияң Лин аулында Шүй Гі деген жас жігіт өмір сүріпті. Шүй Гінің әкесі Сумаңды қан ішетін құмырсқа деп кемсіткендіктен, Сумаң оны өлтіріпті. Әкесінің өлімінен кейін көп қиыншылықты көрген Шүй Гі енді ешнәрседен қорықпайтын, шыдамды әры батылды жігіт болып өсті.
Ни Хән аулында Баймей атты жас қыз өмір сүріпті. Баймейдің әкесі Сумаңның итін ұрғандықтан Суман оны да өлтіріпті. Содан кейін Баймей кесте тоқитын өнері болғандықтан кесте тоқып, өзін асырайтын. Көп қиыншылықтырды көрсе де, мінезі өте жақсы қыз боп өсті. Сан түрлі тоқыма тоқып, кез келген істерді басқаларға қарағанда өте ұқыпты жасайтын. Барлығы оны жақсы көретін.
Шүй Гі мен Баймейдің тағдырлары өте ұқсас болғандықтан екеуі бір-бірін тауып, отасады. Шүй Гі үй салып, отын жақса, Баймей Шүй Гінің киімін тоқып беретін. Екеуі осылайша өмір сүретін. Екеуі бір-бірін қатты жақсы көріп, екеуі бақытты ғұмыр кешеді деп ойлайтын. Алайда Сумаң Баймейдің сұлулығын естіп, өзінің әйелдерінің көптігіне қарамастан Баймейге құда түсіп, тоқалдыққа алмақшы болады. Бұны естіген Баймей:
— Айдаһар мен айдаһар, самұрық пен самұрық жарасады. Ал самұрық пен қасқыр қайдан жарасады? — дейді. Баймейдің айтқан сөздерін естіген Сумаң:
— Мен саған әлі көрсетем! Жақсылықты білмейтін жаман әйел екенсің! — деп қатты ашуланып, қол астындағыларын жинап алып:
— Шүй Гіні ұстап алып, оны өлтіріңдер де, Баймейді әкеліп, маған үйлендіріңдер! — деп бұйрық береді. Бір жақсы адам Сумаңның бұл бұйрығын екі ғашыққа жеткізеді. Екеуі Сумаңның айтқан сөздеріне ашуланып, бірақ бір жағынан қорқып қалады. Шүй Гінің анасы:
— Балам, тезірек алысқа қашыңдар, — дейді. Сөйтіп, Шүй Гі балғасын, Баймей кесте тігетін заттарын алып қашады. Олар садақпен құс атып, матамен киім тігуді білгендіктен біз тоңбаймыз да, аштан өлмейміз де деп бір-бірін жұбататын. Сөйтіп, қашып келіп, бір таудың басына келеді. Қарындары ашып, қатты шаршаған екеуі бір-біріне сүйеніп, ұйқыға кетіп, түс көреді. Түсінде бір ақ шашты, ақ сақалды, ақ қасты шал келеді. Ол:
— Балаларым, бастарыңа бір үлкен қиыншылық төніп тұр, бірақ қорықпандар! Қиындыққа тап болған кезде Баймейдің кесте тігетін заттары мен ақ матасын алып, сонда үш рет үрлейтін болсаңдар, қиындықтан араласыңдар, — деп ақ сақалды шал жоқ болып кетеді. Ұйқыдан оянған екеуі, көрген түстерін бірін-біріне айтып беріп, аң-таң болады. Осы кезде таудың шығыс, батыс және солтүстік жақтарынан адамдардың дауыстары естіледі. Бұл дауыс Сумаң ертіп келе жатқан қол астындағылардың даусы еді. Екеуі дереу оңтүстікке қашады. Биік таудың ар жағында арыны қатты үлкен өзен, жол жоқ екен. Сумаң садағын алып атады. Атқан оғы ағашқа қадалады. Ағаштың садақ қадалған жерінде тесік қалып кетеді. Кейін халық оны «Оқ тиген ағаш» деп атайды. Сумаң оларды әлі қуып келеді. Баймей ақ матасын алып үш рет үрлейді де, аспанға лақтырып: «Бізді құтқара гөр!» — деп айқайлайды. Сол мезетте ақ мата қайыққа айналып кетеді. Екеуі қайыққа отырып, Сумаң мен оның адамдарынан қашып құтылады. Кейін келе халық бұл өзенді «Ақ су» деп атапты. Аң таң-болған Сумаң, аулына барып, үлкен кеме алып келеді. Оларға жетейін деп қалған кезде Шуй Гі садағын атады. Атқан оғы үлкен жалама жартасқа тиіп, онда да тесік қалады. Ал бұл жерді адамдар «Тесік тас» деп атайды. Шуй Гі мен Баймейдің қайығы Напида ағашына жақындай бергенде Баймей өзінің белдігін алып, аспанға лақтырып, кайтіп: «Бізді құтқара гөр!» — деп айқайлайды. Белдік лезде қайшыға айналып кетеді. Баймей қайшымен өзенді қиып тастайды да қайық жалғасқан өзенмен аға береді. Соңында теңіз астында жатқан айдаһар патшасына келіп тіреледі, айдаһар патшасы оларды жылы қарсы алып, ордасында қабылдайды. Ал Сумаңның кемесі өзеннің қиылған жерінде құлап, кеме ішіндегілердің бәрі өліп қалады. Сумаң тасбақаға, қалғандары кесірткеге айналып кетеді. Осыдан кейін Баймейдің қиып тастаған өзені биіктен төменге ағатын сарқырамаға айналып, «Напида ағашының сарқырамасы» деп аталатын болған.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі