Ерте заманда Қытайда Яо патшаның заманында адамдар жамандық жасап, қатты бұзылыпты, ашуланған аспан құдайы оларға жаза ретінде жиырма екі жыл су тасқынын жібереді. Бүкіл жер бетін су басып, адамдар қайғылы жағдайда қалады. Үй-жайсыз көптеген адамдар әлемді кезіп кетеді. Кейбіреулері талда, кейбіреулері үңгірде тұрды, бірақ ешқайсысының тұрақты үйі болмады. Су тасқыны жердегі егістік пен өнімдерді шайып өтті. Адамдар жабайы жидек пен қабықтарды жеп, өмір үшін күреседі. Жауыз да жыртқыш, адам жегіш құбыжықтар көбейіп кетеді, сонымен бірге ауа райы да қатты бұзылып, аяз бен қалың қар жауады, адамдар қырыла бастайды.
Яо патша қатты алаңдап, төрт уәзірін шақыртып ақылдасады. Оларға: «Мына жан түршігерлік жағдайды қалай тоқтатамыз?» — деп сұрайды.Уәзірлері бір ауыздан Гунды жіберіп, аспан құдайына айттырып, суды тоқтатуға келіседі.
Гун — Аспан құдайының немересі. Ол адамдардың су тасқынынан қалай қиналып жатқанын, жабайы аңдарға қалай таланып және адам төзгісіз қиындықтарды бастан кешіп жатқанын көріп отыр. Ол бірнеше рет аспан құдайына бұл болып жатқан жағдайды айтып, халыққа жаны ашып, оларға бейбіт өмір беруін сұрайды. Бірақ атасы тыңдамай, «сенің бұл сөздерің — атаңа деген сыйламастық»,— деп, Гуннің өзін жазалапты.
Қарсылық қылудың еш нәтижесіз екенін көрген ол, миллиондаған адамдарды су тасқынынан құтқарам деп өзіне серт берді. Алайда бұл апатқа қарсы ештеңе істей алмағандықтан қайғырады. Бір күні Гун үкі мен тасбақаға кездесіп қалады. Гуннің көңілсіз келе жатқанын көрген екеуі сұрайды:
— Қымбатты Құдай немересі, неден сонша көңілсізсің? — дейді. Гун оған өзінің қайғысын айтады. Кенеттен үкі мен тасбақа айтады:
— Су тасқынын тоқтату қиын емес.
Гун бірден сұрайды:
— Қалай қиын емес, айтыңдаршы? — дейді.
Үкі айтады:
— Аспандағы жұмақта бір Шираң деген асыл зат бар.Соны жерге алып түсіп жерге біраз сепсе болды, су тоқтайды, — дейді.
Гун ести сала:
— Мен дереу сол затты жерге алып түсемін, — дейді.
Тасбақа уайымдап:
— Бұл зат — аспан құдайының асыл заты. Егер ол біліп қалса, сені қатты жазалайды, сен мұны қалай жасамақшысың? — дейді. Гун ештеңе демейді. Асыл зат тұрған сарайдың есігі шынымен де өте берік, алайда, онда сарайға кіретін құпия есіктер бар. Жердегі халықтың жайын ойлағанда ол өзін қоярға жер таппай, ақыры ұрлап шығады. Ол енді жерге түсіп, елдерге көмектеседі. Бұл асыл зат шынымен де сиқырлы. Біртіндеп су тартыла бастайды. Жер беті баяғы қалпына келе бастайды, жыртқыш аңдар да өз орманына қайтады. Адамдар, жануарлар, өсімдіктер — барлығы жердің қадір-қасиетін сезінеді. Егістік қайта жанданып, адамзатқа бақыт орнай бастайды.
Өкінішке орай, жер бетіндегі су толық құрғамайды. Аспан құдайы біліп қойып, Гунді өлтіруге от құдайына бұйрық береді. От құдайы Гунды Юйшань тауында өлтіріп, асыл затты алып қайтады. Гун халық үшін өз өмірін осылай құрбан етеді. Содан бері Гун халықтың ерік жігер рухы болып саналады, оның денесі өлі болғанымен рухы әлі халық арасында деп сенеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі