Өлең, жыр, ақындар

Пандемия экономикаға қалай әсер етті?

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2020 жылдың алғашқы бес айында 1,7%-ға төмендеді – коронавирустық пандемияның еліміз үшін алғашқы нәтижелерін осылайша қысқаша сипаттауға болады. ЖІӨ-нің төмендеуі «бар болғаны» 0,9%  

Сонымен қатар,экономикалық ахуал болған соң түрлі болжамдық бағалаулар болғаны рас. Мысалы, Азия даму банкі бұған дейін ел экономикасының өсімін 1,8%-ға болжаса, маусым айында болжамды өзгертіп, бірден 1,2%-ға төмендейді деп болжаған.

Негізгі соққы мұнай-газ саласына түсті: шикізат нарықтарындағы бағалар 1990 жылдардан бергі ең күшті құлдырауды көрсетті. Бұл оқиғаның салдары S&P рейтингтік агенттігінің мәліметі бойынша ЖІӨ-нің 15%-ға жуығын мұнай-газ секторы құрайтын Қазақстан экономикасын елемеуге болмайды. Бұның бұл салаға әсер еткені сонша, ірі ойыншылар кеңселеріндегі қызметкерлерді оңтайландыруға мәжбүр болды, ал «ҚазМұнайГаз» IPO-ны кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

Бизнестің басқа салаларындағы жағдай бұдан жақсы емес, өйткені көптеген компаниялар, ең алдымен, қызмет көрсету саласында, карантин кезінде жұмыс істей алмады. Шаштараздар мен қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы мамырдың соңы – маусымның басында ғана бірте-бірте қалпына келе бастады, теміржол және әуе жолаушылар тасымалы да екі айға жуық «тоқыраудан» кейін қайта жанданды.

Қазақстанның іскерлік ахуал индексі 2020 жылдың мамыр айының соңында -13,7 болды. Ал «минуста» болса да, бұл индекс -31,6 балл болған сәуірмен салыстырғанда өсім. Басқаша айтқанда, экономика бірте-бірте жандануда, бірақ оның әрі қарай қалай дамитындығы және  бар әлемде нарықта қалай жұмыс істеу керек екенін айту әлі қиын - бұл мәселеде әлі де консенсус жоқ.

Мысалы,тоқсандық ЖІӨ көрсеткіші өсу қарқыны 8 айда -3,0%-дан минус 2,8%-ға дейін жақсарды, қаңтар-қыркүйекте нақты секторда оң өсім 2,2% болып, жеделдеді», – деп мәлімдеді 13 қазандағы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Қазақстан әрқашан фискалдық тұрақтылық пен мемлекеттік қарыздың қауіпсіз деңгейінде берік ұстанымға ие болды.  Дегенмен, өткен және биылғы жылы экономикаға бюджеттен түсетін фискалдық импульс айтарлықтай өсті. Дағдарысқа қарсы пакеттің едәуір бөлігі Ұлттық қордан 2019 жылғы 2,2 триллион теңгеден 2020 жылы 4,7 триллион теңгеге дейін өскен трансферттер есебінен қаржыландырылды.  Биыл Ұлттық қордан тағы да 4,550 триллион теңге бөлінді. Осылайша, фискалдық қолдау шараларын кеңейту нәтижесінде болашақтағы шығыстардың қысымын жеңілдету үшін қажетті бюджеттік кеңістік қысқаруда, бұл жалпы әлемдік трендке сәйкес келеді. Қазіргі уақытта Үкімет 2030 жылға дейінгі мемлекеттік қаржыны басқарудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуде. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету ақша-несие және фискалдық саясатты, сондай-ақ қаржы секторын дамыту саясатын тиімді үйлестіруді талап етеді-, деді Әбілқасымова.

Оның айтуынша, экономиканы қалпына келтіру сонымен қатар пандемия кезіндегі жағымсыз салдарды азайту үшін мемлекеттің ауқымды қаржылық және қаржылық емес шараларымен байланысты. Биыл да көптеген шаралар жалғасын тапты. Бұл ретте қысқа мерзімді даму міндеттерінен басқа жүйелі реформалар жүргізілуде, оның аясында Қазақстанның 2025 жылға дейінгі жаңа Ұлттық даму жоспары мен орта мерзімді перспективаға арналған Ұлттық жобалар қабылданды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультеті

Жумабаева Райхона


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер