Алтын басты әйелден,
Бақыр басты еркек артық.
Жаман ерден жайдағы жақсы,
Жаман қатыннан бойдағы жақсы.
*** *** *** ***
Асыл жар — ердің сәулеті.
*** *** *** ***
Жақсы жұбай — жарым бақыт.
*** *** *** ***
Аймауыттай ат мінсең,
Жақын болар алысың.
Адалынан жар сүйсең,
Оңғарылар бар ісің.
*** *** *** ***
Бай күйігі етекте,
Бала күйігі жүректе.
*** *** *** ***
Бірінші әйел — шекер,
Екінші әйел — бекер.
*** *** *** ***
Сыланайын десем, байдан қорқам,
Сыланбайын десем, тоқалдан қорқам.
*** *** *** ***
Еркек дауысты әйелде ұят болмас,
Қатын дауысты еркекте қуат болмас.
*** *** *** ***
Жақсы әйел жаман еркекті еркек етеді,
Жаман еркек жақсы әйелді келсап етеді.
*** *** *** ***
Жаман әйел жақсы еркекті ез қылады,
Жақсы әйел жаман еркекті ел қылады.
*** *** *** ***
Жаман еркек той бұзар,
Жаман әйел үй бұзар.
*** *** *** ***
Еркек — түздің көркі,
Әйел — үйдің көркі.
*** *** *** ***
Ер — бас, қатын — мойын.
*** *** *** ***
Ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен отырар.
*** *** *** ***
Ерлі-қатын ұрысар да керісер, керісер де келісер.
*** *** *** ***
Ерлі-қатын тату болса шырағы жанар,
Ерлі-қатын араз болса өмірден көңілі қалар.
*** *** *** ***
Ерте тұрған еркектің ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық
*** *** *** ***
Әйел жомарттық қылғанда,
Еркек намарттық қылғаны өлім.
*** *** *** ***
Өз жарыңды жаттай күт — жат көрсін де түңілсін.
бір-біріңді қадір тұт — жұрт үлгі алсын, үңілсін.
*** *** *** ***
Ері әйелін сыйласа — ердің бақыт тапқаны,
Ерін елі сыйласа — әйел бақыт тапқаны.
*** *** *** ***
Жақсы әйел жаман еркекке біткен бақ,
Жақсы жер, алтын қоныс — алтын тақ.
*** *** *** ***
Жақсы әйел жаман ерін хан қылады,
Жаман әйел жақсы ерін даң қылады.
*** *** *** ***
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі