Өлең, жыр, ақындар

Ақырын жүріп, анық бас еңбегін кетпес далаға

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Бүгінгі кейіпкеріміз - Шүкіржан Ақнұр Таңатқызы. Балхаш қаласының тумасы. Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Ақнұр  қазіргі таңда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұрып жатқан қазақстандық жерлесіміз. «Pittsburg State University» - де графический дизайнер мамандығы бойынша білім алуда.

- Шет елге оқуға түсуді бала кезден армандадыңыз ба? Шет елге оқуға барамын деген шешімді қашан қабылдадыңыз?

- Шет елге оқуға түсуді 2014 жылдан кейін ең бірінші рет Малайзияға барып келгеннен бері армандадым. Шешімді 2014-2015 жылдары  қабылдадым.

- Шет елде өмір сүру қиын ба? Сіздің ойыңызша қандай артықшылықтары мен қиындықтары  бар?

- Шет елде өмір сүру әркімнің өзіне байланысты. Егер тұратын жеріңіздің тілін білсеңіз, аз да болса мәдениеті мен таныс болсаңыз және ең бастысы нақты жоспарыңыз болса қиын емес. Егер еш  жоспарсыз шет елге шықсаңыз қиын болады деп ойлаймын.

- Қанша тіл білесіз?

- Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін білемін.  Испан тілін меңгеріп жатырмын.

- Бірнеше тіл үйрену үшін қандай лайфкахтар қолдануға болады?

- Бірнеше тіл үйрену үшін сіз сол тілді не үшін оқитыныңызды айқындап алуыңыз керек. Мысалы мен испан тілін оқып жатырмын. Себебі, Америкада латын-американдықтар  испанша сөйлейтін адамдар өте көп, мен осы жақта тұрып жатқандықтан испан тілін өз өмірімді біраз жеңіздету үшін үйренгелі жатырмын. Сол сияқты, ағылшын  тілін шет елде оқуға түсуге, саяхаттау үшін үйрену деген сияқты нақты мақсат тауып, оқыған жөн. Және ең бастысы  мерзім қою керек. Мысалы, 2 жыл үйреніп магистратураға түсемін деген сияқты.

- Шет елге оқуға түсемін деп ниет етіп жүрген оқушы немесе студенттерге қандай кеңес берер едіңіз?

- Ештеңеден қорықпаңыздар. Тек өз күштеріңізге сеніңіздер. Армандар орындалады, мақсатын айқын болса . Қазір шет елге түсуге дайындалып жүрсеңіздер, бұл істің жемісі шығады.

- Сіздің өмірлік ұстанымыңыз қандай?

- Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.

- Туған жерлестеріңізге деген айтар жылы лебізіңіз...?

- Сіздер де ел аралап, жер көріп жүргендеріңізді қалаймын. Мақсаттарыңызға жете беріңіздер!

- Әңгімеңізге көп рақмет!

Уланова Эльнура Уланқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер