Өлең, жыр, ақындар

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың таным белсенділігін арттыруда қолданылатын әдістердің түрлері

Амангелдиева Элеонора Салауатқызы
Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚУ-нің
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының IV курс студенті
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Г.А. Турежанова

Тұңғыш Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» деп көрсеткен еді [2].

Бүгінгі таңда білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Білім беру мекемелерінің мұғалімдері өздеріне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік алды. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды пайдалану қолданысқа ену үстінде. Мұғалімдер тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек [5]. Оқушының дарындылығының дамуы қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты десек, ұстаз оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытып, өздеріне деген сенімін арттырып, істеген іс-әрекеттерінен жағымды эмоциялар алатындай дәрежеге жеткізуі керек.
Соңғы жылдары заман педагогтары компьютер және мультимедиялық құралдарды қолдандана отырып, сабақ өткізуі тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы енгізілді. Жаңашыл педагогтар оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеп, оның шығармашылық қабілеттер мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін жетік меңгертуде.

Жаңа оқыту технологияларын пайдалану аясында ағылшын тілін пәнін оқытуда жетілдіру, яғни әрбір оқушының өз ерекшеліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне қарай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйесін жасауға ұмтылу - ең басты мақсат. Ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін ескере отырып оқушыларды осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге үйретуде оқушыларды өзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру керектілігі басты назарда болу керек [4].

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, ағылшын тілі сабақтарының мақсаттарда қолданылады: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу,  лингвистикалық білім көлемінің артуы,  тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің   толығуы, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту [6].

Жаңа технологияларды ағылшын сабағында дұрыс қолдана білу керек. Сабақтың санына емес, сапасына назар аударған жөн. Ағылшын тілін үйренуде жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикада қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады.  Ал қазіргі уақытта мектеп оқушыларының әрқайсысының үйінде компьютер, ноутбук, және теледидар бар. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып, тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын  қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, ағылшын тілін ойын арқылы оқыту – тіл үйренуде ең ұтымды тәсілдердің бірі.  Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады. Олар: дайындық ойындары және шығармашылық ойындары. Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді. Сол себептен ойындар берілген тапсырмаларды түсіндіруді жеңілдетеді.

Ойын – ойлау қабілетін жақсарту мен сабақты қызықты өткізу мақсатында қолданылатын оқытушының құралы. Ойын – оқыту мен тәрбиелеуде дәстүрлі әдіс екендігі мәлім. Ойын көмегімен оқушылардың таным процестерінің барлығы да іске қосылады: байқау, есте сақтау, ойлау және шығармашылық қабілеттері дамиды. Ойын технологиясын қолдану – әр қашан жақсы нәтижелер береді, пәнге деген қызығушылықты арттырады. Сабақтың мақсаты мен міндетіне қарай сол сабақты пысықтауда, оқушылардың сөйлеу әрекетін іске қосуда әр түрлі ойындар қолданылады. Ойындардың оқыту процесінде пайдасы маңызды. Көптеген атақты педагог ғалымдар ойынның оқыту барысындағы тиімділігіне аса мән берген. Ойын – эмоционалдық және ақыл – ой сезімдерінің күшеюіне негіз болатын, алдын – ала ұйымдастырылған іс – әрекет.

Шетел тілі сабағында ойындарды қолдану, тіл үйренушілерге тек қана ауызша сөйлеу қабілетін жақсартып қоймай, адамдарға шығармашыл тұлға болып қалыптасуға, кез келген істі шығармашылықпен орындау, яғни оны сапалы, жоғары дәрежеде орындауға септігін тигізеді. Ойын – ол өзін – өзі бақылау, өзін – өзі басқару, өзін - өзі қалыптастыру ортасы. Ойын әр қашан кез келген жағдайда шешім қабылдауға – қалай мәселеден шығу, не айту, қалай жеңу жолдарын үйретеді [8]. Ойын ең алдымен қызықты іс – әрекет. Ойында барлық қатысушылар тең. Ол тіпті нашар оқитын студенттердің да қабілетіне сәйкес келеді. Теңдік сезімі, қызықты және қуанышты атмосфера, тапсырманың қолдан келетінін байқау сияқты сезімдердің барлығы оқушыларға басқа тілде сөйлеуге кедергі болатын ұялшақтық сезімін жеңуге көмектеседі. Басқалармен тең дәрежеде мен де сөйлей алады екенмін, деген сияқты өзіне деген сенімділік сезімі пайда болады. Сонымен, біз ойынды сөздерді көп қайталау арқылы ауызекі тілді жаттықтыратын жаттығу ретінде қарастырамыз.

Ағылшын тілін үйренуде қолданылатын тағы бір әдіс – ол коммуникативті әдіс. Коммуникативті әдіс оқушы мен оқытушы арасындағы психологиялық тосқауылдың жойылуын ұйғарады. Білім алушылар өздері мен оқытушы арасындағы қашықтықтың жоқтығын сезіне бастағанда, олармен қатынас қызықты, көңілді болса, оқушыларға өзге тілде сөйлей бастау оңайға түседі [7]. Оқытудағы көптеген ойын элементтері сабақты жандандырады, студенттердің эмоционалды көңіл-күйін сақтап отырады, олардың уәжін күшейтеді. «Жұптық», «үштік» жұмыстар, студенттерге қызық тақырыптардағы пікірсайыстарға қатысу – осының барлығы мұғалімге студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге, сабақтарды шығармашылық және қызық етуге және де сол мезетте оқытушыға студентке сездіртпей, оқыту үдерісіне толыққанды бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес қолданылатын әдіс – тәсілдердің бірі  модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқыту ол  - оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оқушы өз әрекетін   жоспарлайды, талдайды, өзі бақылай білуге үйренеді [3]. Жалпы педагогика ғылымында модуль барлық жүйенің маңызды бөлігі ретінде қарастырылған. С.И.Ожоговтың пікірінше модуль дегеніміз - қандай да бір жүйенің, ұйымның аяқталатын, біршама дербес бөлігі. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. Ағылшын тілін оқытуда модульдік оқыту әдісін пайдаланудың тиімділігін  теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу. Сондағы тәжірибе барысындағы оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті,қажетті жағдайда ауызша және жазбаша  (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік – мәдени білім, білік дағдылар енгізу.   
Жаңа технологияны ағылшын тілі сабағында қолданып, мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады: оқушылардың жеке жұмыс алуы, грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуіне, пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерінің арттыруы, үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының арттуы.

Ағылшын тілі сабағында жаңа техналогияларды пайдалану заман талабы десек, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашады.
 
Қолданылған әдебиеттер:
1. Білім беру жүйесін  2010-2015  жылдарға дейін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы.
2. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы. 2007ж. Астана.
3. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.
4. Иманбаева А, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000ж.
5. Исаева Г., Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты  республикалық  ғылыми  конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2011ж.
6. Мусаева Г.Ә. Ақпараттық технологияны оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану. Мектептегі технология, 2010ж. №5 32б
7. Токтамысова Г.А. «Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары.»
8. https://articlekz.com/kk/article/26441


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз