Өлең, жыр, ақындар

Экология - ел тынысы

Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүрген ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр.

Экология тақырыбы қазіргі уақытта дүниежүзін алаңдатып отырған күрделі мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта елімізде Жасыл Экономика тұрақты түрде даму үстінде. Елбасының Жарлығымен ҚР жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы қабылданған. Экология ел өмірінде айрықша орын алуда. Себебі біздің тыныс алумыз күнделікті ауыз суымыз экологияға тікелей байланысты. Экология нашар болса әрине күрделі жағдай, себебі мемлекетіміздегі халықтың денсаулығы әрдайым маңызды.

Әрине, қазіргі уақытта әртүрлі кәсіпорындар күнен-күнге көбейіп келеді бұл еліміздегі экологиялық ахуалды одан әрі ауырлата түседі. Экологиялық мәселелер болмас үшін арнайы қалдықсыз өнімдерді шығаратын кәсіпорындар болса, соншалықты үлкен проблема пайда болмас еді. Елбасымыз Н. Назарбаев 2030 жылға дейінгі бағдарламасында Тазалық-саулық негізі, саулық-байлық негізі деп қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселесіне айрықша мән берген. 2020 жыл Волонтерлер жылы болғандықтан елімізде жалпыұлттық жеті жоба ұйымдастырылды. Соның бірі Біргеміз Таза Әлем бұл жоба жас ұрпаққа табиғатты аялауға оны таза ұстауға үйрететін волонтерлік ұйым жұмыс жасауда. Бұл да экологияның жақсаруына өз үлесін қосатын жалпыұлттық жобалардың бірі. Елімізде экологияға байланысты апатты аймақтарға өнеркәсіп орындары шоғырланған аймақтар жатады. Өнеркәсіп қалдықтар кесірінен радиоактивті заттардың бөлінуі өте зиян ауаға таралған қалдықтар адам денсаулығына көптеген кері әсерін тигізді.

Адам әрекеті әсерінен Қазақстан жерінде тез қажет ететін проблемалар өте көп, бірақ оны ескергенмен жүзеге асыратын адамдар кемде-кем.

Табиғи ортаның ластанбауын қамтамасыз ету үшін адамдардың терең түсінігі қажет. Өзіміз тұрып жатқан елді мекендерде қоршаған ортаны қорғауға ұмтылсақ метептен тіпті балабақшадан бастап экологиялық тәрбие сабақтар немесе арнайы сабақтар жүргізілсе бұл үлкен мүмкіндік және дұрыс шешім болар еді.

Адам табиғаттың төресі, әміршісі, падишасы болу үшін жаралған. Бірақ үстемдік құратын даналық оған туа бітпеген ол ондай даналыққа білім арқылы жетеді. Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі демекші, денсаулығымызды ойлап экологияны жақсартуға ұмтылайық.

Рымқұл Асылжан Болатқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар