Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің журналистика факультетінің 1 курс студенті Әбілқадыров Диас
Әр адамның өзіне ыстық кіндік қаны тамған туған жері болады. Туған жердің әрбір топырағы ауасы әрқашанда адамды сағындырып тұрады. Менің туып өскен жерім құтты мекен көркіне көз тоймайтын сұлу қалам Ақтөбе. Туған жерім кіндік қаным тамған жер міне осы Ақтөбе қаласы. Ақтөбем киелі қасиетті жер. Бұл қалада туғаныма еш уақытта да мен өкінбеймін. Туған жер – әр адам үшін қастерлі де қасиетті ұғым. Туған жерге, туған елге деген махаббат әр адамды алға жетелеп отырады. Кешегі өткен заманда ата – бабаларымыз мынау байтақ жеріміз үшін аянбай күресіп, тер төккен. Білектің күші, найзаның ұшымен жерімізге көз алартқан жаулардың әрдайым бетін қайтарып, тойтарыс беріп отырған. Одан бері де қилы замандар орын алса да, өз туған жеріне деген халқымыздың дүркін – дүркін көштері әр заманда да орын алып келеді. “Айшылық алыс жерлерден” ат арытып келгендегі басты себеп, ол – туған жерге деген мәңгілік сағыныш. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деп бекер айтылмаса керек. Әйгілі Бейбарыс баһадүр туған жерін сағынғанда, туған ұлысы – Дәшті-Қыпшақ даласынан алдырған бір түйір жусанды иіскеп, сағынышын басқан екен. Алыстан ата – жұртын аңсап келіп жатқан ағайындардың легі бұл күнде де жалғасын табуда. «Сақалын сипап дау шешкен» Орта жүздің биі, Қаз дауысты Қазыбек бабамыз: «Алтын ұяң – Отан қымбат. . . Туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат», - деп туған жердің қасиетін ерекше бағалап кеткен. Әр адам үшін өзінің туған жері ыстық. Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер. Жаратылдым топырағыңнан, сен – түбім. Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім. Сенен басқа жерде маған қараңғы, Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім. Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес, Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес. Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы, Жазу болып адамзатқа ер жетпес!. . Балақ түріп, қозы қуып, жарысып, Батпағында тең құрбымен алысып. Түнде – ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз Үйретем деп асау тайға жабысып. «Адам басы – Алла добы» деген рас, Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас. Кім біледі, мен де шетке кетермін, Туған жерім, сені тастап басым жас. (Мағжан Жұмабаев)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі