Эссе және өлең-жыр байқауы

Кәрім хан Зенд

Ұлы Кәрім хан Зенд 1760-1779 жылдар аралығында, яғни өмірінің соңына дейін Иранның шахы болған. Зенд әулетінің негізін қалаушы.

Ол ешқашан "шах" деген атақты пайдаланбаған және бұл патшалық дәрежені қабылдаудан бас тартқан. Оның орнына "Уакиль әд-Дәулә" (Мемлекеттік уәкілдік) деген дәрежені қолданған. Ол: "Мен патша емеспін, мен тек қана адамдарды жақсы көремін", - дейтін. Кәрім хан Надир шах Афшардың генералдарының бірі болды.

1747 жылы Надир шах қайтыс болғаннан кейін Парсы елінде азаматтық соғыс орын алды. Кәрім хан, Абдолфатх хан мен Әли Мардан хан үшеуі таққа III Исмайылды отырғызып, мемлекетті өзара бөлісіп алу туралы келісімге қол жеткізді.

Кәрім ханның Шираз қаласында салдырған қамалы

 

Кәрім хан Әли Марданды өлтіріп, бүкіл Иранды өз бақылауына алды. Тек Надир шахтың немересі - шах Рахты сыйлағаннан Хорасанды оған қалдырды.

Кәрімнің тұсында Парсы елі 40 жылғы соғыстың салдарынан болған бүліншіліктен қайта қалпына келтіріліп, бейбітшілік пен қауіпсіздік, татулық пен гүлдену қайта жаңғырды.

Британ империясымен арадағы қарым-қатынас қайта қалпына келтіріліп, Британияның Ост-Үндістан компаниясы оңтүстік Иранда сауда бекетінің негізін қалады.

Ол Шираз қаласына мешіттер мен базарлар, моншалар мен бақтар салдырып, бұл қаланы Иранның астанасы етті. Сондықтан да Кәрімнің есімі әлі күнге дейін ұмытылмаған.

Тарихшылардың айтуынш Кәрім хан Иран елі тарихындағы қайырымды және ерекше билеушінің бірі болған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...