Өлең, жыр, ақындар

Аты көсем атымен аталған ағаш

Қылқан жапырақтылардың ішінде бұл ағаштың қалың өскен орманы 1769 ж. Тынық мұхит жағалауынан табылған секвойя ағашы. Сүрегі қызыл болғандықтан екінші аты — қызыл ағаш, бұл атау осы күнге дейін аталып келеді. «Секвойя» деп Солтүстік Америкадағы үнді тайпалары шетел құл иелемушілеріне қарсы күресте ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі — Секвудің (1770-1843 ж.) құрметіне қойылған.

Секвойя өте ерте заманнан бері белгілі. Ертеде жер бетіне өте көп таралған. Қазіргі кезде мәңгі жасыл секвойя деген түрі Тынық мұхит жағалауларында Оңтүстік батыс Орегоннан Калифорниядағы Санта-Лусия жоталарында теңіз деңгейінен 600-900 м. биіктікте өседі. Америка ғалымдары секвойя діңінің көлденең кесіндісінен 2000-6000 жыл жасаған түрлерін анықтаған.

Секвойяның биіктігі 110-112 м, жуандығы 6-11 м., қабығының қалыңдығы 70-80 см. Кесілген діңінің жуандығы соншалықты, оған 50 орындықты мейрамхана сыйып кеткен. 5 адам 25 метр жерінің қабығын 3 айда зорға сылып бітірген. Діңінің жуандығы 20-23 метрге жететіндері де кездескен. Ағаштың салмағы 1000 тоннадан артық. Бір ағаштан 2000 текше метр тақтай тілуге болады.

Еуропада секвойяның кесілген түбіріне рояль, оркестр, 35 адамнан тұратын бишілер ансамблі сыйып кеткендігі көрсетілген көрме ұйымдастырылған. Бір ағашын тасуға 60 вагон керек екен. Сүрегі жеңіл, уақ тесікті, топырақта да, суда да шірімейді. Секвойя жылдам (тез) өседі, паразит саңырауқұлақтармен зақымданбайды, себебі ұшқыш улы зат (фитонцид) бөледі. Ұшқыш заты барлық зиянды жәндіктерді қырады (жолатпайды). Секвойяның басқа барлық қылқан жапырақтыларға тән емес бір қасиеті бар: ол түбірінен жас өркендердің дамуы. Дауылдан құлап қалған ескі діңінің түбіндегі бұйыққан бүршіктерінен жас өркендер шығады.

Ертеде секвойяның 15 түрі өссе, қазіргі кезде 2 түрі ғана сақталған олар: алып секвойя (мамонт ағашы деп те атайды) мен мәңгі жасып секвойя. Алып секвойяны «мамонт ағашы» дейтін себебі — ескі бұтақтары мамонттың сойдақ тісіне ұқсағандықтан солай атаған. Мәңгі жасыл секвойя Калифорнияда өседі, биіктігі 132 м. Діңін құрылысқа, жиһаз, вагон, телеграф бағаналары, теміржолға төсеніш, қағаз жасауға пайдаланады. Сүрегінің иісі болмайды, сондықтан темекіге қорап, бал сақтайтын кеспек жасайды. Тез өсетіндіктен көгалдандыруға, орман шаруашылығында көбірек өсіреді. Секвойяны тұқымынан, жас өркендерінен өсіреді. Тұқымы өте ұсақ, диаметрі 3 мм, бір бүрінде 150-200-ге дейін тұқым болады. Қырым, Кавказ, Орта Азияның оңтүстігіңде тұқымынан өсіреді, Ол — 18-20°С аязға шыдайды. Оңтүстік Қырым, Кавказдың Қара теңіз жағалауларында алып секвойя өседі. Секвойяның оранжереяда өсіп тұрғандарын Санкт-Петербург, Мәскеу, Минск, Киев және т.б. қалалардан көруге болады.

Оқуға кеңес береміз:

Ағаш

Ең улы ағаш

Баньян ағашы

Көп сүт беретін ағаш

Ағашты суретке түсіруге кеткен 32 күн


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз