Шеше, сен бақыттысың!
Мұқағали өлеңдеріндегі ана тақырыбы
«Ана» үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсірген ерекше жан. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. «Алып анадан туады демекші» ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өз поэзиясында ерекше жырлаған лирикасы «Ана» тақырыбы. Ақын өз анасына бірнеше өлеңдер арнаған «Шеше, сен бақыттысың», «Анашым асыл анам», «Ана», «Анам маған үлкенді сыйла, деген» және «Ару ана» поэмасында ана бейнесін суреттеген.
«Шеше, сен бақыттысың» - 1972 жылы жазылған өлеңі. Сындырған жолдарды есептемегенде, әрқайсысы төрт тармақтан тұратын он бір буынды қара өлең ұйқасымен жазылған төрт шумақ. Ақын өлеңдерінде ата-анаға, туған жерге, ұлтқа деген құрмет анық көірініп тұрады.
Мысалы осы өлеңінде анаңды үш рет меккеге арқалап апарсаң да өтелмейтін парызыңды мәртебелеу, дем беру, қолғанаты екенін ұқтыру бар.
«Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді).
Аспанға жазам сенің есіміңді!
Шеше!
Сен бақыттысың, тербетер,
Құба талдан иілген бесігімді...»
Осы өлеңнің бойында жаратқан Алла тағаланы танудың, сенудің, кешірім тілеудің дәл қазақша ұғымы бар. Жақшаға алынған жол кейінгі жолдың күнәсіне кешірім тілеуді білдіреді және ананың ролін жоғары дәрежеге көтеріп тұр.
Адам өміріндегі ең қастерлі, қасиетті жан ол –Ана. Балаға тәрбие беруде де ананың рөлі ерекше. Бұл тақырыпты да ақын «Анам маған: үлкенді сыйла деген» өлеңінде баяндаған.
«Анам маған: «Үлкенді сыйла!» - деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем». Ол жас ұрпаққа өнеге ретінде берілетін, яғни бала өзінен үлкендердің де үлкенді сыйлағанын көруден ұғылып, қабылданатын құбылыс екен. Мұны ақын «үлкендерден ауысқан кішілікті, үлкендердің өзіне сыйға беру» деп түсіндіріп, үлкеннің кішіге көрсеткен өнегесінің тәрбиеге айналып, сол тәрбиені бойға сіңіретін де ана екенін ұқтырады.
Келесі «Анашым» - деген өлеңінде, ана мен бала арасындағы махаббатты жырлаған.
«Анашым!
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есі ме алам.
Мен үшін сен суалтақан ақ сүтіңді
Ақтамасам боп жүрмін несіне адам.
Алыс жолда жүрсемде арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?»- ақынның бұл өлең жолдарында бала мен ана арасындағы бір – біріне деген сағынышы баяндалған.
Ақынның «Анашым» атты тағы бір өлеңінде ананың төзімділігін суреттеген.
Ағарған сенің шашыңа қарап уайымдаймын күнде мен,
Жастық бар жерде қартаю барын мен осы неге білмегем.
Немерелерің арқаңда бәрі қарамай белге бүгілген,
Бақыт деген балада екенін түсіндім ана бүгін мен.
Тұрсада дауыл майыса көрме ұсташы тіктеп бойыңды,
Анашым сенің көргім келеді жүз жасқа келген тойыңды – ананың қартайып белі бүгілсе де немересін бағып, тағдырдың қиыншылығына төтеп беріп және анасы қартайса да мойымағандығын, адам баласын өмірге әкеліп, құшағына алып, ақ сүтімен мәпелеп, ержеткенге дейінгі еңбегін жырлаған. Ақиық Мұқағали Мақатаев Ана – әлемдегі асыл жан екенін өз өлеңдерімен кейінгі ұрпаққа жеткізе білген. Ана – адамды өмірге әкелетін қасиетті жан.
ТҰРАН университеті Бекмұханбет Бірлік
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі